Параграф. Сауда кәсiпорындарындағы және тауар-материалдық құндылықтар қоймаларындағы өрттердi сөндiру

 

269. Сауда кәсiпорындары және тауар-материалдық құндылықтар қоймалары жобаланылуының күрделiлiгiмен, кiретiн жерлердiң және терезе ойықтарының аз санымен, адамдардың және тауар-материалдық құндылықтардың көптігімен, түрлі физика-химиялық сипаттары бар, жануы мен термикалық ыдырауы жарылыс, түтіннің интенсивті түрде пайда болуы, улы заттардың бөлінуімен қатар жүретін материалдардың болуымен сипатталады.

270. Сауда кәсiпорындарында және тауар-материалдық құндылықтар қоймалардағы өрттерде:

полимерлi материалдардың жануы және жаңадан жану ошағыныңкөлденеңінен, сондай-ақ, төменгі қабаттарда туындауына әсер ететiн жанғыш ерітіндінің ағуы;

темiр құрылымдардың, стеллаждың құлауы және жолдарда үйiндiлердiң пайда болуы мүмкін.

271. Сауда кәсiпорындарындағы немесе тауар-материалдық құндылықтар қоймаларындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

адамдардың, материалдық құндылықтардың орналасқан орнын анықтауға, тиеу-түсiру құралдарын пайдалана отырып, оларды көшiру немесе құтқару тәртiбiн анықтап, шара қабылдауға;

сөндiру үшiн жабылмалы оқпандарды, шашыранды суларды, көбiктi, от сөндiргiш ұнтақтарды және инерттi газдарды беруге;

қасақана от қойған немесе басқа себептер болған жағдайда өрттiң себебiн анықтаудың шарасын қолдануға, тергеу-оперативтiк топ келгенге дейiн заттай айғақтардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

 

Тарау. Ашық жерлердегі өрттерді сөндіру

Параграф. Тез тұтанғыш, жанғыш сұйықтар және сұйылтылған көмiртегi газдары сақталатын резервуарлық парктердегi өрттердi сөндiру

 

272. ТЖС, ЖС және СКГ сақталатын резервуарлық парктердегi өрттер:

резервуарлардың айырылуымен, мұнай өнiмдерiнiң қайнауымен және атылуымен;

от сөндiргiш заттарды берудi қиындататын аймақтағы резервуар төбесiнiң құлауы нәтижесiнiң пайда болуынан;

технологиялық астаулармен, канализациялық және басқа жүйелермен оттың тез өршуiмен және таралуымен;

жану өнiмдерi тасқындарының бағытының өзгеруiмен және ауа райы жағдайына байланысты қызуымен сипатталады.

273. Өрттi барлау кезiнде, барлаудың жалпы мiндеттерiн орындаудан басқа:

жанып жатқан және көршi резервуардағы ТЖС және ЖС-ның мөлшерi мен түрiн, толу деңгейiнiң, су көтермелерiнiң бар болуын, резервуарлар төбелерiнiң бұзылу сипатын;

қоршау үйiндiлерiнiң жағдайын, резервуар бұзылғанда немесе атылу кезiнде аралас құрылыстарды зақымдаудың қауiпiн, сұйықтардың мүмкiн болатын ағу жолдарын;

өндiрiстiк және нөсер канализацияларының, байқау құдықтары мен су қақпақтарының жағдайы мен бар-жоғын;

резервуардан мұнай өнiмдерiн айдаудың немесе шығарудың және оларды су немесе бумен толтырудың мүмкiндiгiн;

өрт сөндiру құралдары мен қондырғыларының, сумен қамтамасыз ету және көбiктендiргiш заттардың бар-жоғын және жағдайын, көршi объектiлерден көбiктендiргiш заттарды тез жеткiзудiң мүмкiндiгiн анықтау керек.

274. ӨСЖ бiрiншi кезекте:

жанып жатқан және оған көршi резервуарларды қажеттi салқындатуын ұйымдастыруға;

өрт орнында жедел штабты құруға, оның құрамына объектiнiң инженер-техникалық қызметкерлерiн және әкiмшiлiк өкiлдерiн мiндеттi түрде қосуға;

техника қауiпсiздiгiнiң қажеттi талаптарын қамтамасыз ету үшін объектiнің арнайы тағайындалған қызметкерлерінiң және өртке қарсы қызметiнің көмегімен жеке өзішаралар қабылдауға;

көбiк шабуылының дайындығын ұйымдастыруға;

өрт автокөлiктерiнiң алыс су көздерiне орналастырып, көршi резервуарлардың үйiндiлерiн қорғаудың екiншi шебiн құруға және көбiк генераторларымен оқпандар жалғанған резервтiк магистральдық жең жолдарын жаюға мiндеттi.

