Электрлі қыздыру құрылғылары

Электрлі қыздыру құрылғылары газ жүйесі тартылмаған зертханаларда маңызды қолданысқа ие. Сонымен бірге қыздыру қажет болғанда, бірақ газды жанарғыны қолдануға болмайтын жағдайда электрлі құрылғылар қолданылады. Мыс: тез ұшатын және тез буланатын органикалық еріткіштерді айдаған кезде қолданылады.

Зертханалық электрлі қыздыру құрылғыларын реостат арқылы қосып және оның көмегімен қыздыру температурасын реттеуге болады.

Сонымен бірге электрқыздыру құрылғыларының 2 жанасу нүктесі болады.

Электрлі қыздыру құрылғыларының ішінде плиталар, пештер, моншалар, кептіргіш шкафтар және т.б. кең қолданылады.

Электрлі плиталар- әр түрлі көлемде, дөңгелек немесе тікбұрышты пішінде, ашық немесе жабық бетті (спиральді) болып келеді.

Плита спиралін жауып тұратын пластинка металлды, асбестті немесе талькті – шамотты болады. Асбестті және талькті – шамотты плиткалар химиялық реагенттер әсеріне шыдамды, өте ыңғайлы. Асбестті қыздырғыш беті бар плиталарда «борттары» болады, олардан асбестті бетке құм салып, құм моншасын жасауға болады.

Ашық спиральді плиталардың тиімділігі оған қыздырылатын заттардың түсіп кету қаупі болмаған жағдайда қолданады. Мұндай плиталардың тиімділігі олар жанып кеткен жағдайда оны жөндеу жеңіл.

Әдетте плиталарды 127 В немесе 220 В кернеуге арнап жасайтынын еске ұстау керек. Сондықтан зертханадағы электр жүйесінің вольтажына сәйкес келетінін қолдану керек. Егер электрлі қыздыру құрылғысында үш штеккер болса, онда оны арнайы вилькасы мен 3 глильзасы бар электршнур көмегімен жүйеге қосады. Гильзаның біреуінде «0» деген белгі немесе қара сызық болып немесе гильзаның түсі басқалардан ерекше, мысалы: қоңыр болса, онда мұндай құрылғының 3 қыздыру деңгейі болуы мүмкін:

1. Минимальді қыздыру үшін белгісі бар гильзаны ортаңғы штеккерге, ал қалғандарының біреуін сол штеккерге қояды.

2. Ортаңғы қыздыруға жету үшін белгісі бар гильзаны оң штеккерге, ал қалғандарының біреуін – сол немесе ортаңғы штеккерге қояды.

3. Максимальді қыздыруға қою үшін белгісі бар гилбзаны оң штеккерге, ал қалған басқаларын – сол немесе басқа штеккерге қояды.

Сурет. Электрлі плиталар

Су моншалары. Электрлі су моншаларының сыртқы түрі газбен қыздырылатын қарапайым моншаға ұқсас. Бірақ олардың басқа пішіндегі түрлері де бар. Моншалар өртке қауіпті заттармен жұмыс істегенде өте тиімді. Оларды реостат арқылы жүйеге қосып, қыздыру температурасын реттеуге болады. Моншалар сонымен қатар арнайы термореттегіштермен жабдықталған болуы мүмкін. Егер электрлі су моншасы сумен автоматты түрде қамтылса, онда моншадағы су деңгейін мұқият бақылау керек. Өйткені сусыз қыздыру моншаның бүлінуіне әкеледі. Су моншасының бірін-бірі жауып тұратын сақиналы қақпағы болады. Оған шетіне 2-3 см қалғанға дейін су құйылады, дөңгелек түпті колбаның түбі суға тиіп тұратындай етіп, (1,5-2 см) бекітіледі. Колбаны ыдысқа салғанда артық сақиналарды алып тастайды.



php"; ?>