Гімелеуге үйрету әдістері 7 страница

3.Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыка сабақтары. Музыка сабағын жоспарлау Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі –музыкалық шығарманың сипатын, характерін сезіну, естігеніне бірге қуану, не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну, қабілеті. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады. Өмір құбылыстарымен таныстырады. Оларды бір-бірімен салыстыратын ой туғызады.

Музыкалық қабілеттің екінші белгісі тыңдау қабілеттілігі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап ести білу мәдениетін байқайды. Ең қарапайым қасиетін аспаптардың ең жоғары және ең төмен тембрлік дыбысын салыстырады.шығармының ең қарапайым құрлымын әннің бастамасын, қайырмасы, бөлімдерін айқындайды.

Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі музыкага творчестовалық қөзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді ойынды көз алдына елестете отырып, оның патриоттық адамгершілік сезімдерін қалыптастырады. Оның ықпалы үгіттеуден де нұсқаулардан да анағұрлым күштірек болады. Отан, Қазақстан ,батырлық әндерін айтқанда балалардың әндеріне оз елдеріне деген суйіспеншілікті көруге болады. Сондай ақ Қазақстан азаматы болғандықтан әр бір бүлдіршін, еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен жөн. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей тегжейлі түсіндіріп, мереке күндері топ болып айтқызу –Отансугіштік, еліне деген мақтаныш сезімін ұлттық рухын күшейтуде айрықша мәні бар іс. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері досттықа тәрбиелейді. Әсіресе біздің балабақшамыздағы орыс топ балаларының қазақ тілінде ән шырқап, аудан көлемінде өткен «Тіл болашағы балабақшада» атты байқауда жүлделі орынға ие болғаны қазақ әні мен билеріне деген суйіспеншіліктерін арттырды.

Ұжым болып ән салу, билеу,ойнау көп ретте тәрбиелік реттерді шешеді,ән айту бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді, әнді дәл айтпайтын бала жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.

Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мәдениетіне себін тигізеді. Өнердің басқа түрлері сияқты музыканың танымдық маңызы бар. Музыка балардың эстетикалық және ақыл-ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандырады.

Музыкалық ырғақ сәтінде балалар рақаттана әндетіп, музыка ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би, халықтың жеке билері, пантомимо, әсіресе музыкалық ойын түріндегі драма балаларды өмір көріністерін бейнелеуге бинелі қимыл, мимика, сөз арқылы персонаждарды сомдайды. Балалардың жас рекшеліктеріне байланысы музыкалық даму ерекшеліктері жылдан-жылға өсе береді. Баланың музыкалық қабілеті дамиды.

Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері:есту сезімі, музыкалық есту қабілеті, ән айту, музыкалық ырғақ орындауындағы, қарапайым дағдылар қимылдары.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Ән-әуез

Тақырыбы: Кім жылдам

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың музыка әуенін тыңдап, сезіні арқылы ән сабағына деген қызығушылығын арттыру. Әуенді қимылды үйрете отырып, әуен сазына ере білуге қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ойын арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Әдемілікке тәрбиелікке баулу.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Шарлар, доптар, себеттер.

Сөздік қоры: Шар, доп

Әдіс-тәсілі: Сұрақ, жауап, көрсету, түсіндіру, жаттау

Әрекет кезеңдері

Ән жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

Ізденуші, ұйымдастырушы

Балалар бірінің артынан бірі ұстап жүріп келеді де, жарты шеңбер болып тұрады.

Желдің дыбысы естіледі.

Балалар қараңдаршы ненің дыбысы естіледі?

Не ұшып келді бізге?

Шар ұшып келді

-Балалар мынау не?

-Шар

-Шардың түсі қандай?

-Қызыл екен

-Шар ұшады ма?

-Ұшады

-Біз шар туралы не білеміз?

Коп әндер, тақпақтар, ойындар білеміз.Олай болса «Шар жарылды» деген ойын ойнаймыз.

Дауыс жаттығуы:

-Балалар енді біз дауыс жаттығуын жасаймыз. Шар келгенде бізге желдің дауысы естіледі, олай болса біз желдің дыбысын салып көрейік.

