КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ

Корпоративтік табыс салығы

 

Серіктестік салық жылында салық салынатын табыстары бар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілерге ҚР Ұлттық банк мекемесінен басқа заңды тұлғалар жатады. Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған самасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндардың сомасын шегереді.

КТС салу объектілері мыналар болып табылады:

-Салық салынатын табыс;

-Төлем көзінен салық салынатын табыс;

Бухгалтерлік пайда (зиян) – салықтық төлемдерді шегергенге дейінгі заңды тұлғаның қарапайым қызметі мен төтенше жағдайлардан алған пайда (зиян) сомасы. Серіктестікнің міндеттемелері бойынша табыс салығы пайда алу кезеңінде шегетін шығыны ретінде қарастырады. Есепті кезеңде пайда болған уақыттық айырмалардың салықтық әсері салықтық төлемдер сомасына кіреді және бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған салық бабында көрсетіледі. Уақыттық айырмалар – бұл есепті кезеңдегі салық салынатын пайда мен бухгалтерлік пайда арасында айырмашылық, олар табыс пен шығындардың кейбір баптарының салық салынатын пайдаға апарылатын кезеңі мен бухгалтерлік пайда ретінде танылатын кезеңі сәйкес келмецәнен пайда болады. Уақыттық айырмалар бір кезеңде пайда болып, келесі кезеңдерде жойылады. Ал тұрақты айырмалар – бұл салық салынатын пайда мен бухгалтерлік пайда арасындағы ағымдағы кезеңде пайда болып, келесі кезеңдерде жойылмайтын айырмашылықтар. Олар: оң курстық айырма; несие пайызы; табыс есептелгеннен 2 жыл аралығында өтелмеген күмәнді қарыздар сомасы; 3 жыл аралығында қолданыстағы мүлікті сатудан шеккен шығындар; салықтар мен алымдар; айыппұлдар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

Табыстар мен шығындар баптарының бір бөлігі бухгалтерлік есепте бір бөлігі есепті кезеңде есепке алынып, салықтық есепте келесі есептң кезеңде танылатындықтан пайда болған уақыттық айырмалар: есептелген, бірақ алынбаған табыстар; есептелген, бірақ төленбеген шығындар; өткен кезеңдерде есептелген өтелген шығын сомалары; бухгалтерлік есепте негізгі құралдарды есептен шығару кезіндегі және салықтық есепте құндық топқа жатпайтын айырмашылықтар; 15% жоғары жөңдеу сомаларының есебінен топтық құндық балансының ұлғаюы.

Салық төлеушілер КТС төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін КТС жөніндегі декларация бойынша есептелген КТС салығын төлеу есебәне жатқызылады.. Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Серіктестік 10 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады, ал салық кезеңі 1 қаңтардан – 31 желтоқсан аралығында.

Табыс салығын есептеу барысында бухгалтерлік есепте 7110 «Табыс салығы бойынша шығындар»- шоты дебеттелініп, 3110 «Төленетін ағымдағы табыс салығы»- шоты кредиттелінеді.

Жеке табыс салығы

 

Қызметкердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердің салық жылы ішінде төлем көзінен салық салынатын табысына ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұлғаю нәтижесімен ай сайын жүргізіледі.

Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкерді жұмыстан шығару кезінде салық агенті нақты жұмыс істелген кезең үшін алынған табысты негізге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеуді жүргізуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп - қисап беруге міндетті.

Жұмыс орнын өзгерткен кезде жеке түлға жаңа жүмыс орны бойынша салық агентіне жұмыс істеген кезеңде алған табысы мен төленген салық туралы бұрынғы жұмыс орнынан есеп-қисап беруге тиіс.

Төлем көзінен салық салынатын біржолғы төлемдерден түскен табыс

Біржолғы төлемдерден түскен табысқа, өздерінің қызметіне байланысты жеке кәсіпкердің, жеке нотариус пен адвокаттың кіріс бойынша төлемдерін қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық - құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлеалар төлейтін басқа да біржолғы төлемдер жатады.

Салық сомасын есептеу жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын біржолғы төлемдерден түскен табысқа ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

Төлем көзінен салық салынатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері

Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудің тиісті айына Қазақстан Республика-сының заң актісімен белгіленген айлық есептік көрсеткіш сомасына азай-тылған төлемдер жатады.

