ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Гуманитарлық факультет

Азақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор - ОӘЖ

жөніндегі проректор

____________ Л. Еркінбаева

«_____» ___________2016 ж.

 

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

Мамандық: 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу түрі: күндізгі

 

 

Талдықорған 2016 ж.

 

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына ф.ғ.к.,аға оқытушы Л.А.Чалтикенова кұрастырған __________

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 05. 2016 ж. № хаттама

 

Кафедра меңгерушісі_______ PhD, аға оқытушы, Рахимова А.М.

 

 

« » 06. 2016 жыл. № хаттама

 

Гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның төрайымы ____________Ш,С.Жаукумова

 

СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016 Ф.4.09-28

 

 

Гуманитарлық факультет

Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

С И Л Л А Б У С

 

 

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні бойынша

5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары үшін

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 2,3,4

семестр: 3,4 5,7

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135

барлық аудиториялық сағат саны: 45

дәріс: 15

практикалық сабақ: 30

СӨЖ (соның ішінде ОСӨЖ) 90

Аралық бақылау: 2

Емтихан :

 

Талдықорған 2016 ж

 

 

СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016 Ф.4.09-27

 

Гуманитарлық факультет

Азақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор - ОӘЖ

жөніндегі проректор

____________ Л. Еркінбаева

«_____» ___________2016 ж.

 

 

 

 

ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу формасы: күндізгі

 

Талдықорған 2016 ж.

 

Оқу - жұмыс бағдарламасын типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына ф.ғ.к.,аға оқытушы Л.А.Чалтикенова кұрастырған __________

 

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 05. 2016 ж. № хаттама

 

Кафедра меңгерушісі___________ PhD, аға оқытушы, Рахимова А.М.

 

 

« » 05. 2016 жыл. № хаттама

 

Гуманитарлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның төрайымы ____________Ш.С.Жаукумова

 

Түсінік хат

 

Кіріспе

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні грамматика деген бөлімге кіретін, тілдің басқа салаларымен өзара тығыз байланыста келетін тіл білімінің ең күрделі саласының бірі.екендігі.Грамматика адамдардың өмір бойы қолданылатын ең маңызды қатынас құралы- тілге қатысты ғылыми курс болғанымен, морфологияның өзіндік объектісі мен ерекшелігі бар ғылым. Көп жылдардан бері морфология жоғарғы оқу орындарында арнайы жасалынған бағдарламалар мен оқулықтар негізінде жеке- пән ретінде жүргізіліп келеді.

 

Теориялық бөлім

Теориялық бөлімде сөздердің грамматикалық қасиеттері толық талданады. Грамматиканың зерттеу объектісі-тілдің грамматикалық құрылысы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры тілдің негізі. Тілдің сөздік қоры, оның сөздік құрамнан айырмасы, сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны. Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері қарастырылады.

Сөз құрамы. Морфема туралы түсінік. Түбір және қосымша морфема. Жалғау мен жұрнақ, олардың айырмашылығы, жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыратындығы. Жұрнақтың сөз түрлендіруші және сөз тудырушы болып бөлінетіндігі. Әрбір сөздің өзіне тән тұлғасы бар. Сол тұлға арқасында әрбір сөз бір бүтін единица ретінде қызмет етеді. Сөздің құрамының әр түрлі болуы, оның бөлшектері туралы. Сөздер кейде түбір қалпында жұмсалса, кейде оларға түрлі қосымшалар жалғану арқылы жұмсалуы.

Сөздің лексикалық немесе грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталуы. Морфеманың да өзіне тән мағынасы және өзіне тән сыртқы дыбыстық формасы болатындығы. Морфема дегеніміз – сөздің өзіне тән мағынасы бар ең кішкене бөлшегі екендігі.

Сөз тұлғасы. Негізгі түбір, оның белгілері. Түбірлес сөздер. Біріккен сөздер және кіріккен сөздер. Қос сөз, оның түрлері: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер. Қысқарған сөздер. Күрделі атауларды қысқартып айту, жазудың жолдары. Дара және күрделі сөздер. Тіркесті күрделі сөздер мен аналитикалық формалы сөздер туралы мәлімет.

-сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар грамматикалық мағына, г грамматикалық форма, грамматикалық категория жайында түсіндіру; сөздердің құрамы және морфемалардың түрлері туралы.

 

СӨЗ ТАПТАРЫ

Сөз таптары, олардың жіктелуі; сөз топтары мен таптарының классификациясы. Зат есім.. Зат есімнің лексика-семантикалық топтары: жалпы және жалқы есімдер, деректі және дерексіз зат есімдер, жекелік пен жинақтық зат есімдері. түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі. -

Зат есімнің грамматикалық категориялары: жекелік-көптік категориясы, тәуелдеу категориясы, септеу категориясы. Зат есімнің жіктелуі. Көмекші есімдер.

Сын есім. Қызметі, мағыналық топтары. Тұлғасына қарай және құрамына қарай түрлері. Сын есімнің шырайлары, жасалу жолдары. Сөйлемде атқаратын қызметі.

Сан есім. Мағыналық топтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің сөйлемде атқаратын қызметі.

Есімдік. Қызметі, топтары. Есімдіктердің түрленуі, ондағы ерекшеліктері. Сөйлемде атқаратын қызметі.

Етістік. Дара және күрделі етістіктер. Етістіктің аналитикалық формалары. Негізгі және көмекші етістіктер. Етістіктің лексико-грамматикалық категориялары: салттық-сабақтылық категориясы, болымдылық-болымсыздық категориясы, етіс категориясы.

Етістіктің функционалдық тұлғалары: есімше, көсемше, тұйық етістік. Етістіктің грамматикалық категориялары: рай категориясы, түрлері, жасалу жолдары; шақ категориясы, оның түрлері мен жасалу жолдары.

Үстеу. Морфологиялық сипаты, қызметі. Үстеудің мағыналық түрлері. Сөйлемде атқаратын қызметі.

Шылау. Шылаудың сөз табы ретінде танылу себебі. Шылаудың түрлері. Септеулік, жалғаулық, демеулік шылаулар.

Еліктеу сөздер. Олардың түрлері: дыбыстық еліктеуіштер мен бейнелеуіш сөздер. Еліктеу сөздердің сөйлемде атқаратын қызметі.

Одағай. Одағайдың ерекшеліктері, тыныс белгілері. Мағынасына қарай көңіл-күй одағайлары, жекіру, шақыру одағайлары болып жіктелетіндігі.

 

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-28
28.05.2015 ж.