Параграф. Газ және мұнай фонтандарындағы өрттердi сөндiру

 

284. Фонтандарды сөндiру жөнiндегi өрт бөлiмдерiнiң барлық жауынгерлiк iс-әрекетi «Ашық газ және мұнай атқылауларын жою жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және қауiпсiз жүргiзу туралы нұсқауға» сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ құрамына ӨСЖ кiретiн ашық фонтандарды жою жөнiндегi жұмыс штабы басшылығының шешiмiн және нұсқауын ескере отырып жүргiзiледi.

Фонтанды жою үшін қажеттi жұмыстарды жүргiзуге: өртке қарсы, инженерлiк, медициналық, сумен жабдықтау, көлiк, жабдықтау, тамақтандыру және бақылау-өткiзу сияқты түрлі қызметтер қатысады.

285. ӨСЖ мен оперативтiк штабтың өрттегi негiзгi мiндеттерi:

ұңғыма аузында жұмыс iстейтiн адамдарды қорғау үшiн су ағындарымен қамтамасыз ету;

сөндiрудiң тәсiлiн таңдау және күштер мен құралдардың қажеттi санын анықтау;

сөндiрудiң тактикалық жоспарын жасау, жауынгерлiк учаскелердi анықтау, байланысты ұйымдастыру, жағдайдың өзгеруiн ескере отырып жоспарға түзетулер енгiзу;

жұмыстың әрбiр кезеңiнде жауынгерлiк учаскелер бойынша күштер мен құралдарды орналастыру, бөлiмдердiң алдына мiндеттер қою;

басқа қызметтермен өзара iс-әрекетiн қамтамасыз ету және өрт бөлiмдерiнiң табысты жұмысына жағдай жасау үшiн оларға мiндеттер қою (сумен және ЖЖМ-мен, ұңғыма аузында дренаж қондырғысымен, арнайы киiмдермен және жеке басты қорғаудың басқа құралдарымен, тұрмыстық жағдайлармен және т.б. қамтамасыз ету);

күнделiктi техникалық қызмет көрсетудi, өрт автокөлiктерiн және өрт техникасының басқа түрлерiн жөндеудi ұйымдастыру;

жеке құрамның қауiпсiз жұмысы үшiн жағдайды қамтамасыз ету.

286. Сөндiруге әзiрлiк мынадай iс-шаралардан тұрады:

су мен от сөндiргiш ұнтақтың есептiк (әрбiр кезеңде) қорын жасау;

ұңғыманың аузын жабдықтардан, металл құрылымдардан және басқа материалдардан тазарту;

сөндiру құралдарының қанат жаюы және жауынгерлiк шеп пен өрт техникасы үшiн алаң әзiрлеу.

287. Әдетте, өрт орнын тазартуды су оқпандарының қорғауымен ашық газ және мұнай фонтандарын жою және алдын алу жөнiндегi әскерлендiрiлген бөлiмдердiң жеке құрамы, троспен, iлмектермен және т.б. жабдықталған тракторлардың, жүк тартатын және басқа техникалардың көмегiмен объектiнiң техникалық қызметкерлерi жүргiзедi.

Жекелеген жағдайларда, өрт орнын әдеттегi тәсiлдермен тазалау мүмкiн болмағанда, ұңғыма аузындағы құралдардың бiр қатар бөлiктерiн артиллерияның көмегiмен атқылауға дейiн барады.

288. Сөндiру құралдарының қанат жаюы кезiнде:

ұзаққа созылған өрт кезiнде суаттардан атқылаған жерге диаметрi 100-150 мм металл құбыр өткiзгiштерiн жүргiзiп, оларды бүркенiштермен, сырғытпалармен жабдықтау;

суаттарды, әдетте, 150-200 метр ара қашықтықта күштi желге тiк бағытта ұңғыманың аузынан қарама-қарсы екi бағытта қауiпсiз жерде орналастыру, әр суаттың қасынан 5-10 өрт автокөлiгін орналастыру үшiн алаңдарды жарақтандыру;

әдетте, жоғары температура аумағында резеңке араласпаған қысым жеңдерiн салу;

ұңғыманың аузына жақын аумаққа жең жолдарын салу үшiн жер бетiн су ағынымен алдын ала салқындату қажет;

жоғары температура жағдайында сөндiрудiң таңдап алынған тәсiлiне байланысты жеке құрамның iс-әрекетiн қалыптастыру және оны жылу тепкiш қорғау костюмдерiмен, шашыратқыш оқпандармен және басқа қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуқажет.

289. Мұнайды бұру және жинау жөнiндегi шаралар:

қоршау үйiндiлерiнiң көмегiмен мұнай мен конденсаттар таралу аймағын шектеудi;

қоршау үйiндiден мұнай мен конденсаттарды жоғары температуралы аймақтан тыс орналасқан арнайы ыдыстарға (қамбаға) су тығындары бар су құбырларының немесе көбікпен толтырылған траншеялардың көмегімен бұруды;

мұнайды ыдыстан (қамбадан) оның толуына байланысты жинап алуды және оны өрт аймағынан тасып әкетудi көздейдi.

