кесте Негізгі құралдар келіп түсүінің шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операцияларының мазмұны Шоттар корреспонденциясы
Дебет Кредит
Негізгі құралдарды кәсіпорын ішінде ауыстыру 2411-2415 2411-2415
Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғадан алынды: - келісім шарттық құнына - ҚҚС сомасына   2411-2414      
Құрылтайшылардың кәсіп-орын жарғылық қорына салған салымдарына салған негізгі құралдары кіріске алынды   2411-2415    
Негізгі құралдар серіктестік, туелді және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар-дан алынды: - баланстық құнына - ҚҚС сомасына - беруші жақтың есептеген тозу сомасы     2411-2414 2411-2414     3320,3330,3340 3320,3330,3340 2421-2423
Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді: - баланстық құнына - берілген күніне дейін есептелген тозу сомасы     2411-2414 2411-2414     2421-2423
Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды: - негізгі құралдардың эксперттік жалмен анық-талған қалдық құнына - негізгі құралдардың эксперттік жолмен анық-талған,бірақ есепке алынбаған тозу сомасына     2411-2414   2411-2414       2421-2423
Кәсіпорынның өзі дайындаған негізгі құралдары: - негізгі өндіріс цехында - көмекші өндіріс цехында   2411-2414   2411-2414    

Негізгі құралдар аудитінде қолданылатын ақпарат көздері кәсіпорын қабылдаған есеп саясатына тәуелді болады. Бұл есеп формасын таңдауда көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен қатар қолданыстағы регистрлер тізімінде, олардың құрылуында, кезектілігінде және оларда жазу жүргізу тәсілінде. Бірақ есептің кез- келген формасында негізгі құралдар бойынша операциялар алғашқы есептік құжаттаудың бірыңғайлы ведомісті аралық формалары мен толтырылуы тиіс екендігін есте сақтау керек:

НҚ-1 формасы – негізгі құралдарды қабылдау - жіберу актісі;

НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта құрылған және жетілдірілген объектілердің қабылдау – тапсыру актісі;

НҚ-4 формасы – негізгі құралдарды жою актісі;

НҚ-4а формасы – автокөлік құралдарын жою актісі;

НҚ-6 формасы - негізгі құралдар есебінің

НҚ-14 формасы – қондырғыларды қабылдау туралы акті;

НҚ-15 формасы - қондырғыларды монтажға қабылдау – жіберу актісі;

НҚ – 16 формасы қондырғылардың анықталған кемістігі туралы акті.

Негізгі құралдар қозғалысы мен олардың тозуының синтетикалық есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде жүргізіледі, ал компьютерлік ақпараттық технологияларды қолданған кезде 01, 02 шоттары бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар машинаграммосында жүргізіледі.

Негізгі құралдар есебінің аудитінің негізгі бағыттары келесілерді қамтамасыз етеді:

Негізгі құралдардың тұтастығы мен бар болуын бақылау;

Жабдықтардың негізгі құралдарға жатқызылу дұрыстығы;

Негізгі құралдардың есепте бағалану дұрыстығы;

Негізгі құралдардың түсуі мен шығуы бойынша операциялардың есепте көрінуі мен толтырылуы дұрыстығы;

Негізгі құралдардың тозуы мен жөнделуінің есепте көрінуі мен есептелу дұрыстығы;

Бухгалтерлік есеп пен есеп беруде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтердің көріну дұрыстығы.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:

· расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқада құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына бақылауды ұйымдастыру.

· Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарлуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетлуін қамтамасыз ету.

· Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

· Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.

· Моралды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.

· Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау ұшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.

Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойылған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: өндірістік-бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субьектісін, жалпы елдегі салалардың экономикалық қуаты тәуелді.

Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени –тұрмыстық қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер,ғимараттар, керек жарақтар,денсаулық сақтау,спорт.)

Тиістілгі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді.

· Меншікті-бұл субьектіге тиеслі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар;

· Жалданған-жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субьектілерден алынған негізгі құралдар.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

· Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған)-консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар;

· Қорда тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы,апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор құрайтын негізгі құралдар.

Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау

Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар,негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:

1. Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер, жеңіл автомомильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж)

2. Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар

3. Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар.

4. Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.

Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:

1. Материалдар

2. Еңбекақы төлеу

3. Үстеме шығындардың тиісті үлесі.

4. Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу.

5. Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары. Құрылыс кезеңіне берілген кредиттер бойынша пайыздар. Құрылыс жүргізуге рұқсат алуға жұмсалған шығыстар.

Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау өткізу (қозғалысы) №1 нысандағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген обьектілерді негізгі құралдардың құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берлуін ресімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын ресімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру үшін сондай-ақ басқа субьектіге беру мақсатында (жарғылық капиталға салымдар, өтеусіз беру) негізгі құралдың құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады. Негізгі құралдарды қабылдауды ресімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке обьектіге бір дана акт жасайды.

Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу

Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысы отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық фактордың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Тозу-бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі

Амортизациялық құн дегеніміз-бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардық қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады.

Салық кодексі бойынша негізгі құралдар 4 топқа бөлінеді.

I. Үйлер мен ғимараттар оларға тозу жылына 10% мөлшерде

II. Машиналар мен жабдықтар оларға тозу жылына 25% мөлшерде

III. Компьютерлер мен машиналар оларға тозу жылына 40% мөлшерде

IV. Жоғарылардағыға 3 топқа кірмейтіндердің барлығының оларға тозу жылына 15% мөлшерде

 

 

3.3.Тауарлы –материалдық босалқылардың есебі

 

Тауарлы –материалдық босалқылар дегеніміз-бұл;

· өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді атқаруға арналған шикізат қоры, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер,отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, басқа да матириалда түріндегі активтер;

· аяқталмаған өндірістік түріндегі активтер

· субъектінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізуге арналған дайын өнім және тауарлар түріндегі активтер.

Тауарлы-материалдық қорлар мыналарға бөлінеді:

Негізгі – бұл дайындалатын өнімнің құрамына заттай кіретін және материалдың негізін қалайтын материалдар.

Қосалқы – бұл өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ негізгіден айырмашылығы олар өндірістік өнімнің заттай негізін құрамайды.

Тауарлы-материалдық қорларды уақытында қолданғанда оның нақты құнына тауарлы-материалдық қорларды қолдануына байланысты (сатып алу құны, тасымалдау құны, көлікті дайындауға кеткен шығындар және т.б.) шығындар кіреді.

Кәсіпорындарда инвентарлық тексеру (инвентаризация) жылына бір рет болып тұрады. Инвентарлық тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:

- ұрланған фактілер болған жағдайда;

- төтенше жағдайларда (өрт, табиғат апаттары);

- материалды-жауапты тұлғаны ауыстырған жағдайда;

- кәсіпорынның құлауы немесе тарауы кезінде.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебі келесі 2 суретте көрсетілген тәртіп бойынша жасалады.

 

 

 


Сурет - 3 . Тауарлы-материалдық қорлардың есебін ұйымдастыру тәртібі

 

Тауарлы – материалдық босалқылар қозғалысын құжаттарда бейнелеу

Материалдардың қозғалысы бойынша операцияларды құжаттау келесі бастапқы есеп құжаттарының типтік нысандарымен жүзеге асырылады:

· Сенімхат;

· Кіріс ордері;

· Материалдарды қабылдау актісі;

· Лимиттік – жинақтаушы карта;

· Талап накладнойы;

· Материалдарды сыртқа жіберу жөніндегі накладной;

· Материалдарды есепке алу карточкасы

· Тауарлы- материалдық босалқыларды бағалау

Тауарлы- материалдық босалқылар өзіндік құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгісімен бағаланады.

Тауарлы - материалдық босалқыларды сатып-өткізудің таза құны әдеттегі шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасының оларды жинақтауға және сатылуын ұйымдастыруға кеткен шығындарды шегерегендегі мөлшерге тең болады. Сатып өткізудің таза құны тауарлы материалды босалқылар бұлінгенде, немесе олар ішінара не болмаса толығымен ескергенде, немесе олардың сату бағасының төмендеуіне байланысты өзіндік құн қалпына келмейтін жағдайда ғана қолданылады.

Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады, олар өндірістік босалқылар деп аталады. Еңбек заттарының еңбек құралдарынан айырмашылығы-олар өндіріс процесіне бір рет қатысады, өзінің құнын өндірілген өнімнің өзіндік құнына толығымен аударып, өнімнің материалдық негізін құрайды.

Дайындау процесінде кәсіпорынның тауарлы –материалды босалқыларды сатып алу операцияларының есебі жүргізіледі. Дайындау процесінің есебін жүргізуде тауарлы-материалдық босалқыларды дұрыс бағалау маңызды мәселе болып табылады. Синтетикалық есепте және бухгалтерлік баланыста барлық сатып алынған тауарлы-материалдық босалқылар меншікті өндірістің құндылықтары сияқты нақты өзіндік құны бойынша есепке алынады.

Тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құнына босалқыларды сатып алу шығындары, оларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге және тиісті қалыпта келтіруге байланысты көлік-дайындау шығындары, өнімдерді қайта өңдеу (жұмыстарды және қызметтерді орындау) шығындары енгізіледі.

Тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алу шығындарына сатып алу бағасы, жабдықтаушы және делдал мекемелерге төленген комиссиялық сый-ақылар, тасып әкелу бойынша салықтар, көлік дайындау шығындары және босалқыларды сатып алуға тікелей байланысты басқадай шығындар кіреді.

Тауарлы-материалдық босалқылар есебінің міндеттері:

· материалдық құндылықтарды сатып алумен байланысты нақты шығындарды анықтау;

· тауарлы-материалдық босалқыларды дұрыс бағалау;

· тауарлы-материалдық босалқыларды кіріске алу және босату құжаттарын уақтылы және дұрыс толтыру;

· сақтау орындары және жауапты адамдар бойынша есепке алу арқылы материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау:

· бухгалтерлік есеп мәліметтерін тауарлы-материалдық босалқылардың нақты барымен салыстыру, субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды анықтау және оларды сату.

Тауарлы-материалдық босалқылардың қаржылық қорытынды есепте ашып көрсетлуі. Қаржылық қортынды есепте тауарлы-материалдық босалқылар бойынша келесі мәліметтер ашылып көрсетілуге тиісті:

· тауарлы-материалдық босалқыларды бағалауға арналған есеп саясаты;

· тауарлы-материалдық босалқылардың жіктік топтары бойынша баланстық құнын ашып көрсету;

· себептерін сипаттай отырып тауарлы-материалдық босалқыларды сатып өткізудің таза құнына дейін елеулі есептен шығарлуы;

· сатылған тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құны;

· себептерін сипаттай отырып жыл аяғына міндеттемелерге кепілдік ретінде салынған тауарлы-материалдық босалқылардың баланстық құны.

Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі

Кәсіпорындағы тауарлы –материалдық қорлардың есебі №7 «Тауарлы –материалдық қорлардың есебі» БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады.

Бухгалтерлік қызметте материалдардың аналитикалық есебінің бірнеше әдістері бар: сорттық әдіс, номенклатуралық нөмері бойынша есепке алу әдісі, оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдіс.

Сорттық әдіс. Бухгалтерия материалдардың әрбір түріне және сортына сандық-сомалық есеп карточкасын ашады, онда бастапқы құжаттардың негізінде заттай және ақшалай өлшеммен көрсетілген материалдардың келіп түсуі және шығуы операциялары тіркеледі. Сөйтіп бухгалтериядағы аналитикалық есеп материалдар есебінің карточкасында жүргізілетін қоймадағы есепті қайталайды. Ал аяқталып, түгелдеу мерзімі басталғанда карточкада тіркелген материалдардың ай ішіндегі кірістері мен шығыстарын санап, олардың қалдығын анықтайды. Осы мәліметтер негізінде әрбір материалдық-жауапты тұлға ашылатын аналитикалық есептің айналым ведомосы жасалады.

Тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары мен құжаттардағы тізімінің сай келуін тексеруде біріншіден жылдық түгелдеудің берілгендеріне сүйену, екіншіден қорлардың сақталу орындарының жаппай тексерілуі мен бөлек немесе теріліп тексеру орындарын таңдау қажет.

Материалдық құндылықтардың қоймадағы сақталу тізімінің қадағалауына және құндылықтардың бөлек түрлерінің сақталыну орындарына аса маңызды көңіл бөлінеді.

Материалдар негізгі құралдарға қарағанда өндіріс процесінің бір циклына қатысып, өзінің құнын өнім құнына толығымен беріп, оның негізін құрайтын өндірістік қор болып табылады. Өндіріс процесінде барлық материалдар атқаратын қызметіне және тағайындалуына қарай негізгі және көмекші болып бөлінеді.

 

 

3.4 Ақша қаражаттарының есебі

 

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражат-тарының түсуі мен жұмсалуы келесі категорияларға жіктейді: Операция-лық қызмет, Инвестициялық қызмет, Қаржыландыру бойынша қызмет

1. Операциялық қызмет – ұйымның табыс әкелуге бағытталған негізгі қызметі. Осы категорияға ақша қаражаттарының түсу ағыны ретінде жатады: тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардан ақша қаражаттарының түсуі, инвестициялар мен ссудалардан алынған пайыздар мен дивидендтер, сондай-ақ нарықтық бағалы қағаздарды сатудан алынған қаражаттар. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағынына: еңбекке ақы төлеу, тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер, проценттер бойынша төлемдер, салықтық төлемдер және нарықтық құнды қағаздарды сатып алу.

