Гипергидратация және оның физиологиялық мәні, жою шаралары 2 страница

Шаң-тозаңда жұмыс істегенде де бетке одан қорғайтын кремді жағатынын есіңде сақта. Қат-ты аяз күндері далаға ұзақ қыдыруға, жол жүруге шыққанда бетке қаз-дың тұздалмаған майын жағып алатын да ха-лықтық тәсіл бар.

Бет терісін тазалау Әйелдердің бет терісін тазалаудың тәсілдері көп. Ол үшін мынандай тұнбалар мен қоспаларды пайдаланады:

• 3 ас қасық ұсақ ту-ралған жас қиярдың үс-тіне 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағатқа қояды. Сосын тұнбаны сүзіп, қиярдың қалдығын сығып алады. Үстіне 1 шай қасық бал қосып, ерігенше әбден араластырады. Бұл қос- памен мақтанын шылап,

таза жуылған бетті сүртеді. Қоспа теріні безеуден арылтады.

• Майлы теріні бал (1 шай қасық) мен қырмы-зыгүлдің (календула, 1 ас қасық) қоспасымен тазаласа болады. Ол үшін бал мен қырмызыгүлді бір стақан қайнаған жылы суға салып, араластырады.

• Таза жуылып, аршылған шикі картопты үккіштен өткізіп, 100 гр-ына 1 шай қасық бал қосыңыз. Араластырыңыз. Қоспаны марля орамалға 1 см қалыңдықпен жағып, асқын-ған безеулі бетке жапсырып байлап тастаңыз. 2 сағаттай ұстаңыз. Қабын-ған безеу оған жазылмаса, емді қайталаңыз.

• Алоэның жапырақтарын қайнаған суға жуып, кептіріп және 10 күн бойы қараңғы салқын жерде сақ- тайсыз. Содан соң ұсақтап турап, сөлін аласыз. Осы сөлмен теріні күніне 2-3 рет сүртуге болады. Бұл әдіс теріні қабынудан, безеулі жарадан, тітіркенуден болған қабыр-шақ, қызарған дақтардан тазалайды. Майлы бетке қоспаны, ал құрғақ тері үшін алоэ сөлін сумен ара-ластырған жөн.

Бетті жуудың да, құр-ғатудың да өз тәртібі бар. Косметологтар бетті былай жуып, құрғатуды ұсынады:

Бетті жуу

Суға сабын езіп жуу. Бұл – бет терісін тазалаудың ең қарапайым тәсілі. Алайда оны көп адам дұрыс жасамайды. Жалпы, су сабынсыз-ақ терінің майын жуып, кетіре алады. Ал енді оған сабын қосса, терінің майсыздануы екі есеге дейін арта түседі.

 

Бетті сабынмен жуған соң оның терісі 5 сағат көлемінде ғана өзінің қалыпты жағдайына келеді. Содан кейін ғана бет терісі өзін микробтардан қорғайтын табиғи ылға-лына ие болады. Бетті, денені ешқашанда кір сабынмен жумайды. Рас, кір сабын жақсы тазартады. Өкінішке орай ол бет терісінің, дененің табиғилық қасиеттерін кемітеді, теріні тез қартайтады.

 

Майлы беттің өзін сабынмен күніне бір-ақ рет – кешкісін, ұйқыға жатардан бір, бір жарым сағат бұрын жуады. Сабынды жиі қолдану құрғақ және қалыпты теріге зиянды.

Майлы теріні майынан арылтамын деп сабынмен жуа бермейді. Олай жасаса, майсызданған тері жиі тершеңденеді. Жуыну тәсілі. Бетті сулап, иекке сабын жағады. Сосын мұрынды сабындайды, ешқашанда көзді сабындап жумайды. Осыдан кейін маңдайдың ор-тасын, құлақтың жарға-ғын, жақтарды, мойынды сабындайды. Көбікті бет- те көп ұстамайды. Бетті сабындап болған соң іле суды аямай, оны жуып тастайды. Сабынмен жуын-ғанда басты талап: кірді езген сабынды түгелдей беттен жуып кетіру.

