Гімелеуге үйрету әдістері 3 страница

В качестве наглядного материала использую модели - картинки или фотографии, где изображены дети в процессе различных видов деятельности на протяжении дня: уборка постели, утренняя гимнастика, умывание, завтрак и т. д. Уточнить представление о частях суток позволяют дидактические игры, например игра "Наш день".

Изменчивость и относительность таких обозначений времени, как "вчера", "сегодня", "завтра", затрудняет усвоение их детьми. Пятилетние дети путают эти слова. Смысловое значение данных слов я раскрываю, задавая детям вопросы: "Где мы были с вами вчера? Когда мы ходили в парк? Какое занятие у нас сегодня? Когда у нас будет занятие по рисованию?" И т. п.

Для упражнения детей в использовании временных терминов в старшей группе широко использую словесные дидактические игры и игровые упражнения, например "Продолжай!". Это упражнение можно проводить в форме игры с мячом. Дети встают в круг. Я произношу короткую фразу и бросаю мяч. Тот, кому попал мяч, называет соответствующее время. Например: я бросаю мяч и говорю: "На почту мы ходили..." "...вчера",- заканчивает фразу ребенок, поймавший мяч. "Занятие по математике у нас было..." "...сегодня". "Рисовать мы будем..." "...завтра" и т. п.

Любят дети игру "Наоборот". Я произношу слово, смысл которого связан с представлением о времени, а дети подбирают слово, обозначающее другое время дня, обычно в контрастном значении. Например, утро - вечер, завтра - вчера, быстро - медленно, рано - поздно и т. п.

3.Балабақшадағы таңертеңгілік жаттығулар, оларды ұйымдастыру әдістері

Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Таңертеңгі жаттығу балаларды ақыл-ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етеді.Таңғы жаттығуды ұйымдастыру әдістемесі:Сауықтыру, тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру үшін ертеңгілік жаттығу күн тәртібі бойынша белгіленген дәл уақытында өткізілуі керек. Ертеңгілік жаттығу бірінші кішкентайлар тобынан бастап енгізіледі. Жаттығуларды (кешендерін) іріктеп алу және гимнасти­ка жасау уақытының ұзақтығы әрбір жастағы топ балаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламамен» анықталады.Оған қойылатын талаптар: Ертеңгілік гимнастика фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде, таза шөпті, ашық алаңда өткізіледі. Балалар ертең­гілік гимнастикаға шорты,футболка және жайлы тапочка киіп шығады. Мұндай тәртіп бүкіл жыл бойы біртіндеп организмді салқын температураға үйретеді, ертеңгілік гимнастикаға шынықтыру процедурасының - ауа ваннасының маңызын береді. Терезелері ашық залдағы (күзде және қыста) немесе таза ауаға шыққан кездегі гимнастика арты жүгіруге ұласатын ұзаққа созылмаған, организмде жылылықты қалыптастыратын және жүректің, өкпенің күшті жұмыс істеуін туғызатын, вегетативтік жүйке жүйесінің функциясын жандандыратын тез жүріспен басталады. Жүгіру біртіндеп белсенді, шапшаң қарқынды, артынша баяулайтын жүріске және балаларды шеңберге немесе тізбекті сапқа тұрғызуға ауысады. Оттегіні көп талап ететін бұлшық еттер жұмысы процесінде тыныс алу тереңдейді, организмде күшті жылу пайда болады және салқындау қаупі жойылады. Жүйелі түрде қайталаған жағдайда жылылықты реттеу процесі жетіледі, сал­қын температураға үйрену қалыптасады. Олар тоңбайтын, салқыннан қорықпайтын болады, жүйке жүйелері нығаяды, таза ауада жаттығуға құлшынатын болады. Эмоциялық-жағымды қатынастарды тәрбиелеудің зор маңызы бар. «Біз спортшылармыз!» - дейді балалар. Төмен температура кешеніне кіретін барлық жаттығулар неғұрлым ширақ қарқында беріледі. Бұл организмді тезірек жылыту үшін және балалардың бойында жылылықты реттеудің физиологиялық процесіне әсер ететін, терінің температурасын қалпына келтіруге көмектесетін жағымды эмоциялардың пайда болуы үшін қажет.

Билет №15

1.Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері, әдіс-тәсілдері.

Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
- Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
- Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
- Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
- Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Баланың сөздік қорын молайту;
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
2.Балалардың 1 саны және цифры жайлы түсінігін қалыптастыру.

Балалар суреттен бір және көп заттарды көрсетеді. Тапсырманы орындау кезінде оқушылар көп және бір заттарды атайды (аспанда бұлт көп, күн біреу, көп гүл және бір шырша). Білімдерін бақылау үшін «Бір және көп заттарды тап» ойынын жүргізуге болады. Ойын барысында балалар бір және көп затты ажырата алуға, бір затты көп заттың бөлігі ретінде тануға жаттығады.