2. Инвестициялық қызмет – айналымнан тыс активтерді сатып алу және сату, ақша эквиваленттеріне жатпайтын басқадай инвестицияларды сатып алу, сату. Ақша қаражаттарының түсу ағыны ұзақ мерзімді активтерді және нарықтық құнды қағаздарды сатудан алынған ақша қаражаттарын қамтиды. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағыны ұзақ мерзімді активтер мен нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарын қамтиды.

3. Қаржылық қызмет– ұйымның меншікті капиталының құрамындағы өзгерістерді тудырады. Басқаша айтқанда қаржылық қызмет – ұйым иелерінің ресурстарды алу немесе иелеріне ресурстарды қайтару. Олардың инвестицияларына табысты беру.

Ақша қаражаттарының түсу ағыны акцияларды, қысқа және ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен түсімдерді қамтиды. Ақша қаражат-тарының жұмсалу ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді төлеуді қамтиды.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үш категорияға сәйкес үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде операциялық қызметтен түскен ақша ағыны одан кейін инвестициялық қызмет, ең соңғысы – қаржылық қызмет.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу үшін 1000 «Ақша қаражаты» кіші бөлімі арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1020 – «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаты», онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1050 – «Жинақ шоттарындағы қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1060 – «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.

 

3.5. Дебиторлық борыштардың есебі

 

Белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын -дебиторлық берешек деп айтады.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:

1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»

1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар»

1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебеторлық берешек» шоты;

1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»

Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымдастырылуын қарас-тырайық.

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық берешек ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық берешектер, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдік дебиторлық берешектер, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:

7000 «Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны», 7010 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны», шоттары дебеттеледі де, 1320 «Дайын өнімдер», 8310 «Қосалқы өндіріс» және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі. Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дедеттеледі де, 6010 «Сатылған дайын өнімнен түскен табыс» шотты кредиттелінеді.

Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:

Дт: 7010 Сатылған өнімдердің

өзіндік құны 3000 тг

Кт: 1320 Дайын өнімдер 300 тг

 

Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:

Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 4200 тг

Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты 4200 тг

 

Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:

Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 800 тг

Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы 504 тг

 

Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:

Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» 500000тг

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты 5000 тг

 

 

Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған вексельдер сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар деп табылады.

Дебиторлық борыштың құрамында кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады:

· Алынуға тиісті борыштар

· Кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының борыштары

· Ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдер

· Негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктер арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық борыштар

Есептеу принципіне сәйкес кәсіпорыннң табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та танылады.

Шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін шаруашылық мүддесімен іссапарға жіберді, жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттарда (кеңсе тауарларын, басқадай материалдық және материалдық емес активтерін нақты ақшаға сатып алу) ақшаларды жұмсап отырады. Мұндай шығындарды банк арқылы төлеу мүмкін емес, сондықтан кәсіпорын қызметкерлеріне нақты ақша беру арқылы, аталмыш шығындар бойынша төлем жасайды. Берілген ақшаның көлемін басшы бекітеді, тек содан кейін ғана кассадан аванс беріледі. Кассадан қызметкерге нақты ақша берілген сәттен бастап, ол кәсіпорынға есеп беруге тиісті тұлға ретінде танылады. Төлем жасалынғаннан кейін есеп беруге тиісті тұлға кәсіпорын алдында нақты ақшаның іс жүзінде жұмсалғандығын растайтын құжаттар арқылы есеп беріп, өзінің міндеттемесін өтейді. Дебиторлық борыштар мерзім көлеміне байланысты:

· Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар-қамтитын мерзімі 12 ай

· Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар-қамтитын мерзімі 1 жылдан артық уақыт аралығы.

Қысқа берзімді дебиторлық борыштарға мыналар жатады.

· Сатып алушы мен тапсырыс берушінің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары- кәсіпорынның контрагенттері

· Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық борыштары

· Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық борыштары

· Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары

· Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары-кассадан жабдықтаушылар мен есеп айырсу кезінде немесе өз иелігіне жарату ұшін жұмысшы кассадан ақша алған кезінде туындайды,

· Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық борыштары-ағымдағы жылғы Кәсіпорынның мұлкін немесе басқада техникалық құралдарын

· Алынуға тиісті қысқа мерзімді сый-ақылар

· Күмәнді талаптар бойынша резерв

Күмәнді борыштар бойынша резервтердің есебі бухгалтерлік есептің 5 «Табыс» деп аталған қазақстандық стандартымен және оған әдістемелік нұсқаулармен реттеледі.

Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш қайтарылмайтын қарыз ретінде танылады.

Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі әдісі бар:

· қайтарылмайтын борыштың болатынын алдын – ала қарастыратын резервтеу әдісі;

· нақты дебиторлық борыштар қайтарылу мүмкіндігі жоқ борышқа айналғаннан кейін ғана, бұл шоттардың мәліметтері шығынға апарылатын тікелей есептен шығару әдісі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда тиімді есеп, себебі ол табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес күмәнді борыштар тауарлар жөнелтілген немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде ол шығынға апарылуы тиіс деп есептелінеді.

 

 

3.6.Міндеттемелердің есебі

 

Міндеттемелер дегеніміз - белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беру жұмыс атқару, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы, ал борышкерден оның міндеттемелерін атқаруды талап етуге қарызгердің (кредитордың) құқығы бар.

Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.

Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады.

· Кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті

· Міндеттемелер тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі

· Міндеттеме даусыз болуға тиісті

Міндеттемелердің бағалануы. Міндеттемелер, әдетте, қарызды төлеу үшін қажетті ақша сомасымен немесе нарық жағдайында берілуге тиісті тауарлардың көрсетілуге тиісті қызметтердің құнымен бағаланады.

Міндеттемелердің өтелуі (қайтарлуы) әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырлуы мүмкүн:

· Ақша қаражаттарын төлеу арқылы:

· Басқадай активтерді беру арқлы

· Қызмет көрсету арқылы;

· Бір міндеттемені екіншісі мен аустыру арқылы;

· Міндеттемені капиталға ауыстыру арқылы.

Міндеттемелер орындалу мерзіміне байланысты екі категорияға жіктеледі:

1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

2. Ағымдағы міндеттемелер

Ұзақ мерзімді міндеттемелер-есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарлуы жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері.

Есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін борыштар ағымдағы міндеттемелер болып табылады.

 

3.7.Еңбек және оған ақы төлеудің есебі

 

Еңбекақы-қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазым нұсқауына байланысты төлем. Еңбек тиімділігінің арттырудың әр түрлі ынталандыру жолдары болып, сыйақы, қосымша төлем,кепілді төлем және т.б болып табылады.

Тәжрибе жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны-мерзімдік келісімді қолданылады.

Мерзімді еңбекақы -еңбек ақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы –жай және мерзімдік сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің тарифтік стафкасымен немесе қызметақымен анықталады.

Келісімді еңбекақы жағдайында, қызметкерге еңбекақы әрбір орындалған немесе өндірілген өнім ұшін алдын ала белгіленген мөлшерде есептелінеді.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен оларды жұмыстан босату процестері жүргізіледі. Қызметкерлердің жеке құрамы бойынша есепті кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар өз кезегінде жалпы кәсіпорында, сонымен қатар оның құрама бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы, олардың өзгерістері және ондай өзгерістердің туындау себебі жайында, қызметкер-лердің жынысы, жасы, категориялары, мамандықтары, лауазымдары, біліктігілі, жұмыс өтіліне, білімі мен басқа да белгілері бойынша құрамы туралы ақпаратқа ие болады.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ –да жұмысқа қабылдау барысында кәсіпорын басшысы мен жұмысқа қабылданатын тұлға арасында келісімшарт жасалады.

Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл жұмысшылар мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша түрдегі келісімі. Бұл келісім жұмыс орны, шарттың мерзімі және еңбек режимінің талаптары мен шарттары, демалыс пен еңбекақы төлеу мен еңбекті қорғау, жұмысшының әлеуметтік-тұрмыстық қамсыздандырылуы, екіжақты материалдық жауапкершіліктері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Жеке еңбек шарты әрбір жұмысшы үшін жеке шарттар қарастырып, өзара құқықтары мен борыштары және жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы жауапкершіліктерін айқындайтын құжат.

Жеке еңбек шарттарынан басқа жұмысшы мен жұмыс беруші арасында азаматтық-құқықтық келісімшарт та жасалуы мүмкін. Бұл шартты атқарушы тұлғаның нақты бір жұмыс түрлері мен тапсырмаларды орындауы үшін бекітеді.

