Жалпы математикалық модельді құру

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

 

Техникалық кибернетика кафедрасы

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА

түсініктеме жазба

 

Тақырыбы Химиялық агрегаттың оптималды тізбегін табу

 

Жұмысты орындау сапасы Бағалау диапазоны
Орындалған жоқ 0%  
Жұмыстың орындалуы және студенттің белсенділігі 0-50%  
Жұмысты рәсімдеу 0-20%  
Анықтамалар мен техникалық әдістемелерді қолдана білуі 0-5%  
Техникалық құралдарды пайдалана білуі 0-5%  
Жұмысты қорғау 0-20%  
  Қорытынды: 0-100%  

 

 

Жетекші доцент

____Л.Ш.Балғабаева

“_6_ ” мамыр 2011 ж.

Студент: Оразалиев С

Мамандығы 050703

Тобы ИСб-09-02қ

 

Алматы 2011

Тапсырма

 

Бір химиялық агрегат m-түрлі бояу маркасын шығарады. Бір бояу маркасынан басқа маркаға көшкен кезде, қайтып өңдеуге байланысты yij-шығын болады.

Қайта өңдеуге байланысты болатын шығындар аз бояу үшін, бояу өндірісіндегі химиялық агрегаттың оптималды тізбегін табу керек. Бөлшектеп шығару және үзіліс рұқсат етілмейді. Химиялық агрегатта қызмет көрсетуші операторлардың ұзақ мерзімді тәжірибесі көрсеткендей, рационалды тізбекте 2-ші маркадан кейін 5-ші марканы, сонымен қатар 4-ші маркадан кейін 1-ші марканы шығару тиімдірек.

Төменде келтірілген сандық мәліметтер шартты бірлікпен берілген:

 

 

m=6,

i\j
x
x
x
x
x
x

 

Көрсетілген есепті формалдаудан кейін ,” тармақтар және шекаралар ” әдісімен шығару. Бағаларын матрицаларды келтіру әдісімен анықтау.,

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................... 4

1 Жалпы математикалық модельді құру............................................................ 5

2 Оңтайландыру есебінің айқын математикалық өрнегінің өңделіп, жетілдіруі 6

3 Алгоритмнің негізгі ойын баяндау.................................................................. 6

3.1Коммивояжер есебі........................................................................................ 6

3.2 Литтл алгоритмі............................................................................................ 7

4 Сандық түрдегі шешімі.................................................................................... 8

5 Программаның баяндалуы............................................................................ 15

5.1 Жалпы мағлұматтар.................................................................................... 15

5.2 Функционалдық қолдануы......................................................................... 15

5.3 Программаның логикалық структурасы................................................... 15

5.4 Қолданылатын техникалық жабдықтар..................................................... 15

5.5 Программаның шақырылуы мен жүктелуі................................................ 15

5.6 Кіріс мәліметтер......................................................................................... 15

5.7 Шығыс мәліметтер..................................................................................... 15

Қорытынды....................................................................................................... 17

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................. 17

Қосымша А........................................................................................................ 19

Қосымша Ә........................................................................................................ 26

 

КІРІСПЕ

Шешімдер қабылдау теориясындағы басты мақсат: басқаруды ұйымдастыру есептерінің түрлерін шешу барысында, техникалық-экономикалық немесе кейбір басқа сипаттағы шектеулер орын алғанда, басқа да тиімді тәсілдерді анықтауды көздейді. Математикалық модельдер мен оның әдістері операцияны зерттеуде орын алады.

Операцияның зерттеу әдістерінің көмегімен әртүрлі есептер қарастырылады. Мысалы осы курстық жобада коммивояжер есебі қарастырылады және осы есептің оптималды шешімін табу үшін тиімді әдіс қолданылған.

Математикалық программалауды оқып-үйрену – талдаумен айналысатын және тиісті анықталған есептер топтарын шешу әдістерін іздейтін бірнеше жеке пәндер деп қарастыруға болады. Ең алдымен математикалық программалау: сызықтық және сызықтық емес программалау есептеріне бөлінеді. Мұнда барлық функциялары сызықтық болса, онда оған сәйкес есеп сызықтық программалау есебі болып табылады. Егер де көрсетілген функциялардың ең болмаса біреуі сызықтық болмаса, онда оған сәйкес есеп сызықтық емес программалау есебі болады.

Математикалық программалудың сызықтық программалау бөлімі өте көп зерттелген. Сызықтық бағдарламалау есептерін шығаратын әдістердің алгоритмдері қарастырылған, соның бірі коммивояжер есебін шығаруға Литтл алгоритмі келтірілген. Операцияны зерттеудегі басты рөл – математикалық модельдеугебөлінеді. Математикалық модельді құру үшін, зерттелетін жүйенің іс-әрекетінің мақсаты туралы өте көп құнды мәліметтермен қатар, басқарылатын айнымалылардың мүмкін мәндерінің аумағын анықтайтын шектеулер туралы хабардар болуы тиіс. Мақсат сияқты, шектеулер де басқарылатын айнымалылардың функциялары түрінде өрнектелуі тиіс. Модельді талдау барлық қойылған шектеулер орындалған жағдайда, басқару объектісіне әсер ететін ең тәуір басқаруды анықтауға келтіру керек.

Операцияны зерттеу – білім саласы ретінде кеңейе түсуде, оның теория және тәжірбие жүзінде алынған нәтижелері артып отыр. Осындай шарттар негізінде бірдей әдістемілік анализдеу принцптеріне, зерттеулердің жеткен жетістіктеріне үлкен мән береді.

 

Жалпы математикалық модельді құру

Математикалық модельді тұрғызу көптеген кезеңдерден тұрады. Маман берілген тапсырманы шешу барысында жақсы көрсеткішке жету үшін әрбір кезең үшін іс-әрекеттердің конструктивті схемасын құрып, “не жасау керек?” деген сұраққа емес, “қалай жасау керек?” деген сұраққа жауап іздеуі керек. Модельді құру кезеңдері туралы Морристің еңбектерінде айтылғандай, іс-әрекет схемасында әрбір кезең терең анықталған. Операцияны зерттеуде әдістемені дұрыс пайдаланған жобалаушы қате жібермейді, яғни статистика бойынша “үшінші жақтың қатесі” деп анықтайтын берілген тапсырманың қате шешімін іздеуі мүмкін. Сонымен жалпы математикалық модельді құру кезеңдерін қарастырайық.