Параграф. Өрттi барлау

 

33. Барлау жағдайды бағалау және жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша шешімдерді қабылдау үшін өрт туралы мәліметтерді жинау мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың жиынтығын құрайды.

34. Өрттi барлау бөлiмнiң өртке шығу сәтiнен оны сөндiргенге дейiн үздiксiз жүргiзiледi.

Барлау табыстылығы оны дер кезiнде және үздiксiз жургiзу, мәлiметтердiң дәлдiгi, iс-қимылдың белсендiлiгiне және мақсаттылығына байланысты.

35. Барлау мәлiметтерiн алудың негiзгi тәсiлдерi: техникалық құралдардың көрсеткiшi; бақылау (шолу, байқау); бiлетiн адамдарды сұрастыру және құжаттармен танысу болып табылады.

36. Барлауды жүргiзгенде:

адамдарға қауiптiң барлығын және олардың нақты орнын, қүтқарудың (қорғаудың) жолдары және тәсiлдерiн, сондай-ақ мүлiктердi қорғаудың (шығарудың) мүмкiндiктерiн;

Өрттің қауіпті фактысының (бұдан әрі - ӨҚФ), оның ішінде берілген объектідегі өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуының ерекшеліктеріне байланысты болуын және екінші рет қайталануын;

жанудың орны мен көлемiн, ненiң жанып жатқанын, сондай-ақ оттың таралу жолдарын;

өрт объектілерінде құрылыс құрылымдарының күйі мен жағдайы, оларды бұзу және ашу орындары;

өртке қарсы қызметiнiң күштерi мен құралдарының барын және қолдану мүмкiндiгiн;

таяу жердегi су көздерiнiң және оларды пайдалану тәсiлдерiнiң мүмкiндiгiн;

қуатта тұрған электр қондырғыларының бар екендiгiн және оларды ажыратудың мүмкінділігі мен қажеттiлiгiн;

құрылыс құрылымдарын ашу және бөлшектеу орнын;

өрттi сөндiру үшiн күштер мен құралдарды енгiзу жолдарының мүмкiндiгiн және шешушi бағытты анықтау үшiн басқа да керектi мәлiметтердi;

өрттi сөндiруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың жеткiлiктiлiгiн анықтау керек.

37.Барлау барысында өрт болған объектінің жайғастыру жоспарын білетін, өндірістің технологиялық процестерінің ерекшеліктерін, өрт болған объектінің лауазымды тұлғалары ұсынған құжаттарды және мәліметтерді қолдану қажет.

38. Барлауды ӨСЖ және оның тапсырмасы бойынша басқа да тұлғалар басқарады.

Барлауды әрбiр командир және өрт сөндiруге қатысушы өзiнiң жұмыс учаскесінде жүргiзедi.

39. Барлау тобының құрамына:

егер өртке бiр бөлiмше келсе, ӨСЖ және байланысшы көру және тыныс органдарын қорғау құралдарымен (бідан әрі – ТОЖҚҚ) барлау жүргізу кезінде топтың құрамы үш адамға дейін көбейеді);

егер өртке екi және одан көп бөлiмше келсе ӨСЖ, бөлiмшелердiң бiреуiнiң командирi және байланысшы кіреді.

Өрттегi жедел жағдайға байланысты ӨСЖ барлау тобының құрамын және санын өзгертуi мүмкiн.

40.Әртүрлi бағыттарда барлау жүргiзу қажет болған жағдайда бiрнеше барлау топтары құрылады. Әрбiр топты бөлiмше командирi лауазымынан кiшi болмайтын тұлға басқарады және құрамы екi адамнан, ал ТОЖҚҚ жүргiзгенде – үш адамнан кем болмайды.

41. Жанып жатқан бөлмелерде қалып қойған адамдар туралы мәлiметтер болған жағдайда, зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында барлаудың құрамы күшейтiлуге тиiсті.

42. Барлау бiрнеше бағыт бойынша:

егер жанып жатқан немесе түтiнге бөленген бөлмелерде адамдар қалса және олардың тұрған орындары белгiсiз болған жағдай туралы мәліметтер болғанда;

егер өрттiң сыртқы белгiлерi болмаған және өрт бөлiмшені ешкiм қарсы алмаған;

адамдардың жаппай болатын ғимараттарында өрт болғанда;

биiк және өте жоғары қабатты ғимаратттарда өрт болғанда;

егер өрт ауқымы көлемдi алғанда;

жанудың бiрнеше ошағы болған жағдайда жүргізіледі.