Бетті құрғату

Бетті жуғаннан соң оны жақсылап құрғатқан жөн. Жуылған бетті орамалмен ысқылап сүртпейді. Мүмкіндігінше, бет қалып-ты ауада өздігінен кепкені дұрыс. Немесе, там-шылаған суын сүртпей, тек оны сорғытып алыңыз. Бетті жуып болған соң оны сүртпей тұрып оған нәрлендіретін крем жақ-қан дұрыс. Дымқыл бетке жағылған крем сіңімді. Егерде шикі сумен жуынып, сосын көшеге шыққы-сы келсе, әйелдердің осы ақыл-кеңесті орындағаны жақсы. Ал енді крем жа-ғылған бетті 3-15 минуттан соң жұмсақ орамалмен, немесе арнайы сүрткішпен сүртіп, кремнің қалдығын тазалап тастайды.

Бетті сабынмен жумау-ға да болады. Тек оның орнына мейлі құрғақ, мейлі майлы, кез-келген теріні жылдың барлық маусымында сұйық креммен сүртуге, ашыған сүт әйт-песе өсімдік майымен та-залауға үйретуге болады.

 

Косметикалық ақауды түзеу

Беттегі кейбір косметикалық ақауды үй жағдай-ында түзетудің тәсілін білу ешкімге де артық емес. Біз енді соған тоқталайық:

Безеу шықса Бидай көлеміндей ұсақ қара ноқат көбіне майлы бетте пайда болады. Бетте қара ноқат аздау болса, бет терісін сутегі тотығымен (перекись водорода), иіс сабынмен немесе ас сірке суымен, лимон шырынымен сүртеді. Кешке бетті тең мөлшер-де араластырылған лимон шырыны және глицерин қоспасымен сүртуге болады. Безеуді емдеу мен бетті қалыпты жағдайда ұстау үшін теріні тазартып, маскалар жасау керек.

 

Ақ безеу, түсі ақ ноқат секілді немесе одан үлке-нірек безеу адам бетінде жиірек ұшырасады. Оны арнайы косметикалық салондарда ғана тазартады. Ал жасөспірімдердің бе- тінде кездесетін безеу кө-бінесе жыныс мүшелері-нің жетілуі кезінде пайда болады. Оның профилактикалық бағыты – құнарлы тамақ пен құрамында А,В,С дә- румендері бар тамақ ішу. Міндетті түрде ащы, майлы, тәтті және ұннан дай- ындалған, сондай-ақ кон- серві мен қақталған та-ғамдарды шектеген жөн. Суға шомылу, күн мен ауа ваннасы теріге жақсы әсер етеді. Бетті сабындап жуған соң, күніне екі-үш рет төменгі айтылған сұйықпен бетті сүрткен жөн:

 

– Левомицин спирті;

– Календула тұнбасы (сумен тең мөлшерде араластырады);

– Салицил спирті;

– Мүсәтір спирті (бір шай қасық мүсәтір спиртін бір стақан суға қосады);

– Алоэ шырыны (дәріхана немесе үйдегі).

Терінің қызаруы мен безеу шыққан кезде бетті булауға, массаж бен парафиннен маска жасауға болмайды. Бет терісі қызарса

Қызарған бет терісіне 10 пайызды синтомицинді эмульсия салфеткасын 10-15 минут жабыстырып қояды. Бетте қызыл безеу-дің қаптап кетуі – жағымсыз косметикалық кемшілік болып табылады. Ол негізі- нен – ішімдік пен қорыты-луы қиын тамақ ішуден, үлкен дәретке дұрыс отырмаудан, ішек құрты ауруынан, аналық без қызметі нің бұзылуынан, күн көзінде, суықта, жел өтінде көп жүруден пайда болады. Оны ойдағыдай емдеу үшін ішімдік ішуді, шылым шегуді міндетті түрде тоқта-ту керек. Дәрумені мол тамақ ішіп, диета ұстаған дұрыс. Ыстық тамақты көп ішпей, бетті қыздыратын приборларға, үстел шамына жақын отырмауға тырысу керек.

