Жаңа туған балаға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу

Интернатура бойынша жалпы дәрігерлік тәжрибе кафедрасы

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Ересек адамға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу

ОСКЕ станциясы

Қадамдар Балдар
1. Қанайналым болуын анықтады  
2. Өзіндік тыныс алуын анықтады  
3. Көз қарашықтарының жарыққа жауабын анықтады  
4. Жедел жәрдем көрсету бригадасын шақыруды өтінді  
5. Адамды дұрыс қалыпта жатқызды  
6. Тыныс жолдарын тазалады  
7. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтірді  
8. Реанимация жасайтын адамның қасына дұрыс орналасты  
9. Реанимациялық шараларды бастау уақытын белгіледі  
10. Өкпенің жасанды вентиляциясын бастады
11. Күре тамырда пульсация болуын бағалады
12. Жүректің тікелей емес массажын бастады
13. Реанимациялық шаралардың дұрыс жылдамдығын таңдады
14. Күре тамырда пульсация болуын бағалады
15. Реанимациялық шаралардың тиімділігін бағалады
  Қорытынды балл саны  

Максималды балл - 21

Станцияға берілген уақыт – 5 мин

 

Станцияның рейтингісі:

«Өте жақсы» __19___- __21___ балл

«Жақсы» ­­­­­­­­­­­­­­­__16___- __18___ балл

«Қанағаттанарлық» __13___- __15___ балл

«Қанағаттанарлықсыз» __13____баллдан төмен

 

Емтихан алушының қолы_____________ Күні______________

 

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Ересек адамға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу

 

Қадамдар Орындау критерийлері
1. Қанайналым болуын анықтады Күре тамырдағы пульсті пальпациялау
2. Өзіндік тыныс алуын анықтады Жіпшені ауыз немесе мұрын айналасына апару
3. Көз қарашықтарының жарыққа жауабын анықтады Екі саусақпен көз қуысын ашып, көз қарашықтарының жарыққа жауабын анықтау
4. Жедел жәрдем көрсету бригадасын шақыруды өтінді Айналадағы біреуді немесе өтіп бара жатқан адамдарды жедел жәрдем көрсету бригадасын шақыртуды өтінді
5. Адамды дұрыс қалыпта жатқызды Адамды арқасымен тегіс қатаң горизонтальды беткейге жатқызу (еденге, жерге), қолдарын көкірек дене бойымен орналастыру. Кеудені және ішті тар киімнен босату
6. Тыныс алу жолдарын тазалады Зардап шеккен адамның басын бір жаққа бұру. Саусаққа таза салфетканы орап, ауыз қуысын бар бөгде заттардан тазалау (сілекей, құсық, су, тіс протездері және т.б)
7. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтірді Мойынның астына валик қойып, басын дұрыс шалқайтып, төменгі жағын алға шығарып аузын ашу
8. Реанимация жасайтын адамның қасына орналасты Реанимация жасайтын адамның бас жақ қырынан орналасу
9. Реанимациялық шараларды бастау уақытын белгіледі Сағатқа қарап, реанимациялық шараларды бастау уақытын еске сақтау
10. Өкпенің жасанды вентиляциясын бастады Өкпенің жасанды вентиляциясын 2 рет ауызға-ауыз үрлеумен бастау, бір үрлеудің ұзақтығы 1,5-2 секунд, үрлеген кезде кеудесі көтеріледі
11. Күре тамырда пульсация анықталуын бағалады 2 рет жасанды тыныс беруден кейін, күре тамырда пульсацияны анықтау. Егер 5 секунд ішінде пульсация анықталмаса, жүректің тікелей емес массажын жасауға кірісу
Жүректің тікелей емес массажын бастады   Компрессияны жүргізу үшін қолдарын дұрыс орналастырды: бірінші қолдың негізітөстің үштен бір бөлігінде, ал екінші қол үстінде, шынтақ тік күйде. Компрессияларды жылдам соққы беру, әр соққыдан кейін қолдарын үзбей, кеуде торының жазылуына мүмкіндік беру ( компрессияның тереңдігі 4-5 см, жиілігі минутына 90-110)
13. Реанимациялық шаралардың дұрыс жылдамдығын тандады 2 үрлеуден кейін 15 компрессия жасау(қатынасы 15:2). Бір минут ішінде барлығы 5-6 цикл өткізу
14. Күре тамырда пульсация болуын бағалады Реанимациялық шаралардың әр 2 минуты сайын 5 секундқа үзіліс жасап, күре тамырдың пульсациясын анықтау
15. Реанимациялық шаралардың тиімділігін бағалады Реанимациялық шаралардың тиімділігін констатациялау ( пульстің, өзіндік тыныстың, қарашықтардың жарыққа жауабының пайда болуы. Өкпе-жүрек қызметі қалпына келгенге дейін реанимацияны жалғастыру (20-30 минут).

