Рельс жұмыстары және белгіленуі

Жолдың жоғары құрылымына рельс, шпал, баласст жатады. Дөңгелектің қысымын рельс қабылдайды, берілетін қысым 10-12 тоннаға дейін жетеді. Рельс – жолдың жоғарғы құрылымының маңызды элементі. Рельс жылжымалы составтың жүктемесін қабылдайды және оны төменде жатқан элементтерге жібереді, дөңгелектің жүрісін беттейді. Рельс ерекше болаттан жасалады оның құрамына: темір, кремний және басқа да химиялық элементтер қосылады. Рельс үш бөлімнен тұрады.

Жылжымалы составтың тік жүктемесінің әсерінен иілетін жерге рельс жақсы тойтарыс беру үшін оның мойыны салыстырмалы түрде, ұзын болу керек. Рельстің келесі түрлері болады:

Р-43, Р-50, Р-65, Р-75.

Стандарт бойынша рельстің ұзындығы 25 м. Берілген рельстің түрлерінде сандар 1 метрдегі рельстің салмағын білдіреді.

Шпал – екі маңызды міндетті орындайды:

1-ші. Ол жүктемені рельстен қабылдап, баласстқа жібереді.

2-ші. Колеяның енің және жолдың тұрақтылығын сақтайды.

Колея – дегеніміз екі рельстің арақашықтығы, оның ені 1520 мм ( 4 мм).

Мысалы Қытайда колеяның ені 1435 мм.

Шпалдардың 2 түрі болады:

1. Ағаш;

2. Темір бетон.

Шпалдардың ұзындығы 2,75 мм. Ағаш шпалдың құндылығы келесіде: жақсы серпімділік береді, қолдануда оңайшылық, бағасы арзан.

Кемшіліктері: көп ағаш кетеді және ұзақ қызмет көрсетпейді (12-15 жыл). Ағаш шпал шірімеу үшін креозит пен сіңдіреді.

Темір-бетондық шпалдың құндылығы келесіде: ағашты сақтайды, ұзақ қызмет көрсетеді, берілетін үлкен жүктемені жақсы көтереді.

Кемшілігі: жөндеу жұмыстарын атқарғанда өте ауыр, темір-бетондық шпал өте осап.

Рельсті шпалға бекітудің екі әдісі болады:

1. Балдақпен;

2. Бұрандалы шегемен.

Балассты қабат

Балассты қабатқа белгіленген геометриялық үлгі бойынша гравийден, азбестік қалдығынан щебеньнның арнайы машиналар және құрылғылар бойынша келтіреді.

Балассты қабаттың міндеті:

1. Поезд жүктемесінің жерінен рельс – шпалдық тордың тік, бүйірлік

және көлденең қозғалысынан керекті тойтарыс беру.

2. Рельстерден қабылданған қысымды бір келкі жер төсемінің бетіне бөлу

және өтіп бара жатқан жылжымалы составтың соғу жерін жұмсарту.

3. Жолдан жер бетіндегі суды ағыздыру және шпалдардың негізін

суландырмау.

Балассты қабаттың жабдықтары мықты болуға тиісті, өйткені механикалық бұзылуына қарсылық көрсету керек, жолға жоғары тұрақтылық беру керек, суды жақсы өткізу керек, аязға мықты болу керек, жөндеу жұмыстарына ұсақталынбау керек, желдің жеріне шыдау керек, жауынның әсерінен шайылмау керек. Аталған барлық талаптарға сәйкес келетін щебень.

Гравий мен құмды 25 млн т км/ жылына жүк құаттылығымен линияларда қолданылады. Азбестік қабат шпалдың қозғалуына, жақсы тойтарыс береді, суланбайды, жолдың тегістеуіне ыңғайлы.

Рельс бекітулері. Қарсы бекітпелер

 

Рельс жолы дегеніміз бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан екі үздіксіз рельс желісі. Ол желі рельстерді шпалдарға және жеке рельс буындарын бір-біріне өзара бекіту арқасында жасалады. Рельстерді шпалдарға аралық бекітулер арқылы орнықтырады. Олар рельспен шпалдың берік және айтарлықтай серпімді байланысын, екі рельстің аралығын бір қалыпта ұстауын және рельстердің ішіне қарай еңістігін сақтауын, бойлық жылжуын және рельстердің аудармауын қамтамасыз ету керек.

Аралық бекітулер 3 түрге бөлінеді:

1. Тұтас бекіту;

2. Аралас бекіту;

3. Бөлек бекіту.

Тұтас рельспен төсеніштер шпалдарға балдақпен немесе бұрандалы шегелермен бірге бекітіледі, ал аралас бекітуде төсеніштер шпалдарға өз алдына қосымша шегелермен бекітіледі.

Бөлек бекітулерде рельс төсеніштерге қатты немесе серпімді қысқыштармен және қысқыш бұрандалармен, ал төсеніштер шпалдарға бұрандалармен немесе бұрандалы шегелермен бекітіледі. Бөлек бекітулердің артықшылықтарына олардың төсеніштерді шпалдардан босатып алмай ақ рельсті алмастыру мүмкіндігі, бойлық күшке қарсы кедергілерінің күштілігі, рельстер аралығының тұрақтылығының сақталуы жатады.

Сондықтан кәзір қымбаттырақ әрі құрылысы күрделірек болса да, біртіндеп соларға көшуде. Одан басқа бөлек бекітулер жолдың ығысуына қарсы қосымша бекітпелерді керек етпейді және басқа бекітулермен салыстырғанда олардың пайдалану қаражатын азайтады.

Тұтас және аралас бекітулерді пайдаланғанда жол ығысуын болдырмау үшін қарсы бекітпелер пайдаланылады. Ол рельс табанына қысып бекітілген және өзінің төменгі иікімен шпалға тіреліп тұратын серпімді қапсырма (скова). Өзі сыналатын қарсы бекітпе (самозаклинивающиеся) қапсырмамен сына тіреуішінен тұрады. Олар шпалға тіреліп тұрады және рельс ығысарда одан сайын сыналады. Серпімді қарсы бекітпе сыналыға қарағанда женілірек, өйткені әр бір бөліктен тұрады, ол қос жолдарда да және дара жолдарда қолданылады, оны күтуге жұмыс күші аз кетеді 25 м рельс буындарына 18-44 далаға дейін қос бекітпелер салынады.