 

Сыртқа шығарда теріні қорғайтын крем жағып, опалаған дұрыс. Майлы бетке түймедақ тұнбасы, құрғақ бетке түймедақ пен зығыр дәні тұнбасына қаймақ қосып жаққан өте пайдалы.

 

Бет құрғамас үшін...

Бет терісінің құрғақ болуына көп жағдайда су құрамындағы тұздың көп болуы мен сабынды көп пайдалану себеп болады. Сондықтан, бетті неғұр-лым кешкі уақытта бөл- ме температурасындағы сумен және сабынсыз жуған дұрыс. Егер бетіңіз қатты құрғап кетсе, аптасына 2-3 рет жұмсартқыш маска жағып тұрыңыз. Мұндай масканы әзірлеу үшін жұ-мыртқа сарысына 1 шай қасық өсімдік майын және бес тамшы лимон шырынын қосып, әбден араластырады. Сосын саусақтың ұшымен бетке жағады. 20 минуттан соң салқын сумен жуып тастайды.

 

Беттің жарылмауы үшін Дала жұмыстарымен айналысқанда әйелдердің бет терісінің жиі жарылатыны мәлім. Қазір беттің жарылмауына, терінің азбауына жақсы әсер ететін далап майлар аз емес. Алайда олардың басым бөлігі Еуропаның ауа-райына негізделіп жасалғаны есте болатын жағдай. Және де күнге, желге, жауын-шашынға, таңертең-гілік, кешке жағатын далап майлары әртүрлі. Оның бәрін дала жұмысымен айналысатын жерге топырлатып алып бару ыңғайсыз. Осылардың бәрін алмастыратын халық емі бар. Ол – тауық жұмыртқасы. Дала жұмысына шығарда әйелдер сол жұмыртқа-ның сары уызын бетіне жағып алады да, кепкен соң сабындап жуып тастайды. Әйелдің бет тері-сінің ағы – ақ, қызылы – қызыл күйінде сақталады, оған күн де, жел де әсер епейді.

 

Бетті ағарту

 

Теріні ағартуға жас қырыққабат майы тиімді. Қолдану тәсілі: ақ қырық-қабат жапырағын өзегіне жақын жерден кесіп алып, майдалап езеді де, тең-дей мөлшердегі сары маймен араластырып, үстіне аздап қайнаған салқын су құяды. Сұйық қаймақтай қалыпқа жеткенше езіп, бұлғайды. Дайын болған соң тоңазытқышқа қояды. Бір-екі сағаттан соң бетке жұқалап жаға беруге болады. Он минуттан кейін бетті салқын сумен шайып тастайды. Бірден далаға шықпаған жөн.

 

Бет, қол ісінгенде

Петрушканың (тамақты дәмдеуге қолданылатын жеміс тамырлы өсімдік) 800 грамын майдалап турап, кастрюльге салады. Үстіне жаңа сауылған сүт құяды. Одан соң жайлап жанған отқа қойып, асықпай қайнатады. Сүт қайнап-қайнап әуелгі мөлшерден жартысына дейін азайғанда оттан алады. Сүзеді. Дайын тұнбаны әр сағат сайын 1-2 ас қасықтан ішеді. Тұнбаны келесі күнге қалдыруға болмайды. Бә- рін бір күнде ішіп тауысу керек. Аталмыш тұнбаның несеп айдауға өте-мөте пайдалы екені рас. Ісік те қайтады.

 

Секпілді кетіру Беттегі секпілді, пигменттік дақтарды ағар-тып, көрінбейтін етуге болады. 2 ас қасық петрушка ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатып, содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзін-діге 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарыуызын қосып, мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттан кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастап, ай-наға қарайсыз, секпіл байқалмайды.

 

Құрғақ бет

терісін сақтау Бет терісі құрғақ әрі тітіркенгіш адам қайнаған су араластырылған сүт-пен жуынғаны дұрыс. Төмендегі екі маска осындай құрғақ теріге арналған.

