Медициналық симуляцияның сценариы

Клиникалық жағдай: «Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтрация фазасындаТМБ(-)».

Жағдай:Сіз – қалалық емхананың дәрігерісіз. Қабылдауда - дәрігерге қаралуға келген анасымен бірге 12 жастағы ер бала.

- Анамнезді жинап, науқасты қараңыз.

- Клиникалық-лабораториялық, аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдаңыз.

- Клиникалық жіктемеге және ауру жағдайына сәйкес болжам диагнозын қойыңыз.

- Науқасты жүргізуі және емдеу жолын анықтаңыз.

Қорытынды нәтиже:

- Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезімен науқастың сұрастыруын және фикальды тексеруін жүргізу.

- Тексеру белгілерін талдау: жалпы қан және зәр сараптамасы, биохимиялық анализ, туберкулиндік Манту сынамасы мен диаскинтест, ТМБ-на қақырықты зерттеу: бактериоскопия, G-xpert, ВАСТЕС, кеуде торы ағзаларының рентген-томограммасының нәтижесі.

- Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезімен науқастың жүргізу жолы және емі.

Бағалық парақ (чек-парақ)

«Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі» бойынша клиникалық жағдай.

 

№№ Қадамдар Балмен бағалау
Дұрыс орындады Ескертулер-мен орындады Орында-ған жоқ
1. Шағымдарды және анамнезді жинау 1,0 0,5
2. Кеуде ішілік лимфа түйіндері туберкулезінің ауырлық белгілерін анықтау. 1,0 0,5
3. Физикальды тексеруді жүргізу – науқастыжалпы қарау. 1,0 0,5
4. Туберкулезге қарсы иммунизациясының тийімділігін бағалау (БЦЖ вакциналауы) 1,0 0,5
5. Тыныс алу жүйесін зерттеу. 1,0 0,5
6. Жүрек-тамыр жүйесін зерттеу. 1,0 0,5
7. Болжам диагнозы. 1,0 0,5
8. Тексеру жоспарын құрастыру. 1,0 0,5
9. Салыстырмалы диагностиканың жоспары. 1,0 0,5
10. Микробиологиялық диагностиканың нәтижелерін талдау. 1,0 0,5
11. Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау. 1,0 0,5
12. Теріішілік Манту сынамасының және диаскинтесттің нәтижелерін талдау. 2,0 1,0
13. Кеуде торы ағзаларының рентген-томограммасын талдау. 2,0 1,0
14. Науқастың жүргізуі жолы және дәрігердің тактикасы (науқастың ауру түрі мен санаты).   1,0 0,5
15. Химиотерапия тағайындау. 1,0 0,5
16. Емдеу нәтижелілігін қадағалау. 1,0 0,5
17. Науқаспен оңтайлы қарым-қатынасты орнату және баланың мазасыздануын жою. 2,0 1,0

Ең жоғары балл (максимал) – 20,0.

 

Стандартталған әртіске (науқасқа) арналған сценарий мәтіні және оның ролін сипаттау:

Қалалық емханаға 12 жастағы бала анасымен дәрігерге қаралуға келді. Шағымдары: екі көзінің қызаруы, ісінуі және былшықтануы (гнойное отделяемое).

 

Берілетін сұрақтар Әртіске арналған сұрақтардың анықтамасы Жауаптар (анасының айтуы бойынша)
Аурудың басталуы, симптомдары. Балаңыздың осы жағдайын немен байланыстырасыз? Салқын тигеннен кейінгі пайда болған тұмаумен (ЖРВИ) байланыстырамын.
Сырқат қалай басталды? Таңертең, үйқыдан кейін баламның екі көзінің қызаруын, ісінуін және былшықтануын байқадым. Жалпы қал-жағдайы жаман емес болды.
Соңғы кездері (шамамен бір айдай) сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз? Баланың айтуы бойынша: қазір, сіздің сұрағыңыздан кейін, менің есіме түсіп отыр – соңғы кездері, 2-3 аптадай әлсіздіктің пайда болуы, тәбетімнің нашарлап кеткенін байқадым.
Түңгі тершеңдік мазалай ма? Иә, баламда түңгі тершеңдік пайда болды, үйқыдан түрғаннан кейін жастықтың ылғалдануын байқадым.
Аурудың тағы да қандай белгілері болды? Жөтел? Қақырықтың бөлінуі? Түмау, мұрыннан шырышты бөлінділер, жөтеліңкіреу. Қақырық болған жоқ.
Емханалық ем Дәрігерге қашан қаралдыңыздар?   Ем тағайындалды ма? Сол күні педиатр мен окулистке қаралды. Қойылған диагнозы: ЖРВИ. Жедел конъюнктивит. Ем тағайындалды.
Ауртпалық факторларды талдау Тұмаумен жиі ауырады ма балаңыз? Иә, педиатрдың есебінде тұмаумен жиі ауыратындар тобында диспансерлік тіркеуде тұрады.
Қосарланған аурулар Осы кезеңге дейін балаңыз қандай аурулармен ауырды? ВИЧ, гепатит болды ма? Тұмаудан басқа ештең емен ауырған жоқ.   Жоқ, ауырған жоқ.
Әлеуметтік -тұрмыстық факторлар Отбасыңызда туберкулезбен ауырғандар болды ма?   Сізді және отбасы мүшелеріңізді осы жағдайға байланысты туберкулезге қарсы диспансерге тексерілуге шақырды ма? Күйеуіңізді ауруханаға жатқызғаннан кейін үйіңізде қандай іс-шаралар жүргізілді? Сіз қайда тұрып жатырсыз, мекен жайыңыз? Отбасыңызда неше адам, жүмыс істейтіндер бар ма? Менің жұбайым (баланың әкесі) былтыр 2 ай бойы ауруханада емделген, содан кейін уйде емін жалғастырды, сонда біраз уақыт дәрі-дәрмектерді қабылдап жүрді. Кейін оның өкпе туберкулезімен ауырғанын білдім, бірақ оның айтуы бойынша туберкулездің жабық жұқпайтын формасы болды. Иә, шақырды, бірақ мен барған жоқпын, өйткені жұмыстан шығалмадым.   Ешқандай шара өткізілмеді, уйге келген адамдарды көрмедім немесе мен жұмыста болған кезде мүмкін келген шығар. Біз жатақханада тұрамыз, бір бөлмеміз бар.   Отбасымды 4 адам құрайды - мен, жүбайым және 2 балам. Жұмыс істейтін және қаражат табатын тек қана мен – асханадағы аспазшымын.

