Иммундық жүйенің құрылысы және негізгі қызметі

Ағзаның жасушалық және гуморалды құрамының тұрақтылығын қамтамасыз ететін генетикалық детерминерленген жүйе болып табылады.

Иммунды жүйе:

Ø Ағзаға бөтен жасушалар мен ағзаның өзінде пайда болған модифицирленген жасушалардан қорғанысын қамтамасыз етеді.

Ø Өзіндегі ескі, зақымдалған, дефектісі бар жасушалардан арылуға;

Ø Биологиялық табиғаты бар жоғары молекулалы генетикалық бөтен заттардың

Иммунды жүйе көпкомпонентті болғанымен бір бүтін сияқты жұмыс атқарады. Ол көне эволюциялық аз спецификалық компоненттер мен қоса қазіргі заманғы компоненттерден тұрады. Осы компоненттердің барлығы біртұтас жұмыс атқарады. Ағзаның негізгі клеткасы болып лейкоцит және оның барлық популяциялары табылады. Иммунды реакцияның арнайылығы лимфоцитпен және оның өндіретін Ig-мен көрінеді. Бөтен клеткаларды арнайы емес реакциямен жою үшін моноцитарлы және гранулоцитарлы қатардың клеткалары жауап береді.

Саны жағынан арнайы емес қорғаныс элементтері арнай қорғаныс элементтерінен асып тұарды, және арнай иммунды компонентердің аз бөлігі ғана соңғы эффекторлы функцияны атқарады.

HLА құрылымының жүйесі, локустардың қызметі. Трансплантациялық иммунитеттің ролі

1. Адамның лейкоциттер антигендерінің жүйесі – HLA-антигендерінің жүйесі - иммунитетті қалыптастыруда, қан компонентерін трансфузиялауда және ағзаларды транспланттауда маңызды рөл атқаратын гендердің күрделі жинағынан және олардың молекулалық өнімдерінен тұрады. Бұл иммундық жауапты бастайтын, иммундық антиденелердің түзілуін және организмдегі бөгде затты алып тастауды қамтамасыз ететін гистосәйкестіктің негізгі кешені.

2. Осы ережеде пайдаланылады мынадай:

1) аллель – жұпты хромосоманың бірдей бөлігінде (локустарында) шоғырланған бір геннің әр – түрлі формасы;

2) антигендер – лейкоциттердің жасушалық мембранасының беткейінде орналасқан, бөгде агенттерді тану қызметін атқаратын гликопротейндер молекулалары;

3) гемопоэтикалық дің жасушалары – полипотеттік қасиеті бар адамның сүйек кемігінің жасушалары;

4) Гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының ұлттық тіркелімі – HLA-жүйесі бойынша зерттелген әлеуетті донорлардың мәліметтер базасы;

5) гендер – антигендердің қызметі мен құрылысын кодтайтын хромосомалардың аймақтары;

6) гистосәйкестік – донордың HLA-фенотипі мен реципиенттің HLA–фенотипінің сәйкестігі; хромосомадағы белгілі бір геннің орны;

7) локус – бір генде орналасқан хромосоманың линиялық бөлігі;

8) нуклеин қышқылдарын сиквенстеу — нуклеин қышқылдарының бастапқы аминқышқылды немесе нуклеотидті кезектілігін анықтау (англ. sequence — кезектілік);

9) сенсибилизация – бөтен антигендерді организмнің арнайы жоғарғы сезімталдықпен қабылдауы;

10) солидті ағзалар – организмнің бүйрек, жүрек, бауыр, ұйқы безі, асқазан секілді барлық тығыз ағзалары;

11) HLA-жүйесі донор мен реципиенттің тіндік сәйкестігін ағзаларды және гемопоэтикалық дің жасушаларын транспланттауда анықтайтын, адамның лейкоцитерінде орналасқан антигендік жүйе;

12) HLA-фенотип – генетикалық кодталған жеке адамның иммунологиялық өлшемдері;

3. HLA-антигендері құрылымының ерекшелігін иммунологиялық тану трансплантталған ағзаны қабылдамаудың алғашқы себебі болып табылады. Берік ағзалардың ұласып өсу ұзақтығына әсер ету бойынша HLA-антигендері АВО жүйесіне ғана жол береді, ал сүйек кемігін транспланттауда олардың орны аса маңызды.

4. HLA–антигендер мен антиденелер трансфузияға байланысты өкпенің жедел зақымдануы (TRALI), тромбоциттердің иммундық тәуелді резистенттілігі тәрізді трансфузиядан кейінгі асқынуларда маңызды рөл атқарады.

5. HLA–жүйесінің ақуыздарының синтезделуі 6 хромосоманың қысқа иінінде орналасқан гендермен басқарылады. Гистосәйкестіктің негізі кешенінің антигендері негізгі 2 класқа бөлінеді:

I класқа A B C локустарға жататын гендер;

II класқа DR, DP, DQ локустарға жататын гендер кіреді.

6. Гистосәйкестікті анықтаудың клиникалық жағдайлары мен мақсаттарға байланысты негізгі бағыттары:

1) ағзаны транспланттау кезінде пациенттер мен донорлардың HLA–фенотипін анықтау;

2) сүйек кемігін транспланттау кезінде пациенттер мен донорлардың HLA–фенотипін анықтау;

3) гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының ұлттық тіркелімін құруда әлеуетті донорлардың HLA-фенотипін анықтау;

4) ағзаны (тіндер) транспланттауды қажет ететін пациенттердің HLA–фенотипін анықтау;

5) ағзаны (тіндер) транспланттаудн қажет ететін пациенттердің HLA–антиденелерімен сенсибилизациялануын анықтау;

6) донордың реципиентпен сәйкестігін «кросс–матч» сынамасын қою арқылы анықтау.

7. Типтеудің серологиялық және молекулалық-генетикалық әдістері бар. Молекулалық-генетикалық типтеу әдістері мынадай түрлерге бөлінеді:

1) SSP – сиквенс-спецификалық праймерлердің қолданылуымен полимераздық тізбектік реакцияның көмегімен типтеу;

2) SBT – дезоксирибонуклеин қышқылының нуклеотидті тізбектігін сиквенстау арқылы анықтау.