 

Картоп маскасы:

Пісіріліп ұнтақталған картопқа бір жұмыртқа-ның сарысын, бір шай қасық бал қосып араластырады, қоспаны бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы сумен шайып жібереді.

 

Швед маскасы:

Пісіріліп ұнтақталған бір картопты жұмырт-қаның сарысымен араластырады. Қоспаны буға ұстап, біраз қыздыр-ғаннан кейін жылы күй-інде бетке жағып, бірден мақта-матамен орап тастайды. 20-30 минуттан кейін қайнатылып, салқындатылған сумен шайып жібереді. Масканы жақпас бұрын бетке бұлау жасайды. Ол үшін басты сүлгімен орап, түймедағын қайнатқан су-дың буына бес минут ұстайды да, шыққан терді дәкемен құрғатады.

Құрғақ теріні тазарту үшін жұмыртқаның сары уызына 10-15 тамшы лимон сөлін, бір шай қасық сұйық май қосып араластырады. Күн сайын кешкілік бетке жа-ғып, бірер сағаттан соң жуып тастайды. Құрғақ бетті жұмсарту үшін бір ас қасық майдаланған аскөкті бір ас қасық сұйық маймен аралас-тырып, оған сұлының ұнын қосып, алынған қоймалжың ботқа тәрізді қоспаны бетке жағады. 20 минуттан соң жуып тастайды

 

Тіс және ауыз гигиенасы. Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады:

1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар;

2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;

3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.

4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;

5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.

Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық – физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем - домдық – профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.

6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайыңдар. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек.

 

Киім – кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның барлық денесі, киім – кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киімнің әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы киіп жүргендіктен пайда болады. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді жазды күні киюдің қажеті жоқ. Өйткені адам денесінің терлегенде киімге тер сіңбей жұқпалы ауру тарататын микробтардың ұясына айналуы мүмкін.

Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал, жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.

 

 

Биосфера эволюциясы. Биосфера дамуының пайда болуындағы Вернадский іліміБиосфера эволююциясы-түрлердің,оолардың ара қатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің жойылып,бұрын блмаған 2-ші бір турлердің пайда болу құбылыстары.Қазіргі биосфераның қалыптасуы ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесә.Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуына дайындық кезеңінен,дәлірек айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады.Олардың негізгі сатылары ғаламшармен оның атмосфеерасының түзілуі шамамен 4-5млрд жыл бұрн басталды.Алғашқыда пайда болған атмосферада температурасы жоғары азот су буы,етан ,аммияк,инертті газдардан құралған көміртегі тотығынң формальдегидпен басқа жай қосылыстар болуымүмкін.2.Күннің сәулелену энергиясымен атмосфераның сууыеың нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы пайда болды.Суық су пайда болып гидросфера құрылып,элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді3.Күннің ультра күлгін сәуле энергиясының радиоактивтіліктің жжәне әртурлі энергиялық күш нәтижесінде көміртегінің,азоттың,сутегінің,оттегінің,қосылыстары конденсациямен полимеризацция процестеріне су арқылы органикалық қосылыстар тузілді.4.тортнші сатыны анторопоген сатысы деп атауга болады себебі жердің геологиялық тарихының соңғы кезеңі.Осы антропогендік кезеңнің көрнекті оқиғасы эволюцияның басқарушысы саналы адамның пайда болуы.Адамзат қоғамының пайда болуы мен даму өте көөп мөлшерде зать пен энергия ағысын тартып,биологиялық айналымның тұйықтығынн бұзды.Антропогендік экологиялық дағдарыстар туып эволюцияның джағымсыз факторына айналды.

