Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау

 

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында тәуекелді анықтау барысында, оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі жақты қарауға болады. Бірінші жағынан өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігін көрсетеді, ал екінші жағынан, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Өтімділігі жоғары активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді активтер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады. Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздікті “баланстау”сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.

 

Кесте 4

«Шығыс –Құрылыс Элит» ЖШС мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі мен пассивінің мерзімінің шұғылдығы

 

Актив Сомасы, мың тг. Пассив Сомасы, мың тг.
2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл 2012 жыл 2011 жыл 2012 жыл
1. Ең төменгі активтер 1.Неғұрлым тезірек: Төленуге тиіс міндеттемелер
2. Тез өткізілетін активтер 2. Қысқа мерзімді міндеттемелер
3. Баяу өткізілетін активтер 3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
4. Қиын өткізілетін активтер 4. Тұрақты мінедеттемелер
Жиыны Жиыны

*“Шығыс –Құрылыс Элит”ЖШСның қаржылық есебі

 

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3) (2.10.)

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні :

2010 жылы – 0,6;

2011 жылы – 0,8;

2012 жылы – 0,5;

Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.

Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәні 2010-2011 жж.–0,2 пунктке өссе, ал 2011-2012 жж.–0,1 пунктке азайған, бірақ бұған қарамастан көрсеткіштің деңгейі теориялық мәнінен төмен, ал бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының сәйкесінше жылға төмендегенін көрсетеді.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төменде айтылады.

Кәсіпорынның мүмкін болатын төлем қабілеттігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

1) абсолютті өтімділік коэффициенті;

2) аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

3) жалпы өтеу (жабу) коэффициенті;

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады: Ка.ө 0,2 0,5

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі: Кар.ө 1

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады: Кағ.ө 2

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. . Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.

Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып табылады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарын ұтымды пайдаланбауын және олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді.

Кесте 5

ЖШС«Шығыс -Құрылыс» компаниясының ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері

Көрсеткішетер 2010 жыл 2011 жыл 2010-2011 өзгеріс (+,-) 2012 жыл 2011-2012 өзгеріс (+,-)
Сомасы мың тг. Сомасымың тг. мың тг. Сомасы, мың тг. мың тг.
1. Ағымадағы активтер: -303096
1.1. а) ақша қаражаттары және олардың активтері -42357
1.2. ә) қысқа мерзімді дебиторлық қарыз -274838
1.3. б) өндірістік қорлар және басқа да активтер -27751 -24989
2. Қысқа мерзімді міндеттемелер: -104881
2.1. Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар
2.2. Кредиторлық борыш -331194
2.3. Басқа да ағымдағы міндеттемелер -57052 -1687,00
3. Өтімділік көрсеткіштері: - - - - -
3.1. Абсолюттік өтімділік коэффициенті (1.1қ/2қ) 0,07 0,08 0,01 0,01 -0,07
3.2. Аралық өтімділік коэффициенті (1.1қ+1.2)/2қ 0,46 0,88 0,42 0,45 -0,04
3.3. Жалпы ағымдағы өтімділік коэффициенті (1.1қ+1.2қ+1.3қ)/2қ 1,53 1,86 0,33 1,64 -0,22

*“Шығыс -Құрылыс”ЖШСның қаржылық есебі

5-кестенің мәліметтерінен 2010-2011 жж. өтімділік дәрежесінің артқанын көрсек, ал 2011-2012 жж. өтімділік дәрежесінің төмендегенін көруге болады. Осылай 2010-2011 жылдары абсолюттік өтімділік коэффициенті 0,01 бірлікке, аралық – 0,42 бірлікке және ағымдағы – 0,33 бірлікке артса, ал 2011-2012 жж. абсолюттік өтімділік коэффициенті 0,07 бірлікке, аралық – 0,44 бірлікке және ағымдағы – 0,22 бірлікке төмендеді.

Жалпы алғанда өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап бермей отыр, бұл кәсіпорынның төлем қабілеттігінің нашарлығын көрсетеді.

 



php"; ?>