Параграф. су жетiспеген жағдайда өрттердi сөндiру

205. су жетiспеген жағдайда өрттердi сөндiру кезiнде:

құрылымдарды бөлшектеу және қажеттi тосқауылдар жасау арқылы басқа учаскелердегi өрттi өшiрудi қамтамасыз етiп, оқпанды тек шешушi бағытта ғана берудi ұйымдастыру;

су қорларын (артезиан су құбырларын, қазандарды, шұңқырларды, құдықтарды, су жиналатын жерлердi және т.б.) анықтау үшiн су көздерiне қосымша барлау жүргiзу;

өршiген өрттердi сөндiруге теңiз және өзен кемелерiнiң, өрт поездарының, сорғыш станцияларының көмегiмен сондай-ақ өрт машиналарының сорғыштарымен су айдауды ұйымдастыру;

егер магистралдық жең желiлерiмен су беру мүмкiн болмаған (жеңдердiң, техниканың, өрт автокөлiктерiнiң, су көздерiнiң болмауы) жағдайда, су тасуды өрт автоцистерналарымен, су шашатын және басқа машиналармен қамтамасыз ету;

оқпандардың үздiксiз iс-қимылын судың тасып жеткiзiлетiн қорларымен, үздiксiз қамтамасыз ететiн есебiне сай қолдану;

өрт автокөлiктерiн жанар-жағар маймен, от сөндiргiш материалдармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

шағын сыйымдылықты су қоймаларын толтыруды ұйымдастыру;

егер су қоймасындағы судың деңгейi өрт автокөлiгi насосының тарту мүмкiндiгiнен тым биiкте немесе су қоймаларына жақын келуге мүмкiндiк болмаған жағдайда суды өрт гидроэлеваторларының, мотопомпалардың немесе басқа құралдардың көмегiмен алуды ұйымдастыру;

үлкен, күрделi және созылмалы өрттердi сөндiру кезiнде уақытша өрт су қоймалары кұрылысын ұйымдастыру;

суды үнемдi шығындауды қамтамасыз ете отырып, кiшi көлемдi ұшы бар оқпандарды беруге, себетiн оқпан жапқыштарды, ылғалдаушыларды және көбiктi пайдалану;

су кұбырында қысымды көтерудiң шарасын қолдану, қысым аз болған жағдайда одан су алуды қатты жең жолдары арқылы гидрант кұдық арқылы алу;

оттың таралуын құрылымдарды бөлшектеу арқылы, жанған заттарды, үйдiң жекелеген құрылымдарын (үйдiң және құрылыстардың), және де қолда бар құралдармен жануды тоқтату қажет.

қыста жанған құрылымдар мен материалдары қармен жабуды ұйымдастыру қажет.

 

 

Параграф. Жеке құрам үшiн ерекше қауiпті жағдайдағы

Рттердi сөндiру

206. Өрттердi сөндiру кезiнде жеке кұрамға:

КӘУЗ-мен жанасу;

вирус инфекциясымен жанасу;

жеке құрамның радиоактивтi сәуле алуы, оның iшiнде радиоктивтi бұлт құрылғанда және радиоактивтi жауын жауғанда;

жарылатын заттардың, газ және шаң құрамының жарылысы;

оттың тез таралуы, соның iшiнде технологиялық комуникациялармен таралуы ерекше қауiп төндіреді.

207.КӘУЗ бар объектілерде өрт шыққан кезде:

улы заттармен химиялық жұқтыру ошақтың шығуы;

өрттің тез жайылуы, жарылыстар, сөндіруге болмайтын заттардың түрлі құрамдастарға ыдырауы;

КӘУЗ-дің желдеткіш жүйелері конвекциялық ағыны бойынша технологиялық және басқа ойықтар арқылы таралуы, сондай-ақ ұлы заттар мен ерітінділердің жайылуы;

жеке құрамның ұлануы, жауынгерлік киімнің былғануы, өрт техникасының улы заттармен улануы;

улы жану өнімдерімен қатты тұншығуы мүмкін.

208. КӘУЗ бар өрттердi сөндiру кезiнде:

объект әкiмшiлiгiмен және ТЖМ-ң тиісті қызметiмен бiрге объектiдегi химиялық жағдайды бағалау. КӘУЗ-ң атын, мөлшерiн, залалдану ошағының шекарасын, таралу жолдарын (бұлттың биiктiгiн, енiн), атмосфераға таралу мөлшерiн анықтау, жеке құрамның залалданған учаскеде қанша уақыт болуға болатынын және от сөндiргiш заттарды таңдау;

өрттің көлемі мен жұмыс істейтін бөлімшелердің санына қарамастан өрттегі жедел штаб құру, жағдайды жедел айқындау және өрт сөндіру мәселелері бойынша кеңес алу үшін, оның құрамына объектінің бас мамандарын, химиктерін енгізу;