Биосфера ұғымы алғаш рет ғылымда 19ғ. Француз ғалымы ЛАмарк ал кейін термин ретінде австралиялық ғалым ЗЮСС қолданды.Биосфера,тіршілік аймағы туралы ғылыми ілімді жетілдірген орсы ғалымы Вернадский болды.Ол биосферадеп тіршілікті түзуде маңызды роль атқаратын жер қабатын түсінді.Тіршілік жер бетінің материясын құрайтын атомдардың көп бөлігін қамтуда деп жазды Вернадский Оның әсернен бұұл атомдар үздіксіз қозғалыста болады.Осы атомдардан әрдайым алуан түрлі қосылыстар түзіледі.Бұл процесс үзіліссіз ондаға млн жылдар бойы ертедегі археозой дәуірінен қазіргі кезге дейін жүруде жер бетінде бүкіл тірі организмдер сияқты үнемі әсер ететін, соңғы нәтижелері б\ша мықты да қуатты мұнай асқан химиялық күштер жоқ .Сондықтан Вернадскийдің тірі организмдерді негізгі өзгертуші күштер деп ерекше атап көрсетті.Сонымен биосфера деп тіршілігі бар кеңістікті яғни тірі организмдер немесе олардың тіршілік өнімдері кездесетін жерлерді айтады.Вернадскитйдің биосфера туралы ілімі жердің бигеологиялық даму кезеңдері ұзақ уақыт бойынша жүретін энергия мен заттар айналымының өнімі ретінде биосфераның құрылуына тірі заттың планетарлық геохимиялық рөліне негізделген.

 

Вибрацияның адам ағзасына әсері. Діріл (вибрация) – ортаның физикалық ластануының бір түрі. Ол айнымалы қысымның механикалық көзінен берілу нәтижесінде пайда болатын жиілік ауқымы кең күрделі тербелмелі процесс.

Діріл биологиялық активтігі жоғары факторлардың бірі. Діріл децибелмен, немесе діріл жылдамдығымен (м/с), діріл шапшаңдату шамасымен (м/с2) өлшенеді. Дірілдің амплитудасы мен жиілігінің маңызы зор. Себебі 6-7 Гц тең резонанстықжиілік адамның жанына бататын етіп асқазаны мен басына әсерін тигізеді. Жиілігі төмен діріл адам организмінде жүретін алмасу процестерін: көмірсуларының алмасуын, қанның биохимиялық көрсеткіштерін өзгертеді, бұл белоктық, ферментативтік, сонымен қатар витаминдік пен холестериндік алмасуды бұзады.

Жұмыс барысында ұзақ уақыт дірілдің әсерінде болған адам әртүрлі кәсіптік ауруға ұшырайды, мысалы асқазанның жаралы кеселіне, психикалық және нерв жүйесі ауруына, гипертония, діріл ауруына шалдықтырады. Кәсіптік аурулардың ішінде діріл ауруының алатын орны ерекше, осы аурумен жиі ауыратындар машина жасау, металлургия, құрылыс, тау-кен өнеркәсіптерінде, көлік саласында және ауыл шаруашылығында істейтін жұмысшылар. Діріл жиілігі 16-20 Гц шамасында болғанда діріл ауруы пайда болатын жағдай туады. Діріл жылдамдығының қабылданатын мөлшері 10 – 4 м/с деңгейінде, ал 1 м/с ауру сезіле бастайды. Діріл ұзақ уақыт әсер еткенде ғимарат, техника бұзылуы мүмкін.

 

Электромагниттік радиотолқындар әсерінің адам ағзасына әсері. Физикалық сипаты бойынша электромагниттік толқынды сәулелер (ЭМС) бір бірімен байланысқан, электрлік және магниттік алаңдарда уақыты бойынша өзгеретін, және бір бірімен әсері, электромагниттік алаңды түзеді. ЭМС толқындардың жиілігі және ұзындығымен сипатталады. Электромагниттік толқындар жиілііг герцпен өлшенеді(Гц). 1 Гц секундтағы тербеліске өлшенеді. Герцтің туындыларына жатады: килогерц (кГц) = 1000 Гц, мегагерц (МГц) = 106 Гц және гигагерц (ГГц) = 109 Гц құрайды.

