Көпшілік офертаның преамбуласы

1)Терминдер және анықтамалар

2)Келісім пәні

3) Құқық және келісім жақтарының міндеттері

4)Жұмыстың алып-берілуінің тәртібі

5)Жақтардың жауапкершілігі және кепілдігі

6)Офертаның акцепті және келісім бітімі

7)Мерзімі және офертаның өзгерісі

8)Келісім мерзімі,өзгерісі және келісімнің бұзылуы

9)Басқа да шарттар


 

С) Акцепт (лат. Acceptus-қабылданған) – Оферта жолданған жақтың оны қабылдағандығы туралы жауабы. Акцепт келісімшарт жасау туралы контрагенттің ұсынысын қабылдауға келіскендікті білдіреді. ҚР-сының Азаматтық Кодексіне сәйкес акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуы тиіс. Егер заңда, өзге құқықтық актілерде немесе офертаның өзінде басқадай көзделмесе, белгіленген мерзім ішінде офертаны алған адамның онда көрсетілген келісімшарт шарттарын орындау (тауарларды түсіріп алу, қызмет көрсету, жұмыстарды атқару, ақша төлеу тағы басқа) жөніндегі іс-әрекеті акцепт болып саналады. Егер офертаны жолдаған адамға акцептті кері қайтарып алу туралы хабарлама акцептен бұрын не онымен бір мезгілде келсе, онда акцепт алынбаған болып есептеледі. Офертада ұсынылғаннан өзгеше шарттармен келісімшарт жасауға келісім туралы жауап қайтару акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап акцепттен бас тарту және сонымен қатар жаңа оферта ретінде танылады. Акцептті жолдау мен қабылдаудың құқықтық реттері мен тәртіптері.

1. Төлеушінің аударым векселі бойынша сол вексельді онда көрсетілген мерзімде төлеуге міндеттеме алуы;

2. Аударым вексельде көрсетілген соманың төленетініне банктің кепілдеме беруге келісімі.

Төленуге тиіс соманы төлеуге келісім берген заңды немесе жеке тұлғаны акцептант (лат. acceptans, қабылдаушы) деп атайды. Оның келісімі вексельге “акцептелді” деп жазып, қол қоюмен айғақталады.

Сайтта/интернет-дүкенде регистрация/тіркелу жасау;

Регистрация/тіркелу формасын толтыру;

Тапсырысты толтыру т.б Аксепт болып табылады.

 


 

3) Қазақстандағы қолма-қол жасалмайтын төлемдер нарығының даму перспективасын бағалаңыз:

А) 2013 жылда Қазақстанда қолма-қол жасалмайтын төлемдердің даму қарқыны түсіндіретін себептер:

1. ақша айналымында бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаның көленкелі айналымын азайту;

2. жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің тетігін жетілдіру;

3. коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне ақы төлеу процестерін оңтайландыру;

4. бюджеттік (салық, кеден) және өзге де міндетті алымдарды қолма-қол емес нысанда жүзеге асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану;

5. қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығыстарды қысқарту.

Же­келеген мемлекеттерде жүргі­зіл­ген зерттеулер бойынша қол­ма-қол емес нысан­дағы төлемдер са­нының ұлғаюы ел­дің ІЖӨ-сінің 1%-на дейін үнемдеуге мүмкіндік бе­реді.

Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтердің қолма-қол жасалмайтын ақысын, салықтар мен айып­пұлдарды төлеудің заманауи, қолай­лы және қауіпсіз әдістері мен арна­ларының бар екендігін көрсету мақсатында ақпараттық бөлікті күшейту жұмыстары жасалып жатыр. Олардың ішінде интернет арқылы: төлем карточкалары, ин­тер­нет-бан­кинг­ті пайдалану, мобиль­ді банкинг, электрондық ақ­ша. Көптеген карточка иеленушілер үшін оларды бірден-бір пайдалану орны жақын жердегі банкомат болып табылады. Қолма-қол ақша алу төлем карточкалары бойынша жасалатын барлық қаржылық операциялардың 97%-на жуығын құрайды. Және барлық «операциялар» шоттағы қалдықты білумен және жалақы, зейнетақы немесе стипендия алумен шектеледі. Төлем карточкаларын қабылдайтын сауда нүктелері әлі де өте аз (4%-ын ғана қамтиды). Есеп айырысудың қолма-қол жасалмайтын нысанын дамыту мақсатында ҚР-сы Үкіметінің қаулысымен «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлтық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы» (ТКҰБЖ) бекітілді.

