СЫНылаТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиет:

1. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.1.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2008-592бет.

2. ҚР мемлекеттік фармакопеясы.-Т.2.-Алматы: "Жібек жолы" баспа үйі, 2009-792бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008.- 436 бет.

4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под ред. Кондратьевой Т.С., - М.: Медицина, 1986 г.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.

6. Государственная фармакопея СССР ХІ издания. В 2-х томах, 1990 г.

7. Государственная фармакопея СССР Х издания, 1968 г.

8. Лекция материалы.

Қосымша әдебиет:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1692 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және "Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысы

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылєы 19 қаңтардағы № 114 «Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы.

5. Технология изготовления лекарственных форм. Серия “Медицина для вас” Ростов н/Д.: “Феникс”, 2002

6. «Практикум по технологии лекарственных форм» под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой. Москва 2007 г. – 432 с.

7. Технология изготовления лекарственных форм. Серия “Медицина для вас” Ростов н/Д.: “Феникс”, 2002

8. Полный справочник фармацевта – Москва, Эксмо – 2007 г.

9. Сборник нормативных актов МЗ РК– Астана – 2008 г. – 212 с.

10. Приказы и инструктивные письма, нормирующие деятельность аптечных учреждений и фармацевтических предприятий

Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру 3,3 % 3 минут

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 7,8 % 7 минут

- Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау 77,8 % 70 минут

- Қорытынды білім деңгейін бақылау 11,1% 10 мииут.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.

Жағар майлар – сыртқа қолданылатын дәрілік тѕрлер, олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат тѕзуге қабілетті тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, ал жоғары температурада жоғалтады, яғни қою сұйықтыққа айналады. Жағар майлар официналдық дәрілік тѕрлер, МФ Хl басылымына арнайы жалпы “Жағар майлар” мақаласы еңгізілген. Фармакопея анықтамасы бойынша, жағар майлар – теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жЅмсақ дәрілік тѕрлер. Жалпы мақаладан басқа МФ ІХ, Х басылымдарына - кейбір жағар майларға жеке мақалалар енгізілген. Физико-химиялық, агрегаттық кѕйіне байланысты жағар майлар сұйық және қатты дәрілік түрлер аралығында жатады. Дисперсологиялық жіктелу бойынша жағар майлар еркін, тұтқыр-пластикалық дисперсті ортасы бар жүйеге жатады.

Жағар майлардың жіктелуі:

Жағар майлар әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді:

Белгіленуі бойынша

1.1. Қорғаныс жағар майлары.

1.2. Косметикалық жағар майлар.

1.3. Емдік жағар майлар (немесе медициналық).

2. Қолданылатын жері бойынша емдік жағар майлардың жіктелуі:

2.1. Жағар майлардың өзі (Unguenta) дерматологиялық жағар майлар.

2.2. Мұрынға арналған жағар майлар. Unguenta nаsalіs немесе Unguenta rіnalіs.

2.3. Көзге арналған жағар майлар. Unguenta ophthalmіca.

2.4. Вагиналды. Unguenta vagіnalіs.

2.5. Уретралды. Unguenta urethralіs.

2.6. Ректалды. Unguenta rectalіs.

3. Технологиялық жіктелуі:

3.1. Гомогенді жағар майлар.

а) ерітінді жағар май;

б) балқыма жағар май;

в) экстракциялық жағар май.

3.2. Гетерогенді жағар май.

а) суспензиялық (тритурациялық);

б) эмульсиялық;

в) аралас.