Содан кейін мұғалім бір санының қалай белгіленетініне назарларын аударады. Мұғалім «сан» және «цифр» туралы түсінік береді, 1 цифрының баспаша, жазбаша түрімен таныстырады.

Балаларды 1 цифрының жазбаша үлгісімен таныстырып, жазылу жолын түсіндіреді. Алғашқы күннен цифрды торкөзде көрсетілген үлгідегідей бірде жылдамдықта жазуға үйрету маңызды:

«Торкөздегі жазуға қараңдар. Қандай цифр жазылған? 1 цифры торкөздің ортасынан бастап жазылады, сызықты торкөздің жоғарғы бұрышына дейін жеткізіп , содан кейін ол сызықты қайтадан төмен қарайды торкөздің ортасына дейін жеткіземіз. Цифрды ауада санау арқылы жазыңдар. «Бір» дегенде сызықты жоғары жүргіземіз, «және» дегенде тоқтаймыз, «екі» дегенде сызықты төмен қарай жүргіземіз. 1 цифрын үзік сызықтарды бастыра отырып жазамыз. Тағы бір жолды өзбеттерінше жазыңдар»

3.Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің маңызы мен міндеті

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.
Дене тәрбиесінің міндеттері:
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.

Билет №16

1.Балаларды жан – жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқу сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдармалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын әзірлеу керек» деген болатын. Ана тілді үйретудің заңдылығы, жоғарыда айтылып өткендей бір қатар қабылеттердің дамуы процесінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1) өзіні сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабылеты – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды моделдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекістері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабылеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3( сөздің мағыналы элементін өз сезімімен салыстыра білу қабылеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабылеті.

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Лингвистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарттары болып табылады.

2.Балалардың 2 саны және цифры жайлы түсінігін қалыптастыру.

Балалар, ағашта 1 торғай отыр еді. Ағашқа тағы 1 торғай келіп қонды. Енді ағашта неше торғай қонып отыр? Иә, дұрыс 2 торғай қонып отыр. Ендеше, балалар бүгін біз 2 санымен танысамыз(тақтаға 2 санының баспа түрін ілемін). Мынау 2 санының баспа түрі. 2 саны 1-ден тікелей кейін тұратын сан. 2 саны 1 және 1 санынан жасалады.

Полотноның 1 қатарына 2 алманың суретін саламын, суреттердің астына сәйкес цифрларды саламын. Содан кейін 2 саны 1 санынан артық, ал 1 саны 2 санынан кем екенін айту.

Балалар, мына тіктөртбұрыштың ұзындығы 1 см оған тура осындай тіктөртбұрышты қоссақ неше см болады? Дұрыс айтасыңдар 2 см. Ендеше 2 см 1 см-ден артық.

2 цифрын жазғызып үйрету.

2 цифры ілгіштен және толқынды сызықтан тұрады, үзіліссіз жазылады.

Ілгішін тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл төменіректеу бастап, сызықты жоғары қарай жүргізеді де, оны оң жақ жоғары бұрышта иеді және тордың төменгі қабырғасының ортасына дейін көлбеу штрих жүргізеді. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасын бойлай, оның төменгі бұрышына қарай толқынды сызық жүргізеді.

3.Спорт түрлері. Жаздық спорт түрлері, қыстық спорт түрлері

Жазғы спорт түрлері:жүзу,футбол,баскетбол,воллейбол,бокс,карате,таеквондо,жеңіл атлетика,қол добы,академиялық есу,бадминтон,күрес,велоспорт,су добы,спорттық гимнастика,көркем гимнастика,дзюдо,ат спорты,үстел теннисі,желкенді спорт,суға секіру,қазіргі бессайыс,нысана көздеу,садақтан ату,теннис,триатлон,ауыр атлетика,семсерлесу,көгалдағы хоккей.

Қысқы спорт түрлері:биатлон,трамплиннен секіру,бобслей,скелетон,конькимен жүгіру,мәнерлеп сырғанау,шайбалы хоккей,допты хоккей,шаңғы жарысы,шаңғымен тұғырдан секіру,тау шаңғысы,фристайл,шорт-трек. Осы спорттық ойындарды жаздым.Қалып кеткендер бар шығар өзің толықтырарсың.