Салық сомасын есептеу, жеке табыс салығының сомасы СҚ 153-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен есептеледі.

Төлем көзінен салық салынатын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс

Салық сомасын есептеу жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға ставканы қолдану жолымен есептеледі және СҚ 131-134-баптарына сәйкес ұсталады.

Серіктестік жеке тұлғалардан ЖТС есептептелуі мен бірқалыпты есептеу ставкалары мен коэффициенттері қолдану арқылы бекітілген, әрекет етуші салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Салық кодексі бойынша салық төлеушілердің төлем көзіне салынатын табыстарына қолданылатын бірнеше ЖТС ставкалары қолданылады, серіктестікте қызметкердің ЖТС сомасы салық жылына төлем көзінен салынатын қызметкердің табысына 10 пайыз ставкасын қолдану арқылы есептеледі. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ЖТС есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.

ЖТС бойынша есептеулер мен ұсталымдар ай сайын табыс төлену күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, келесі айдың 15-нен кешіктірілмей салықтық аударымдарды жүзеге асырады. Серіктестік ЖТС бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді немес электрондық желі арқылы арнайы салықтық сайтына жіберуі мүмкін. ЖТС есептелуі: 3350 -3120

Айлық еңбекақы мөлшері -91500 тг

91500*10% (міндетті зейнетақы жарнасы) =9150

91500-9150=82350-14952 (минималды жалақы мөлшері) =67398

67398*10% (ЖТС) =6739,8

 

3.3 Әлеуметтік салық

 

ҚР 1999 жылғы 17 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік салықта бұған дейінгі жол салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық алымдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі қарастырылған.

Серіктестіктің төлеуге тиісті салық түрі - әлеуметтік салық. ҚР Салық кодексіне сәйкес ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметін ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері мынадай ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді:

Кесте 7 - Әлеуметтік салық төлеу ставкалары

Қызметтекерлердің салық салынатын табысы Ставкасы
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін салық салынатын табыс сомасынан 20 %
15-тен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 %
40- тан 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін одан асатын сомадан 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы +12 %
200-ден 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін одан асатын сомадан 200 еселенген жылдық есептік көрсеткіш-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 %
600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке бастап және одан жоғары 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 %

Әлеуметтік салық сомасы салық салу объектісіне белгіленген ставка мөлшерінде ай сайын есептелініп, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке төленіледі. Арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық ставкалары Салық кодексінің 374-384 баптарында белгіленген. Олар әлеуметтік салықты Салық кодексінің 374-390 -баптарында белгіленген тәртіппен есептейді.Әлеуметтік салықты есептеу Салық кодексінің 316-бабына сәйкес анықталған әлеуметтік салық салу объектісіне 317-бапта белгіленген ставканы қолдану арқылы ай сайын жүргізіліп отырады.

Әлеуметтік салықтың ерекшелігі – оның салық салу объектісі еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Заңды тұлғалар үшін салық салу объектісі болып жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін ақшалай және натуралды формадағы табыстары, әлеуметтік және материалдық түрдегі жұмыс берушінің ұсынған игіліктері табылады. Салық ставкасы 11 пайыз. Серіктестікте салық ай сайын есептеліп, салық төлеушінің тіркелу орны бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей төленіп отырады, ал декларацияны тоқсан сайын салықтық органдарға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей ұсынады.

Әлеуметтік салықтың есептелуі: 1620, 7110, 7210, 8110, 8310, 8410, 3150

 

Осылған құн салығы

 

Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады.. Серіктестік ҚР қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде. ҚҚС тауарлар мен қызметтердің өндірісі немесе айналымы кезіндегі құн өсіміне салынатын, сатылған тауарлар мен қызметтерге есептелген ҚҚС сомалары арасындағы айырмашылық ретінде анықталған бюджетке төленуге тиісті салық болып табылады. Серіктестікте ҚҚС объектісі салық салынатын айналым болып табылады.

Салық салынатын айналым ретінде жұмыс пен қызметтерді өткізуден табыс анықталады. ҚҚС 3130 «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебетіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтау-шыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төленген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС өткізілген өнім, орындалған жұмыс немес көрсетілген қызмет үшін есептелген ҚҚС сомасымен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындалған жұмыстары үшін төленген ҚҚС сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. ҚҚС мөлшері ҚР-ның салық заңында белгіленеді. (12 пайыз)