алғашқы медициналық пунктті ұйымдастыру;

улы газдардың таралу аймағын тоқтату, керектi мөлшерде су ашатын оқпандарды пайдалану;

өрт автокөлiктерiн орналастырғанда, олардың залалданған аймаққа түсiрмеу;

залалданған аймақтағы өрттi сөндiруге жеке құрамның аз санын қатыстырып, оларды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;

судың белгiленген жерге ағуын ұйымдастыру және адамдар мен малдардың уланған сумен улануының алдын алуға байланысты шаралар қабылдау;

залалдану қаупi бар аймақтан адамдарды көшiру. Қажет болғанда полиция нарядын тартып жақын орналасқан ғимараттардан, елдi мекендерден тұрғындарды көшiрудi жүргiзу.

КӘУЗ лақтырындысын (төгіндісін) шектеу және тоқтату, химиялық зақымданудың алдын алу, топырақ пен су көздерінің зақымдануын болдырмау бойынша шаралар;

КӘУЗ лақтырындысын шектеу және тоқтата тұру құбыр өткізгіштердегі крандар мен ысырмаларды жабу, магистралдардағы, сыйымдылықтардағы ойықтарды бандаждардың, қамытардың, ысырмалардың көмегімен бекіту, сұйықтықты авариялық сыйымдылықтан қосалқы сыйымдылыққа ауыстырып құю арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар тасымалдау кезінде авариялық жабдыққа немесе КӘУЗ бар жабдықтарға қызмет көрсететін өнеркәсіп мамандарының басшылығымен және олардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.

булану ауданын азайту мақсатында белгілі бір орыннан ағындыны шектеу төгілген заттың орнын қазып, оның жолына кедергі келтірумен, КУӘЗ табиғи тереңдікке (шұңқырлар, орлар, кюветтер) жинаумен, арнайы қақпандарды (шұңқырлар, қазбалар) жабдықтаумен жүзеге асырылады.

булану жылдамдығын төмендету және оның таралуын шектеу үшін мынадай тәсілдерді қолдну қажет:

су бүркемесінің көмегімен КӘУЗ бу-газ қоспасын оқшаулау (сіңіру);

- сұйық КӘУЗ шашыраңқы адсорбцион материалдарының (топырақ, құм, керамзит) қабатымен сіңіру;

- сұйық КӘУЗ сумен немесе бейтарап заттардың ерітіндісімен оқшаулау;

- химиялық белсенді реагенттердің ерітінділерімен газсыздандыру (бейтараптау).

бу-газ қоспасының таралуын шектеу мақсатында оны оқшаулау (сіңіру) КӘУЗ қозғалыс бағында ұсақ дисперсиялық су бүркеу арқылы жүргізілуі мүмкін. КӘУЗ бейтараптандыру үшін суға бейтараптаушы заттар қосылуы мүмкін.

ұсақ дисперсиялық су бүркемелері кемінде 0,8 МПа су ағысының қысымын қамтамасыз ететін өрт сөндіру мотопомпаларының көмегімен жүзеге асыралады. Қысым төмен болған жағдайда КӘУЗ бу-газ фазасын сіңіре (байланыстыра) алатын су тамшысының қажетті дисперсіне жетпейді.

КӘУЗ сұйық фазасын шашыраңқы адсорбентердің қабатымен сіңіру материалды тікелей сұйықтыққа себумен (қаусырумен) жүзеге асыруы мүмкін. Бұл ретте адсорбент қабаты кемінде 10-15 см болуы керек. Ластанған шашыраңқы материал мен топырақтың үстіңгі қабаты (КӘУЗ сору тереңдігінде) қажет болған жағдайда кейін газсыздандыру (бейтараптау) орнына шығару үшін арнайы сыйымдылықтарға жиналады.

КӘУЗ сұйық фазасын көбікпен оқшаулау олардың булануын азайту мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, көбікке газсыздандыру (бейтараптау) қоспалары (авариялық карточкаларда реттеледі) қосылуы мүмкін. Бұлар реакцияға түскенде уытты емес немесе аз ұшатын заттар түзеді. Олардың сұйық КӘУЗ көбігі мен қабаттарын алу үшін көбік генераторлары қолданылады. Улы затарды бұлай оқшаулау тәсілі өте тиімді және үлкен аудандарда техникалық құралдар саны жеткілікті болғанда қолданылуы мүмкін.

