Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай бейнелеу өнері түрлеріне үйретудің әдістемесі

Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай сурет салуға үйретудің әдістемесі.

Кішкентайлар тобы. Үш жастағы балалар өзіңің физикалық және психикалық дамуына қарай сурет салудың ең бір қарапайым дағдыларын үйренуге қабілетті. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың бейнелеудегі әрекетін зерттеген зерттеулер бойынша сәбилер екі жасар кезінде-ақ (әрине, тек үйреткен жағдайда) қаламды, қылқаламды дұрыс ұстай алады; олардың сурет салудағы қозғалысы, әрекеті осы жастағы интенсивті дамитын қозғалыстардың жалпы ырғағына сәйкес келіп жатады. Алайда, бұл әрекеттер көп жағдайда әлі еріктен тыс болады да, жүргізілген сызықтар көзбен бақыланбайды.

Екі жастағы баланы бейнелеудің қарапайым дағдыларына ар­найы үйретуге мүмкіндік бар, өйткені, ол тәрбиеші түсіндіріп жасаған қимылдарды сол қалпында қайталауға ұмтылады. Екі жасар балаларға сурет салуды үйрету міндеттері қойылған кезде, олардың тәжірибесінің аздығы, білімі мен икемділігінің жоқтығы, қолдарының оралымды қимылға әлі икемсіздігі: ескеріледі. Сондықтан, сурет салуға үйретудің негізгі міндеттері тәрбиенің балаларға тигізетін жалпы әсеріне байланысты. Сонымен, бірінші кішкентайлар тобындағыларды үйретудің міндеттері төмендегідей:

- сурет салу үрдісінде белгілі бір нәтижесі бар әрекет ретінде қызығушылық тудыра білу;

- сурет салуға керекті материалдармен (қаламдар, бояулар) және соларды пайдалану тәсілдерімен таныстыру;

- ересектер салған суретті белгілі бір заттың бейнесі деп түсінуге үйрету;

- түзу,дөңгеленген сызықтарды және тұйықталған пішіндерді жүргізе білуге үйрету.

Осы топқа арналған тақырыптардың өзге жастағы топтарға арналған тақырыптан құрылымдык, айырмашылығы сол, мұндағы материалдар тоқсан бойынша бөлінбейді. Балалардың белгілі бір дағдыларын бекіту, үйрету барысында жыл бойына жүргізіледі. Сурет салуға үйретудің ең алғашқы сабағы қағаз, қарындашпен таныстырудан басталады. Тәрбиеші бұл материалдардың балаларға бұрыннан таныс, ойыншықтар мен әр алуан заттардан өзгеше екендігін түсіндіреді. Мәселен,қаламмен қағаз бетінде әр түрлі әрекеттер жасауға болады. Мысалы, қаламның ұшталған жа­ры кағаз бетінде із қалдырса, ал ұшталмаған жағы олай ете алмайды. Егер болар болмас басса, кағаз бетінде із калмайды ал сәл каттырақ басса, қағаз жыртылып калады. Балаларға осылайша түсіндіре отырып, көрнекі түрінде корсету олардың сурет салуға деген ынтасын аударады, осылай бола тұра, қаламның қағаз бетінде қалдырған ізі бір нәрсені білдіре қояды деген ойдан аулақ. Тәрбиеші баланың материалға деген қызығушылығын пайдалануға тиіс және сонымен бірге бүлдіршіндердің қаламдарды ұзақ қызықтап, ойнап кететінін (қатарластырып қою немесе тықылдатып) ескеруі керек.

Т.Г.Казакова мен Н. Я. Шибанованың мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларды сурет салуға үйрету саласында жүргізген зерттеулері сәбилердің назарын бейнелеудің дағдыларына аударғаннан гөрі, оларды 0 бастан-ақ жекелеген заттың нақты бейнесін бере білуге үйреткен абзал. Бала үшін сурет салудың барлық үрдісінде бейнені бастау жетекші сипат алуы қажет.