-Қане, -у-у-уоуоуоуооо-о-аааа

Негізгі бөлім:

-Балалар біз бүгін жаңа ән үйренеміз. Ж. Қалжанованың «Қайда екен» әнінің сөзін жаттаймыз.

1 шумағы

Қайда екен қолымыз

Оңымыз бен солымыз

Міне міне қолымыз

Оңымыз бен солымыз

Табылды ғой алақай

Қол соғайық балақай.

-енді балалар қимылмен айтамыз

Әуенді қимыл қозғалыс

-Балалар қараңдаршы бізге не келеді?

Әрине доп келеді.

Доптың пішіні қандай?

Үлкен ба? Кіші ма?

Доп кішкентай екен

Түсі қандай?

Доп бізбен бірге билегісі кеп тұр

Доп сияқты біздерде секіре аламыз ба?

Қане секіріп көрейік

Жарайсыңдар.

Біз тағы доп туралы не білеміз?

Өлең білеміз Д. Абелянның «Доп» әнін айтып көрейік.

Домалап, домалап

Балшыққа сен жолама

Жек көрем оныңды.

Бүлдіресің қолыңды.

Балалар вагон болып жүреді

Шар ұшып келеді дейді.

Қызыл

-Ұшады деп жауап береді

Ойынды ойнайды

Желдің дыбысын салады

Өлең сөздерін қайталап отырады

Доп ұшып келеді

Домалақ

Кішкентай, түсі ақ

Балалар секіреді

Өлеңді әндете орындайды

 

Билет №24

1.Балабақшадағы балалардың сауатын ашу және мектепке даярлаудың мақсаты мен міндеті. Сауат ашу және жазу негіздері

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға сауат ашу негіздері мен алғашқы оқу дағдыларын меңгерту, жазуға дайындау.

Міндеттері:

1. Тілдің негізгі бірліктері туралы түсінік беру (дыбыс, буын, сөз, сөйлем).

2. Қоршаған ортадағы дыбыстардың түрлілігін айтылған сөз арқылы таныстыру.

3. Қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажырата білуге жаттықтыру.

4. Баспа әріптерімен таныстыру.

5. Ұсақ қол моторикасын дамыту, қарындаш, қаламды дұрыс ұстауға үйрету.

Мазмұны:

Алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыру

«Сөз» және «дыбыс» «буын», «жуан және жіңішке дауысты дыбыс» туралы алғашқы түсінік беру.

Тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.

Балаларға сөздегі дыбыстардың бірізділігін құра білуге үйрету. Қатаң және ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерліктерін жаттықтыру.

Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш-төрт сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету, дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін (еріннің, тіл мен жақтың қатысына қарай) талдау.

Әріптер таңбасымен (баспа әріп) таныстыру, әріптерді дыбыспен (дыбыстармен) салыстыра білуге жаттықтыру. Олардың толық бейнесін есте сақтауларын жаттықтыру.

Буындарды оқудың негізгі тетігі туралы практикалық түсінік беру, яғни, оқу барысында буындағы дауысты дыбысқа сүйену арқылы жаттықтыру.

Жай сөйлемдерден буындарды және жеке сөздерді оқуға жаттықтыру.

Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру (жалаң және жайылма сөйлемдер құру, оларды дұрыс әрі нақты айта білуге, сөйлесу барысында жеке сөйлемдерді ажырата білу, сөйлемді сөздерге бөліп, олардың санын анықтай білуге жаттықтыру).

Жазуға дайындық

Дәптерді, қолды, қарындашты үстел үстіне қою және жазу кезіндегі ережелермен таныстыру.

Қарындашты, қаламды дұрыс ұстауға үйрету.

Ұзын-қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.

Кеңістікті анықтай білу және қағаз бетінің жазықтығын бағдарлай білу іскерліктерін (графикалық диктант) үйрету.

Сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым жиектерді сала білуге үйрету.

Жазу барысында қол қозғалысының ырғақтылығын сақтай білуге жаттықтыру.

Әріптердің таңбалары туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру, дыбыстарды әріптермен сәйкестендіру іскерліктерін дамыту.