Коньки тебу спорты

Конькимен жүгіру-бұл дене жаттығуының түрі, бұл жаттығуды адам мұз бетінде арнайы дайындалған құралда, аяқ киімге бекітілген конькимен сырғиды. Белсенді демалу, денсаулықты күшейту мақсатындағы аздаған жылдамдықпен конькимен жүгіру ойын-сауығы жәй сырғанау деп аталады. Жәй сырғанаудың ішіне- жеке, жұптық және топтық жылжу, сонымен қатар мұз үстіндегі ойындар кіреді. Сонымен конькидің әр түрлі үлгілері қолданылады. Жәй сырғанау ереже бойынша конькимен спорттық жаттығудың барлық түрлерінің мамандандырылған сабақтарының алдында тұрады: конькимен жаттығулар, шапшаң сырғанау, мәнерлеп сырғанау (жеке және жүппен), мұз үстіндегі спорттық би, хоккей, шайба және доппен ойындар. Сол себеп бойынша оны конькимен косымша жаттығуларға жатқызады. Конькимен шапшаң сырғанау (Коньки спорты)- бұл спорттық жаттығудың түрі, бұл жаттығуды орындағанда коньки тебуші жарыс шартында барынша мүмкіндігі бар өз жылдамдығымен ереже бойынша регламенттелген ара-қашықтықты жеңіп алуға тырысады. Шапшаң сырғанауда жәй және арнайы конькилер қолданылады.

2. Шаңғы жарысы

Шаңғы жарысы-Қазақстандағы спорттың кең таралған түрінің бірі.

Көпшілікке әйгілі болып жүрген спорт түрінің бірі әр түрлі ара қашықтықтағы шаңғы жарысы болып табылады. Спорттың осы түрімен айналысу дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады, қозғалыс әрекеттегі бірінші орын алады.

Еліміздің көптеген аймақтарында, қыс мерзімі ұзақ және қарлы жерлерінде, шаңғымен айналысу дене тәрбиесінің кең тараған түрі. Шаңғымен айналысу кезіндегі дене тәрбиелік жүктеме көлемі және қарқындылығы бойынша өте жеңіл бөлінеді. Бұл шаңғыны әр жас шамасындағы әйелдер мен ер адамдар үшін дене тәрбиесі құралы ретінде, денсаулықтың қалпың және дене тәрбиесі дайындығын жарнама етуге мүмкіндік туғызады.

Бірыңғай бұлшық ет қимылдарымен жұмыс жасау, төмен температураларда және таза аяз ауада, ағзаның әр түрлі ауруларға шалдығуына қарсылық жасауын көтереді және жұмыс жасауға жаратымды көмегін тигізеді. Шаңғымен әдемі ормандарда және беткей бойынша әр түрлі өңірлерде серуендеу, сырғу жүйкелік жүйеге, ми және тәннің еңбекке қабілеттілігіне жаратымды ықпалын тигізеді.

3. Мәнерлеп сырғанау

Мәнерлеп сырғанау-спорттың қысқы түрі, спортшылар конькимен мұз үстінде қосымша элементтер жасайды, әсіресе музыкамен бірге. Ресми жарыстарда ереже бойынша медальдардың төрт топтамасы ойнатылады: әйелдердің дара сырғанауы, ерлердің дара сырғанауы, жұппен сырғанау және сонымен қатар мұздағы спорттық би. Мәнерлеп сырғанау Қысқы Олимпиядалық Ойындарының бағдарламасына енгізілген.

Сырғанаушылар әр-түрлі шоуларға жие қатысады, олардың шеберліктерін төрешілер емес, көрермендер бағалайды.

4. Шорт-трек

Шорт-трек (ағылшын тілінде. Short track speed skating, орыс. Қысқа соқпақта конькимен жылдамдық жүгіріс)-коньки тебу спортының формасы. Жарыстарды бірнеше спортшылар (ереже бойынша 4-8: арақашықтық үлкен болған сайын, жүгірісте көп спортшылар болады) ұзындығы 111,12 м сөпақ мұз соқпақ бойынша бірмезгілде сырғиды. Шорт-трек (ағыл. Short track-қысқа соқпақ), хоккей алаңы ішінде жарыстық арақашықтықты тез иелену үшін конькимен жылдам жүгірудің түрі. (мұздың шеңбері-111,12 м). Шорт-трек Канадада 20 ғасырда пайда болды.

5. Спорттық бағдарлау

Спорттық бағдарлау-бұл қатысушылар карта және компас көмегімен өңірлерде орналасқан бақылау пунктінің (қысқаша-БП) берілген саның өту керек болатын спорттың бір түрі, ал қортындылар арақашықтық өтетін уақыт (аңықталған жағдайларда айыптық уақыт есебі) бойынша немесе алған баллдарының саны бойынша аңықталады.

Спорттық бағдарлаудағы аса көп таралған жарыстың бірі тапсырылған бағытта бақылау пунктің (БП) іздеу болып табылады. Қатысушылар картада белгіленген, аңықталған жүйелілікпен БК арқылы жүгіреді.

