Кәсіпорынның мүліктік жағдайына сипаттама

 

Келесі кезекте жалпы кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдауға көше отырып, оның табыс табуда активтерінің қандай бөлігі белсенді түрде қызмет ететіндігін байқауға болады.

Баланстағы активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттелді. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың ұтымды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі талдау кестесін құратын болсақ, ол төмендегідей:

Кесте 2

«Шығыс Құрылыс Элит» ЖШС -ғы баланс активтерінің

құрамы мен құрылуы

 

Көрсеткіш тер     2010 жыл   2010-2011 жж. өзгеріс (+,-) 2012 жыл 2011-2012 жж. өзгеріс (+,-)
Сомасы мың тг. Үлесі,% Сомасы мың тг.   Үлесі,% Сомасы мың тг. Үлесі,% Сомасы мың тг. Үлесі,% Сомасы мың тг. Үлесі,%
Активтер құны, соның ішінде: -357095 -15
1.1. Ұзақ мерзімді активтер: 1160 358 -53999 -4
  а) негізгі құралдар -40641 -4
  ә) материалдық емес активтер 1,8 - 17903 -25 1,8 -17763 -33
  б) басқа да ұзақ мерзімді активтер   0,3 - 0,2
1.2. Ағымдағы активтер -303096 -26
  ә) өндіріс қорлары -24989 -8
  ә) ақша қаражаттар және олардың активтері 0,2 -42357 -90
  б) қысқа мерзімді дебиторлық қарыз -274838 -55

*“Шығыс –Құрылыс Элит”ЖШСның қаржылық есебі

 

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2010-2011 жж. - 399 569 мың теңгеге немесе 20 %-ға артқандығын, ал 2011-2012 жж. – 357 095 мың теңгеге немесе 15 %-ға азайғанын көруге болады. Бұл кәсіпорын жұмысының теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін анықтау қажет.

Ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициенті – қарызды өтеуге арналған қаражаттар үлесін сипаттайды.

Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі 2010 жылы – 0,47, 2011 жылы – 0,49, ал 2012 жылы -0,43 болды.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті деңгейі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5 – тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі 2010 жылы – 0,87, 2011 жылы – 0,96, ал 2012 жылы – 0,74 құрады. Бұл коэффициент деңгейі соңғы жылы иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде азайып отыр.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай – күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды – техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Біздің жағдай бойынша баланс влютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі 2010 жылы – 0,5, 2011 жылы – 0,49, ал 2012 жылы – 0,55 құрайды, соңғы жылы бұл көрсеткіш теориялық мәнінен 0,5 пунктке асып кетіп отыр.

Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

Жоғарыдағы кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері 2010 – 2011 жж. 7 057 мың теңгеге артқан болса,ал 2011-2012 ж. 42 357 мың теңгеге азайған.

Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті 2010 жылы – 0,04, 2011 жылы – 0,04, ал 2012 жылы – 0,006 құрады. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталынатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үесін көрсетеді. Оның азаюы кәсіпорын үшін жағымсыз құбылыс болып табылады

Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары 2010-2011 жж. - 38 %-ға өсті және 82 263 мың теңгені, ал 2011-2012 жж.- 8 %- ға азайды және 24 989 мың теңгені құрады. Бұл жағдай 2010-2011 жылдардағы материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдардың жинақталғанын білдерсе, ал 2011-2012 жж. олардың азайғанын көрсетеді.

Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі 2010 жылы – 232 116 мың теңгені, 2011 жылы – 500 731 мың теңгені құраса, ал 2012 жылы – 225 893 мың теңгені құрады.

2010-2011 жылдардағы дебиторлық неге мұнша көп өскендігін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма – қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Алайда, 2011-2012 жж. дебиторлық борыш көлемінің азайғанын көруге болады. Бұл кәсіпорын үшін оң нәтиже болып табылады.

Келесі кезекте, баланс активінің қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау қажет.

Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол кәсіпорындің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиелерімен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Кәсіпорынның меншікті капиталдың көлемі ғана анықталып қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әртүрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана-бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықталады.

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей кестесі құрылады.

3-кестеден кәсіпорынның 2010-2011 жж. активтерінің қалыптасу көзі 399 569 мың теңгеге немесе 20 % - ға өссе, ал 2011-2012 жж. ол 357 095 мың теңгеге немесе 15 % - ға азайғанын көруге болады. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін дәлелдемейді.

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі 2010 жылы – 0,76 , 2011 жылы- 0,7, ал 2012 жылы – 0,62 болды. Бұл көрсеткіш алғашында біршама өскенімен, соңғы жылы оның шамасы азайып отыр.

