Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау

Оқушылардың назарын жаңа тақырыпты зерттеуге және меңгеруге бағыттау. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен және өзектілігімен таныстырады.

Ветеринария міндетіне ауылшаруашылық жануарлары ауруларының алдын-алу және ауырған жануарға дер кезінде емдік жәрдем көрсету кіреді. Жануардарға емдік көмек ветеринариялық емдеу мекемелерінің торабында жүргізіледі. Оның ветеринариялық дәрілік түрлер дайындайтын дәріханалары болуы керек. Дәріханаларда ветеринарлық дәрілік түрлерді дайындауға және босатуға рецепт қабылданған МФ ІХ және Х басылымдарына негізделеді. Бұл құжат ветеринариялық мекемелер үшін де міндетті болып табылады.

Ветеринариялық дәрілік түрлерге арналған рецептер жазудың жалпы ережесі бойынша жазылады. Олардың ветеринариялық дәрігерлер және фельдшерлер жазады.

Рецепте жануарлар туралы келесі мәліметтер міндетті түрде болуы қажет: жануардың түрі, аты (майда жануарлар үшін нөмері), жас жануарлардың - жасы, шаруашылық аты немесе иесінің фамилиясы.

Ветеринарияда медициналық іс-тәжірибеде қолданылатын сол дәрілер қолданылады. Сонымен қатар ветеринариялық рецептурада қолданыуына байланысты кейбір ерекшеліктері болады.

Ветеринариялық рецептураның ерекшеліктеріне жатады:

1. Медициналық практикада қолданудан шыққан немесе қолданылмайтын кейбір дәрілік түрлердің қолданылуы. (наганин, ареколин және т.б.)

2. Дәрілік заттардың дозалануы, дәрілік түрлердің салмағы және көлемі басқаша болуы.

3. Дәрілердің исін дәмін жақсартатын заттардың медициналық іс тәжірбиемен салыстырғанда жиі қолданылуы.

4. Қазіргі уақытта медициналық іс-тәжірбиде қолданылмайтын кейбір дәрілік түрлердің қолданылуы (болюстар, ботқалар және т.б.)

Ветеринарияда медициналық қолдануға арналған дәрілік заттардан басқа жануарларды емдеуге арналған арнайы заттар. Ареколин бромгидрат, нагин, шпан, шіркейінің пластырі, ірің соратын колодии, ақ марал қурайдың тұндырмасы, марал қурайдың тамыры, сабадилла дәндері, антифибрин, арренал, атоксил, вакцина және қан сары суының бір қатар препараттары.

Әр түрлі жануарлардың сол немесе басқа медикаментке сезімталдығы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, мысықтар жүрек гликозидтеріне, шүйгіншөп тұндырмасына, фенилсалицилатқа, фенолға өте сезімтал, апоморфинге аз сезімтал, құстар стрихнинге аз сезімтал, ірі қара малдар каломельге және т.б. өте сезімтал.

Ветеринарияда иісті және дәмді жақсарту үшін әр түрлі заттар қолданылады. Мысалы, жылқы және қойлардың дәрілеріне тұзды заттар (ас тұзы), ешкі және ірі қара малдарға қышқыл заттар, шошқа және иттерге тәтті заттар қосады. Дәрілердің иісін жақсарту үшін эфир майларын немесе эфирлі-майлы өсімдіктерді қосады. Ішуге арналған дәрілерді жануарларға өздері жақсы көретін тамағына араластырып береді.

Сыртқа қолдануға арналған дәрілерді, кейбір жағдайда оларды жолатпау үшін дәрілеріне исі немесе дәмі жағымсыз заттар қосады.

Сабақты қорытындылау

1. Қандай ұйымдардың ветеринарлық дәрілік түрлерді дайындауға құқықтары бар?

2. Жануарларға рецепт жазу ерекшеліктері.

3. Жануарларды емдеу кезіндегі дәрілік заттарды дозалау ерекшеліктері.

4. Ветеринарлық тәжірибеде қолданылатын корригенттер.

5. Ветеринарлық дәрілік түрлер дайындау үшін қолданылатын көмекші заттар.

6. Ветеринарлық тәжірибеде қолданылатын дәрілік түрлер номенклатурасы.

7. Жануарларға қолданылатын әртүрлі дәрілік түрлерді дайындау ерекшеліктері.

Йге тапсырма беру

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтарды пайдаланып, бастапқы білім деңгейін тексеру. Келесі тапсырмаларды конспектілеу қажет:

Тапсырма 1.Рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау.

1. Итке стакан суға 1 ас қасықтан шай сияқты бер.

2. Итке күніне 1 ұнтақтан (гастроэнтеритте).

3. 1 ас қасықтан жылқының жеміне (шемен, водянка ауруы кезінде).

4. Жылқыға азанда сумен бірге (аскаридозада).

5. Жылқыларға арналған наркотикалық клизма.

6. Итке әрбір сағаттан кейін 1 ас қасықтан.

7. Итке күніне 10 тамшыдан 3 рет.

8. Жылқыларға.

9. Шошқа 1 қабылдауға.

10. Ішуге. Шошқа 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

11. Жылқының венасына 1 иньекциядан пневмония кезінде.

12. Жылқыға арналған сабындар.

ДӘРІС № 4

Дәріс тақырыбы:Гомеопатиялық дәрілік түрлер

Сағат саны: 2 сағат

Сабақ түрі:теориялық

Сабақтың мақсаты. Гомеопатиялық емдеу әдісінің және гомеопатиялық дәрілік түрлерді дайындау негіздерімен танысу.

Материалдық-техникалық жабдықталуы:

А) техникалық құралдар:Графпроектормен тақырып бойынша рецептерді демострация жасау.