Параграф. Энергетикалық кәсiпорындарда және электр қондырғылары бар орынжайларда өрт сөндiру

 

244. Энергетикалық кәсiпорындарда және электр қондырғылары бар бөлмелерде өрт кезiнде:

генератордың, трансформаторлардың және бөлушi қондырғылардың май жүйелерi зақымданған кезде жанған майлардың кабелдiк тоннелдерге, жарты қабаттарға және май сақтайтын жертөлелерге ағу, сондай-ақ жанғыш жылытқыш және ғимараттың құрылымдық элементтерi бойымен оттың тез таралуы;

барлық химиялық заттармен, оның iшiнде кәдiмгi сөндiру құралдарымен де әрекет жасайтын, жоғары температура, уландырушы газдар бөлетiн, ал олардың кейбiрiмен қопарылыс жасайтын сұйық металдық жылу шығарғыштардың (натрийдiң, калийдiң) жануы;

радиацияның қауiптi деңгейiнiң тууы;

сутегi салқындатқыш жүйелердiң бұзылуы кезiнде жарылу қаупi бар құрамның құрылуы;

тұрақты радио байланыстың бұзылуы;

уландырғыш өнiмдердiң түзелуiнен қалың түтiндеудiң пайда болуы мүмкiн.

245. Оттың таралуы мүмкiн барлық бағыттар бойынша өрттi барлау басшы құрамның тәжiрибелi тұлғалары басқаратын ГТҚҚ буындары жүргiзуi тиiс.

246. Өрттi барлау кезiнде негiзгi мiндеттердi орындаудан басқа:

энергетика объектiлерiнің ауысымды аға қызметкерiмен байланысын, одан өрттегi жағдай туралы мәлiметтер және сөндiру үшiн жазбаша рұқсат алу;

қандай жүйелердi тоқтату немесе iске қосу қажеттiгiн;

өрт сөндiрушiлердiң iс-қимылы мүмкiн болатын және болмайтын учаскелер мен бөлмелерді;

сөндiру жұмысы барысында өрт сөндiрушiлер үшiн қандай электр қондырғылары қауiптi, өрттiң таралуына қандай жүйелер мен агрегаттар жағдай жасайтынын;

кернеуде тұрған, радиоактивтi, улы заттар, жанған сұйық металдық жылу шығарғыштар болған кезде өрттi сөндiру кезiнде қауiпсiздiктiң қандай шараларын сақтау керектiгiн анықтау қажет.

247. Энергетикалық кәсiпорындарда және электр қондырғылары бар бөлмелерде өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

электр станциялары мен кіші станциялардың электр қондырғыларында өрт сөндiру нұсқауының талаптарына сәйкес өрт сөндiрудi ұйымдастыруға;

өрттiң көлемiне қарамастан жұмыс iстеп жатқан бөлiмдердiң санынан өртте жедел штабты құруға;

өрттi барлауды бiрнеше барлау топтарымен әртүрлi бағытта жүргiзуге (басшы құрам тұлғаларының басшылығымен барлау топтары 4-5 адамды құрайды). Мiндеттi түрде БӨП ұйымдастыруға;

өрт бөлiмдерiнiң жеке құрамын объектiнiң аға қызметкерi тиiстi нұсқау өткiзгенен кейiн және оданбелгiленген техникалық үлгiдегi сөндіруге жазбаша рұқсат алғаннан кейiн электр қондырғыларына өрт сөндiргiш заттарды беруге кiрiсуге;

электр қондырғыларындағы өрттi сөндiру және жамылғыларды қорғау үшiн бiрiншi кезекте өрт сөндiрудiң тұрақты құралдарын және алып жүретiн лафеттi оқпандарды қолдануға;

генераторларды салқындатуға берiлетiн сутегiнi тоқтатуды қамтамасыз етуге;

тұрақты кезекшi қызметкерсiз энергетикалық объектiдегi шақыруға шығатын бригада келгенше өрттi тек талданған және келiсiлген жоспар бойынша сөндiруге;

объектiде қызмет етушiлердi шақыру шараларын қолдануға;

электр желiлерiн және электр қондырғыларын тоқтан ажырату жөнiнде құрамның өз бетiнше әрекетiне жол бермеуге, сондай-ақ от сөндiретiн заттарды бермеуге;