Анамнез:

Аурудың анамнезі: баланыңнауқастанғанына үш апта болды. Ауру тұмау тәрізді басталды: мұрыннан жиі шырышты бөлінділер, жөтеліңкіреу мазалаған. Сол кезде екі көзінің қызаруы, ісінуі және былшықтануы байқалды. Жалпы қал-жағдайы қалыпты. Соңғы 2 - 3 апта бойы әлсіздіктің пайда болуы, тәбеттің нашарлауы байқалды. Дәрігер педиатрға және окулистке қаралуға барды. Қойылған диагнозы: ЖРВИ. Жедел конъюнктивит. Ем тағайындалды: жиі көп мөлшерде сусынды қабылдау, әр 3 сағат сайын антигриппин, ингавирин таблеткасын куніне 1 мәрте. Окулистың емі: күндіз 0,25% левомицетин ерітіндісін әр 2 сағат сайын екі көзге тамызу, түнге тетрациклин көз майын төменгі қабақтың ішіне жағу. Науқастың жағдайы қабылдаған емнен кейін жақсарды. 3–5 күн арасында тұмау белгілері жойылды, жөтел мазалаған жоқ. Көздің қызаруы азайған, бірақ ісінуі, көз шелінің қызаруы, таң ертең былшықтануы сақталуда.

Өмір анамнезі: науқас 2 жүктілік пен туыттан, өсуі мен дамуы жасына сай. Алдын алу екпелер күнтізбелік жоспар бойынша. Педиатрда тұмаумен жиі ауыратындар тобында диспансерлік тіркеуде тұрады. Манту сынамасы 3 жасында – папула 10 мм, 7 жасында – 12 мм. Нормергия бойынша педиатрда және фтизиатрда тексерілген жоқ. Соңғы жылдары туберкулин сынамасы жүргізілмеді. Плеврит, АИТВ-инфекциясымен ауырмаған. Зиянды әдеттерді жоққа шығарады. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қанағаттанарлықсыз – жатаққананың бір бөлмесінде 4 адам тұрады. Отбасының материальдық табысы төмен. Жұмыс істейтін тек анасы – асханадағы аспазшы.

Эпидемиологиялық анамнез: баланың әкесі бактерия бөлінусіз өкпе туберкулезінен былтыр 2 ай бойы ауруханада жатып емделген, содан кейін уйде емін жалғастырды. Анасының айтуы бойынша, отбасы мүшелері туберкулезге қарсы диспансерге фтизиатрмен шақырылмады және тексерілген жоқ, туберкулез инфекция ошағында алдын алу іс-шаралар жүргізілмеді.

Объективті: Бойы 137 см және салмағы 32 кг. Интоксикация белгілеріне байланысты, жалпы жағдайы орташа ауырлықта, көңіл-күйі жақсы. Есі анық, дене бітімі астеникалық. Тері жабындылары құрғақ, бозғылт, таза, серпімділігі сақталған. Дене қызуы 36,5о – 36,9о. Сол жақ иығында бір БЦЖ тыртығы анықталады - 3 мм. Шеткі лимфа түйіндері: шүйде, мойын, бұғана үсті-асты, қолтық, шынтақ және шап топтары 2-3 көлемге дейін сезінеді, олар серпімді, ауру сезімінсіз, жылжымалы. Тыныс алуы мұрын арқылы бос.

Кеуде торы астеникалық, деформациялар жоқ, пальпациясы ауру сезімінсіз, тыныста екі жағы да симметриялы бір қалыпта қатысады. Өкпенің экскурсиясы сақталған. ТАЖ – 20 мин.

Өкпенің салыстырмалы перкуссия кезінде кеуденің алдынғы бетінен оң жақ парастернальды аймағында және артқы бетінде жауырын арасы аймағында перкуторлы дыбыстың түйықталуы анықталады. Өкпенің қалған симметриялы аймақтарында – анық өкпелік дыбыс. Өкпенің топографиялық перкуссиясында алдынғы бетінен оң және сол жақ өкпенің ұштарының тұру биіктігі бүғанадан 2 см-ге асып түр; артқы бетінде жетінші мойын омыртқасының қылқанды өсіндісінің маңында орналасқан, Крениг аймағының ені оң және сол жағында 4,0 см қүрайды. Өкпе шетінің жылжымалығы ортаңғы бүғаналық линия бойынша оң жақта – 2 см, ортаңғы аксиллярлы линия бойынша оң және сол жақтан – 4 см, жауырын линиясы бойынша оң және сол жақтан – 3 см. Траубе кеңістігі сақталған. Өкпенің аускультациясында екі жақтан да везикулярлы тыныс естіледі.

Жүрек үндері анық, дауысты, бәсеңдеу, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 82 рет мин., ҚҚ – 110/70 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз, бауыр мен көк бауыр ұлғаймаған, зәр шығаруы қалыпты.