МҰҚ сабағы тек қана көрнекілікке құрылады

Сондықтан да демонстрационный және таратпалы материалдар жақсы көркем безенірілуі керек. Эстетикалық талаптарға сай болу керек.

Оқытуда – тартымдылықтың үлкен маңызы бар. Әдемі көрнекілікпен балалар қызығып отырып жасайды. Неғұрлым ашық, айқын болған сайын соғұрлым балалар эмоциясы тередей түседі және логикалық ойындары толыға түседі. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті қызықты өтеді және балалар сәтті қабылдау арқылы білімдері дамытады.

Әр балаға керекті құралдар жеткілікті және артығымен тұру керек.

Құралдар әр сабақта әр түрлі болу керек. Құралдар балаларға түсінікті болу керек. ( қоян- қоян сияқты болу керек, сәбіз -сәбіз сияқты).

Құралдарды бір- біріне ұқсастырып алуы керек. (тиын – жаңғақ, қоян – сәбіз, гүл – көбелек сияқты) көрнекі құралдардың және таратылмалы құралдарды үлгісін көрсету. Сонымен көрнекі құралдар мен үлестірмелі құралдардың дұрыс таңдалуы қажет.

Педагог өзі математикалық сөзді дұрыс меңгеру керек. ( нақты сөз, іріктеу түсініктемелерін жеткізу) грамматикалық тұрғыда тіл – нақы толығымен түсініп, сауатты жеткізу. (Математика сөздігін бағдарламадан алуға болады. ) Математика пәні көп сөзді қажет етпейтін сабақ.

Тәрбиешінің тілдік үлгісі – негізгі әдісі Тәрбиеші балалар мен мәнерлі тілде сөйлеу. Тәрбиешінің сөзін балалар қайталайды. Педагогтың тілі нақты болуы керек. Қысқа және нұсқа. Сонымен қатар сабақ тез және қызықты өтеді.Тәрбиеші балаларды әрекет жасауға үйретеді. Үйретер алдында іс – әрекетті түсіндіреді. Балалар нені қалай жасағанын айту керек. Ересек топ балаларын жоспарлауға, әрекет жасауын ауызша түрде айтуға үйрету қажет. Адамзаттың жауапкершілігі жайлы балаларға үйрету өте маңызды. Сол арқылы балаларды адамзатты тыңдай білуге үйрену кіші жастан бастан қалыптасуы керек. Қорытындылай келе балалардың сабақтағы іс – әрекетін бағалау туралы бір екі сөз айтайын. Барлық бала бірдей қабілетті емес сондықтан тәрбиеші барлық топты емес, сонымен қоса әр балаға көңіл болу керек. Асан сен бүгін жақсы тырыстың, келесі жолы бұдан да жақсы істейсің- деп деңгейі төмен балаларды қанаттандырып отыру аса маңызды.

3.Музыкалық мерекелер мен ойын –сауықтар ұйымдастыруда тәрбиеші мен музыка жетекшіснің ынтымақтастығы.

Балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің жалпы ісіне музыка жетекшісі жауап береді. Ол мына істерді атқарады:

1. Жұмыс графигіне сай бүлдіршіндердің әр тобымен аптасына екі рет сабақ өткізеді. Бұл алдын ала үлкен әзірлікті, балалардың сауатты және әсерлі орындауы үшін музыкалық материалды іріктеп алып, үйретуді керек етеді. Программалық дағдыларды белгілеп, оның медгерілуін қадағалайды, көрнекі материалды, кұралдарды уақтылы әзірлейді, грамжазбаға жазылған шығармаларды тыңдайды. Шағын топтармен немесе жеке балалармен егер қажет болса жеке-жеке сабақтар өткізеді.

Мерекелік сценарийлердің, ойын-сауық программаларының жасалуына, олардың әзірленуіне, өткізілуіне жауап береді.

