Ақша қаражаттарының есебі

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Азақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Кафедра «Есеп және аудит»

 

 

Оқу-танысу тәжірибесінің бағдарламасын орындау туралы

ЕСЕП

Тәжірибе өту базасы ТОО «Базилик»

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының _4__ курс студенті _____________________________________________________________________________

Кафедрадан бекітілген жетекші _________________________________________________________

(А.Ж.Т., қызметі)

 

Кәсіпорын тарапынан бекітілген жетекші _________________________________________________________

(А.Ж.Т., қызметі)

 

Астана, 2014 ж.

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................4

I. Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу......................6

II. Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері...........7

ІІI. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1 Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі.......................................9

3.2 Негізгі қорлар есебі мен материалдық емес ативтердің есебі...........12

3.3 Қорлар есебі......................................................................................17

3.4 Ақша қаражаттарының есебі..................................................................21

3.5 Дебиторлық берешектердің есебі..........................................................22

3.6 Міндеттемелер есебі..............................................................................25

3.7 Еңбек және оны төлеу есебі................................................................. 26

3.8 Кірістер мен шығыстар есебі..................................................................32

 

Қорытынды...................................................................................................37

Қолданылған әдебиеттер.............................................................................39

 

 


КІРІСПЕ

 

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2014 жылдың маусым айының 2-ші жұлдызынан 2014 -жылдың маусым айының 7-ші жұлдызына дейінгі аралықта Астана қаласы, «Базилик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім.

Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгендеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадым. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатыстым.

Өндірістік тәжірибені өтумен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

-филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

-әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

-филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;

-филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.

 

Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым.

Практикалық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдау және оның әдістемесін меңгеру болып табылады.

Практикалық жұмыста қарастырылатын негізгі тақырыптар:

· Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі

· Негізгі қорлар есебі мен материалдық емес активтердің есебі

· Қорлар есебі

Ақша қаражаттарының есебі

· Дебиторлық берешектердің есебі

· Міндеттемелер есебі

· Еңбек және оны төлеу есебі

· Кірістер мен шығыстар есебі

 

Берілген жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1. Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу

 

«Базилик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері туралы 1998 жылғы сәуірдің 22-сіндегі Заңына және де кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданылып жүрген актілеріне сәйкес ретінде құрылған.

Серіктестіктің құрылтайшысы болып Утегенов Сабыр Ержанович табылады.

Серіктестіктің қызметінің басты мақсаты – оның Қатысушыларының әл-ауқатын көтеру үшін табыс табу болып табылады.

Серіктестік мақсаттарға сәйкес өзінің қызметін негізгі бағыттар бойынша ҚР қолданып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырады.

 

- коммерциялық қызметі (сауда-саттық қызметі, дүкендерді, киоскі, сауда нүктелерін ашуы, биржада операцияларды, брокерлік делдалдық қызметтер, көтерме – бөлшек, коммиссиондық сауда ұйымдастыру.

 

- қоғамдық тамақтандыру нүктелерін ашу (кафелер, мейрамханалар, асханалар және т.с.с).

 

Серіктестік алдына қойған мақсаттарға жету үшін заң актілерімен тыйым салынбайтын қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асыра алады. Лицензиялауға жататын қызмет, белгіленген тәртіпте алынған лицензия негізінде жүзеге асатын болады.

 

 

2 . Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері

 

«Базилик» ЖШС АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының есеп саясаты Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанынан «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңының» №234-ІІІ заңына, Халықаралық қаржылық есеп стандартына (МСФО-IFRS), Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IAS) сәйкес құрастырылған. Жалпы баптар саны 966. Есеп саясатының принциптері барлық құрылымдық бөлімшелерге де қолданылады.

Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:

- Есептіліктің барлық түрін кірістіру;

- Қаржылық мәліметтердің түсініктілігін, анықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету;

- Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғайлығын қадағалау;

- Бухгалтерлік есептің жұмыс жасау аясының, қоғамға байланысыт нормативтік актілердің өгеруі, ауысуына тез бейімделуін қамтамасыз ету.

Есеп саясаты бойынша «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының негізгі валютасы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі - ағымдағы жыл.

Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі сұрақтарды қарастырған:

1. «Базилик» ЖШС АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының жалпы жағдайы мен статусы:

2. Негізгі құралдар есебін жргізу;

3. Жал есебі;

4. Материалдық емес активтер;

5. Инвестициялық жылжымалы мүлік;

6. Қаржылық құралдар;

7. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;

8. Сатуға арналған немес жойылуға жіберілген ұзақ мерзімді активтер;

9. Активтер құнсыздануы;

10. Ақша қаражаттарының есебі;

11. Меншікті капитал;

12. Жұмыскерлерге еңбекақы есебін ұйымдастыру;

13. Кірістер;

14. Мемлекеттік субсидия;

15. Шығыстар;

16. Займдар бойынша шығыстар;

17. Әлеуметтік сфера;

18. Корпоротивті табыс салығының есебі;

19. Шетел валютасындағы операциялар есебі;

20. Бағалау міндеттемелері;

21. Есептілік күнінен кейін жағдай;

22. Сегменттелген есеп;

23. Ағымда қаржылық есептілік;

24. Кәсіпкерліктің қосылуы;

25. Дисконтталуды қолдану.

Есеп саясаты бойынша жалпы ережелерді қарастыратын болсақ ол өз ішінде қоғамның:

- негізгі валютасын;

- есеп саясатының қолданушыларын;

- Есептілік кезеңін;

- Қаржылық есептіліктің элементтерін;

- Қаржылық есептіліктің компоненттерін;

- Қаржылық есептің құрамын;

- Мүлік пен міндеттемелердің түгенделуін;

- Бақылау мен аудит;

- Бухгалтерлік ақпараттың құпиялылығын анықтайды.