290. Өрт сөндiру үш кезеңнен тұрады:

ауыздағы жабдықтарды және ұңғыма төңiргегiндегi металл құрылымдарды салқындату, iргелес аймақтарды салқындату, жылу шығару екпiнiн басу мақсатымен фонтандарды суландыру, ұңғыма аузы төңiрегiндегi мұнай және конденсаттың жану ошақтарын сөндiруден:

фонтанды бiр кезеңдегi операциямен бiр мезгiлде жалғастырып тура сөндiруден;

сөндiргеннен кейiн ұңғыманың алдын салқындату және фонтанды суландырудан тұрады.

291. Фонтанның түрiне байланысты сөндiрудi төмендегi тәсiлдердiң бiрiмен жүргiзу қажет:

ұңғымаға су айдау немесе превентор сырғытпасын және шығаруға қарсы қондырғы сырғытпасын жабу арқылы;

газ-сумен сөндiру автокөлiктерiнiң ағымдарымен;

арнайы қондырғылар мен ұнтақтардың импульстi беруiмен;

лафеттiк оқпандардың су ағымдарымен;

жарылғыш заттар зарядының қопарылысымен;

ұйтқыма ұнтақ тәсiлiмен;

өрт автокөлiктерiнiң көмегi арқылы от сөндiргiш ұнтақтармен;

аралас тәсiлмен;

көлбеу ұңғыма бұрғылап, оған арнайы ерiтiндiнi айдаумен.

292. Превентордың ағытпасын жабу немесе суды ауыздағы қондырғы арқылы айдау кезiнде ӨСЖ:

ұңғыма аузындағы құралдардың салқындатылуын қамтамасыз етуге;

сырғытпаны немесе превенторды жабу жұмыстарын атқарушылардың барлығын сумен барынша ылғалдандыруға және су ағынымен тұрақты қорғауға мiндеттi.

293. Атқылауларды тұтастай су ағындарымен сөндiру кезiнде ӨСЖ:

қажеттi оқпандар санын жобалап беруге;

оқпандарды бұрғы аузынан 6-8 метр, бiрақ 15 метрден қашық емес жерге орналастыруға;

су ағындарының оқпандарын атқылау алаулары шыққан жерге, содан соң әр-бiр 1-2 метрден кейiн 30-50 секундқа тоқтатып, үйлестiре және жайлап жоғары көтеруге;

ағымдарды басқару үшiн бiр жетекшi оқпанды, басқа оқпандар оған бағыт ұстау үшiн бөлуге мiндеттi.

294. Газ-су автокөлiктерi көмегiмен фонтанды сөндiру кезiнде ӨСЖ мiндеттi:

газ-сумен сөндiру автокөлiктерiнiң су беретiн техникалардың және сақтық үшiн тракторлардың қажеттi санын жобалап беруге;

бiрнеше автокөлiктер жұмыс iстеген кезде үйлесiмдi жұмысты қамтамасыз ету үшін жауапты адамды тағайындауға;

газ-сумен сөндiру автомобилдері ұңғыма аузынан 15 метрден қашық емес жерге орналастыруға және оларды жұмысқа дайындауға;

атқылау төңiрегiндегi жанудың жекелеген ошақтарын сөндiру басталар алдында жоюға;

сөндiрудi қозғалтқыштың барынша айналысы кезiнде жүргiзуге мiндеттi.

295. 290-тармақта көрсетiлген басқа тәсiлдермен сөндiру қолданылып жүрген нұсқауларға сәйкес жүргiзiледi.

Жарылғыш заттар қопарылысымен өрттi сөндiру басқа тәсiлдер тиiмсiз болғанда тиiстi ұйымдардың келiсiмiмен арнайы қабылданған жоспар бойынша жүзеге асырылады.

296. Теңiз газ-мұнай кәсiптерiндегi атқылауларды сәндiру кезiнде ӨСЖ жалпы мiндеттердi атқарудан басқа:

метеореологиялық жағдайға байланысты iс-әрекетке өрт кемелерiн енгiзуге;

мұнайдың жанған қабатының таралуын болдырмау үшiн оның көлемiн шектеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;

теңiздегi жекелеген негiзгi орындарға және эстакадалық алаңдар жанына өрт десанттарын түсiру мүмкiндiгiн анықтауға;

көмекке тартылған басқа қызметтермен өрт бөлiмдерiнiң өзара iс әрекетiн ұйымдастыруға мiндеттi.

297. Жеке құрамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ӨСЖ:

атқылауларды сөндiру үшiн жұмыс iстеушiлерге қосымша белгiлер мен командаларды белгiлеуге;

жұмыс iстеушi жеке құрамды шуға қарсы құралдармен қамтамасыз етуге;

газ-сумен сөндiру автокөлiктерi жұмыс iстеп тұрған кезде от сөндiргiш ағындарының әрекетi аймағына адамдарды жiбермеуге;

автокөлiк ағыны жағына қарай жел бағыты бұрылған кезде газ-сумен сөндiру автокөлiктерiнiң жұмыс iстеуiне жол бермеуге;

теңiз-мұнай кәсiбiндегi атқылауларды сөндiру кезiнде құтқару құралдарын (белдiктердi, шеңберлердi, жiптердi, т.б.) жинақтауға және құтқару қызметiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыруға;

жеке құрамның ұңғымада желдiң ық жағынан жұмыс iстеуiне тыйым салуға мiндеттi.