 

Радиосәулелер толқындарын келесі негізгі диапазондарға бөледі: өте төмен жиіліктегі(ӨТЖ), төмен жиіліктегі(ТЖ), жоғары жиіліктегі(ЖЖ), ультражоғары жиіліктегі(УЖЖ) және өте жоғары жиіліктегі(ӨЖЖ). Оларға өте ұзын, ұзын, орташа, қысқа, ультра қысқа және микротолқындар(дециметрлер, сантиметрлер, миллиметрлер) тән.

 

Жұмыс күні бойында ЭМА осында жұмыс істейтін адамдарға әсері жұмыс орындарында 60 кГц – 300 МГц аспау керек: 50 – 60 кГц-тен 3МГц жиілік үшін,; 20- 3МГц тен 30 МГц жиілік үшін; 10- 30МГц тен 50 МГц жиілік үшін; 5- 60 кГц –тен 1,5МГц жиілік үшін,; 0,3 – 30 МГц- тен 50 МГц жиілік үшін.

 

Жұмыс орындарында ЭМА – дағы рұқсат берілетін энергия ағымының тығыздығы 300 МГц – 300 ГГц жиілік диапазонында болу керек, ал мекемеде рентген сәулелесі немесе жоғары температура болған кезде, жұмыс күні бойы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2); жұмыс күнінің 2 сағат ішінде 1 Вт/м2 (100 мкВт/см2) аспау керек.жұмыстың қалған уақытында ЭМА энергия тығыздығы 0,1 Вт/м2 (10 мкВт/см2) аспау керек.

 

Эксплуатация процесі кезіндегі РЛС қарайтындарды, операторлар, ОТК бақылаулары, РЛС мен немесе жеке СВЧ блоктарын реттейтіндер микротолқынды сәулелер әсерлеріне ұшырауы мүмкін. Егер кабинкаларда жақсы экрандары болса, адамдар аз қарқындылықтағы микротолқынды сәулелерге ұшырайды. Радио және телерадиостанцияларда жұмыс істейтін кезекшілер орташа, қысқа және ультрақысқа толқындардың әсеріне ұшырайды.

 

Радиотолқындардың термиялық, биологиялық әсерлері бар, сонымен қатар ағзада дезадаптациялық әсері бар, ол дегеніміз әртүрлі қолайсыз факторлардың әсеріне қалыптасқан тұрақтылықтың бұзылуы, сонымен қатар кейбір қабілеттіоік реакцияларының бұзылуы. ЭМА екі фазалы реакциясы аз мөлшерде ОНЖ ынталандырады және үлкен қарқындылықта тежеуші әсер етеді.

 

Радиожиіліктегі сәулелермен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қолайсыз факторларға жатады: 1) 10 киловольттан жоғары кернеудегі жұмысшылардағы СВЧ блоктарының модуляторлы және генераторлы аймақтарындағы рентген сәулелері (басым төмен энергетикалық); 2) РЛС кабиналарындағы, радио және телеоадистанция мекемелеріндегі, индукциялық және диелектрлік металл қызбаларындағы жоғары температура, 3) РЛС операторларындағы, радио және телерадиостанцияларындағы кезекшілердегі эмогционалды психикалық стрестер, сонымен қатар соңғы категория жұмысшыларындағы еңбек және демалыстың қолайсыз тәртібі; 4) индукциялық қыздыру аймақтарының, кабиналардың ауаның химиялық заттармен ластануы.

 

Клиникасы.

 

Жедел және сүлелі әсерін ажыратады. Қарқынды сәулелену жылу эффектісін тудырады. Бұл кезде дегбірсіздікке, аяқтардағы ауырсынуларға, бұлшық ет әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, басының ауыруына, бетінің қызаруына, жоғары тершеңдікке, шөлдеу, жүрек қызметінің бұзылуына шағымданады. Жедел қысқа уақыттық микротолқындар тахикардия, діріл, ұстама тәрізді бастың ауырсынулары, жүрек айну түріндегі диэнцефалды бұзылыстармен жүреді. СВЧ алаңында аз қарқындылықта жедел реакция астения түрінде көрінеді.