КӘУЗ булану жылдамдығын төмендетудің едәуір ыңғайлы тәсілі су ағысымен немесе бейтараптаушы заттардың ерітіндісімен сұйық фазаны араластыру болып табылады. Олар авария ошағына ұсақ дисперсиялық немесе жинақы ағыспен берілуі мүмкін. «Қолшатыр» түрінде берілетін ұсақ дисперсиялық ағыс сұйық фаза мен КӘУЗ буының газсыздануын (бейтараптануын) қамтамасыз етеді

жинақы ағыс концентратты қышқылдарды, тотықтырғыштар мен сумен әсер ететін өзге де заттарды бейтараптандыру үшін пайдаланылады.

Өрттен кейiн, залалдану аймағында жұмыс iстеген жеке құрамды санитарлық тазартудан, медициналық куәландырудан өткiзудi, жауынгерлiк киiмдерге, өрт техникаларын және ӨТЖ-а дегазация жүргiзудi ұйымдастыру қажет.

209. Радиоактивті заттар (бұдан әрі - РЗ) бар объектілерде өрт кезінде:

радиацияның қауіпті деңгейінің тууы;

радиоактивті аэрозольдар және аэрогелдердің жану өнімдерімен бірге ағын–сору желдеткіштері, конвекциондық ағындар, технологиялық және басқа ойықтар арқылы жылдам таралу, сондай-ақ радиоактивтік сұйықтар мен ерітінділердің ағуы;

жеке құрамның радиоактивті сәуле алуы, жауынгерлік киім-кешектің, өрт техникасының РЗ-мен ластануы;

оттың желдеткіш-ауа тартқыштармен, сүзгілер, РЗ-ң механикалық өңдеу қалдықтарымен жылдам таралуы;

жанудың радиоактивті және улы жағу өнімдерімен қатты түтінденуі;

радиобайланыстың бұзылуы мүмкін.

210. РЗ бар объектiлердегi өрттердi сөндiру кезiнде:

объект және дозиметриялық бақылау қызметiнiң мамандарын жедел штабтың құрамына кiргiзу;

радиация түрiн және деңгейiн анықтау, қауiптi аймақ шекарасын және әртүрлi учаскеде жеке құрамның жұмыс iстеу уақытын белгiлеу;

өрттi сөндiру үшiн мекеме әкiмшiлiгiнiң жазба түрдегi рұқсатын алғаннан кейiн ғана кiрiсу, сондайақ жұмыс уақытынан тыс уақыттада;

объектi әкiмшiлiгiнiң келiсiмi мен өрт сөндiру құралдарын таңдау;

келе жатқан бөлімшені қауіпсіз кірме жолдары туралы мәліметпен және пайдаланатын өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету;

қажет болған жағдайда жеке құрамды арнайы медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

объект әкiмшiлiгi арқылы жеке құрамға санитарлық тазалау мен медициналық көмектi, дозиметриялық бақылау, дезактивация бекетiн ұйымдастыру;

иондалған сәуле шығаратын РЗ мен көздерi бар ашық технологиялық қондырғыларды жел жақ бетiнен сөндiрудi қамтамасыз ету;

радиоактивтi аэрозольдар және аэрогелдердің таралу аймағын сейiлту үшiн шашыранды су ағындарын пайдалану;

әкiмшiлiктiң келiсiмi бойынша желдеткiш жүйелерiн және басқа құралдарды iске қосу;

ең аз жеке құрам санын қажет ететін жұмыстарды орындау, оларды ТОЖҚҚ, қорғану киім-кешегімен, жеке және топтық дозиметриялық бақылау құралдарымен қамтамасыз ету;

қорғаныс киiмдерiмен, жеке және топтық дозиметриялық бақылау құралдарымен, бет жабқыштары бар ажыратушы газқағарлармен қамтамасыз етiп, жұмысты жеке құрамның ең аз санымен атқаруға;

5 РШД-н жоғары аймақта бiр еселік сәуле алған жеке құрамды радиоактивтi қауiптi аймақтан шығару және тез арада медициналық тексеруден өткiзуге жiберу;

радиоактивтi залалдану аймағынан тысқары жерде жеке және топтық дозиметриялық бақылау жабдықтарымен қорғаныс киiмдерi бар күштер ең құралдардың қорын, ГТҚҚ буындарын құру;

радиоактивтiк залалдану аймағына кiре берiсте орта немесе кiшi басшы құрамындағы тұлға басқаратын қауiпті аймаққа қауіпсіздік бекетiн қою;

өрттен кейiн қауiптi аймақта жұмыс iстеген жеке құрамды санитарлық тазартудан өткiзу және дозиметриялық бақылау ұйымдастыру;

ТОЖҚҚ, жауынгерлік киiмдердi, аяқ киiмдердi, ӨТЖ және өрт техникаларын дезактивизациядан және дозиметриялық бақылаудан өткiзу қажет.

