ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» жайлы жалпы мәліметтер

Кіріспе

Астық - азықтық дәнді дақылдар. Оған бидай, арпа, сұлы, тары тәрізді ақ егіс өнімдері мен бақшалық техникалық дақылдардың жекелеген түрлерін құрайтын көк егіс өнімдері кіреді. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптек тіөсімдіктер. Астық шаруашылығы –дәнді дақылдар өндіру жүйесі,

Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан ауылшаруашылығын қалпына келтірді және астық пен ұнды экспорттау бойынша көшбасшы ұстанымдарын алады. Мемлекеттің экспортты субсидиялау бойынша қолдау көрсету құралдарын қолдана отырып, Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.Осы кезде өз үлесін қосып,экспортқа шығарып жатқан ,еліміздің астық өнеркәсібі жағынан дамытуға зор үлес қосып келе жатқан ірі компаниялардың бірі«Цесна-Астық». Концерні»
«Цесна-Астық» Концерні — тауар айналымы бойынша республиканың жүз ірі кәсіпорындар қатарына кіретін Қазақстанның жетекші компанияларының бірі. Қызметтің негізгі бағыттары — азық-түлік өндірісі, сонымен қатар дистрибуциялық және девелоперлік қызмет көрсету.

«Цесна-Астық» Концерні» АҚ-мен өндірілетін «Цесна» сауда маркасының азық-түліктері Қазақстан және шетел тұтынушыларына жақсы танымал. Ұн немесе макарон, жарма немесе нанның түрлі сұрыптарын сатып алатын тұтынушыларға мінсіз сапа мен тамаша дәмнің үлгісі ғана ұсынылады.

Бүгінгі «Цесна-Астык» Концерні» АҚ бұл:

· қуатты жоғарытехнологиялық ииновациялық өндіріс;

· озық менеджмент және мамандандырылған персонал;

· адал, ашық және тұрақты компания.

«Цесна-Астық» Концерні» АҚ халық пен мемлекет қызығушылықтары бойынша сәтті дами отырып, серіктестік қарым-қатынастарын ашықтық пен бірлескен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарының негізінде жүргізеді.

Концерн құрылымы өзара байланысқан технологиялық өндірістік және өткізу тізбегімен біріктірілген агрошаруашылық холдингті құрайтын 15 еншілес және серіктестік кәсіпорындарды біріктіреді.

Компания тарихы 1969 жылдан бастау алады. Дәл осы жылы Қазақстан ССР-інің Целиноград қаласында Целиноград нан қабылдау пункті іске қосылған болатын. Компания басындағы түбегейлі өзгерістер 2000 жылдардың бас кезінде орын алды. Бұған дейін нан зауытында жұмыс істеп келген ескі пештер формалы, жұмыр, дөңгелек бидай және қара бидай нандарын өндірудің жаңа желісіне ауыстырылып, ұнды тарасыз сақтау цехы пайдалануға берілді. Дәл осы уақытта әлемдік нарық көшбасшысы — «Buhler» компаниясының жабдығымен жабдықталған жаңа, ең қазіргі заманға сай деген диірмендік-макарондық кешені-де іске қосылды.

Өнідірістен алынатын кірістердің бөлігі тұрақты түрде жабдықтарды үлгілендіруге, басқару жүйелерін жетілдіруге және персоналды оқытуға жұмсалып отырады. Бұл өз кезегінде жұмыс нәтижесіне оңды әсерін тигізеді.

Соңғы 10 жыл ішінде концерн дайындайтын өнімдер ассортименті айтарлықтай кеңейді (200-ден астам атауы). Бірақ, бұл жерде қандай да болса жалғыз себепті бөліп көрсетуге болмайды.. соңғы бірнеше жылда тұтынушылардың саулық тамақтану өнімдеріне деген қызығушылықтарының тұрақты өсуі байқалуда. бар.Соған байланысты концерн денсаулықты жақсартуға көмектесетін өнімдер шығаруда. Біріншіден, бұл адамның иммунды жүйесін белсендіруге әрекеттесетін «Бапол» табиғи тамақ өнімі, оны медицина ғылымдарының академигі Тель Л.З. кәсіпорын базасында әзірлеген және өндіріске 2004 жылдың өзінде енгізілген. Осы уақыт ішінде аталмыш өнімнің тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, оның шектерінен тыс жерлерде де өте көп тұтынушылары пайда болды. Оның үстіне, бүгінгі күні «Цесна-Астық» Нанзауыты ұсынатын пайдалы нан сұрыптары жоғары сұранысқа ие болуда, олардың құрамына әртүрлі дәндердің бүтін түйірлері, кептірілген жемістер, жаңғақтар, тұқымдар мен кебек тәрізді дәрумендерге бай құрамдастары кіреді. Макарон өнімдерінің пайдалы сұрыптарын және байыту ұнын өндірудегі қажеттілікті зерттеп, қарастырулуда.