Жеке консультациялар беру және бірлескен сабақтар өткізу арқылы тәрбиешінің балаларды музыкалық жетілдіру саласындағы жұмысына басшылық етеді.

Консультациялар кезінде музыка жетекшісі тәрбиешіні жұмыс жоспарымен таныстырады, балаларға арналған шығармаларды үйретеді, әр бала меңгеруге тиісті шеберлік пен дағдыларға назар аударып, өткізілген сабақты талдайды (балалардың табысын және көмекті керек ететін қиыншылықтарын ескереді), таңертедгі гимнастикада, басқа сабақтарда, сейіл кезінде ойналатын күйтабақтарды іріктеп алады және т. б. істер атқарады.

Бірлескен сабақтарда музыка жетекшісі тәрбиешілердің ән айту мен қимыл саласындағы дағдыларын дамылсыз жетілдіре отырып, оларды жүйелі түрде оқытумен болады. Мерекелер мен ойын-сауықтарда жеке және коллектив болып орындауға арналған шығармаларды бірге үйренеді. Мұндайда әр баланың қабілеті ескеріледі: бірінің жақсы даусы болса, екіншісі тамаша билейді, үшіншісі жаттығуларды әдемі орындайды, ал төртіншісі мәнерлеп тақпақ айтады әрі мерекенің

белсенді жүргізушісі болып шыға келеді.

Мезгілімен үзбей педагогикалық кездесулер өткізіп тұрады,

оларда методикалық мәселелер шешіледі, мерекелік ертеңгіліктер

мен ойын-сауықтардық программасы талқыланады. Оқу процесін

жетілдіру мақсатындағы қосымша міндеттер белгіленеді.

Балаға музыкалық тәрбие берудің жалпы процесіне ата-аналарды қатыстыра отырып, олармен жұмыс жүргізеді. Жеке әңгімеде, консультация кезінде, жиналыстарда музыка жетекшісі ата -

аналарға балалармен отырып қандай радио және телевизи хабарларын тыңдауға болатыны, семьяда қандай ән репертуарын пайдалану қажеттігі жайлы ақыл-кеңестер береді.Мерекелер мен ойын-сауықтар қатарына тәрбиешілердің творчестволық инициативасы мен балалардың белсенділігі жағдайында музыкалық -эстегикалық тәрбиенің зор міндеттерін шешетін көркем музыканың көптеген түрлері мен жанрлары енеді.

Түрлі музыкалық ойындарға, жаттығуларға, хороводтар мен билерге арналған репертуар музыкалық-ырғақ дағдысына және бейнелі қимыл дағдыларына үйретудің құралы болып табылады. Ойынның әр түрінің атқаратын өз міндеті бар. Мәселен, сюжеттік ойындар мен хороводтар балалардың әр түрлі кейіпкердің өзіне тән қимылдарын бейнелеуіне мүмкіндік береді; жаттығулар бидің алуан түрлі элементін меңгеруге мүмкіндік туғызады т. т. Бірақ қимыл қандай формада жасалса да ол өз қызметін атқарады - программалық дағдыларды меңгеруге үйретеді. Мәселен, Т. Ломованың музыкасына жазылған «Метро» ойынында балалар аккордтармен ерекше байқататын («есіктердің жабылуы») екпінге сай қимылдайды (бірде баяулап, бірде «жүйткіп» келе жатады, орындарын алмастырады, аялдайды т. т.). Музыка сарынының құбылуына қарай екпіндерін өзгертулері, дыбыстың даралану (акцентті) сәтін дәл аңғара білуі балалардық музыкалық-ырғақ дағдыларын меңгере түсулеріне мүмкіндік туғызады.

Ойындарға, жаттығуларға, биге арналған шығармалар да өздерінің музыкалық образдарының дамуы, құрылымы, үйлесімді сүйемелденуі, екпінді және динамикалық өзгерістері, сондай-ақ қимылдың бірте-бірте күрделенуі жағынан өзгешеленеді. Сондықтан да әр түрлі жас топтарындағы балалардың музыкалық-ырғақ дағдыларын жетілдіруге көмектесетін программалық репертуарды іріктегенде осыларды ескеру қажет.