Жеке еңбек шартының талаптары мен міндеттемелері екі жақтың қатысуымен және жұмыс түрі, оның ерекшеліктері, өндірістің нақты мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар жұмыс берушінің қаржылық жағдайын ескере отырып бекітіледі. Алайда бұл келісімшартқа «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 7, 8 және 9 баптарының тармақтары міндетті түрде енгізілуі шарт.

Жеке еңбек шарты:

Белгісіз мерзімге;

Белгілі бір мерзімге;

Белгілі бір жұмыстың орындалу мерзіміне байланысты;

Белгілі бір жұмыс орнына белгілі уақытқа;

Еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға;

Жеке еңбек келісім шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерлерден еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім шартын, білімі туралы құжаттарды талап етуге құқылы.

Жеке еңбек шартын міндетті түрде жазбаша формада, кемінде екі данада толтырып екі жақ та қол қоюы міндетті. Екі дананың біреуі екі жақ та қол қойып растағаннан кейін жұмысшының өзіне беріледі. Еңбек шарттарының орындалуының бастамасы ретінде ең алдымен шартта көрсетілген мерзімде жұмысқа шығу болып саналады.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ –да жеке еңбек шарты бекітілгеннен кейін кәсіпорын басшысы жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. Бұйрық проектісі кадрлар бөлімі немесе жұмысқа қабылдауға жауапты тұлғамен қарастырылып, ары қарай еңбек шарттарымен таныму үшін бағыт болып саналады. Аталмыш бұйрықтың проектісі осы кәсіпорында жұмысшының вакансиялық лауазымын растау үшін қажет. Басшының қолы қойылған бұйрық негізінде кадрлар бөлімі жұмысшының жеке карточкасын толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғандығы жөнінде белгі қояды.

«Еңбек туралы» заң мен құқықтық актілер мен келісімшарт шарттарына сәйкес жұмысшыларға берілетін жыл сайынғы немесе өзге де демалыстарды тағайындау үшін демелыс беру туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрық екі данада толтырылады. Біріншісін кадрлар бөліміне, ал екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ –ның басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып кадрлар бөлімінде жұмысшының жеке еңбек табеліне белгі қойып, бухгалтерияда демалыс кезінде берілетін орташа жалақысын есептеу жұмыстарын жүргізеді.

Жұмысшының жұмыстан шығуына байланысты кадрлар бөлімінің маманы жеке екі данада еңбек шартын бұзу туралы бұйрық дайындайды. Оның біреуін кадрлар бөлімінде қалдырып, екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ –ның басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып бухгалтерияда демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.

Жұмыс уақытын пайдаланудың есебі жұмысшылардың барлық категориялары бойынша олардың бекітілген жұмыс тәртібін қадағалауы үшін және еңбекақы есебін жүргізу үшін жұмыс уақытының есебі табелінде жүргізіледі. Бұл табель жауапты тұлғамен бір данада толтырылып бухгалтерияға беріледі. Жұмысшылардың жұмысқа қатыспауы немесе үстеме жұмыс істегендігі, толық емес жұмыс күні және жұмысқа келе алмау себептері тек қана осы жағдайларды растайтын құжаттар негізінде табелде белгіленеді. Жұмыс уақытын пайдалану есебін жүргізуді табельде жұмысқа келу не келмеудің толық тіркеуі немесе тек қана ауытқуларды тіркеу әдісімен толтырады.

Еңбекақы дегеніміз жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарылған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.

Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі түрде әсер етеді. Себебі еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңызды құралдарының бірі. Кәсіпорында еңбекақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалаұының төмендегі принциптерін ескеру қажет:

Еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақы төлеуді жүзеге асыру;

Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;

Еңбекті сапасы мен еңбекке қатысу адалдығына қарай ынталандыру;

Ақаулық жібергені үшін, өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағаны үшін материалдық жазалаулар;

Инфляция деңгейіне сай жалақыны индекстеу;

Еңбекке ақы төлеу жүйесі – жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы арақатынасты белгілеу жүйесі.

Еңбекақыны төлеу жұмыстың жеке немесе ұжымдық нәтижесіне қарай берілуі мүмкін. Алайда жұмыс берушінің бекіткен еңбекақы мөлшері ҚР заңдарымен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады:

Мерзімдік (істеген күніне қарай төлеу) деп нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккер-лерге есептелінетін жалақының нысанын айтады;

Кесімді (өнім санына қарай еңбекақы төлеу) еңбекақы төлеген кезде алдын-ала белгілініп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – да еңбекақы төлеуді мерзімдік жүйе бойынша іске асырады. Еңбекке мерзімді ақы төлеу кезінде оның ақысы іс жүзңнде жұмыс істелінген уақыт пен оның тарифтік ставкасына байланысты. Тарифтік ставка тиісті разрядтағы қызметкердің уақыт өлшемі ішіндегі еңбекке ақы төлеу мөлшерін білдіреді.