Есеп саясат 2008 жылы 24 желтоқсанда «Базилик» ЖШС директорлар кеңесінің №13 хаттамадағы шешімімен бекітілген.

 

 

ІІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

3.1 Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі

 

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өздерінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.

Меншікті капиталдың ерекшелігі-ол шаруашылық жүргізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығуы, соған орай оның бар-жоғы білінбейді.

ҚЕХС, ҚЕҰС-да меншікті капиталға мыналар жатады деп көрсетілген: жарғылық, резервтік қосымша төленген және төленбеген капитал, бөлінбеген табыс.

Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушы-лардың салымының жиынтығы болып табылады. Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал ететін операциялар мен сәйкес корреспон-денциялар жүргізіле отырып, төмендегідей операциялар рәсімделеді:

 

Кесте 1 - Кәсіпорынның бухгатерлік есебінде жарғы капиталына ықпал ететін операциялар

Жарғылық капиталға қатысты өткізбелер Дт Кт
1 1 Тағайындаушы құжаттарға сай жарғылық капитал өлшемін бейнелеу
2 2 Жарғылық капитал артуына байланысты тағайындаушы құжатқа өзгеріс
Төленбеген капиталға қатысты өткізбелер:
3 1 Материалды емес активтермен
3 2 негізгі құралдармен
3 3 Тауарлық-материалдық қормен 1310,1320,1330,1350
3 4 Ақшалай қаражаттармен 1010, 1030
Бөлінбеген табысқа қатысты өткізбелер
Есеп беріп отырған жылғы таза табыс бейнеленуі
Есепті жылдың жабылмаған залалын өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы есебінен есептен шығару
Есептен шығару бойынша қайта бағалау сомасын бөлінбеген табысқа жіберу:    
Негізгі құралдар бойынша
Материалды емес активтер бойынша
Негізгі құралдарды қайта бағалау сомасы

5000 «Жарғылық капитал», 5100«Төленбеген капитал», 5200 «Сатып алынған жеке меншік үлес құралдары», 5300 «Эмиссиялық кіріс», 5400 «Резервтер», 5500 «Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)» кіші бөлімдері шоттарының кредиті бойынша операцияларды есепке алуға арналған.

«Операциялардың мазмұны» бағаны бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жарғылық капиталға жарналарға, ұйымның жарғылық және резервтік капиталының мөлшерін арттыруға және т.б. байланысты операциялар бойынша қажетті жазба жүргізіледі.

5000, 5100, 5200, 5300, 5400, 5500 кіші бөлімдерінің әрбір синтетикалық шоты үшін бағандар арналған, оларға дебет бойынша осы шоттармен корреспонденцияланатын синтетикалық шоттардың кодтары енгізіледі. Айдың аяғында әрбір синтетикалық шот бойынша кредит бойынша айналым есептеледі және «Жиыны» бағанына енгізіледі. Әрбір синтетикалық шот бойынша кредит жөніндегі айналымдардың сомасы («Жиыны» жолы) Бас кітапқа ауыстырылады.

Қосалқы шоттардың бөлінісінде ұйымның жеке меншік капиталының бар-жоғы мен қозғалысының талдамалы есебі жүзеге асырылады.

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет.

Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Субъекті мүлкінің құрамы.

Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) актвтер» және «айналымдағы активтер» - деп екіге бөледі. Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес актвтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық – техникалық базасын жасауға жіне дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы – материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

Субъекті мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

· жарғылық капитал;

· резервтік капитал;

· бөлінбеген пайда.

Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Жарғылық қор меншік иесі субъектінің ( кәсіпорынның ) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған қаржыларының сомасы болып саналады.

Меншіктік ұйымдық – құқығының нысанына және меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігінее қарай жарғылық қор мынадай түрлерде болуы мүмкін:

Шаруашылық серіктестіктердің (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері). Жарғылық қор мөлшері субъектінің жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал – қоғамының өзініің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал - негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағаланғанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік ( сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс) – шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) жалпы табысының (пайдасының) барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

Жарғылық капитал. Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық (атаулы) құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қоғамның акцияны сатып алатын мүшесіне ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.

Резервтік капиталдың есебі. Акционерлік қоғамдармен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резевтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді, бірақ та ол субъектінің жарғылық капиталының 10 пайызынан (процентінен) кем болмауы тиіс. Ақшаның құнсыздануына, өндірістің өркендеуіне, сондай – ақ басқа да жағдайларға байланысты шаруашылық субъектінің жарғылық капиталы көбейген уақытарда резервтік капиталда оған сәйкес артып отыруға тиіс.

Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжалмаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмысалынады. Жалпы резевтік капиталдағы жинақталатын слмаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында бекітіледі. Резевтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді.

 

 

3.2 Негізгі құралдар есебі мен материалдық емес ативтердің есебі

 

Негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылған және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.

Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:

-жер;

-жер және ғимараттар;

-машина жабдығы;

-кемелер;

-ұшақтар;

-автокөліктік құралдары;

-жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;

-кеңсе жабдығы.

Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінде негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетіледі және негізгі құралдардың қор қайтарымын анықталып, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырылады. Негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасайды және олардың нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді.

2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.Осы бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2410, 2420, 2430.

Негізгі құралдардың келіп түсуі мен оның қозғалысынв 2410 – «Негізгі құралдар» шоты арналған.

Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған.

Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобына арналған.