Жаңа сабақты түсіндіру

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК фармацевтика АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті

Дәрілер технологиясы кафедрасы

Дәрілік түрлер технологиясы пәні бойынша теорияға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Мамандығы 0306000 - “Фармация”

 

Курсы 3 курс

 

Семестр V

 

Растырушылар: Сағындықова Б.А., фарм.ғ.д., профессор

Анарбаева Р.М., фарм.ғ.к., доцент

Асылова Н.А., аға оқытушы

Нұрбаева С.Е., оқытушы

 

 

Кафедра мәжілісінде ____ ______ 2013 ж. (хаттама № ___ ) талқыланған

Каф.мең., фарм.ғ.д.,

профессор ___________Сағындықова Б.А.

 

Шымкент – 2013

 

ДӘРІС 1

Дәріс тақырыбы: Линименттер технологиясы.

Сағат саны:2 сағат

Сабақ түрі:теориялық

Сабақтың мақсаты: Дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескере отырып сапалы дәрілік түрлер дайындауды және олардың сапасын бағалауды үйрену.

Оқыту әдісі:дәріс

Материалдық-техникалық жабдықталуы:

А) техникалық құралдар:Графпроектормен тақырып бойынша рецептерді демострация жасау.

Б) көрнекі және дидактикалық құралдар

Кесте:Линиментердің жіктелуі.

В) оқыту орны:дәріс залы

СЫНылаТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиет:

1. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.1.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2008-592бет.

2. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.2.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2009-792бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.

4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под ред. Кондратьевой Т.С., - М.: Медицина, 1986 г.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.

6. Государственная фармакопея СССР ХІ издания. В 2-х томах, 1990 г.

7. Государственная фармакопея СССР Х издания, 1968 г.

8. Лекция материалы.

Қосымша әдебиет:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1692 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және "Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысы

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылєы 19 қаңтардағы № 114 «Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы.

5. Технология изготовления лекарственных форм. Серия “Медицина для вас” Ростов н/Д.: “Феникс”, 2002.

6. «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой. Москва 2007 г. – 432 с.

Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру 3,3 % 3 минут

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 7,8 % 7 минут

- Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау 77,8 % 70 минут

- Қорытынды білім деңгейін бақылау 11,1% 10 мииут.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.

Линименттер жағар майлардың бір түрі – сұйық жағар майлар.

Линимент немесе сұйық жағар май дегеніміз – теріге сүрту жолымен сыртқа қолданылатын, дене температурасында балқитын қою сұйықтық немесе сілбі тәрізді дәрілік түр (латын сөзі lіnіre - сүрту).

Линименттер официналдық дәрілік түр. МФ Х басылымына жалпы мақала енгізілген. (395 бет, 376 мақала).

Дисперстік жіктелу бойынша линименттер сұйық немесе пластикалық дисперстік ортасы бар еркін дисперстік жүйе.

Құрамы (бір немесе бірнеше дәрілік заттар және негіз), қолдану тәсілі, технологиялық сатыларының ортақтастығы жағар майлар мен линименттерді бір дәрілік түрге – жағар майларға – жатқызу әбден негізді және заңды. Сонда да линименттер, сұйық жағар майлар ретінде, өз ерекшеліктерімен сипатталады. Негіз ретінде линименттерде өсімдік майлары (күнбағыс, шабдалы, майсана), бадам, вазелин майы, балық майы, эсилон және басқалар қолданылады.

Линименттерде жиі жазылатын майлар (мендуана, камфора және терпентин) екі роль атқарады – терапевтік активті зат және негіз.

Линименттердің негізге байланысты жіктелуі:

1. Майлы линименттер – Olіmenta немесе Lіnіmenta pіnquіa.

2. Спиртті линименттер – Lіnіmenta spіrіtuosa.

3. Сапонименттер – Saponіmenta – дисперсті орта ретінде сабынның спирттік ерітіндісі қолданылады.

4. Вазолименттер – Vasonіmenta – вазелин майы негіз ретінде пайдаланылады.

Дисперстік дәрежесі және дәрілік заттардың негізде таралуы бойынша майлы линименттер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гомогенді линимент – бір-бірінде еритін ингредиенттердің мөлдір сұйық қоспасы. Мұндай линименттердің дайындалуы тікелей босататын құтыда ингредиенттерді араластыру жолымен жүргізіледі.

Линимент – ерітінділерді сұйықтықтарды еріту және араластыру ережесі бойынша, яғни ең алдымен аз мөлшерде жазылған, содан соң көп мөлшердегі сұйықтықтарды енгізеді. Еритін дәрілік заттарды линимент құрамына олардың ерігіштігіне сәйкес енгізеді. Ең соңында ұшқыш және иісті заттарды қосады.

Гетерогенді линименттер. Суспензиялық линименттер құрамына суда, глицеринде, майларда және басқа сұйықтықтарда ерімейтін (сульфаниламидтер, ксероформ, мырыш тотығы, крахмал, ақ балшық және басқалар) ерімейтін заттар кіреді. Суспензиялық линименттерді дайындаған кезде дәрілік заттарды майда ұнтақ болғанша ысқалайды және сонан соң жазылған сұйықтықпен араластырады. Суспензиялық жағар майларға қарағанда суспензиялық линименттер седиментациялық тұрақтылығы төмендігімен сипатталады. Оны арттыру үшін қоюлатқыштар, аэросил (оксил) жалпы линимент салмағынан 3-5 % мөлшерде қосылады.

Эмульсиялық линименттер, суспензиялық линименттер секілді жоғарыда сипатталған эмульгатор-Т2 және басқа БАЗ тұрақтандыруды қажет етеді. Кейбір жағдайларда эмульгаторлар линименттің құрамына кіретін ингредиенттердің әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі.

Аралас линименттер.Аралас линименттер – құрамына физико-химиялық қасиеті әр түрлі екі және одан да көп дәрілік заттар кіретін линименттер технологиясы сондай типтегі жағар майлар секілді жѕргізіледі.

Аралас линименттерге – МФ ІХ басылымына енгізілген стрептоцид, синтомицин линименттері жатады, ол суспензиялық және эмульсиялық көп фазалы жүйе.

Жағар майлардың сапасын бағалау.Линименттер – сұйық жағар майлардың сапасын бағалауда кәдімгі жағар майлардан спецификалық айырмашылығы бар. Линименттередің жалпы салмағы дәріханалық техникалық таразыда анықталады. ҚРҮ N 114 Қаулысында линименттердің салмағындағы ауытқу мөлшері көрсетілмегендіктен, салмақ бойынша дайындалған сұйық дәрілік түрлер үшін жіберілетін салмақтық ауытқу мөлшерін қолданылады.

Ресуспендирлену. Суспензиялық және эмульсиялық линименттер барлық гетерогенді жүйелер сияқты периодты түрде тұрақты емес. Егер шайқаған кезде 15-20 секунд ішінде линимент бастапқы күйіне келсе, онда тексеріліп жатқан линименттің ресуспендирленуі жақсы.

Буып түю және сақтау.Барлық линименттерді қысқа мерзімге, ең жақсысы ex tempore дайындаған дұрыс, яғни бұл тұрақтылығы жеткіліксіз дәрілік түр деген сөз. Линименттерді салқын, жарық түспейтін жерде тығындалған құтыларда сақтайды. ұщқыш, термолабильді заттары бар линименттерді 10оС-тан төмен температура жағдайында дайындайды. Қою линименттерді кең мойынды құтыларда немесе тубаларда босатады. Суспензиялық линименттерді “Қолданар алдында шайқа” деген этикеткамен безендіреді.