Программада ұсынылған әндерден, ойындардан, билерден, хороводтардан, жаттығулардан өзге шығармаларды да пайдалануға болады. Өйткені музыкалық репертуар жаңадан жазылған, кейде бүгінгі талапқа сай келетін өте қызықты шығармалармен үздіксіз толықтырылып отырады. Бұл шығармалардың балалардың мерекелік ертеңгіліктерінде, ойын-сауық кештерінде айтылуын қолдау керек. Бірақ мұндай қосымша материал әндер мен ойындардың программалық талаптарға сай болып, балалармен жұмыс істеудің тиімді жағдайлары ескеріле отырып пайдаланылғанда ғана көрнекі орын алатынын есте ұстау керек.

 

Билет №26

1. Халық ауыз әдебиет үлгілері мақал –мәтелдердің, жұмбақтардың, жаңылтпаштардың, ертегілердің бала тілін дамытудағы ролі.

Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытудағы ролі
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі

Алексей Максимович Горький:
«Халық ауыз әдебиетін білмейінше,
еңбекші халықтың нағыз
тарихын білу мүмкін емес» - деген.

Ауыз әдебиеті ауызша шағарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, творчествовалық өзгеріске ұшырап отырады.
Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиет те, көркем туынды.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы. Мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол.
Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу – іс әрекеттері мен сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді.
Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі, ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет сабағында алдыма қойылған мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді, алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық», ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс әрекетін беруге тырысады. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға үйретемін.
Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу іс - әрекетерінде жиі қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды.
Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз. Қыс уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлем.
Балалар қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», деген жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды.
Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу іс - әрекеттерінде де қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады.
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі өркеші барын айтып өтеді, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамиды.
Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарда, экология негізі сабағында және сабақтан тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті математика сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарлары олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында
Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді,
дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан тыс, серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол. Мысалы:
Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.
Мақал – мәтел, нақыл сөздер - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамыты, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал – мәтел барлық сабақта және сабақтан тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді.
Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді.
«Ас адамның арқауы» (батыр, мықты, әдемі) синоним сөздерді, көп мағыналы сөздерді ажырата білуге бейімдейді.
Экология негіздері сабағында:
«Денсаулық – зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндірсе, баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады.
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орындары ерекше. Ойында тапқырлық, шапшандық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серке, көк серке», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және, сұрақта толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.

