Тарау. Ауылдық елді мекендердегі өрттерді сөндіру

348. Жылжымалы өрт техникасы санының жетiспеушiлiгi, сумен жабдықтау мен байланыстың қанағаттанарлықсыздығы, өрт бөлiмдерiнiң елдi мекендерден қашықтығы ауылдық елдi мекендердегi өрттердi сөндiрудi қиындатады.

349. Ауылдық елдi мекендердегi өрт кезiнде:

оттың жанатын құрылыстар мен материалдар арқылы тез таралуы;

оттың (ұшқынның, шоқтың) айтарлықтай қашықтыққа ұшуы;

тұрмыстық газ құралдарының жарылуы мүмкiн.

350. Ауылдық жерлердегi өрттi сөндiру үшiн өрт автокөлiктерi және мотопомпалар, сондай-ақ жабдықталған ауыл шаруашылық және басқа техникалар: автобензин құйғыштар, автосұйық шашқыштар, аспалы су сорғыштар мен жабдықталған автокөлiктер мен тракторлар, су тартқыштар, трактордың тiркеме су сепкiштерi және жаңбырлатқыш қондырғылар, суландыру машиналары, сүт тасығыштар, соқасы бар тракторлар және басқалар пайдаланылады.

351. Ауылдық елдi мекендегi өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

iшкi iстер бөлiмiнiң кезекшiсi, жергiлiктi байланыс торабы немесе ББП арқылы аудандық жоспарда көзделген күштер мен құралдарды дер мезгiлде шақыруды ұйымдастыруға, өрт туралы ӨСБОП-не хабарлауға;

оттың таралуына жол бермеу жөнiндегi шараларды қолданумен бiрге адамдарды құтқаруды, малдарды және материалдық құндылықтарды көшiрудi ұйымдастыруға;

оттың таралуы мүмкiн жолдарды бөлiп тастау үшiн тракторларды, бульдозерлердi және басқа техникаларды пайдалануға;

өртке қарсы құрылымдары мүшелерiнен және тұрғын халықтан, жаңа жану ошақтары қауiпi болған кезде, от сөндiргiштерi және су құйған шелектерi бар бекетшiлер қоюға;

жергiлiктi атқару органдары, шаруашылық әкiмшiлiгi арқылы өршiген өрттi сөндiруге шаруашылық объектiлерiнiң техникасы мен тұрғындарды жұмылдыруға мiндеттi.

352. Мал шаруашылығы жайларындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

малдарды көшiрудiң шарасын қолдануға, оқпандарды отты сөндiруге және көшiру жолдарын қорғауға енгiзуге, малдарды байлаудан босату үшiн қызмет етушiлердi, өртке қарсы құрылымдары мүшелерiн тартуға, малды көшiрудi тездету үшiн су ағындарын пайдалануға, ал оларды кiретiн есiктен түкпiрде орналасқан малдарға қарай беруге;

көршi объектiлердi қорғауды ұйымдастыруға мiндеттi.

353. Зығыр терiсiн, шөптi, маялаған, шөмеленген сабанды және қатқыл сабақты шөптер қоймасындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСЖ:

ашық жалынды сөндiру үшiн судың шашыранды ағынын беруге, аршуды жүргiзуге, жануды сөндiруге және маяларды, шөмелелердi ауыл шаруашылығы техникаларын қолдана отырып, тұрғын халықтың, өртке қарсы құрылымдары мүшелерiнiң күшiмен жүргiзуге;

зығыр өңдеу бекеттерiндегi өрт кезiнде маяны белсендi желдетушi агрегат пен пневмокөлiктi өшiруге;

өрт сөндiргеннен кейiн қайтадан жану мүмкiндiгiн болдырмау үшiн өрт сөндiру құралдары бар өртке қарсы құрылымдары мүшелерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыруға мiндеттi.

354. Гербицидтер, улы химикаттар және тыңайтқыштар қоймалардағы өрттiң кезiнде ӨСЖ:

сақталатын заттардың аты мен санын дәл анықтауға;

жұмысқа улы химикаттардың қасиетiн жақсы бiлетiн мамандарды тартуға, сөндiру барысында олармен үнемi кеңесiп отыруға;

техника қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлғаны тағайындауға және алғашқы медициналық көмек бекетiн ұйымдастыруға;

сақталатын заттарды ескере отырып, от сөндiргiш заттарын және сөндiру тәсiлдерiн қолдануға;

улы химикаттарды сумен сөндiру кезiнде олардың адамдар мен малдар үшiн қауiпсiз орынға ағуын ескертуге;

оқпаншылардың шептерін мүмкiндiгiнше жел жағынан таңдап алуға;

жайдың iшiнде жұмыс iстейтiн жеке құрамды осы ортаға арналған ТОЖҚҚ қамтамасыз етуге;

тұрғын құрылыстар мен мал шаруашылығы қора-жайларына қарай беттеген бұлт пайда болған кезде, адамдарды және малдарды көшiруге, жел жағымен әкетуге, оларды басуды шашыранды су ағындарымен ұйымдастыруға;

өрт кезiнде жану өнiмдерiнде улы заттардың жиналуына және оны сөндiргеннен кейiн бақылау өлшеуiн жүргiзу үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi шақыруға;

сөндiру аяқталғаннан кейiн барлық оған қатысушыларды қарау үшiн медициналық мекемеге жiберуге;

өртте қолданылған өрт автокөлiктерi мен ӨТЖ дегазация жүргiзуге мiндеттi.

355. Сабағында тұрған және дестеде жатқан астықтың өртiн сөндiру кезiнде ӨСЖ:

өрттiң көлемiне, желдiң шапшаңдығына және күштер мен құралдардың санына қарай өрттi сөндiрудiң мына тәсiлдерiн қолдануға: сыпыртқылармен сабалауға, автоцистерналардың, бензин тасығыштардың, автосұйық шашқыштардың және басқа техникалардың көмегiмен оттың қарсы алдынан жер бетiндегi шөптердi дымқылдауға, трактор соқаларымен жырту арқылы қорғау жолақтарын құруға;

оттың таралуын тоқтату және адамдарға, механикаландырылған қырмандарға, елдi мекендерге, өндiрiстiк және мал шаруашылығы құрлыстарына қауiптi болдырмау үшiн күштер мен құралдарды шоғырландыруға;

сөндiру барысында желдiң бағытын үнемi бақылап отыруға және ол өзгерген кезде күштер мен құралдардың орнын ауыстыруға мiндеттi.