Осы уақытта концерн өз өнімдерін Ауғанстанға, Моңғолияға, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Түркменстанға, Грузияға, Иранға, Ресейге экспорттауда. Оңтүстік Корея мен Молдоваға экспорттауды бастады. Осы орайда, егер ұн туралы айтатын болсақ, оның дәстүрлі өткізу нарықтарының көлемі үнемі кішіреюде, себебі, біріншіден, орталық-азия мемлекеттерінің үкіметтері импортқа тәуелділікті азайту және ұлттық қайта өңдеушілерге қолдау көрсете отырып, өзінің азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылату саясатын жүргізеді. Нәтижесінде, ұлттық қайта өңдеушілер дайын өнімге қарағанда,астықты сатып алуға әлдеқайда ынталы болып келеді.
Сондай-ақ, осы өткізу нарықтарында бәсекелестік деңгейі жоғарылауда: мысалға, Пәкістан, қазақстан ұнына қарағанда, анағұрлым арзан ұнды Ауғанстанға экспорттау көлемін жылдан жылға арттыруда. Ресейде де өзінің күш-жігерін ұнды орталық азия елдеріне экспорттау көлемдерін ұлғайтуға бағыттауда, 2011-2012 маркетингтік жылдары олар ұнды экспорттау бойынша рекордтық көрсеткіштерге қолжеткізді.

 

ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» жайлы жалпы мәліметтер.

«Қазақ ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШСда ұн тарту, жармалық және сол тектес зауыт жоқ болғандықтан, ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» кәсіпорны зерттелді.

«Цесна-Астық» Концерні» - тауар айналымының көлемі бойынша республиканың жүз аса үлкен кәсіпорындарының құрамына енетін, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Негізгі қызмет жасау бағыты тағам өнімдерін шығару, сонымен қатар дистрибуциялық және девелоперлік қызметті іске асыру.

Тәулігіне 300 тонна дақыл шығаратын №1 диірмен зауыты. Диірмен тәулігіне 180 тонна өнім қуаттылығымен 1969 жылы қолданысқа енгізілді. 1985-1986 жылдары қайта құрудан өтті, нәтижесінде өндіріс қуаты 245 тоннаға дейін жетті, ал 2000 жылы - астықты қайда өңдеу қуаты тәулігіне үш 300 тоннаға дейін арттырылды. Диірменде, бұрынғы КСРО мамандандырылған зауыттарында дайындалған, жаңартылған швейцарлық «Buhlег» фирмасының жабдығы орнатылған. Сонымен бірге диірменде АҚШта жасалған, ұнды фортификациялауға арналған жабдық орнатылған. Жыл сайын толық жөндеу кезінде заманауи жабдықпен жартылай қайта жабдықтау іске асады, 2005 жылы автоматты ылғалдандыру жүйесі, «ОСШМ» фирмасының қайта айналымы бар біріктірілген аспиратор орнатылды, 2006 жылы неміс фирмасының цилиндрлі триері орнатылды.

Өнімділігі тәулігіне 150 тонна астықты құрайтын, №2 диірмен зауыты («Ақмола-Диірмен» ЖШС) 1995 жылы қолданысқа берілген. Диірменде «ИАСтЕМА» неміс фирмасының жаңартылған жабдығы орнатылған. Жыл сайын толық жөндеу кезінде заманауи жабдықпен жартылай қайта жабдықтау іске асады, 2005 жылы неміс фирмасының цилиндрлі триері, соқпа ылғалдандырғышы орнатылды. Диірменнің ұн тарту бөлімі жағында, төрт жүк түсіру нүктесі бар (т/ж және автокөлік) сыйымдылығы 1000 тонна болатын, 4 қабатты дайын өнім қоймасы жалғаса орналасқан. Диірмен құрамына, 1981 жылдың қаңтарында қолданысқа берілген, астықты авто-т/ж қабылдау нүктелері бар, сыйымдылығы 11мың тонна болатын жеке орналасқан күштік типті сүрлем типті жеке орналасқан қойма ғимараты да енеді.

Қоспа жем зауыты 2001 жылдың қазанында өз жұмысын қайта жандандырды. Зауыт жанында алдын ала араластыру цехы және шикізат қоймасы жанаса орналасқан. Дайын өнімді жіберу авто- немесе темір жол көлігі арқылы даналап және өлшеп оралған күйінде іске асады.

