Дискілермен жұмыс жасау

Зерт. Компьютердің программалық жабдықтамасы: MS DOS операциялық жүйесі

Мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінде файлдар және каталогтармен жұмыс жасайтын негізгі командалармен танысу.

 

Оқытудың міндеті:MS DOS операциялық жүйесінде файлдар және каталогтармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

 

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Операциялық жүйе (ОС).

2. DOS ОЖ-де дискілермен, файлдармен және каталогтармен жұмыс істеу.

3. Операциялық жүйенің ролі мен қызметі.

Оқыту және сабақ беру әдістері:Ситуациялық есептерді шешу

Теориялық блок

Операциялық жүйе (ОЖ)ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады.

ОЖ-нің негізгі жұмысына программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланыса отырып әрекет етуін қамтамасыз ету, оған керекті ЭЕМ-нің жадын бөлу, программаларды және жұмыс нәтижесін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру сияқты функциялар жатады. ОЖ-нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерден тұрады.

Сонымен, ОЖ-адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер - сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер-сыртқы жұмысты жеңілдететін программалар және т.б. кіреді.

ОЖ-нің екі негізгі қызметін атап айту қажет, олар:

- барлық қолданбалы және жүйелік программалардың, оларды бір- бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

- әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру. ОЖ дербес компьютердің аппаратурасының жалғасы сияқты, ол атқаратын істерді мынандай топқа жіктеуге де болады:

1) BІOS модулі – компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу-шығарудың (BІOS - Basіc Іnput-Output System) негізгі жүйесін ұйымдастыру;

2) ЭЕМ-ді сыртқы ортамен байланыстыру;

3) мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

ОЖ-лердің мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОЖ түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNІXжәне де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер - WІNDOWSпрограммалары жатады.

Файл

Файлдегеніміз компьютердегі сыртқы жадының белгілі бір көлемін алып орналасқан және белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны сақталатын байттар жиынтығы. Файл – файл атынан және кеңейтілуінен тұрады

Файлға ат бергенде ескеріңіздер:

1. Файл атына және кеңейтілуіне латын әрпі қолданылады

2. Файл аты 8 белгіге дейін ал кеңейтілуі 3 белгіге дейін қабылдайды

3. Файл аты мен кеңейтілуін «.» белгісі бөліп тұрады

4. Файл атына мына белгілер қолданылмайды: «», !, -, +, *, ?, =, ^, %, #

5. Аттас файл бір жерде орналаса алмайды

6. Файл атына беруге болмайды:

AUX LPT(N-3)
CLOCK$ NUL
COM(N-4) PRN
CON  

 

не үшін файл атына қолданылмайтынын ашып жазайық:

 

Файл атына беруге болмайды:  
Атауы Қызметі
AUX Асинхронды интерфейс
CLOCK$ Сағат драйвері
COM(N-4) N-ші тізбекті портттар
CON Консоль (пернетақта мен дисплей)
LPT(N-3) N-ші параллельді порттар
NUL Жоқ порт
PRN Принтер

 

 

Файл кеңейтілуіне қарап файл типін (түрін) анықтауға болады,

мысалы:

 

*.ехе, * .com – орындалатын файл *.pas - Раскаль программасында жазылған файл
*.bat -командалық файл *.doc – MS Word программасында жазылған файл
*.txt, - мәтіндік файл *.xls – MS Excel программасында жазылған файл
*.bak- резервті файлдар көшірмесі *.bmp - Paіnt программасында жазылған файл
*.sys – жүйелік файл *.bas - Basic программасында жазылған файл
*.rar - архивтік файл *.tmp, *.$$$ – уақытша файлдар

Шаблондар

* - шаблоны файлдар тобымен жұмыс жасағанда қолданылады.

*.* - кез келген (барлық файлдар тобы) белгіні білдіреді.

? - бір белгіні білдіреді. Мысалға:

*.exe - кеңейтуі .EXE болып келетін барлық файлдар тобы;

???.bas - кеңейтуі .BAS болып келетін файл аты белгісіз 3 белгіден аспайтын файлдар тобы;

А?.* - файл аты А әрпінен басталып 2 белгіден тұратын, кеңейтуі кез келген файлдар тобы.

Магниттік дискіге жазылған файлдардың көлемі, құрылған уақыты, мерзімі, файлдардың көрсеткіштері деп аталады.

Файлдың ең негізгі сипаттамалары - аты, көлемі (байт), мерзімі. Файл өлшемі оған жазылған деректердің көлемімен өлшенеді, ең аз көлемді файл - бұл бір де бір символ жазылмаған бос файл. Ал ең көлемді файл- дискінің бос жадының көлемімен анықталады.

Сонымен қатар файл болуы мүмкін, кез келген деректер атап айтқанда: мәтіндік деректер, мәтіндік программалар, сандық мәндер, электрондық кестелер, сызбалар және диаграммалар т.б.

Каталог

Файлдарды дискілерде сақтауды оңайлатып, белгілі бір жүйеге келтіру мақсатында оларды каталогтарға (директорияларға) жинақтайды. Каталог немесе директорий - белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған бір топ файлдар тізіміне қойылған атау. Каталогқа ат бергенде файлдарға жасалған ескертулер сақталады.

Бір каталогқа аттас (аттары бірдей) ішкі каталогтар мен файлдар орналастыруға болмайды, бірақ аттас файлдар әртүрлі каталогтарда орналаса береді. Бір каталог екінші бір каталог ішінде орналаса береді, мұндайда ол бағынышты атанып, сатылы түрде бұл каталогқа да басқа бір каталог бағынышты болып орналасуы мүмкін. Осындай түрде бір-бірінің ішінде орналасқан каталогтар бұтақ тәрізді көп сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесін құрады.

Дискілермен жұмыс жасау

Кезкелген ақпарат магниттік дискіде сақталады. Дискілердің түрлеріне тоқталайық:

1. қатты диск

2. жұмсақ диск

3. компакт диск

4. алынбалы-салынбалы (флешка) (сьемный диск) диск

 

Дискілер латын алфавитінің бастапқы бір әрпімен белгіленеді:

жұмсақ диск
А:\

В:\

 

С:\ қатты диск

D:\ компакт диск

 

E:

F:

G:

 

Дискілерді форматтағанда онда автоматты түрде әртүрлі мәлімет жазыла алатын түпкі каталог (C:\>) құрылады. Дискіде міндетті түрде түпкі және 1-деңгейдегі каталог (C:\>STUDENT) болуы тиіс. Оған файлдар жазылып, олармен бірге 2-деңгейдегі каталог бола береді т.с.с., ал осындай деңгейдегі каталогтар бір-бірінен "\" (слэш) белгісі арқылы бөлінеді.

Мысалы:

Каталогтың иерархиялық құрылымы