В) Бүгінгі таңда төлем карточкаларын тұтынушылардың саны 10,6 млн адамға жетіп, іс жүзінде Қазақстан тұрғындарының 63 %-н құрап отыр. Карточка жүйесінің тиімділігі оны қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдалану деңгейіне байланысты. Біріншіден, банкноттар әзірлеуге, оларды инкассалауға, сақтауға, есептеуге, ескі ақшаларды жойып отыруға кететін шығындарды, айналымға шығарылған ақша құнына татитын шығындарды кемітуге мүмкіндік береді. Екіншіден, қаржы ағындары неғұрлым ашық қалыпқа түсіп, «қара ақша» проблемасы өздігінен жоғалады да, салық жиналымын арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, ақшаны жұмыс істеуге «икемдейтін» банктің түсімі ұлғаяды. Карточкаларды қолдану аясының кеңейе түскеніне қарамастан, операциялардың көбісі шотта қанша ақша қалғанын білуге және еңбекақы, зейнетақы немесе шәкіртақы алуға байланысты жасалады. Мәселен, өткен айда карточка тұтынушылар терминал арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды 13 % ғана жүзеге асырған, ал, бірақ, қолма-қол ақша алу операциясы жалпы төлем карточкаларын пайдаланып жасалатын операциялардың 87%-н құрап, 480,1 млрд теңгеге жетіпті. Осылайша, банктер банкоматтарға қызмет көрсетуден пайда тапқанымен, арзан ақша жасау мүмкіндігімен қағылып отыр. Ал, бұл, жалпы алғанда, банк жүйесін дамытуға, жекелей алғанда, несиелеу ісіне кері әсерін тигізетіні белгілі. Төлем терминалын орнатуға балық, ауылшаруашылық өнімдерімен және өз тауарларымен сауда жасаушылардың, сондай-ақ ортақ пайдаланылымдағы телекоммуникация желілері жоқ сырғыма сөрелер, автодүкендер, шатырлар мен дүңгіршектер, контейнерлер мен базар аумағы арқылы зат сататын кәсіпкерлердің қолы жетер емес.

 


 

4) ҚР Президенті Ұлттық банкке электрондық төлемдер мен банкоматтарды біріктіретін бірыңғай процессингтік орталық (БПО) құру жөнінде ұсыныстарды жасап шығаруға тапсырма берді.

А) БПО құру идеясын қолдайтын екі аргумент атаңыз.

Процессингтік қызметтердің негізгі жеткізушілері АО «Казтелепорт» және ТОО «Процессинговая компания» болып табылады.

Қазақстан Республикасы бойынша төлем картасымен жұмыс барысында процессингті іске асыру тек сол банктің берген карточкасы арқылы іске асырылады. Әр түрлі банктер арасында төлем карточкалары арқылы орындалатын процессинг процессингдік организация/ ақылы жүзеге асырылады.

Қазақстандағы прлцессинг қазметіне Кейс Анализ

БПО құрудың жағымды жақтары:

1) Төлем карталарының тарифтік қызметтерінің бағасының төмендеуі;

2) Кедергісіз бірегей қызмет көрсету желісі (банкоматы, POS-терминалы) және төлем карточкалары арқылы іске асатын бірыңғай тарифтер;

3) Банктік іскерлік жұмысын әрі қарай жалғастыру;

4)транзакция/ б/ша халықаралық төлем жүйе/іне коммиссиялық ақыны төмендету;

5) процессингтік қызмет ақысын төмендету.

Процессингтік қызметтің Кейс Анализі Қазақстанда жоғары бағаланады, себебі:

- біріншіден, профильсіз істен «бас тартады»,

-екіншіден, аутсорсингті компанияға IT-жүйені тұрақты модернизациялау ж/е PCI DSS стандарты б/ша сәйкес сауал/ға жауап тауып береді.

-үшіншіден, банктің операциялық қаупі және құқықтық кепілдеме төмендейді.