211. Жарылғыш заттары (бұдан әрі - ЖЖ) бар объектілердегі өрт кезінде:

ғимараттың немесе оның жекелеген бөліктерінің бұзылуы, жанған объектіге және су көздеріне жолдар мен кірме жолдардың жабылып қалуы және сыртқы су құбырларының, тұрақты сөндіру құралдарының, технологиялық жабдықтардың бұзылуы немесе зақымдануы;

өртте жұмыс істеушілердің жарықшақтармен, құрылымдардың сынықтарымен және толқын екпінімен зақымдануы, сондай-ақ жанудың және қопарылыстың улы өнімдерімен күюі немесе улануы мүмкін.

212. ЖЗ бар объектiлердегi өрттi сөндiру кезiнде:

қауiптi аймақтың орны мен көлемiн, қауiптi факторларын анықтау, ЖЗ-ң саны мен орнын, сондай-ақ оларды көшiрудiң тәсiлдерiн, технологиялық жабдықтардың және өрт сөндiру қондырғыларының жағдайын анықтау, бұзылмаған өрт сөндiру қондырғыларын қолдану;

қауiптi аймақта жұмыс iстейтiндердi тез хабарландыру үшiн бiрыңғай қауiп дабылын белгiлеп ол туралы жеке құрамға хабарлау;

ЖЗ-ң шоғырланған ағын тербеуiнiң әсерiне сезiмдiлiк дәрежесiн ескере отырып, «А» және лафеттi оқпанды, сондай-ақ арнаулы өрт техникасын қауiптi аймақтың аумағына енгiзу.

213. ЖЗ-ң тыныш жану кезiнде, сонымен қатар ерiген (пластикалық) күйiнде, көбiк пен шашыранды су қолдану;

жоғары температураның әсерiнен оларға қауiп төнгенде, сөндiрумен қатар технологиялық аппараттарды салқындатуды жүргiзу, жанбаған ЖЗ-ға шашыранды су беру, ал мүмкiн болған жағдайда оларды көшiру;

ЖЗ-ды көшiру, құрылымдарды ашу және бөлшектеу кезiнде механикалық әсердiң нәтижесiнде жарылыс туғызбау үшiн сақтық жасау;

мүмкiндiгiнше қорғаныс әскери техникаларын пайдаланып жең жолдарын ғимараттар мен құрылыстардың бұрыштарына қарай жүргiзуге;

қатты ЖЗ жабық аппаратта жанған кезде, оларды тездетiп салқындату, саңылау ашу және аппараттың iшiне от сөндiргiш заттарды беру шараларын қолдану;

мүмкiн болатын зақымдану аймағынан тыс жердегi су көздерiнен күштер мен құралдардың қанат жайуының қор нұсқасын көздеу;

жеке құрам мен өрт автокөлiктерiн жарылыс толқынынан, құрылымдардың ұшқан жарықшақтары және сынықтарынан жарақаттануынан сақтау үшiн беренжилеттердi, әскери үлгiдегi темiр касканы, әртүрлi қорғаныстарды (үйiндiлердi, капонирлердi, тоннельдердi) пайдалану;

жаңа қауiптi аймақ шекарасын анықтау және жеке құрам мен техниканың осы аймақтан тыс жерге дер кезiнде шығару мақсатында өрттегi жағдайдың өзгеруiне бақылау жүргiзу және барлау ұйымдастыру, бiрiншi кезекте төңiректегi жарылғыш заттар мен жарылғыш материалдардың (бұдан әрі – ЖМ) көп мөлшердегi қойма бөлмелерi мен құрылыстарына;

жарылыс кезiнде жан-жаққа ұшатын ғимараттың жанған бөлiктерi мен материалдарынан туындайтын жаңа өрт ошақтарын сөндiру үшiн сөндiру құралдары бар бекеттердi қою қажет.

214. ЖЗ-ы бар объектiлердегi өрттердi сөндiру кезінде, сонымен қатар ракетаның қатты жанар майы, пиротехникалық құрылымы бар объектiлердегi өрттердi сөндiру кезiнде:

соқпалы толқынмен, жоғарғы температуралық газбен (жалынмен) улы газдың бөлiнуiмен жалғасатын жарылыстар және өзiмен бiрге ғимараттардың немесе олардың жеке бөлшектерiнiң құлауына әкеп соқтыруы, жанған объектiге және су құбырларына баратын жолдарда үйiндiлердiң пайда болуы, iшкi және сыртқы су құбырларының, өрт техникасы, тұрақты өрт сөндiру, технологиялық қондырғылардың бұзылуы (немесе зақымдануы), жаңа өрт ошақтары мен жарылыстардың пайда болуы;

өрт кезiнде жұмыс iстеп жатқандардың құрылымның жарықшақтары және бөлшектерiмен және соқпалы толқынмен зақымдануы, сондай-ақ жанудың және жарылыстың токсикалық өнiмдерiмен улануы және күюi мүмкiн.