Сөреде спортшыға БП-нің өңірде нақты орналасқан карта беріледі, сол карта бойынша спортшылар өз еркіндерімен ақпарат негізінде жолдарын тандайды. Олардың тапсырмалары-аз уақытта барлық БП тауып алу. Спорттық бағдарлаудың көп түрлері бар екені сөзсіз (Таңбаланған тас жолында бағдарлау, таңдау бойынша бағдарлау, паркттық бағдарлау, қолжалғау, шаңғы бағдарлау, велосипедпен бағдарлау және т.б.). Брақ спорттық бағдарлау бойынша жарыстың көп таралған түрі осы берілген бағыттама болып табылады.

 

Билет №17

1.Сөздің лексикалық мағынасын жалпылау дәрежесі, оларды әр түрлі жастағы балалардың меңгеруі.

Сөз-тілдің негігі өлшемі. Ол былайша айтқанда бір мезгілде тілдің барлық компоненттерінің фонетиканың (сөз дыбыстарынан тұратындықтан), лексиканың (болмыстық белгілі бір құбылыстарын білдіріп, кодамен шифрлайтындықтан, яғни мағыналық рөл атқаратындықтан).

Сөздерді мағынасы бойынша жалпылаудың бірнеше дәжересі ажыратылады.

1)Жалпылаудың нольдік дәрежесі-жалқы есім, жеке заттың (есімі) аты (Маша, Витя, әже, табақ, стол). Жаңадан сөйлей бастаған балалар (бір жастың соңы – екі жастың басына қарай) сөзді, яғни бұл атауды нақты затпен арақатынаста салыстыра отырып (қорытудың нольдік дәрежесі) үйренеді: олар үшін мама, орындық, доп, ваза сөздерді Витя, МАша секілді жақы есімдер.

2) Жалпылаудың бірінші дәрежесі-жалпы есім, яғни бір тектес заттардың, іс-әрекеттердің, сапаның жалпы атауы. Мысалы, өзінің балаларын ертіп жүрген мысықты көрген бала «мама-мияу» деп айта отырып, мама деген сөздің жалпылауыш маңызын түсінеді; шар тәрізді кез келген серпімді затты түсіне, мөлшері мен материалына қарамастан доп деп атаған бала доп сөзінің лексикалық мағынасын түсінеді; бұл іс-әрекетті кім жасағанына қарамастан, тиісті іс-әрекетті келе жатыр сөзімен атай отырып, көгілдір түсті кез келген затты көгілдір сөзімен білдіру арқылы бала келе жатыр етістігі мен көгілдір сын есімнің лексикалық мағынасын түсінетіндігін көрсетеді. Балалар жалпылаудың бірінші дәрежесінің сөздерін екі жасар кезінің соңына қарай үйренеді.

3)Жалпыл-ң екінші дәрежесі-тектік ұғымдарды білдіретін сөздер: мабель (бұл орындық та, стол да,шкаф та болады). Іс әрекеттің, белгілердің атауы зат есім түрінде жалпы қорытындыланып беріледі: жүру, жүзу, жүгіру, ұшу, ақшылдығы, көкшілдігі. Жалп.екінші дәреж-ң сөздерін балалар 3 жастан кейін үйренеді.

4) Жалп.үшінші дәрежесі-жалпылаудың екінші дәрежесінің сөздері үшін тектік ұғымдарды білдіретін сөздер: өсімдіктер-ағаштар, шөптер, қыналар; заттар-ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, жиһаз; өнімдер-көкністер, жемістер, астық тұқымдастар; қозғалыс-жүгіру, ұшу, жүзу; түс-ақшылдығы, көкшілдігі. Балалар Ж.үшінші дәр.сөздерінің мағынасын шамамен бес немесе алта жасқа келгенде үйренеді

5)Ж.төртінші дәр.-шекті лексикалық жалпылау: зат, қимыл, жай-күй, сын, сапа, сан, қарым-қатынас деп аталатын сөздер. Бұл мүмкіндік толық дәрежеде жас өспірімдік шақ сатысында туады.

2.Балалардың 3 саны және цифры жайлы түсінігін қалыптастыру.

3 саны:
Екіден соң әрқашан,
Үш саны болып қаламын.
Қос мүйізі майысқан,
Ұлттық ою саламын.
Сандар туралы не білеміз?

3 санының құрамымен таныстыру болып табылады. Ол үшін мұғалім жинақ полотносына 3 үшбұрышты (2 көк, 1 қызыл ) қояды:

-Барлығы неше үшбұрыш?

- Көк үшбұрыш нешеу?

-Қызыл үшбұрыш ше ? Тапсырманы орындау барысында оқушылардың «3 -бұл 2 мен 1» деген қорытынды жасауы маңызды.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №2 тапсырма ұсынылады. Мұғалім оқушылардан тура және кері санауды сұрайды. Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Оң жақтағы әр бағанда неше текше артық немесе кем ? Біреуі артық - бұл келесі сан. Біреуі кем -бұл алдыңғы сан»