 

В) БПО құру идеясының 2 жағымсыз салдарын атаңыз.

1)Карточкалы жүйенің әрі қарай дамыуына оның ішінде жаңа технологияларды енгізуге бірден бір кедергі болып банктердің бір платформасының техникалық мүмкіншілігінің шектелуі болып табылады.

2) Барлық мәліметтерді бір процессингтік орталыққа интеграциалау кезінде операциялық қауіптер (процессингді жаңа орынға ауыстыру барында болатын қателіктер); Барлық орындалатын операциялар БПО жұмыс істеуіне байланысты болады. Мәселелер туып қалған болса, бір де бір банк жұмысын дұрыс істеп шығаруға кепілдік бермейді, және мұндай жағдайда барлық операциялар уақытша тоқтатылады.

3) берілген қызметтің сапасының төмендігі, қолданушылардың администраторлығы.

5) Электронды ақша ж/е төлем карточка/ы арасындағы айырмаш-қты ата:

Электрондық ақша – электрондық түрде ұсынылатын және айналыста жүретін төлем қаражаты. Электрондық ақшаның айналымы есеп айырысуға қатысушы тараптардың құпиялығына кепілдік береді: сатушы мен сатып алушы, банкілер мен олардың клиенттері арасындағы ақпаратты кодтау және оны автоматтық өңдеу құралдарын қолдана отырып, компьютерлік желі, байланыс жүйелері арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асырылады. Электрондық ақшаны дайындау (шығару) кезінде пайдаланылатын және олардың айналымын тәртіптейтін криптография хаттама/дың тұрақтылығына, құпиялықтың сақталуына кепілдік болады.

Төлем карточкалары көмегімен эксклюзивті сервистерге рұқсат ала аласыз. Жеке менеджер қосымша қызметтердің бірнеше қатарын ұсынады, операцияларыңызға қолдау көрсетіп, бақылауға алуды қамтамасыз етеді, тәуекелді жояды және есеп айырысудың максималдық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

VISA Electron – картаны дүниежүзі бойынша пайдалануға мүмкіншілігі бар қол жетерлік және ыңғайлы құрал. VISA Electron электронды құрылғыларда қызмет көрсетеді: банкоматтарда және POS-терминалдарда.

VISA Classic –Қаз-нда ж/е шетелдерде ең танымал төлем картасы. Карта жүрген елдің валютасында қолма-қол ақша алуға және есеп айырысуға мүмкіндік береді.

VISA Gold– алтын карта, картаны ұстаушылар бүкіл дүние жүзі бойынша пайдалануға және айтарлықтай жеңілдіктер алу мүмкіндігіне ие.

А) Төлем карталары эмитенттері: Қазақстанның және де Қазақстандағы шет ел банктарының барлығы жатады.

Электронды ақша эмитенттері: Wooppay, qiwi, yandex, epay және т.б

 

В) Төлем карталарымен де, электронды ақшалармен де төлем жасап, сауда жасаған ыңғайлы. Уақыт үнемдеу, салықтың аз болуы, шығынның аз болуы осының бәрі электронды сауда жасаудың артықшылығына жатады. Төлем карталары мен электронды ақшалардың тиімділігінің айырмашылығы бар. Төлем карталарынан қолма қол ақша алуға болады, ал электронды ақшаны қолма қол ала алмаймыз. Электронды ақшаның артықшылығы ол төлем жасағанда уақытты үнемдеу болып табылады. Ал төлем карталарымен төлегенде бұл процесс бірнеше уақытқа созылуы мүмкін: карта иегерінің аты жөнін жазу, тағы да басқа мәліметтер жазу деген сияқты. Осы төлем жүйелерінің екеуінің де адамдарға пайдасы зор.


 

6) Е-бизнес ж/е дәстүрлі бизнестің маркетингтің құрал/ң ай-лығын түсіндір:

А) Электронды құжат айналымы (EDI) – өзара келіскен ережелер б/а құрылымданған ақпаратты электронды айырбастау.

Ең бірінші рет EDI 20 ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында темір жол және көлікпен тасымалдау саласында қолданыла бастады. 1968 жылы берілген индустрия үшін EDI стандартының жұмыстарына арналған United States TDCC комитеті құрылды. Кейін стандарттың кеңеюі мен дамуы жұмыстарымен ANSI айналысты.