 

Кесте 3

«Шығыс –Құрылыс Элит» ЖШС авансталған капиталының құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер     2010 жыл   2010-2011 жж. өзгеріс (+,-) 2012 жыл 2011-2012 жж. өзгеріс (+,-)
Сомасы мың тг. % Сомасы мың тг.   % мың тг. % Сомасы мың тг. % мың тг. %
Авансталған капитал, соның ішінде: -357095 -15
1.1. Меншікті капитал
1.2. Қарыздық капитал -414787 -25
  а) қысқа мерзімді: -104881 -17
  б) ұзақ мерзімді:   -309906 -30

*“Шығыс -Құрылыс”ЖШСның қаржылық есебі

 

Келесі кезекте, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі меншікті капиталдың авансталған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым кәсіпорын мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Біздің кәсіпорынымызда бұл коэффициент келесі мәндермен сипатталады:

2010 жылы- 0,3

2011 жылы- 0,4

2012 жылы- 0,6

Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайды. Бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әртүрлі тенденцияларды көрсететін және көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасна қатынасымен анықталады. Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол 2010 жылы – 0,5, 2011 жылы- 0,6, ал 2012 жылы – 0,7 болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.

Меншікті, қарыз және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әртүрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың құрылымын және оның есеп беру кезіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады.Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.

Меншікті айналым қаражаттары 2010 жылы - (-579 402) мың теңгені, 2011 жылы - (-501 655) мың теңгені, ал 2012 жылы - (-389 964) мың теңгені құрады. Бұл кәсіпорында меншікті айналым қаражаттарының жоқтығын білдіреді.

Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.

Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жұмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді. Қаржылық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңды деп сипаттайды: бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған. Сондықтан жұмсау коэффициентінің өсуі кәсіпорын мүлкінің нақты құрылымындағы мүмкін болатын шектерінде ғана тиімді. Егер коэффициент негізгі құралдардың құнының азаюынан емес, негізгі құралдарға қарағанда меншікті қаражат көздерінің тез өсуіне байланысты көбейсе, онда коэффициенттің жоғарылауы шыныменен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артқандығын дәлелдейді.

Оптимальді мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті >0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек қана қаражат көздерінің құрамымен емес, сонымен бірге қаржылық есеп берудің активтеріне салудың дұрыстығымен де сипатталады.Сондықтан меншікті қаражаттардың құрылымын бағалаумен қатар кәсіпорынның қарыз қаражаттарының құрылымы да қарастырылады.

Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындыларымен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзгерістерін көрсету керек. Біздің кәсіпорынымызда қысқа мерзімді міндеттемелер 2010-2011 жж. 28 195 мың теңгеге артса, ал 2011-2012 жж. ол 104 881 мың теңгеге азайып отыр.

Талдаудағы келесі маңызды жұмыс–кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері – тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын 3 негізгі көрсеткіш анықталады:

1.Меншікті айналым капиталының бар болуы (Ма.к). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен ұзақ мерзімді активтердің арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды.

Ма.к = Мк – Ұа (2.1.)

Мұндағы: Мк- меншікті капитал

Ұа- ұзақ мерзімді актив

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні 2010 жылы – (-579 402), 2011 жылы – (-501 655), ал 2012 жылы – (-389 964) құрады. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақта дамуын көрсетеді.

2.Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (Ма.к/ұз). Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен анықталады.

Ма.к/ұз = Ма.к + Ұм (2.2.)

Мұндағы: Ұм – ұзақ мерзімді міндеттемелер

Ма.к – меншікті айналым капиталы

3. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен анықталады.

НК = Ма.к/ұз + Қн.қ (2.3.)

Мұндағы: НК – негізгі көздер

Қн.қ – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар

Тауарлы-материалдық қорлардың бар болуының 3 көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамыз етілуінің 3 көрсеткіші сәйкес келеді.

1.Меншікті айналым капиталының (Ма.к) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-).

Ма.к = Ма.к – ҚШ (2.4.)

Мұндағы ҚШ - Тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар.

2. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (Ма.к/ұз):

Ма.к/ұз = Ма.к/ұз – ҚШ (2.5.)

3.Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-):

НК = НК – ҚШ (2.6.)

Тауарлы – материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің 3 көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі 4 типке бөлуге мүмкіндік береді:

1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;

2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;

3) тұрақсыз қаржылық жағдайы;

4) дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады.

ҚШ < Ма.к немесе Ма.к > ҚШ (2.7.)

Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Оның үстіне, бұл жағдай ең дұрыс деп қарастырылмауы мүмкін, себебі әкімшілік негізгі қызмет үшін қаражаттың сыртқы көздерін пайдалана алмайды, пайдаланғысы келмейді немесе пайдалануға мүмкіндігі жоқ.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталады.

Ма.к/ұз < ҚШ < НК (2.8.)

Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін әр түрлі “қалыпты” – меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсыз қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталады:

ҚШ > НК немесе НК < ҚШ (2.9.)

Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін “ қалыпты емес” болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.