Жыл соңында сауат ашу және жазу негіздері бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- тілдің негізгі бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы түсініктерін;

- қазақ тілінің дыбыстарын айтып, дұрыс айтылу мен жағымды дауыс мәнері белсенді қарым-қатынас жасауға ықпал ететінін;

- айтылуы, қарқыны және қаттылығы жағынан өз дауысының дыбысталуын бағалауды;

- барлық дыбысты дұрыс айтып, сөздерді анық және нақты айтуды;

- сөздерден дыбыстарды ажыратып, белгілі дыбысы бар сөздерді табуды және сөзде дыбыстың орнын анықтауды;

- әртүрлі дыбыстық құрылымның үш-төрт дыбысты сөздеріне дыбыстық талдау жасап, дыбыстарды (дауысты-дауыссыз, жуан-жіңішке) сипаттауды;

- cөйлем туралы бастапқы түсініктерді;

- берілген тапсырма бойынша тірек сөздерімен сөйлем құрастыруды;

- баспа әріптерінің нұсқасын;

- жазу жазарда дұрыс отыру ережесін,

- қарындаш пен қаламды дұрыс ұстау, қағаз бетінің жазықтығын бағдарлауды, негізіне кейбір элементтердің ырғақты орналасуы жататын қарапайым жиектерді сызуды, салуды білуі тиіс

 

2.Геометриялық пішіндерге байланысты ойындар мен сергіту сәттері

Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

 

Ойын: Пішіндер неге ұқсайды?

Мақсаты: Балаларға пішіндер туралы түсініктерін кеңейту.

3.Музыкалық-ырғақтық қимылдардың балаларға ықпал етуі, әсері, тәрбиелік маңызы.

 

Музыкалық ырғақты қимылдарға: жаттығулар, ойындар, хороводтар, билер, би шығармашылығы жатады. Музыканың сипатына сай қимылдарын өзгерту, үйлестіру, пьесаның соңын сезіну дағдыларын жетілдіріп отыру қажет. Би қимылдары арқылы ойын және хороводтарды музыка ырғағына қарай қимылдауға үйрету. «Музыканың сүйемелденуімен орындалатын қимылды ойындар музыканың өзі сияқты естуді, жеңілдікті және қимылдың икемділігін, музыкадан алынатын әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап бере білушілік қабілетті дамытады»- деп жазған орыс педагогы Е.Н Водовозова.

Музыканың организмге жалпы қызметіне оңды ықпал жасайтыны дәлелденген.Бұл жөнінде, есту және бұлшық еттер түйсігінің өзара байланысына сипаттама бере отырып , И.М. Сеченовта жазған болатын.

Билет №25

1. Балалардың сауатын ашу оқу әрекетінің балаларды мектепке даярлаудағы рөлі.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу – аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды түміну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр – салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді.

Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екішшісі - әріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасадаы. Мұғалім бұл үшін жұмыстың ір түрлерін, оқыту әдіс – тәсілдерін тиімді пайданалары сөзсіз.

Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймай, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор.

Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті- ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын активтендіреді. Штирхтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады.

Оқушылар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек ұғымдарды меңгереді. Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз- көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс -әрекет. Әр әріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет.

Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек.

Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен әріп туралы түсініктерін бірінші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет.

Дыбыс саны мен әріп үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы, аяқ сөздеріне әріп саны артық екенін және себептерін түсіндіріп отыру қажет.

Жаттығулар балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. «Орынын белгіле» жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орынын белгілейді.

«Әріпті тап» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалаған элементін тауып жазып көрсетеді.

«Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.

Баланың әлемі – бұл нақты заттың әлемі, егер баламен жақын болам десеңіз, оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу – мұғалімнің төл ісі.

Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті.

Сауатты жазуды әуелден меңгермеген баланың жоғарғы сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығуларды орындатады. Бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал келесі жаттығу көз бен қолдың координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады.

1-ші сыныпта тілдің дыбыстық жүйесіне берілетін білім кеңейтіліп, күрделене түседі. Қысқа й дыбысымен ң дыбысының жазылу емлесінде өзіндік қиындықтары бар. Оны былай жинақтап көрсетуге болады. й – ы,і дыбысынан кейін жазылмайды, тек мына түбірі тый,сый сөздеріне жазылатындығы ескеріледі. ң әріпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды. Бұл дыбысты н дыбысымен шатастырып жазуы жиі кездеседі. Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынансының өзгертетіндігіне көз жеткізу керек. Және н – тіл ұшы дыбысы, ң тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек.