275. Резервуардағы өрттердi сөндiруде бөлiмдердiң бiрiншi кезектегi iс-әрекетi су оқпандарын беру және жанып жатқан керегiнше көршi резервуарларды салқындату үшiн стационарлық қондырғыларды қосу болып табылады.

Бiрiншi оқпандар жанып жатқан резервуарларды салқындатуға, содан кейiн желдiң бағытын есепке ала отырып, жанып жатқан екi нормативтiк ара қашықтықта орналасқан барлық көршi резервуарларды қорғау және сақтау. Жанған резервуарға бiрiншi оқпандарды резервуардың қабырғаларына желге қарсы және жел жағы учаскелерiне беру керек.

Жанып жатқан және көршi резервуарларды салқындату үшiн, және темiрбетонды резервуарлардың арматураларын қорғау үшiн «А» оқпандарын және лафеттiк оқпандарды қолдану қажет. 10 000 м3 және одан үлкен да көлемдегi резервуарларды салқындатуды лафеттiк оқпандармен iске асырған дұрыс.

Оқпандар саны есеппен анықталады, бiрақ жанбаған резервуарлар үшiн екеуден кем болмауы және жанып жатырған резервуарларға үшеуден кем болмауы керек. Жанбаған резервуарлар үшiн есеп резервуарлар периметiрiнiң жартысына жүргiзiледi;

Жерасты темiрбетонды резервуарлардағы өрт кезiнде, тек демалу және көршi тереңдетiлген темiрбетонды резервуардың төбесiне орналасқан басқа да арматуралар салқындатылады.

Қоршау үйiндiлерiнде мұнай өнiмдерi жанғанда оттың өзара әсерiмен тура сол аймақта орналасқан резервуарлар қабырғаларын салқындату лафеттiк оқпандармен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, басқару тораптарын және де фланцеттiк қосылғыларды түпкiлiктi ысырма, соқпандармен салқындату қажет.

Көбiк шабуылы кезiнде резервуардың қызған қабырғаларының барлық бетiн және көбiк көтергiш орналасқан орындарға үдемелi салқындату қажет. Резервуардың үдемелi жануы артынша төмендетiлгеннен кейiн, су ағысын резервуар қабырғаларына сондағы мұнай өнiмдерiнiң деңгейiмен және жанармайдың жоғарғы қабаттарын салқындату үшін бiршама төмен деңгейде бағыттау қажет.

Өрт толығымен сөнгенше және толығымен суығанша резервуар үзiлiссiз салқындатылады.

276. ӨСЖ көбiк шабуылы барысын жеке өзi бақылап, көбiк көтергiштер орналасатын орындарды анықтайды, көбiк шабуылының өткiзiлуiне берiлген есептiң дұрыстығын тексередi.

277. Көбiк шабуылына дайындалу үшiн:

көбiк шабуылын жүргiзу және оған дайындыққа өртке қарсы қызметтiң басшы құрамы қатарынан жоғары тәжiрибелi тұлғаны бастық етiп тағайындау;

өрт орнында есептiк санындай күштер мен құралдарды жұмылдыру. Көбiктендiргiш қор есептiк өрт сөндiру уақыты бойынша 15 минутқа үш еселенiп қабылданады (көбiктендiргiш қор көбiк берудi 45 минут қамтамасыз ету қажет);

көбiк беру схемасының жиынтығын тиянақты тексерiп (көбiк генераторы жалғанған көбiк көтергiштiң ұшы шығып тұруы тиiс), техникалардың жұмысын тексерiп көбiктiң сапасын көзбен анықтау. Егер 1-2 минут арасында сапалы көбiк болмаса, нелiктен екенi анықтап, ақауын жою;

көбiк шабуылын бастау мен тоқтатуды дауыстау қондырғысынан хабарлап, рация арқылы жариялау керек.

278. Көбiк шабуылы барлық есептелген құралдармен бiр мезгiлде қызып кеткен сұйықтықты өшiру кезіндегі мерзімді беруден басқа жағдайда жану толық тоқтатылғанша жүргiзiледi.