EDI-дің базалық принциптері:

· стандарттылық

· құрылымдылық

1970: Электронды ақша аудару EFT – шотты дебеттейтін және кредиттейтін қаржылық мекемеге ережелер немесе өкілеттіліктерді беру арқылы терминалдан, телефоннан немесе дискеттен өзгертілетін құралдарды аудару.

1990: Интернетті коммерциялау, dot-coms форматы компаниясының және интернет старт-аптар кезеңі

Кезең Кезең атауы Драйверлер
1995-2000 Инновация Технологиялар
2001-2006 Консолидация Бизнес
2006-future Пере Сатып алушылар, пайдаланушылар, қоғам

Осы жағдайларды қарастыра отырып қазіргі уақыттағы е-бизнес Пере даму сатысында екендігін аңғарамыз.

В) SEO (Search Engine Optimization) іздеу оптимизациясы – белгілі-бір іздеу сұраныстары арқылы іздеу жүйелерін беру нәтижесінде веб-сайт бағдарын жақсартуға арналған іс-шаралар жиыны. Веб-сайт шығару реті б/а жоғары тұрған сайын оны қараушылар саны артады және бағытталған маркетингтік іс-шараларда қажетті іс-әрекеттердің орындалу үлесі де артады.

SEO іс-шараларының артықшылығын бағалау:

- қараушы назарын аудартудың құны арқылы,

- іздеу нәтижесін шығаруда веб-сайттың белгілі-бір бағдарының уақыт мөлшері арқылы,

- конверсия мәні, яғни сатып алушылардың қарапайым қараушыларға шаққандағы саны арқылы.

Контекстті жарнама және РРС (PPC – pay per click).

Контекстті жарнаманың түпкі мағынасы, белгілі бір тақырыбы бар жарнамалы хатымен текст, баннер немесе rich-media баннері таңдалып көрсетіледі.

PPC өз кезегінде – жарнама беруші ж/е оның жарнамалық хатына жақын сай келетін жарнаманы таңдай отыра сайттарда орналастыруына болатын интернет үлгі.

Әлеуметтік желілердегі маркетинг, SMM және әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарындағы өрлеу, SMO – әр түрлі типтегі интернет-қоғамдарда сайт, тауар, қызмет, бренд, тауар белгісі, тіпті адамның өрлеуіне бағытталған іс-шаралар жиыны.

Ереже бойынша, өрлеу (Facebook, MySpace, Vkontakte, LinkedIN) әлеуметтік желілер, блогтар мен тақырыптық форумдар қоғамында жүзеге асады.

 

 

С) Мінез-құлыққа негізделген маркетинг

Сатып алушылар өз талғамдарының әр-түрлі “іздерін” қалдырады. Жүргізілген сатып алулар талдауы сатып алушылардың жасырын талғамдарын анықтауға мүмкіндік береді және көбіне маркетингтік зерттеу нәтижелеріне қарағанда ақпараттың сенімдірек қоры болып табылады.

Cookie – тексттік файл болып табылады және компьютерге орнатылған браузердің жұмыс директориясында орналасқан.

Мінез-құлыққа негізд-н маркетингті жүзеге асыратын ақпараттық технология/

Cookies келесі бағыттарда қолданылуы мүмкін:

1. Сервер Cookies-де орналасқан ақпаратты оқи алады және оны талдау негізінде сол не басқа әрекеттерді жасай алады.

2. cookies-ді пайдалану барысында онлайн дүкен/де тапсырыстарды рәсімдейтін функцияларды жиі құрады. Мұнда, пайдаланушы тек оны қызықтыратын заттарды белгілейді, сосын барлық таңдалған заттарға бірден тапсырысты рәсімдейді.

3. Әрбір тіркелген пайдаланушының жеке профилін жөнге салғанда.

4. Cookie құрылымын интернеттегі жарнамалық бизнесте қолдану.

Клиенттермен қарым-қатынасты басқару CRM – әрбір клиентпен тікелей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін АЖ болып табылады.


 

7) E-mail маркетинг жұмыс істеу принципін сипаттаңыз: