Диірменнің майдалау бөлігіндегі дублердің міндеттерін атқару

Тәжірибеден өту барысында 5-разрядты аппаратшының жұмысы зерттелді, ол келесідей жұмыстарды атқарады:

· Жабдықтарды қолдану кезін жұмыстың барынша өнімді әдістерін қолданады;

· Барлық қағып түсіргіш аппараттарды қосады және тоқтатады, ұнды астықтарға салады;

· Дайын өнімнің салмағын қадағалайды;

· Тігілу сапасын бақылайды;

· Қаптарға салынған және қоймаға өткізілген өнімдерді санайды;

· Органолептикалық көрсеткіштерге байланысты ұн сұрыбын анықтайды (түсі, ақтығы, тазалығы бойынша);

· Өзінің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырады және қолайлы орналастырады;

· Ұқыпты жинастырады;.

Ұн тарту бөлімі 4 үрдіске бөлінеді:

Майдалау үрдісі – қауызынан тазартылған бидай көп мөлшерін алуға арналған. №2 диірмен зауытында 5 ұсату жүйесі бар, олардың 3 үлкен және 4 шағын болып бөлінеді. Алынған өнімдер келесі майдалау жүйесіне жіберіледі, ал қауызынан тазартылған бидай байыту үшін А1-БСО маркалы машинасына жіберіледі.

Үрлеу үрдісі - қауызынан тазартылған бидайды және дунстты байытуға арналған, яғни таза қауызынан тазартылған бидайды және қабықшаланып кеткен қауызынан тазартылған бидайды бөліп алуға арналған. Таза қауызынан тазартылған бидай ұн тарту үрдісіне жіберіледі, ал қабықшаланып кеткен қауызынан тазартылған бидай тегістеу үрдісіне жіберіледі.

Тегістеу үрдісі - қабықшаланып кеткен қауызынан тазартылған бидайды тегістеуге арналған. Осыдан кейін қауызынан тазартылған бидай ұн тартуға жіберіледі.

Ұн тарту үрдісі - барынша көп мөлшерде ұн алуға арналған. Құрамында 10 ұн тарту жүйесі бары.

Ұн тарту үрдісінің 3 кезеңі:

Қабықшаларды 9-10 күлге айналдыру ( сырғу жүйесі рөлін атқарады)

Майдалау, тегістеу және тарту үрдісі А1-БЗН-2Н маркалы жанышқыш станоктарда (20 тал) іске асады. Ұсату үрдісінде қосымша сұрыптау жүйесі орнатылады, себебі ол жерде жеке дара бөліктерге бөлуге болмайтын өнімдер бар, сәйкесінше ұсату үрдісінде 2 сұрыптау кезеңі қолданылады, ұсату жүйесінің себуінде, сұрыптау жүйесінің себуінде.

Жанышқыш станоктарында алынған, тарту өнімі електен өткізу үшін, аралық өнімдерді мөлшерлері бойынша сұрыптауға арналған, шкаф типті ЗРШ6-4М сепкішіне жіберіледі.

Эндосперманы қабықшадан бөлу үшін және ұнды қосымша үктіру үшін А1-БВГ маркалы үктіру машинасын қолданады.

Негізгі ұсатумен және сұрыптаумен бірге РЗ-БЭР типті соққы-тазарту машиналарында (тек 1 және 2 тарту жүйесінде) көмекші операцияларды және А1-БДГ типті деташерлер (соңғы тарту жүйелерінде тұрады, 4-ден бастап) қолданылады, мұнда астық өнімдері қосымша ұсақталады, ал тығыздалған түйірлер жойылады.

Шығарылған өнімнің сапасы жақсы болуы үшін және ұнға қалдықтардың түсуін болдырмас үшін себу бақылауын қолданады, содан кейін ұнды жинақ бункерлеріне жібереді.

Өнімді ұн тарту бөлімінде тасымалдау пневмотасымал көмегімен іске асады, яғни ауа үрлегіштер, пневмо тұғырлар, жүктеуші циклондар және батареялар көмегімен жасалады.

Пневмотасымал екі рөл атқарады:

Ұн тарту өнімдерін тасымалдау;

Жаншу станоктарының сепкіштерінің аспирациясы.

Ұн тарту үрдісінде, барлық жанышқы станоктардан кейін, У1-БМП магниттік колонкаларында металло магнитті қалдықты іріктеп тазарту міндетті болып табылады.

ЖШС «Цесна-Астық» Концерні» диірменінің ұн тарту бөлігінде қолданылатын жабдықтар

А1-БЗ-2Н жанышқы станогы

Білік өлшемі 1000x250см. <30%

Астық дәнін және аралық өнімдерді ұсақтауға арналған.

І ұс. - 20% ұн

Салыстырмалы жүктелім 65-75 кг см/тәу.

Жанышқы станогы алу көрсеткішіне қарай анықталады.

Құрылымы - қабылдау, шығару құрылғысы, мөлшерлеуші құрылғы, қуаттау валкалары, жанышқылар, қайырма – иірме, штурвал, тұтқа, есік. Жанышқы аралық беріліс - жоғарғы білік төменгісінен жылдамырақ айналады.

Жанышқылар арасындағы ең үлкен өзгеріс 4,4 мм

Штурвалдың бір айналымы 0,22 мм

Тұтқаның бір айналымы 0,06 мм

65-70% үлкен қалдықтар

8-10% қауызынан ажыратылған бидай

6-10% қауызынан ажыратылған бидай және дунст

Штурвал - білікті көлбеуге туралайды

Тұтқа - жұмыс саңылауын орнатады

Өзгеру режимі. 1 др. - 25-35% II др. - 50-60% III др. - 35-45%

 

3РШ6-4м маркалы шкаф типті сепкіш

Аралық өнімдерді өлшемдері бойынша сұрыптауға арналған.

Негізгі жұмыс органы - сито. Салыстырмасы массасы 1000 - 1200 кг м2\тәу. Елеу қабатының қалыңдығы 15-20 мм. Сепкіш жұмысының толып қалуы кем себу көрсеткішіне қарай анықталады.

1 електің елеу беті - 0,25 м2

1 секция - барлық себудің 4,5м2 - басқару ситінің өлшемі 27 м2.

Сепкіш корпустан (2 каркастан), қабылдау және шығару құрылғысынан, сито, есік, қозғалтқы, теңестіргіштен тұрады.

ПЧ - қауызынан ажыратылған бидай және дунстты іріктеп алуға арналған полиамидті ситтер.

ПА - ұнды іріктеп алуға арналған полиамидті ситтер.

 

А1-БСО ситовеака машинасы

Қауызынан ажыратылған бидайды байытуға арналған.

Екі корпустық кузовтан, қабылдау және шығару құрылғысынан, ситтік корпустан, өтпелер жинағынан, сырғу камерасынан, аспирациялық камерадан, жетектен, тұғырдан, қозғалтқыштан тұрады.

 

А1-БВГ үгіту машинасы

Қабықшалардан эндосперманы бөліп алуға арналған.

Корпустан, қабылдау және шығару құрылысынан, соққы роторынан, ситтік жартылай цилиндрден, жетектен, тіреуіштен тұрады. Сит өлшемі 0,75; 1,0; 1,25мм. Салыстырмалы жүктелім 1см2ге 640кг

Корпустан, соққы ротордан, қабылдау және шығару келте құбырынан, жетектен тұрады.

1-Кесте - Ұн сапасының көрсеткіштері

Өнім атауы Ылғалдылық МЕСТ бойынша күл қалдығы №1 диірмен зауытындағы күл қалдығы Ұлпа Тартылған ұн үлкендігі
  «ЭЛИТНАЯ» ұны 14,5% дейін 0,46% аспайды 0,46% аспайды Сапасы жақсы 29%1-топ (сапасы жақсы) №43 ситтен түсуі 1% аспайды
Жоғары сұрыпты ұн 14,5% дейін 0,55% аспайды 0,49% аспайды Сапасы жақсы 29%1-топ (сапасы жақсы) хорошая) №43 ситтен түсуі 1% аспайды
1-сұрыпты ұн 14,5% дейін 0,75% аспайды 0,69% аспайды Сапасы жақсы 31%1-топ (сапасы жақсы) Ситтен түсуі 1% дейін өтуі 97%дан кем емес
2-сұрыпты ұн 14,0% дейін 1,25% аспайды 1,25% аспайжы Сапасы жақсы 32%2-топ (сапасы қанағаттанарлық) №27 ситтен түсуі 0,40% аспайды өтуі 98%дан кем емес

 

 

Шығарылатын өнім МЕСТ талаптарына сәйкес келеді, алайда қазіргі кезде бәсекелестікке шыдау үшін өнім келесідей күл қалдығы деңгейіне ие, қабылданған стандарттардан да жақсы сапада шығарылуда:

· Жоғарғы сұрып - 0,47%-0,49%

· Бірінші сұрып - 0,67%-0,69%

· Екінші сұрып - 1,25%.