 

Интернатура бойынша жалпы дәрігерлік тәжрибе кафедрасы

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Жаңа туған балаға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу

ОСКЕ станциясы

Қадамдар Балдар
1. Баланы дұрыс жатқызды  
2. Тактильді стимуляцияға жауабын анықтады  
3. Өзіндік тыныстың жоқтығын анықтады  
4. Өзіндік жүрек қызметінің жоқтығын анықтады  
5. Балаға біршама дұрыс орналасты  
6. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірді  
7. Өкпенің жасанды вентиляциясын бастады
8. Қолдарын дұрыс орналастырды
9. Жүректің жабық массажын бастады
10. Реанимациялық шаралардың дұрыс жылдамдығын таңдады
11. Күре тамырда пульсацияның бар болуын бағалады
12. Реанимация нәтижесініңбағалауын жүргізді
  Қорытынды балл саны    
   

Максималды балл - 18

Станцияға берілген уақыт – 5 мин

Станцияның рейтингісі:

«Өте жақсы» __16___- __18___ балл

«Жақсы» ­­­­­­­­­­­­­­­ __13___- __15___ балл

«Қанағаттанарлық» __11___- __12___ балл

«Қанағаттанарлықсыз» ­­­­­­­­­­­­­__11___баллдан төмен

Емтихан алушының қолы _________________ Күні____________

ОРЫНДАУ АЛГОРИТМІ

Жаңа туған балаға жүрек-өкпелік реанимация жүргізу

Қадамдар Орындау критерийлері
1. Баланы дұрыс жатқызды Баланы арқасымен қатты тегіс беткейге жатқызып, кеуде мен ішті қысатын киімдерден босатып, иық астына валикті салып, жаңа туған баланың басын шалқайту
2. Тактильді стимуляцияға жауабын анықтады Арқасынан, табанынан қағу
3. Өзіндік тыныстың жоқтығын анықтады Ауыз және мұрын аймағына жіпшені жақындату
4. Өзіндік жүрек қызметінің жоқтығын анықтады Жүрек тондарын фонендоскоппен тыңдау
5. Балаға біршама дұрыс орналасты Реанимация жасайтын балаға бүйірінен немесе алдынан орналасу
6. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтірді Сұқ саусаққа бинт немесе марляны орап және ауыз қуысын тазалап, төменгі жақты алға жылжыту
7. Өкпенің жасанды вентиляциясын бастады Өкпенің жасанды вентиляциясын ауызға ауыз 1дем беруден бастау, (ұзақтығы1-1,5 секунд құрайды, үрлеген кезде кеуде торы көтеріліңкірейді)
8. Қолдарын дұрыс орналастырды Оң қолдың үлкен саусағын төстің үштен бір төменгі бөлігіне орналастыру, ал қалған саусақтарын арқасының астына жайғастыру
9. Жүректің жабық массажын бастады Жүректің жабық массажын кеуде торының үштен бір төменгі бөлігінде,семсер тәрізді өсінді аймағын басудан шектей отырып, 1-1,5 см тереңдікте компрессияларды бастау
10. Реанимациялық шаралардың дұрыс жылдамдығын таңдады 1 үрлеуден кейін 3 компрессияны жасау (1:3-ке қатынасы)
11. Күре тамырда пульсацияның бар болуын бағалады Реанимациялық шаралардың бірінші минутының соңында әрбір 2 минут сайын 5 секундтқа тоқтап, күре тамырда пульсацияны тексеру
12. Реанимация нәтижесінің бағалауын жүргізді Реанимациялық шаралардың тиімділігін бағалаужүрек қызметімен тыныс қалпына келді, цианоз жойылды, перифериялық тамырларда пульс пайда болды. Реанимацияны (20-30 минут) жүрек қызметі қалпына келгенше жалғастыру қажет