Балалардың уақыт жайлы түсінігін қалыптастыру

Тәулік бөліктері төртке бөлінеді. Олар: таң, түс,кеш, түн.Тәуліктің бөлінуі бір жағынан қоршаған ортада болып жатқан өзгерістермен байланысты мысалы, күннің, айдың,жұлдыздардың пайда болып жоғалуы,екінші жағынан адамдардың тәулік бөліктеріне байланысты еңбек етіп және демалуының алмасуы.Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында екінші сәбилер тобымен таныстыру ерекшеліктері көрсетіледі.Бұл кезеңде бала төрт тәулік бөлігін сөзбен айтуды және ажырата білуді үйренеді.Балаларға қарапайым іс-әрекеттер арқылы түсіндіруге болады.Ол үшін балаларға қарапайым сұрақтар қойып әңгімеге тарту.Мысалы, балалар сендерді аналарын оятқанда балам тұр таң атты дейді.немесе балабақшада түскі ас іштіңдерме?деп айтуға болады.Балаларға картина және сөздік ойындарды қолдануға болады. « Бос орындағы сөзді тап.», Біз таңғы асты таңда ішеміз ал түскі асты ... ішеміз».

«Тәулік» ұғымын меңгеру үшін ойындарды қолдану керек.Балаларға таң, күндіз, кеш, түн ұғымдарын қалыптастыруға үйрету қажет, бұлар тәулік ұғымын меңгеру үшін қажет. Жоғарғы топтарда тәулік ұғымын қалыптастыруда әр түрлі мысалдар келтіруге болады. Тақтаға 4 сурете бейнеленген пейзажда тәуліктің 4 мезгілін көрсету. Әр суреттің қай тәулік мезгілінде болатының сұрау. Осы суретте бейнеленген тәулік мезгілдеріне қарап тәулік ұғымымен таныстыру. Балалардан сұрау: Қанша тәулік мезгілдері мына суреттерде бейнеленген? Барлық төрт тәулік мезгілдерін біріктіріп қалай атауға болады? Балалар әдетте «Күні бойы» «Бір күн» деп жауап береді. Бұл жағдайда тәуліктің төрт мезгілі тәулік деп аталатынын атықтап алу қажет. Кейін тәулік неше бөлікке бөлінетінін, олар қалай аталатынын, қандай тізбекпен келетін қайталап алу қажет. Балаларға олардың белгілері мен символдарына байланысты топтастыруды ұсыну, және осы уақыттарды бір сөзбен айтуды ұсыну. Тәулік ұғымы тақырыбын толықтыру үшін келесідей ойындар ойнау ұсынылады: «Көршісін ата» ойыны.Бұл ойында тәулік ұғымдарының көршілерін атау қажет. Мысалы таңның көршісі кім? Олар: түн мен күндіз. Себебі таң түннен кейін келеді, ал таңнан кейін күндіз келеді. Сол секілді тәрбиеші түннің көршілерін атауды сұрайды. «Тәуліктің барлық бөліктерін ата» ойыны. Тәрбиеші балаларға: Балалар, мен тәуліктің бір бөлігін атаймын ал сендер сол тәулік бөлігінен кейін келетін бөліктерін атайсыңдар, сонда бір тәулік шығу қажет дейді. «Күндіз» , ал одан кейін қай тәулік бөлігі? Балалар: «Кеш» деп жасап береді. Осы ойындардан басқа, сұрақтар қойып әңгімелесуге де болады: Қазір тәуліктің қай уақыты? Тәуліктің қандай бөліктері болады? Алдыңғы күнінен кейін не келеді? Түн болғандығын қайдан білеміз? Күндізден бастап барлық тәулік бөліктерін атап шық? Бұл тапсырмалар жалпы тәулік ұғымы туралы түсінігін қалыптастырады және тәулік бөліктері туралы білімдерін бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар балаларда тәулік бөліктерінің кезектесіп және тоқтаусыз өзгеріп отыратындығын көрсетеді.

Балалардың тәуліктің бөліктерінің кезектесуі білімін бекітуге арналған ойындар.Балаларды тәуліктің бөліктерімен таныстыру «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағдарламасына сәйкес екінші кіші топтан бастап таныстырылады. Бұл жаста балаларға тәуліктің төрт бөліктерін ажыратып және белгілерін анықтау үйретіледі. Балаларға таң, күндіз, кеш, түн ұғымдарын қалыптастыруға үйрету қажет, бұлар тәулік ұғымын меңгеру үшін қажет 3.Бейнелеу өнері жанрлары.Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік-қолданбалы өнер.

Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет. Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма. Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері. Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.

Осы өнер түрлері ішінде айналамыздағы қоршаған дүниені шынайы, жанды етіп түрлі-түсті бояулармен суреттейтін өнер – живопись (кескіндеме) өнері. Живопись жайлы мынадай аңыз бар: «Бірде грек суретшісі Зевксис жүзім суретін салыпты да, бояуы кепсін деп терезе алдына қойыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп шұқи бастапты». Бұл аңыз живопись өнері бізді қоршаған табиғаттағы нәрселерді сол қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей. Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр. Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық. Сөзжұмбақ шешу «Галерея».

Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.

Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты. Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, мұғалім толықтырады. Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды. Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады. Портрет –адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар. Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.

Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.

 

Билет №3