Науқасты төсекте жатқызудың түрлері

Науқасты Фаулер қалпында жатқызу

Фаулер қалпы—бұл отыру мен жату қалпының аралық қалпы. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Физиологиялық бөліністерді төсекте атқарғанда қажет жағдайда қолданады, сонымен қатар сал науқастардың ойық жарасының алдын алу мақсатында қолданады (сур. 59).

 

larece.ru


Сурет 59.

Науқасты Фаулер қалпында жатқызу

 

Іс-шараның орындалуы:

1. Төсек бас жағын 45-60 градус бұрышына көтеру. Көтерілген жағдай өкпе вентиляциясынжақсартады, сонымен қоса науқаспен қатынасуға жайлылық тудырады.

2. Науқас басына төмен жастық қою мойын бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасынансақтайды.

3. Егер науқас қолдарымен өз бетінше қозғалыс жасай алмаса қолының астына жастық қоямыз. Қолға тіреу қою веноздық іркілуді азайтады және қол және қол басы бұлшықеттерінің бүгілу контрактурасыныңалдын алады.Сонымен қатар,тіреулер иық жарақатының алдын алады.

4. Бел аймағының омыртқаларына жүктемені азайту үшін науқас бел астына жастық немесе поролонды төсем салған жөн.

5. Науқастың дене салмағының ауырлығы әсерінен тізе асты артериясының басылуының алдын алу үшін сан астына жастық немесе бұрау салады.

6. Өкше астына кішкене жастық салу (өкше сүйегінің ойық жарасының алдын алу мақсатында) және науқас табанына 90 бұрышта тіреу қоямыз («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа бүгуін қолдау).

Науқасты Симс қалпында жатқызу

Симс қалпы – ішпен жатумен және бүйірімен жату арасындағы аралық қалып. Функциональді және қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Науқастың мәжбүр пассивті қалпы үшін және ойық жараның алдын алу үшін қолданылады (сур. 60).

 

larece.ru

 


Сурет 60.

Науқасты Симс қалпында жатқызу

 

Іс-шараның орындалуы:

1.Төсек бас жағын горизонтальді қалыптаұстаймыз.

2. Науқасты «бүйіріне жату» және жартылай «ішімен жату» қалпына келтіреміз (төсекте науқас ішінің жартысы орналасады);

3. Науқас басына мойынның бүйірлік бүгілуінің алдын алуы үшін жастық саламыз.

4. Жастықты иық деңгейінің бүгілген шынтақ және иық буындарының 90 градустағы бұрышқа саламыз. Басқа қолын бүкпей жаймаға саламыз (дененің дұрыс биомеханикасын сақтау үшін); Мұның барлығы науқас денесінің жазылуынажәне иықтың ішкі бұралуының алдын алады.

5. Бүгілген «жоғарғы» аяғының астына жастық салу, себебі аяғы сан деңгейінде орналасуы үшін (санның ішке айналуының, тізе буындарының және тобықтың ойық жараларының алдын алу үшін қолданылады);

6. Аяқ табанының астына құм салынған қапты қою («салбыраудың» алдын алу және табанның сыртқа дұрыс бүгуін қолдау).

Науқасты жоғарыда аталған қалыптарға жатқызып, оның ыңғайлы жатқандығына көз жеткізу керек. Барлық қалыптар төсек тартып жатқан ойық жара дамуының қаупі бар кезде әрбір 2 сағат сайын бір науқасқа қолдана алынады.



php"; ?>