Тарау. Өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде күштер мен құралдарды басқару

1 параграф. Басқару негіздері

119. Өрттегi жауынгерлiк iс-қимлдарды жүргiзу кезiнде күштер мен құралдарды басқару - өрт орнындағы жағдайды бағалау негiзi бойынша жауынгерлiк iс-қимылдар жүргiзу кезiнде жеке құрамды және басқа да өрт сөндiруге қатысушыларды басқарудағы лауазымды тұлғалардың мақсатты, бағытталған әрекеті.

120. Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды басқару:

жағдайды бағалауды және осы Жарғының талаптарына сәйкес өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды басқарудың штаттық емес құрылымын құруды;

қойылған міндеттерде жедел лауазымды тұлғалардың біліктілігін және олардың жеке жауапкершіліктерін белгілеуді;

өрттi сөндiрудегi iс-қимылдарды жоспарлауды, соның iшiнде күштер мен құралдардың қажеттiлiгiн анықтауды, өрт сөндiрудегi жауынгерлiк iс-қимылдарды ұйымдастыру туралы шешiм қабылдайды;

өрттi сөндiруге қатысушылардың алдына тапсырма қою, бақылауды және өрттегi жағдайдың өзгеруiне қажеттi әсер етудi қамтамасыздандыруды;

өрттегi жағдайдың өзгеруiн есепке ала отырып, керектi ақпаратты белгiлеген тәртiп бойынша тiркелуiн iске асыруды;

өрттi жою бойынша жауынгерлiк iс-қимылдарды тиімді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да iс-шараларды өткiзу қарастырылады.

121. Өрт сөндiрудегi тiкелей басшылықты өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизоныныңаға лауазымды тұлғасы ӨСЖ атқарады. ӨСЖ дара басшылық принцiпiнде, өрт сөндiрудегi жауынгерлiк тапсырманы орындауға қатысушы жеке құрамды және де өрт сөндiруге қатыстырылған күштердi басқарады.

ӨСЖ нұсқауын өрт сөндiруге қатысушылардың барлығы орындауға мiндеттi.

ӨСЖ өрт кезiндегi iс-қимылына араласуға немесе оның нұсқауын өзгертуге ешкiмнiң құқығы жоқ.

122. Осы Жарғының 120-тармақ талаптарын ескергенде өрт сөндiру басшысы болып:

өртке қарсы қызметiнiң бiр бөлiмiнде жұмыс iстеген кезде – бөлiмдi басқаратын аға бастық немесе гарнизонның жедел кезекшісі;

бiрнеше бөлiмдер жұмыс iстеген кезде - өрт шыққан ауданның (объектiнiң) өрт бөлiмiн басқарушы аға бастық немесе гарнизонда белгiленген тәртiпке сәйкес өрттi сөндiруге басшылық жасауға рұқсат етiлген тұлға саналады.

123. Өртке келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды тұлғасы:

жағдайды бағалауға және өрт сөндiрудi ұйымдастырудың дұрыстығын айқындауға;

қосымша күштер мен құралдарды шақырудың қажеттiлiгiн анықтауға;

қажет болған жағдайда өрт сөндiрудiң басшылығын өз қолына алуға міндетті.

124. Өртке келген аға лауазымды тұлға басшылықты өз қолына алған-алмағанына қарамастан өрт сөндiрудiң нәтижесi үшiн жауап бередi.

Аға лауазымды тұлғаның өртте өрт сөндiру басшысына немесе оны аттап өтiп бұйрық беруi өрт сөндiрудiң басшылығын өзiне алған сәтi болып саналады.

125.Егер өрт сөндiру кезінде күштер мен құралдарды басқару қамтамасыз етілмесе аға бастық өрт сөндiрудiң басшылығын өзiне алуға мiндеттi.

126. Аға лауазымды тұлға өрт сөндiруді басшылыққа алу бойынша өзінің қабылдаған шешiмi туралы жедел штаб бастығын, тыл бастығын және жауынгерлiк учаске бастықтарын хабардар етуге және жариялауға мiндеттi.

127. ӨСЖ болатын өртке қарсы қызмет гарнизонының лауазымды тұлғалары, өте жоғарғы нөмірлi (рангімен) өрттiң болуына шақыру, төтенше жағдайға кiдiртпеуге әсер тигiзу жөнiнде хабарлама алғанда және ӨСЖ мiндетiн орындау мүмкiн болмаған басқа жағдайларда, өрттi сөндiруге қатысушылардың арасынан басқа лауазымды тұлғаны ӨСЖ етіп тағайындап, өрт орнын тастап кете алады, бұл ақпарат мiндеттi түрде кезекші диспетчерге, өртті сөндіруге қатысушыларға хабарланады. Осы шешiмнiң салдарына жауапкершiлiк, оны қабылдаған лауазымды тұлғаға жүктеледi.

128.Өрттегі жағдайға байланысты ӨСЖ жедел штаб, жауынгерлік учаскелер мен секторлар құруына болады.

129. Өртте екі және одан көп бөлімдер жұмыс атқарғанда, өрт болған шығу ауданында орналасқан өрт бөлімінің орта немесе кіші басшы құрамынан тыл бастығы тағайындалады.

130. Өрттегі жағдай кенеттен өзгерсе және ӨСЖ уақытылы бұйрық алуға мүмкіндік болмаған жағдайда бөлім басшылары (командирлері) ынталық көрсетіп, өздігінше іс-қимыл жасаулары керек.

ӨСЖ нұсқаудың болмауы, командирдің ешқандай іс-қимыл жасамауын ақтай алмайды.