43. Бiр мезгiлде бiрнеше бағыт бойынша барлауды ұйымдастыру үшiн ӨСЖ:

бiр мезгiлде шектес, жоғары және төмен орналасқан бөлмелерде барлау жүргiзудi ұйымдастыруға;

барлау топтарының санын, оның құрамын және iс–қимылдар аймағын анықтауға;

барлау топтарының командирлерiн бекiтуге және оларға мiндеттер қоюға;

ақпарат берудiң тәртібін белгiлеуге;

өрттiң аса күрделi және жауапты учаскесіндегі барлауды өзi жүргiзуге;

ӨТЖ-ың түрлерiн, сондай–ақ әрбір барлау топтарының жеке құрамына қауiпсiздiк шараларын анықтауға және көрсетуге мiндеттi.

44. Барлау жүргiзетiн жеке құрам:

барлық техникалық құралдарды, құжаттамаларды, ғимараттардың құрылымдық ерекшелiктерi мен жобаларын, өндiрiстiң технологиялық процесiн және құралдарын бiлетiн адамдардың мәлiметтерiн, технологиялық процесс пен өндірістің құрал-жабдықтарын пайдалануға;

мүмкiндiгiнше, барлау жүргiзудiң қысқа жолдарын пайдалануға;

адамдарға тікелей қауiп төнген жағдайда оларды құтқару жұмыстарын жүргiзуге;

қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге;

бiр мезгiлде өрттi барлаумен бiрге оны сөндiру және мүлiктердi қорғау үшiн мүмкiндiгiнше барлық құралдарды пайдалану шараларын қолдануға;

от пен түтiннiң таралуы мүмкiн болатын жолдарда орналасқан бөлмелердi ашуға және тексеруге;

техника қауiпсiздiгi талаптарын көру және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарында жұмыс iстеу ережесiн орындауға;

барлаудың нәтижесiн және оны жүргiзгенде алынған ақпаратты ӨСЖ (өрттегі жедел штабқа) өз уақытында белгiленген тәртiп бойынша баяндауға мiндеттi.

45. Жану белгiлерi айқын кезде барлауды жүргiзу үшiн жең желiлерi пайдаланылады.

46. Барлау жүргiзу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында:

өзiмен бiрге құтқару және өзiн-өзi құтқару құралдары, құрылымдарды

ашуға және бөлшектеуге қажеттi құралдары, жарық беру приборлары, байланыс құралдары, ТОЖҚҚ, iлмешектер және сөндiру құралдары болуы керек;

түтiндi бөлмелердiң кiре берiсiне ГТҚҚ-нің қауiпсiздiк бекетiн қою және онымен тұрақты байланыс ұстау;

газ-түтiннен қорғаушылардың резервiн құру, ТОЖҚҚ жұмыс iстейтiн жеке құрамды әлсiн-әлсiн ауыстыруды қамтамасыз ету;

жүрген жолды есте сақтау;

жанып жатқан бөлмелердiң есiгiн абайлап ашу, оттың немесе газдың мүмкiн болатын шарпуынан күйiп қалудан сақтану үшiн есiктiң қалқанын пайдалану;

жанатын және тез тұтанатын заттар және жанғыш газдар болуы мүмкiн орындарда ашық отты пайдаланбау;

жоғары кернеулi (380 В) электр қондырғыларымен жабдықталған бөлмелерге және ықтимал жарылу, улану радиоактивтi немесе биологиялық зақымдану болатын бөлмелерге, осы жайлар үшiн белгiленген барлық сақтық шараларын қабылдағаннан кейiн ғана және осы бөлмелерге қызмет көрсететiн техникалық қызметкердiң жазбаша түрдегi рұқсаты болған жағдайда ғана кiру;

құрылыс құрылымдарының және технологиялық құралдардың ықтимал құлауынан және басып қалуларынан сақтық шараларын сақтау,

әдетте берiк қабырғаларды немесе терезе ойықтары бар қабырғаларды жағалап қозғалу қажет;

өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілерден басқа, лифтiлердi пайдаланбау;

барлау тобы жетекшісінің рұқсатынсыз оның құрамынан кетпеу қажет.

47.Барлау жүргізу барысында, қажет болған кезде және жағдайға байланысты басқа да жауынгерлік тапсырмалар шешілуі мүмкін.