Гомогенді жағар майлар: балқыма жағар май, ерітінді жағар май, экстракциялық жағар май

Балқыма жағар майлар. Балқыма жағар майлар екі немесе бірнеше балқитын бір-бірінде еритін компоненттердің қоспасы. Жағар май компоненттерін балқыту фарфор табақшада су моншасында жүргізіледі.

Деструкцияға ұшырайтын жеңіл балқитын және сұйықтықтардың тым қызып кетуін немесе ұшқыш компоненттердің жоғалуын болдырмау үшін, ең бірінші қиын балқитын заттарды, содан соң балқу нүктесінің төмендеуіне қарай басқа заттарды балқытады. Сұйық ингредиенттерді ең соңында қосады.

Официналдық балқыма жағар майы МФ ІХ басылымы 728 мақалада берілген, нафталан жағар майы.

Ерітінді жағар май. Ерітінді жағар майлардың, құрамына негізде еритін заттар кіреді, дәрілік заттарды балқытылған негізде еріту арқылы дайындалады. Егер дәрілік заттар ұшқыш (камфора, ментол, тимол, ментол, фенол, эфир майлары және т.б.) болса, онда олар жартылай суытылған (45-500С) негізде ерітіледі. Ерітіндіні екі қабат дәке арқылы келіге сүзіп суығанша араластырады.

Ерітінді жағар майларға суда және басқа гидрофильді сұйықтықтарда еритін дәрілік заттары бар, гидрофильді негіздерде дайындалған жағар майлар да жатады.

Официналды ерітінді жағар майлар: камфора (МФ ІХ 721 мақала) және глицерин (МФ ІХ 722 мақала) жағар майлары.

Экстракциялық жағар майлар. Зауыт жағдайында әсер етуші заттарды өсімдік және жануар материалдарынан экстракциялау арқылы алады. Мысалы: 20,0 г майда кесілген батпақты ақ шайыр шөбін су моншасында 100,0 г шабдалы майымен 30 минут тұндырады. Сүзілген сығындыға 30,0 ланолин қосып араластырады.

Гетерогенді жағар майлар.Суспензиялық және эмульсиялық жағар майларға, дәрілік заттары майда диспергирленген, қатты бөлшектер немесе беттік активті заттардың көмегімен негізде таралған сұйық фаза болатын, гетерогенді жүйелер жатады. Екі жағдайда да дәрілік заттың, терапевтік белсенділігіне қатты және сұйық фазаның негізде таралуы, бөлшек көлемі, диспергирлеуші және эмульгирлеуші құралдарды таңдау дұрыстығы аса маңызды роль атқарады.

Суспензиялық (тритурациялық) жағар майлар.Суспензиялық жағар майларға суда да және негізде де ерімейтін, қатты дәрілік заттары бар, негізде суспензия түрінде таралған жағар майлар жатады. Сонымен бірге суда еритін, бірақ жазылымда көп мөлшерде жазылған, оларды ерітуге жағар май массасынан 3 % көп су қажет ететін дәрілік заттар суспензия түрінде енгізіледі.

Резорцин, пирогаллол, цинк сульфаты (көз жағар майынан басқа), олардың суда ерігіштігіне қарамастан тек суспензия түрінде еңгізіледі, себебі суда еріткенде олардың сіңірілуі күшейіп, ағзаға улы әсер көрсетеді: тітіркендіреді, тері некрозын тудырады.

Дәрілік заттарды диспергирлеу, сулы суспензиялардағы сияқты, суспензиялық жағар майларды дайындаудың да маңызды сатысы, себебі олардың фармакологиялық активтілігі көп жағдайда ерімейтін фазаның дисперстілігіне тәуелді. Мысалы, салицил қышқылының, гидрокортизонның, преднизолонның бөлшектерінің өлшемін 100 - 125 мкм - ден 2 - 10 мкм - ге дейін төмендеткенде жағар майдан дәрілік заттың босап шығуы 3 - 4 есе артады. Дисперстік ортаның жоғары тұтқырлығы суспензиялық жағар майларда қатты фазаның седиментациясын (Стокс заңы) болдырмайды. Сондықтан сұйық суспензияларға қарағанда суспензиялық жағар майларда тұрақтандырғыштарды қолдану қажет емес.

Суспензиялық жағар майлардың технологиясы қатты фазаның мөлшеріне байланысты жүргізіледі: (схема 2).

а) Егер ерімейтін заттардың мөлшері жағар майдың жалпы салмағының 5 % дейін болса, онда оларды негізге сәйкес сұйықтықпен ысқылайды, ол қатты заттардың өте майда болуына ықпал жасап, бөлшектердің жабысып қалуының алдын алады.

Көмекші сұйықтық ретінде қолданылады:

 

 

Көмекші сұйықтық Негіз
Вазелин майы көмірсутекті
Шабдалы немесе бадам майы майлы негіз
Су немесе глицерин гидрофильді

Көмекші сұйықтықты қатты фазаның жартысындай мөлшерде алады (Дерягин ережесі).