Еңбекақы есептеу барысындағы басты құжаттар болып мыналар табылады. Олар: бұйрықтар, үкімдер, табель, келісімшарттар, «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – ның басшысы бекіткен штаттық кесте. Еңбекақыны есептеу үшін төлем ведомості қолданылады. Бұл құжатта берілген және депоненттелген еңбекақының жалпы сомасы жазылып, барлық жазбалардың соңынан жалпы сомасы жазылуы тиіс. Ал жұмысшылармен есеп айырысу үшін есеп айырысу ведомості (кітабы) толтырылады. Бұл кітапта қызметкердің лауазымы, категориясы, тарифтік разряды, жұмыс істеген сағаттар саны, қосымша есептелінген төлемақылар, сыйақы мен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша төленетін төлемақылар, сонымен қатар еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер туралы ақпарат беріледі. Аталмыш құжат бухгалтерияда бір дана етіліп толтырылады.

Кәсіпорындағы барлық жұмысшылар екі топқа бөлінеді:

-әкімшілік-басқарушылық тұлғалар:

-кәсіпорын басшысы;

-бухгалтер;

-мамандар;

-негізгі өндіріс жұмысшылары;

Еңбекақыны еспке алу мен оны аудару 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқы мерзімді берешек» шотында жүргізіледі. Әкімшілік аударымдар бойынша 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында есепке алынады. Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақылары бойынша 8213 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шотында, ал әлеуметттік салық бойынша аударымдар 8214 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шотында жүргізіледі.

6 бөлімнің шоттарында заңмен бекітілген бюджеттен тыс қорларға аударымдарды есепке алу операциялары жүргізіледі.

3220 – зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер.

Бюджетпен есеп айырысулар:

3110 – төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы;

3130 – қосылған құн салығы;

3140 - акциздер.

Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу 3310 шотында жүргізіледі. Алынған аванстар есебі 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шотында, ал басқа да есеп айырысулар 3440 «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндетттемелері» шотында көрініс табады.

Жұмысшылардың өндіріс нәтижелілігін арттыруға материалдық қызығушылықтарын және жұмыс сапасын арттыру мақсатында сыйақылар мен жыл бойғы еңбектерінің жемістері үшін қосымша сыйақылар беру жүйесі енгізілуі мүмкін.

Сыйақы ретінде жұмысшыларға жеткен жетістіктері үшін және ары қарай қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру мақсатында берілетін қосымша ынталандыру ақысын қарастыруға болады. Сыйақы мөлшері мен шарттарын жеке еңбек шартында қарастырады.

Сыйақыдан басқа ынталандыру жүйесінде үстеме ақы төлеуді енгізу де орын алуы мүмкін. Үстеме ақы бұл еңбек шартында қарастырылмаған жұмыстың ауыр талаптары мен қосымша жұмыс істегені үшін төленетін қосымша ақы.

Материалдық ынталандырудың бір түрі болып саналатын жұмысшаларды жыл бойғы еңбектің нәтижесі бойынша марапаттау болып табылады. Бұл марапаттың көлемі мен шарттары жеке еңбек шартында бекітіледі.

Осындай сыйақыларды беру кезінде жұмысшының еңбек нормасын жақсы атқарғандығын ғана емес, сонымен қатар оның еңбекке деген оның моральдық көзқарасы мен шығармашылық тұрғыдан көзқарасының қалыптасуы және т.б. әсер етуші факторларға мән берілуі қажет.

Жалақылан ұстап қалу және төлемдер

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыскердің еңбек ақысынан: міндетті зейнетақы,жеке табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, немесе жұмыс берушінің бастамашылығымен жұмыскердің келісімінің еңбекақы есебінде төленген аванысты қайтару үшін (артық төленген соманы қайтару үшін) және т.б жағдайларда ұстап қалулар болады.

Жеке табыс салығын ұстау. Салық кодексінің 145-бап ставкасына сәйкес, еңбекақы, сонымен қатар жұмыс орындарынан төленетін төлем ақылар

Қызметкерлердің жалақысынан бухгалтерия ұсталымдардың мынадай мынадай түрлерінен ұстап қалады.