жанып жатқан электр қондырғыларына жылжымалы өрт техникаларынан от сөндiргiш заттарды тек қана оларды алдын ала тоқтан ажыратқаннан кейiн беруге, 1 квт дейiнгi қуаттағы электроаспаптарды сөндiруден басқа, бұл жағдайда оқпандар мен өрт автокөлiктерi жерге сым арқылы қондырылуы керек, оқпаншылар, сонымен қатар жүргiзушiлер электр ботыларда, қолғаптарда жұмыс iстейдi және өрт көздерiнен 8 метрден кем емес қашықтықта болуы қажет. Өрт сөндiргенде мүмкiндiгiнше теңiз суы мен тым лайланған лас суларды, сондай-ақ көбiктердiң барлық түрiн пайдалануға тыйым салынады, тек ауа-механикалық көбiкпен ғимараттарды лықылдата толтыру қолданылады, бiрақ бұл жағдайда көбiктiк генераторларды күнi бұрын бекiтiп, сымды жерге жалғастыруға;

электр қондырғылары орнатылған ғимараттарда өртке қарсы қызметi жеке құрамының мөлшерден артық шоғырлануына жол бермеуге;

кернеуi 1 кВ, жоғары, жанып жатқан кабельдердi сөндiргенде жеке құрамның бөлiктерге кiруiне, ал өрт оқпандарын есiктiң ойығынан немесе люктен бағыттауға тыйым салуға;

өрт өрши түскенде оның маңайындағы жабдықтар мен қондырғыларды кернеуден алдын ала ажыратып, жоғарғы температурадан шашыранды су шашып қорғауға;

кабельдi құрылыстардағы өрттi оларды суға толтырып сөндiрудiң мүмкiндiгiн анықтауға;

ауамен салқындатылатын генераторлар (синхронды компенсаторлар) iштен жанған өрт байқау люктерiнен немесе арнаулы штуцерлерден берiлген сумен сөндiрiледi, көбiктердi осы мақсаттарда пайдалануға жол берiлмеуге;

сутегiмен салқындатылатын генераторлардағы (синхронды компенсаторлардағы) сутегi жанғанда орталықтандырылған жүйенiң корпусына сутегiнi ығыстыруға арналған көмiр қышқыл газы немесе азот жiберуге;

төгiлген майлардағы және турбогенераторлар кабельдерiндегi өрт ауа – механикалық көбiктермен немесе атқылаған сумен сөндiрiледi, өрттiң таралу қаупi төнгенде май бактерiндегi сұйықтарды авариялық сыйымдылықтарға құйып, құмнан (топырақтан) бөгеттер тұрғызылып, сыйымдылықтарды сумен ығалдандыру жөнiндегi тұрақты қондырғыларға қосып, мұндай қондырғылар болмаған жағдайда сыйымдылықтарды салқындату үшін су ағысын беруге міндетті.

248. Трансформаторлар мен басқа да май толтырылған электр жабдықтары iштен жанғанда өрт ұнтақтарымен, қалдықсыз көбiктермен немесе шашыратылған сумен сөндiрiледi, оқпандар шинақұбырлардың саңылауларынан берiледi, бiрақ, бұл орайда трансформаторлардан майлы сұйықтардың авариялық ағызып алынуына жол бермеу керек.

249. Оқпандардың, көбікгенераторлардың, өрт автокөлiктерi сорғыштарын жерге қосылған сыммен жалғануын ӨСЖ тағайындаған, энергетикалық объектiнiң қызмет көрсетушiсi техника қауiпсiздiгiне жауапты адаммен бiрлесе отырып тексередi. Жылжымалы өрт техникасының жерге қосылған сымның орны шартты белгiлерiмен белгіленеді. 12 мм2 кем емес иiлгiш жалаң мыс сымнан жасалған жерге қосқыштардың қажеттi мөлшерi, диэлектрикалық аяқ киiмдер мен қолғаптар энергетикалық объектiлерде қол тигiзбей сақталады және тек өрт сөндiретiн жағдайда ғана пайдаланылады.

250. Атом электр станциялары объектiлерiндегi өрттердi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

сөндiрудi осы Жарғының 244-249 тармақтарының талаптарына сәйкес ұйымдастыруға;

осы Жарғының 209-210 тармақтарының талаптарын сақтай отырып, радиациясы жоғары деңгейдегi аймақтағы немесе бөлмедегі өрттердi сөндiру жөнiндегi оқшау жауынгерлiк учаскелер құруға;

радиациясы жоғары аймақтарда iстейтiн бөлiмшелермен және буындармен тұрақты байланыс орнатуға және ұстауға, қажет болған жағдайда жұмысты атқарудың тәртiбi туралы нұсқау беруге мiндеттi.