Официналды жағар май - көз жағар майы (сары сынап жағар майы) (МФ ІХ 725 мақала).

Б) Егер ерімейтін құрғақ зат мөлшері жағар майдың жалпы салмағының 5 %- 25 % болса, онда дәрілік заттарды жылы келіде балқытылған негіз бөлігімен ысқылайды (қатты фазаның 1/2). Бұл жағдайда көмекші сұйықтықтарды еңгізуге болмайды, себебі жағар май сұйытылып, дәрілік заттың концентрациясы төмендейді. Ол ҚР Ү 19.01.2012 ж. N 114 Қаулысының N 2 қосымшада жіберілетін ауытқу нормасына енбейді

Официналды жағар майлар: ксероформ жағар майы (МФ Х 735 мақала), сынаптың ақ жағар майы (МФ Х 338 мақала), стрептоцид жағар майы (МФ Х 729 мақала), мырыш жағар майы (МФ Х 737 мақала), қарапайым күкірт жағар майы (МФ Х 730 мақала).

в) Қатты фазасы 25% жоғары суспензиялық жағар майлар паста деп аталады. Пасталар өте тұтқыр, қиын жағылады, оны жиі дәкеге жағу арқылы зақымдалған теріге жағып таңады. Пасталарды дайындаған кезде дәрілік заттардың жоғары дисперстілігін және біркелкілігін қамтамасыз ету үшін, дәрілік заттарды жылы келіде күрделі ұнтақтар дайындау ережесі бойынша араластырып, балқытылған негіздің бір бөлігімен (қатты фазаның 1/2 мөлшерде) ысқылайды, содан соң балқытылған негіздің қалған мөлшерін бөлшектеп қосып, біртекті масса алынғанша толық суығанша араластырады. Суыған кезде бірден орта тұтқырлығы артып, қатты фазаның тұнуы және бөлшектердің бір-біріне жабысуы төмендейді.

Официналды пасталар:

Мырыш пастасы: Мырыш тотығы 25,0

Крахмал 25,0

Вазелин 50,0

 

Лассар пастасы немесе салицил-мырыш пастасы: Салицил қышқылы 2,0

Мырыш тотығы 25,0

Крахмал 25,0

Вазелин 48,0

Эмульсиялық жағар майлар.Эмульсиялық жағар майлар эмульсия түрінде таралған сұйық дисперстік фазасымен сипатталады. Дисперстік фаза ретінде дәрілік заттар: сутек асқын тотығы, қара май, Буров сұйықтығы, және басқалар, сонымен бірге дәрілік заттардың ерітінділері болуы. Протаргол, колларгол, танин жазылымдағы мөлшеріне байланыссыз жағар майларға сулы ерітінді түрінде (басқа жағдайда терапевтік әсер көрсетпейді), сонымен бірге көптеген алкалоид және синтетикалық азотты негіз тұздары, калий йодиді, күміс нитраты және басқалар (резорцин мен цинк сульфатынан басқалар). Дәрілік заттарды суда еріту олардың ионды және молекулалы күйге дейін максималды диспергирленуін және жағар майдың терапевтік әсерін қамтамасыз етеді. Суда жеңіл еритін дәрілік заттарды, келіге салып, олардың ерігіштігіне және мөлшеріне байланысты, судың минималды мөлшерінде ерітеді. Кейбір жағдайларда сулы ланолиннің құрамындағы 30 % суды қолданады. Эмульсиялық жағар майлардың негізгі тобын су/май типі құрайды.

Дәрілік заттардың сулы ерітінділерін негізбен араластырғанда эмульсиялық жүйе түзіледі. Тұрақты эмульсиялық жүйе түзілу үшін, бөлшектердің бос беттік энергия қорын төмендететін және фаза аралық бетте орналасатын эмульгаторларды қолдану керек. Жиі эмульгатор ретінде ланолин қолданылады.

Официналды эмульсиялық жағар майлар: амиказол жағар майы, (МФ Х, 53 мақала) сынаптың сұр жағар майы (МФ Х, 724 мақала), калий йодид жағар майы (МФ Х, 727 мақала), ихтиол жағар майы (МФ Х, 726 мақала).

Аралас жағар майлар.Аралас жағар майларға құрамына бір мезетте физико-химиялық қасиеттері әр түрлі дәрілік заттар кіретін көп компонентті күрделі жүйелер жатады.

Дәрілік заттар сұйық ингредиенттер, қатты, олардың кейбіреулері негізде еритін, басқалары - суда, үшіншілері суда да, негізде де ерімейтін болуы мүмкін. Аралас жағар майларды дайындағанда жәй дисперсті жүйелі жағар майларда қолданылатын ережелер және сатылар қолданылады.