I. Табыс салығы

II. Орындаушы қағаздар бойынша

III. Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар міндеттемелер бойынша

IV. Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша

V. Жалақы есебінен берілген аванысты өтеу

VI. Жеке тұрғын үй құрылысына берілген несиені өтеу үшін

VII. Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немесе тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелген болса, 1%-дық кәсіподақ жарнасы

VIII. Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шаруашылық субъектісіне тиеслі тұрғын үй үшін пәтерге төлеу

IX. Демалыстың өтелмеген күндері үшін

X. Кәсіпорынға келтірілген зиянды өтеу

XI. Айыппұлдар мен мойнындағы ақша

Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№Е – 1 нысан) рәсімдейді. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде Жеке карточканы (№Е – 2 нысан) толтырады. Кезекті демалыс уақытын құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұйрық» (№Е–6 нысан) қолданылады. Оны екі дана етіп толтырып, біреуі бухгалтерияда, ал екіншісі кадрлар бөлімінде болады. Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда екі дана етіп «Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық» (№Е – 8 нысан) толтырады. Оның біреуі бухгалтерияда, ал екіншісі кадрлар бөлімінде болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай – ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін «Жұмыс уақыты есебінің табелі» (№Е – 13 нысан) жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Төменде құжаттың нысаны келтірілді. Мұны өкілеттілік алған адам бір дана етіп жасайды, тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен тыс істелген жұмыс туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық қағазы, мемлекеттік не қоғамдық міндеттерді орындағандығы туралы анықтамалар т.б.) негізінде ғана табельге белгілер қойылуға тиіс. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде қызметкерлердің жұмысқа келген – келмегендігін жаппай тіркеу әдісін немесе тек қана ауытқушылықтарды (келмегендерді, кешіккендерді т.б.) тікреу әдісін жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылдау мерзіміне байланысты жұмысшылар тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Тұрақты жұмысшыларға жұмыс істеу мерзімінің аяқталу уақыты көрсетілмеген жұмысшылар, уақытша жұмысшыларға белгілі бір мерзімге қабылдаған жұмысшылар, маусымдық жұмысшыларға маусымдық жұмыстарды орындау үшін қабылданған жұмысшылар жатады. Еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге арнайы төлем ведомостары бойынша төленеді. Ведомостың бірінші бетінде төленуге тиісті сомалар жазумен толтырылады, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің төлуге рұқсат еткен қолдары қойылады. Ведомоста көрсетілген соманы әркім өздері қол қойып алуға тиісті. Әлдекімдердің өздері келе алмайтын жағдайы болса, басқа біреуге «сенім қағаз» беруіне болады. Мұндай жағдайда бухгалтерия соманы алуға тиісті адамның фамилиясы мен аты – жөнінің соңына сенім қағазбен алушының фамилиясы мен аты – жөнін көрсету керек. Сонан соң кассир ведомоске «сенім қағаз» бойынша деген белгі соғып, алушыға қол қойдырады да, тиісті соманы төлейді. Еңбек ақы беру мерзімі біткен соң кассир ведомост бойынша алынбаған сомалардың тұсына депоненттелді деген белгі соғып, ведомосты жабады (қосымшаларға назар аудар). Нақты берліген соманы төлем ведомосының бетіне шығарып, сол сомаға «Кассалық шығыс ордерін» толтырады. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ шілде айында жұмысшыларына еңбек ақы төледі.Төмендегі мәліметтер негізінде

1.Төлем ведомосы-жұмысшылардың қолына нақты алатын жалақысын көрсетеді (шегерімдерді қоспағанда)

2.Расчетно-платежная ведомость-жұмысшының еңбек ақысынан зейнет ақы аударымын,жеке табыс салығын сонымен қатар әлеуметтік салық,және әлеуметтік сақтандыруға төленетін төлемдерді көрсетеді.

Зейнетақы аударымы=Еңбек ақының*10%

Жеке табыс салығы=((Еңбек ақы-зейнет ақы)-13470 ең төменгі жалақы)*10%

 

3.8. Шығыстар мен табыстардың есебі

 

Қаржы – шаруашылық қызметпен айналысыу барысында кәсіпорындар, әдетте, негізгі қызметінен және қосалқы қызметінен табыс алады. Есепті мерзім ішінде кәсіпорын осы көздерден түскен табыстарды және осы табысты табу мақсатында жұмсалған шығындарды жеке жинақтап, есепті мерзім аяғында таза табысты (пайданы) анықтауда басшылыққа алынып жүрген заңдық – нормативтік актілер бойынша кәсіпорынны