2.Балаларды үй жануарларымен таныстыру

Сабақтың мақсаты: балаларды үй жануарларымен таныстыру.
Білімділік міндеті: үй жануарларын ажырата және оларды дұрыс атай білуге үйрету, “жанында” көмекші сөзін қолдана отырып сөйлем құрастыру.
Дамыту міндеті: сөздерді дұрыс, анық айтуға дағдыландыру, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: үй жануарларына сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: төрт түліктің суреттері, ойыншық үй жануарлары, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Жылулық шеңбері: “Қуыр-қуыр қуырмаш”
Қуыр-қуыр қуырмаш.
Балапанға бидай шаш
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шілдір шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр – қозыңа бар,
Сен тұр – лағыңа бар,
Сен тұр – құлыныңа,
Сен тұр – бұзауыңа бар,
Сен тұр – ботаңа бар,
Ал, сен, алаңдамай
Қазан түбін жалап
Үйде жат, – деп саусақ
Ойынын ойнайды.
Үй жануарлары туралы әңгімелеу. Балаларға үй жануарларымен танысуға ауылға саяхатқа баратынын хабарлайды. Саяхатқа барғанда балалар кедергілерден судан,көпірден, ұзын, қысқа, ирек жолдардан өтеді.
Балалар назарын үстел үстіндегі ойыншық үй жануарларына көңіл аударады.
-Мынау не?
-Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.
-Сендер қалай ойлайсыңдар, неліктен оларды үй жануарлары деп атайды?
-Олар адамдардың жанында өмір сүреді, өйткені адамдар оларды күтіп, жем-шөптерін, суларын дайындап береді.
-Олар үйде ме, әлде жанында тұра ма?- деп сұрап анықтау.
-Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе үйдің жанында қорада өмір сүреді. Ал мысық үйде, ит үйдің сыртында үйшікте тұрады.
Жұмбақ шешу:
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар?
(сиыр)
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар?
(түйе)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар?
(ешкі)
Жандандыру: “Не қалай дауыстайды?”
Қой маңырайды – мә-мә-мә.
Сиыр мөңірейді – мө-мө-мө.
Жылқы кісінейді – ио-ио-ио.
Түйе боздайды – бө-бө-бө.
Ешкі бақырады – бе-бе-бе.
Үнтаспадан төлдердің дауысын естіп, төрт түлікті ажыратып атап беру. Малдар жүрісін салу.
Сурет салу: “Қой”
Жұмбақ: Кішкене ғана бойы бар,
Айландыра киген тоны бар. (қой)
Шешуін шеше отырып, қой жүнін саусақ арқылы бояу.
“Дене мүшелерін ата” ойыны. Үстел үстіндегі ойыншықтарды көрсете отырып, үй жануарларының дене мүшелерін атайды.
Мысалы: Ешкінің тұяғы, аяқтары, мүйізі, басы бар. Басында көзі, тұмсығы, сақалы бар.
- Жылқы дене мүшелерін ата.
Ойынды жалғастыра беру.
Біз не білдік?
Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе – үй жануарлары.
Жылулық шеңбері: “Қошақаным қайда екен?” әні.
Жазда апамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шықты ойнап жүгіріп.
Ақ маңдайы ай ме екен,
Арқа жүні майда екен.
Күттім оны сағынып,
Қошақаным, қайда екен?

3.Ойыншық аспаптарды қолдана отырып, балалар әнін орындап, көрсету

Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар:

 

1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойындар

2.Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар.

3.Диатоникалық естуге арналған ойындар.

4.Тембрлік естуге арналған ойындар.

5.Есте сақтау және естуге арналған ойындар.

6.Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған ойындар.

 

Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.

Әр ойынды ойнағанда әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесін сәйкес ұстау қасиетін қалыптастырады. Ойын құру үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастырады.Ән-күй сабағында музыкалық дидактикалық ойындарды қолданудың мәні өте зор. Әнді орындағанда ойнап айтуға болады. Мысалы, екінші сәби топтарында әнді тірек сызба арқылы және де әнге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасап орындауға болады, осы сәтте балалардың ой-өрісі дамып әнді тез жаттап алуларына мүмкіндік тудырады.Осы музыкалық дидактикалық ойындарды ән-күй сабағында, топта, серуенде, үйде ойнауға болады.

Мысалы:

«Сылдырмақ»

Ойын шарты:Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.

 

Билет №27

1.Диалогтік сөйлеуге үйрету әдістері (еркін сөйлесу, арнаулы сабақтар).

Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.

1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.

2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.

3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.

4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.

5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.

Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік).Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.Шығармашылықпен әңгімелеу.Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

 

 

Тіл дамыту сабағын қызықты, әсерлі түрде ұйымдастырылуы баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді,яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады.

Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық ,ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекет сабақ,ойын ,серуен ,бос уақытта баланы ауызша сөйлеу білуге ,сұраққа толық жауып беруге ,сөйлемді дұрыс қарап айтуға өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылығын әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым-қатынасында,қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.

1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.

2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.

3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.

4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.

5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.

Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік).Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.Шығармашылықпен әңгімелеу.Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

2.Ересек тобында балаларды санауға үйрету жолдары

Мектепке дейінгі балалардың ақыл – ой, дене адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі жөніндегі психологиялық зерттеу нәтижелері осы кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді. Мұның өзі оларға білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгертіп, өмір туралы түсінік - терін жетілдіріп еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптас - тыруға болатынын көрсетті. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі баларды отбасында тәрбиелеудің маңызы өте зор. Ата – аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез – құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым – қатынасы қалыптасады.
«Зерек бала» бағдарламасында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізіндегі міндеттер атап көрсетілген. 4 - 5жастағы балалардың бойында математика туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік құралға сандар, цифрлар, геометриялық фигуралар, логикалық тапсырмаларға байланысты қызықты ойындар мен жаттығулар жүйесі енгізілген. Әдістемелік құралдағы дамыту ойындары мен жаттығулар қазіргі әдіс – тәсілдерге сай алынған. Ондағы ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттер жаңа әдіс – тәсілдермен өткізіледі, бұл баланың тыңдаушы болып қана қоймай, оқу іс - әрекетіне тікелей қатысып отыруына мүмкіндік береді. Балалар дидактикалық ойындар арқылы пайымдауға шығармашы - лық тұрғыдан ойлануға өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға үйренеді.
Әдістемелік құралдардағы тапсырмалар оқу бағдарламасы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
• Сан және санау
• Көлем.
• Пішін.
• Уақытты бағдарлау.
• Кеңістікті бағдарлау.
«Сан және санау» көлемінде балалар 1 - ден 5 - ке дейінгі цифрлармен танысады, математикалық жұмбақтарды шешеді, сандар туралы тақпақтар жаттайды үйренеді. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге берілген тапсырмалар сан мен цифрдың байланысы туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Балалар ертегілер, шағын әңгімелер арқылы реттік санаумен танысады. Ертегілермен шағын әңгімелер оқу үрдісін қызықты етуге көмектеседі және есте сақтауды жеңілдетеді, тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мұнда санның заттың көлеміне кеңістіктегі орналасқан орнына бағынбайтынын түсіндіруге арналған тапсырмалар да бар.
Балалар көп және екеуді салыстыру тапсырмаларын ойын арқылы меңгереді.
«Көлем» бөлімінде балаларға көзбен шамалау, қимыл – қозғалыс үйлесімдігін дамытуға арналған жаттығулар ұсынылып отыр. Балалар «үлкен» «кіші» «қысқа» «қысқарақ» сөздерін дұрыс қолдануды үйренеді.
Ал «Уақытты бағдарлау» бөлімінде балалар суреттер арқылы адамдардың іс - әрекеті мен тәулік бөліктері арасындағы байланысты анықтайды
(таңертең ұйқыдан тұрамыз, түнде ұйықтаймыз, күндіз ойнаймыз) Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруға бағытталған оқу іс - әрекеттерінде жұмбақтар, логикалық тапсырмалар қолданылады.
«Кеңістікті бағдарлау» бөлімінде балалар бұған дейін алған білімін ұштап қана қоймай, қағаз бетінде бағдарлауды үйренеді, оның жоғары және төменгі оң жақ бөлігі, ортасы деген ұғымдарды меңгереді.
«Пішін» бөлімінде балалар әр түрлі фигуралардың арасынан белгілі бір фигураны табуды, заттардың арасынан өздеріне таныс геометриялық фигураларды табуды үйренеді.
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру.
4 – 5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор.
Баламен оқу іс - әрекетін өткізу алдында алдын – ала дидактикалық (көрнекілік) материалды даярлауды қажет етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды, ойыншықтарды, серуен кезінде жиналған табиғи материалды пайдалануға болады. Сонымен қатар суреттерді, жануарлар, құстар, жемістер, көкөністер, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек.
Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам мен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалаптасуына, ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.
Логикалық ойлау – адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды.
Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады, кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.

3.Балабақшада мүсіндеу оқу әрекетін ұйымдастыруда тәрбиешінің басшылық рөлі.