Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау

Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.

 

Көптеген дәрілік заттардың ішінде антибиотиктер бактериялық инфекцияны емдеу үшін қолданылатын негізгі зат болып табылады. Қазіргі медициналық іс-тәжірибеде қолданылатын антибиотиктердің арсеналы кең. Олардың көбісі өндірісте лиофилизирденген ұнтақ түрінде металл қалпақпен жабылған флакондарда шығарылады. Осы ұнтақтар дәріханада дәрілік түр дайындау үшін қолданылады. Антибиотиктер рецепте ерітінділер (көзге арналған және мұрынға арналған), жағар майлар, суппозиторийлер және басқа дәрілік түрінде жазылуы мүмкін.

Құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер технологиясы, сол дәрілік түрлер басқа дәрілік заттармен дайындалатын технологиялық тәсіл бойынша жүргізіледі.

Құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер асептикалық жағдайда дайындалады. Дәрілік препараттардың құрамына суспензия түрінде енгізген дұрыс. Көптеген антибиотиктер термолабильді,сондықтан термиялық стерильдеуге төзімсіз.

Антибиотиктер рецептерде көбінесе әсер ету бірлігімен (ӘБ) беріледі. Антибиотик ұнтағының салмағын анықтау үшін, антибиотик белсенділігі мен оның салмағының арасындағы, әсер ету бірлігімен белгіленетін байланысқа негізделген есептеу бойынша жүргізеді.

Пенициллиндер - эффективтілігі жоғары, улылығы төмен антибиотиктер. Пенициллиндерді қолдану кезінде олардың ағзадан тез бөлініп шығатының ескеру керек, сондықтан оларды міндетті түрде тәулігіне 4-5 рет белгілейді. Енгізу санын дозасын жоғарлату арқылы қысқарту негізсіз, себебі сирек енгізу кезінде қанда да, зақымдалу ошағында да антибиотиктің терпевтік концентрациясын тұрақты ұстап тұру мүмкін емес. Дәріханада пенициллиндермен жиі: көз, мұрын және құлақ тамшылары, қуыстарды жууға арналған ерітінділер, ұнтақтар, сеппелер, көзге арналған және дерматологиялық жағар майлар дайындалады.

Құрамына пенициллин кіретін дәрілік түрлерді, басқа антибиотиктер секілді, пенициллинді пенициллиназадан қорғайтын, асептикалық жағдайда дайындау керек.

Қуыстарды жууға арналған бензилпенициллин тұздарының ерітінділерін және көз тамшыларын асептикалық жағдайда, натрий хлоридының изотондық ерітіндісінде дайындайды.

Сапасын бағалау. Дайындалған көз тамшылардың, суппозиторийлердің, ұнтақтардың, жағар майлардың сапасы жалпы талаптар бойынша жүргізіледі:

- құжаттарды (рецепт, бақылау паспорт);

- безендіруді;

- буып-түюді;

- түсін, иісін;

- механикалық қоспалардың болмауын;

- біркелкілігін (суспензиялық жағар майлар);

- көлемінен (ерітінділер) немесе салмағынан (жағар майлар, суппозиторийлер, ұнтақтар) ауытқуларын тексереді.

Сабақты қорытындылау

1. Дәріханада дайындалатын құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлер номенклатурасы.

2. Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлерді не себепті асептикалық жағдайда дайындайды.

3. Құрамында антибиотиктері бар сулы және спиртті ерітінділерді дайындау ерекшеліктері.

4. Антибиотик мөлшері рецепте көрсетілмесе пенициллин жағар майын қандай концентрацияда дайындайды.

5. Құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлерді босату жағдайлары, сақтау мерзімі.

Йге тапсырма беру

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтарды пайдаланып, бастапқы білім деңгейін тексеру. Келесі тапсырмаларды конспектілеу қажет:

Тапсырма 1.Берілген рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау.

 

 

ДӘРІС N 15

Дәріс тақырыбы: Балаларға арналған дәрілік түрлер. Нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрілік түрлер технологиясының ерекшеліктері.

Сағат саны: 2 сағат

Сабақ түрі:теориялық

Сабақтың мақсаты Балаларға арналған дәрілік түрлерді дайындауды, олардың сапасын бағалауды және босатуға безендіру.

Материалдық-техникалық жабдықталуы:

А) техникалық құралдар:Графпроектормен тақырып бойынша рецептерді демострация жасау.