Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының функциялары

5. Өңірлік деңгейдегі СӨСҚ орталықтарының негізгі функциялары мыналар болып табылады:
1) өңірлік деңгейде халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурулардың бастапқы және қайталанған алдын алудың, халық аурушаңдығы көрсеткіштері, демографиялық деректері талдауының, экологиялық және эпидемиологиялық жай-жапсары жағдайларының жалпы бағыттарын анықтау;
2) халықтың денсаулығы, оның өмір салты арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындау және бағалау. Аурушаңдықтың қауіп-қатер факторларының таралушылығын зерделеу, нысаналы өңірлік алдын алу бағдарламаларын, салауатты өмір салтын насихаттау және негізгі әлеуметтік елеулі аурулардың мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу хаттамаларын (бұдан әрі - СӨСҚ хаттамалары) әзірлеу, енгізуді үйлестіру және мониторингі;
3) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға сәйкес мүдделі аумақтық органдармен және ведомстволармен, жергілікті атқарушы органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, СӨСҚ және насихаттау мәселелерінде денсаулық сақтау ұйымдарымен сектораралық іс-қимылды қамтамасыз ету;
4) өңірлік деңгейде СӨСҚ және насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
5) өңірлік деңгейде СӨС насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларды енгізу жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;
6) өңірлік деңгейде аурулардың, жарақаттанушылық пен уланулардың алдын алу, денсаулықты сақтау мен нығайту және сауықтыру мәселелері бойынша медициналық-әлеуметтік зерттеу орталықтарының әзірлемелерін енгізу;
7) өңірлік деңгейдегі халықтың және денсаулық сақтау ұйымдарының арасында СӨСҚ және аурулардың алдын алу және насихаттау мәселесі бойынша әдістемелік, нұсқамалық және ақпараттық-білім беру материалдарын шығару, көбейту және тарату;
8) СӨСҚ және насихаттау, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторлары мәселесі бойынша мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға өңірлік деңгейде консультациялық және практикалық көмек көрсету;
9) республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен және интернетресурстармен жұмыс;
10) аурулардың алдын алу, СӨСҚ және насихаттау мәселелері бойынша медициналық кадрларды даярлау және қайта даярлау мониторингін қамтамасыз ету;
11) СӨСҚ, аурулардың алдын алу мәселелері бойынша өңірлік деңгейлерде мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу көмегін көрсететін білім беру және денсаулық сақтау медициналық ұйымдарының қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау;
12) жастардың қауіп-қатер топтарынан салауатты өмір салтын насихаттау ерік білдірушілерін, лидерлерін, белсенділерін даярлау жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және енгізу.

6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметшілерінің функционалдық міндеттері мыналар болып табылады:
1) БМСК ұйымы қызмет көрсететін аумақта СӨСҚ және насихаттау, аурулардың, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу;
2) БМСК мамандарымен бірлесе отырып, есептік нысандар бойынша бекітіліп берілген халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін талдау және БМСК ұйымдарының алдын алу қызметінің басым бағыттарын айқындау жүргізу;
3) ұйымның қызметін, аурушаңдықты, өңірдің эпидемиологиялық жағдайын есепке ала отырып СӨСҚ және насихаттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және оларды іске асыруды мониторингтеу;
4) мамандарға денсаулық мектебінің, гипертония бойынша мектептің, денсаулық мектебінің жұмысын ұйымдастыру және аурулардың алдын алу және СӨСҚ жөніндегі басшылықты және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және басқалар;
5) алдын алу тексерулерін жүргізуге, СӨСҚ хаттамаларын енгізуге қатысу және оларды ұйымның медицина қызметшілерінің орындау мониторингі;
6) кейіннен диспансерлей және оңалту және сауықтыру іс-шараларын мониторингтей отырып, алдын алу медициналық тексерулерін жүргізуге жәрдем көрсету;
7) БМСК осы ұйымдарының мамандарын СӨСҚ және аурулардың алдын алу мәселесі бойынша ақпараттық материалдарымен қамтамасыз ету;
8) диспансерлік топтармен, дені сау халықпен маскүнемдіктің, нашақорлықтың, темекі шегудің қауіп-қатер факторларының алдын алу мен таралмауы, сондай-ақ аурулардың, қайтадан өршулердің алдын алу жөнінде және сауықтыру іс-шаралары туралы жеке жұмыс жүргізу;
9) созылмалы жұқпалы ауруларды, жарақаттанушылық пен бақытсыз жағдайлардың алдын алу және ерте диагностикалау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жетілдіру;
10) санитарлық-ағарту ақпаратын әзірлеу мен шығаруды қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысқа қатысу;
11) БМСК ұйымына бекітіліп берілген халықты республикалық кең ауқымды акциялар өткізуге қатысуға тарту;
12) қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың арасында ақпараттық-білім беру материалдарын (жадынамалар, үндеухаттар, брошюралар) тарату;
13) білім беру ұйымдарында және қызмет көрсетілетін аумақта орналасқан кәсіпорындарда лекциялар, әңгімелесулер ұйымдастыру және өткізу;
14) СӨСҚ және насихаттау бойынша есепке алуды жүргізу және есеп беру;
15) аурулардың алдын алу, денсаулықты нығайту және СӨСҚ бойынша олардың білім деңгейін анықтау үшін халыққа сұрау (сауалнама, ауызша) жүргізу;
16) балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, медицина қызметшілері мен ата-аналарды гигиеналық оқыту қағидаттарына үйрету, дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша қызметтерін жүзеге асыру;
17) жүкті және бала емізетін әйелдерді және сәбилерді салауатты тамақтану (емшекпен қоректендіру, қосымша тамақтандыру, белсенді тамақтандыру) қағидаттарына үйрету;
18) қызмет көрсетілетін аумақтағы жаңа туған нәрестелерді сараланған бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
19) ата-аналарды дені сау және сырқат балаларға күтім жасау мәселесіне үйрету;
20) медицина қызметкерлерінің СӨСҚ, аурулардың алдын алу және қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың денсаулығын нығайту бойынша атқарылған жұмысын мониторингтеу, олардың іс-шараларды өткізу нормативін орындауы (жұмыс уақытының есебінен 4 сағат);
21) жұмыс жоспарын әзірлеу, оның орындалуын мониторингтеу және басшылықты атқарылған жұмыс пен проблемалар туралы хабардар ету;
22) қызмет көрсетілетін аумақтағы дені сау халықпен СӨСҚ бойынша жұмысты ұйымдастыру;
23) аурулардың алдын алу және қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың арасында СӨСҚ бойынша атқарылған жұмыстың ай сайынғы талдауларын жүргізу.

7. Өңірлік деңгейдегі салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік ұйымдық құрылымы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

8. Өңірлік деңгейдегі салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Қосылу Кіру

Өз елім Зерде Мақалалар Журнал Қазақ елі Жаңалықтар