Сауатты жазуға тиімді әдістерінің бірі – жатқа жазу. Мысалы: ақ түйіншек секеңдейді, сары түйіншек жетем дейді. Жұмбақты қызыға шешу (қоян, түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып сауатты жазуға төселдіреді.

 

Жұмбақтың шешулерін дұрыс жазу және осы сөздердегі әріптерден бірнеше сөз құрау арқылы сөздік қорын байытуға болады. Ю әрпі бар сөздердің жазылу ережесі де осыған ұқсас.

Қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерге Ь, Ъ белгілері дыбыс қатарына жатпайды. Бұлар орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады.

Оқушыны сауатты жазуға дағдыландырудың негізгі жұмысы – диктант. Ал, диктанттың бірнеше түрі бар.

Оқушылар бақылау диктантын 20-30 минутта жазып бітеді. Содан кейін мәнерлеп оқып шығып, өздеріне 1-2 минут шолып шығуға тапсырамын. Тапқан қателерін қарындашпен белгілетемін. Таппаған жағдайда қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайындағы түсініктерін, ережелерін еске түсіру арқылы қатемен жұмыс ұйымдастырамын. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Үзбей жазуға жаттықтыру жүмыстары балаға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс.

Бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылық оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғалімнен ізденушілік талап етеді. Әр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп, білім деңгейіне сай тапсырма беріледі. Жаттығуларды жазғанда әріптердің ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады.

2.Балалардың жиын туралы түсінігін қалыптастыруда тәрбиешінің қолданатын әдістері

Білімділік баланы неге үйретеміз? (оқуға, бекітуге, жасауға)

Дамытушылық нені үйретіп бекітеміз? Тыңдау қабілетін дамыту, қорытындылауға, ең бастысы дамуын қабылдау байқампаздығын дұрыс түсіну. Логикалық түсінігін жалғастыру әдісін қалыптастыру ( салыстыру, қорытынды, синтез).

Тәрбиелікбалалардың несін тәрбиелеу? ( қабылдауын, адамзатты тыңдай білуге, ұқыптылыққа, өзімен –өзі жұмыс жасауға, еңбекқор, сәттілік сезімін, ойлаған ойына жетуге ,өте жақсы нәтиже көрсетуге.)

Тілдік – жұмыс ширақ және ұяң математика жоспарында әсіресе жұмыс атқару. Бұндай жағдайда сәтті сабақ тәрбиешінің сабаққа деген дайындығы. ҚМҰҚ сабағында қолданатын әдіс- тәсәлдер: ойындық, көрнекілік сөздік, тәжірбиелік

Ойындық: Бүкіл сабақ ойын жүзінде құралады. Дидактикалық жаттығуларды қолдану арқылы.

Сөздік әдіс: қолданылатын маттериалдарда өте көп орын алмайды көбінесе сұрақ қоюмен қорытындылайды.

Сұрақ қою құрылымында баланың жас ерекшелігін ескере отырып нақты тапсырма, сұрақтар қойылады.

Кіші топта: нақты тікелей сұрақтар (қанша? Қалай?)

Ересек топта: негізгі ізденісті қалай жасауға болады? Сен неге олай ойлайсың? Неге? Не үшін? Неліктен?

Сонымен қатар

Түсіндірме ( қалай тапсырманы орындау)

Тәрбиешінің нұсқауымен ( әсіресе балалармен)

Мектепке дейінгі баланың жоспары

Тәжірибелік әдіс: жаттығу, ойын жүзіндегі тапсырма, дидактикалық (ойын) жатады, көбірек қолдану арқылы өткізу. Балалар тек қана тыңдап қана қоймай емес қабылдау арқылы берілген тапсырманы толығымен орындау арқылы қатысу керек. Көбірек дидактикалық ойынды ойнаса сол құрлым ҚМҰ сол құрлым түсінігі төмендейді.

Көрнекілік әдіс: Тақтада қолданатын көрнекі құралдар: ол үлкен пішінде, түрлі – түсті шық болуы керек. Әр балаға таратылатын үлестірмелі құралдар болуы керек. Сонымен қатар тиімді тәсілдерді қолдана отырып.

Көрнекі оқыту әдісіне қайта оралайық