Мұнай өнiмдерiнiң қайтадан жануын болдырмау үшiн жану тоқтатылғаннан кейiн 3-4 минут резервуарға көбiк берiлуi қажет. Есептiк үстемелiгi бойынша резервуар қабырғаларын салқындату, олардың толығымен суығанынша жүргiзiлуi қажет.

Егер көбiк шабуылы басталғаннан берi 30 минут iшiнде жану толығымен сөнбесе, онда көбiк берудi тоқтатып, себебiн анықтау керек.

279. Бiрнеше резервуарлар жанған жағдайда және бiр уақытта сөндiру үшiн күштер мен құралдар жеткiлiксiз болғанда, барлық күштер мен құралдарды жел соғып тұрған жақта орналасқан бiр резервуарды немесе өртенуі бәрiнен бұрын өрт шалмаған көрші тұрған резервуарларға қауiп туғызатын резервуарды сөндіруге шоғырландырылады. Мұндағы өрттi толығымен сөндiргеннен кейiн, күштер мен құралдарды қалған резервуарлардағы өртті толық сөндiру үшiн топтастырылады. Өрттi сөндiрудi, бәрiнен бұрын, көршi тұрған резервуарларға, технологиялық жабдықтарға, ғимараттар мен құрылыстарға қауiп туғызатын резервуардан бастаған дұрыс.

Күштер мен құралдар жетіспеген кезде ТЖС мен ЖС сақтап қалу мақсатында (ерекше жағдайларда) бір мезгілде резервуарлардың қабырғалары салқындатыла отырып бақылау жасау арқылы олар сорғызылып алынсын.

280. ЖЖС және ЖС жанған жағдайда резервуарда пайда болған «қалталарға» көбiк немесе ұнтақ оқпандарын пайдаланып, резервуардың қабырғаларынан жасалған тесiктерден беру қажет.

«Ұнтақ-көбiк» тәсiлiмен аралас өшiру кезiнде жану ұнтақпен сөндiрiледi, содан соң қайта жануды болдырмау үшiн көбiк берiледi.

281. Қара мұнай өнiмдерi бар резервуарлардағы жану кезiнде сыртқа шығудың алдын алу шарасын дер кезiнде қолдану мақсатында мұнай өнiмдерiнiң қызуына және резервуардың түбiнде судың бар-жоқтығын үзiлiссiз бақылап тұру, ара-тұра оны айдау (ағызу).

Қауiптi аймаққа (қоршау үйiндiге) өрттi сөндiруге қатысы жоқ өрт сөндiру бөлiмiнiң жеке құрамын, объектiнiң қызмет көрсететiн адамдарын, қауiптi аймақта (қоршау үйiндiде) адамдардың барынша аз болуы үшiн оқпаншыларды алмастыруды бiр мезгiлде жүргiзбейдi.

ЖЖС және ЖС-ның жерасты резервуарлары жанған кезде жанған және көршi резервуардың ұзына бойын белгiлеу керек.

Оқпандармен жұмыс iстеушi жеке құрамды қорғау үшiн жылу өткізбейтін костюмдерi пайдалану керек.

Қайнау немесе жарылыс қаупі туындаған кезде жеке құрамды көшіру үшін белгі ӨСЖ-нің немесе жедел өрт сөндіру штабының бұйрығы бойынша өрт сөндіру автомобилінен ұзақ дабылмен беріледі. Өрттегі барлық сигналдар эвакуациялауға берілетін белгілерден табанды түрде өзгеше болуы болуы қажет.

282. Төбесi жүзгiш резервуарлардағы өрттiң басталу сатысында, резервуар қабырғасы және оның жүзгiш төбесi аралығындағы мұнай өнiмдерi жанған кезде, келген күштер мен құралдардың санына қарамай сөндiруге тез арада кiрiсу керек.

283. Резервуарлардағы сығымдалған көмiрсутегi газдарын сөндiру кезiнде қуатты су оқпандарын беру, жанып жатқан және көршi ыдыстарды салқындату үшiн тұрақты лафеттi қондырғылар мен суландыру жүйелерiн қолдану, әсiрессе ыдыстардың бекiту арматуралары мен жеткiзу құбыры өткiзгiштерiн қорғауға назар аудару қажет, ыдыстардағы қысымды төмендету мақсатында мүмкiндiгiнше жанып жатқан және көршi ыдыстардағы газдарды бос ыдыстарға ауыстырып құю немесе газдарды алаулатып сыртқа шығару керек.

Ыдыстар босаған кезде мүмкiндiгiнше оларды инерттi газдармен толтырылуы көзделу қажет.