«Цесна-Астық» Концерні» нан зауыты нан-тоқаш өнімдерінің және кондитерлік өнімдердің 150ге жуық түрлерін шығарады. Нан-зауытының құрамы:

Қалыпты нан шығаратын, өндірістік қуаты тәулігіне 30 т болатын нан цехы;

Өнімділігі тәулігіне 28 т болатын қалыпты нан желісі (жаңа);

Өнімділігі тәулігіне 6 т болатын, нанның қарабидай-бидай сұрыптарын шығару желісі;

Өнімділігі тәулігіне 1,7 т пряник цехы;

Өнімділігі тәулігіне 8 т болатын тоқаш цехы;

Нан зауытында болгариялық ЕООД «Храншмаш-инженеринг фирмасының жабдықтары орнатылған. Технологиялық желілер ұнды тарасыз сақтау жабдығынан, қамыр даярлағыш, қамыр бөлгіш, тындыру, пісіру, дайын өнімді жіберу жабдықтарынан тұрады.

Құрамына ұн тарту, жарма, қоспа жем және нан зертханалары енетін, өндірістік-технологиялық зертхана. Барлық зертханалар, барлық қажетті сараптамаларды жүргізуді қамтамасыз ететін, зертханалық жабдықтар жинақтарымен жабдықталған.

Көмекші бөлімдер және қызметтер:

Энерго қызмет. Оның құрамына электр қозғалтқыштары орамдарын қалпына келтіру енеді, ол кәсіпорынның электр жабдықтарына және тоқтаусыз электр қуатымен қамтамасыз етілуіне жауап береді. Электр энергиясы болмаған жағдайда, зауытта қуаты 200 кВт болатын дизель-генератор орналастырылған. Барлық орнатылған трансформаторлардың жалпы қуаты 9460 кВт құрайды.

Жөндеу-құрылыс цехы ағымдағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын және ағаш өнімдерін дайындауды іске асырады. Цех құрамына ағаш өңдеу шеберханасы енеді.

Жөндеу-механикалық цехы цехтардың коммуникациясының (су, жылумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі) және технологиялық жабдықтарының жақсы күйде болуын қамтамасыз етеді, өндіріске қажетті қосалқы бөлшектерді дайындаумен айналысады. Шеберханалар құрамына ұстахана, металл жону және темір шеберханасы енеді.

Газ қазандығы макарон фабрикасын қуаты 3 Гкалл/сағ (3,49 Мвт) бумен қамтамасыз етеді. Қазандық «РЕК01Х1» (Италия) фирмасының бу қазандықтарымен жабдықталған.

№1 қазандық технологиялық және тұрмыстық қажеттіліктерге (ұнтақтау желісі) бу беру қызметін атқарады. Қазандық қатты отынмен жұмыс жасайтын, 4 бу қазандығымен жабдықталған.

№2 қазандық технологиялық және тұрмыстық қажеттіліктерге (нан және тоқаш цехы) бу беру қызметін атқарады. Қазандық мазутпен жұмыс жасайтын, 4 бу қазандығымен жабдықталған.

Автокөлік және темір жол қызметтері. Бұл қызметтердің негізгі мақсаты концерннің барлық бөлімдерін және аймақтарын көлік құралдарымен қамтамасыз ету, автокөлік және темір жол техникасын, кірме жолдарды жөндеу. Автокөлік қызметінде 76 әртүрлі техника құралдары бар. Темір жол шаруашылығы, ұзындығы 3617 метрді құрайтын, кірме жолдар желісінен, сондай-ақ, жүк көтерімділігі 150 тонна, темір жол таразысы, локомотивтік депо, тепловоздан тұрады. Тепловозға жанармаймен қамтамасыз еу үшін сыйымдылығы 25 тонна дизельдік жанармай қоймасы бар.

Өртке қарсы қауіпсіздік, АҚ және ТЖ қызметі кәсіпорынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және қорғаныс құралдарымен, өрт сөндіру көлігімен, өртке қарсы заттармен және т.б. қамтамасыз етілген. Концерн нысандары өртке қарсы қорғаныс дабылымен жабдықталған, кәсіпорын аумағында, жалпы сыйымдылығы 700 м3, өрт сөндіру гидранттары және су қоймалары бар.

ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» кәсіпорнында жүргізілетін қауіпсіздік техникасына байланысты іс-шаралар:

- Оқытудың барлық түрлері және қызметтерге нұсқаулар беру;

- Жұмысшылардың білімдерін тексеру;

- Еңбек тәртібін жақсарту шаралары (көтермелеу, жазалау);

- Қауіпсіздік техникасына көрнекі түрде насихаттау;

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасы ететін техникалық шаралар да маңызды рөл атқарады:

- Кәсіпорында үрдістерді механикаландырудың және автоматтандырудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізілген;

- Барлық өндірістік цехтардағы технологиялық және көмекші жабдықтар техникалық қауіпсіздік тұрғысынан дұрыс орналасқан;

- Жұмысшылар қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Сауда нүктелері және басқа да бөлімдер:

Өзіндік сауда нүктелері:

1. «Горячий хлеб» дүкені

2. «Гастрономия» бөлімі

3. Қышқыл сүт бөлімі