Бейнелеу амалдарып игеру, әуелде түзу, не вертикаль, не гори­зонталь сызықтарды (шардың жібі, гүлдің сабағы және т. б.) тәрбиеші салған суретке жалғастырудан басталады. Заттың салынып біткен бөлігі ұзындығы әр қилы болып келетін сызықтардың бағытын айқындайды. Содан соң әр түрлі заттарды өздерінше қабылдаған балаларга сызықтарды көрсетілген бағытта өз қалауынша дербес жүргізу ұсынылады. Жоғарыдағыға қарағанда дөңгеленген сызықтар мен тұйықталған пішіндерді салу әлдеқайда күрделі болып келеді. Бұларды сала білу үшін қолдың дәл қозғалуы және көздің қырағы бакылауы қажет, өйткені, сызықтардың соңы бастапқы ұшымен түйісуге тиіс. Дөңгеленген пішіндерді бейнелеуде, яғии доптың немесе шардың суретін салып отырған балалардан дөңгелекті айнытпай бере білу талап етілмейді. Осындай жағдайда дөңгеленген пішін ретінде, дөңгелекке жобасы келетін (мысалы, овал немесе бұрыштары жоқ, бірақ тұйық сызыктардан пайда болған пішіні белгісіздеу нәрселер) бейненің өзін ғана түсінеміз.

Тақырыпта қаламды, қылқаламды дұрыс ұстау, ұқыпты пайдалану, бояуға қылқаламнын ұшын ғана батыру тәрізді техиикалық дағдыларды меңгеруді қарастырады.

Бала сурет салуға үйретудің алғашқы кезеңінде-ақ, кез келген матерналды белгілі бір ережелерге сүйеніп пайдалануды ұғынып алуы тиіс. Тәрбиеші тарапынан материалдарды дұрыс пайдалану женінде талап койылмаудың салдары, өздігінен техника іздестіруге, болашақта күрделі суреттерді орындау үстінде кедергі келтіретін қате дағдылардың сіңіп қалуына соқтырады. Міне, балалар ашық жәнс қанық бояулардың. әр түрлі реңктерін пайдалана отырып, қарапайым бейнелеу пішінін сызуды меңгереді, осының нәтижесінде олар өздері салған бейне мен ай­нала қоршаған өмірдегі әр түрлі заттар арасындағы ұқсастықты табуға үйренеді, сондай-ақ материалдардың бейнелеу мүмкіндіктерін және өзге заттарды бейнелеу үстіндегі икемділігінің дербестігін де ұғына бастайды.

Естиярлар тобы. Бұл топтағы балаларды сурет салуға үйретудегі міндеттер төмендегідей:

- дөңгелектеген және тік мен мазмұны бұрышты пішіндегі заттардың және солардың құрылысын, негізгі бөліктері мен детальдарын бейнелей білуге үйрету;

- түсті бояуларды көркемдіктің айқын құралдары ретінде пайдалана білуге үйрету;

- жекелеген заттарды қағаздың нақ ортасына орналастыра алатын композициялық икемділікті дамыта түсу;

- суретті түсті қаламдармен, бояулармен бояу үстіндс қажет техникалық дағдыларды меңгеруді жетілдіру;

Бірінші тоқсанда қарастырылған суреттердің тақырыбы (доп, алма, жалау салу) камтылға тақырыптағы материалдарын күрделендіру негізінен пішіндерді (овал немесс дөңгслек) мүмкіндігінше дәл беру және калған бейнелерді барынша ұқыпты бояу түрғысынап көрінетін болады.Бұл міндеттерді шешу, дөңгеленген нобайы бар, бірақ ұзындығы мен ені жөнінен бір-біріне ұқсамайтын пішіндердің ерекшеліктерін даралай және салыстыра алатын жетілген қабілетті кажст етеді.

Балаларды заттарды бейнелеуге үйретудсгі жаңа сипат, жаңа саты, оларды сол заттардың құрылысын, бөліктеріп ара қашықтығы бір деңгейде (жоғары төмен, бірінші жағынан болмаса екінші жағынан), сонымен қатар, кейбір бөліктердің өзара пропорциялық сәйкестігін бере білуден де көрінетін болады. Мұның өзі жекелеген бөліктсрді талдауға, өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Мыса­лы, балалар екінші тоқсанда пішіні әр түрлі дөңгелектердсн тұратын аққаланы, бір-бірінен қашықтығы бірдей орналасқан бұтақтары бар шырша (ёлка) ағашын салатын болады.

Бір топта алғаш рет адам тәрізді күрделі объектінің бейнесін салу жұмысы жүргізіледі. Олар адамды бейнелеуден бұрын, аққала және жатпайтын қуыршақтардың, материалдардың кейбір бөліктері мен пішіндері біршама ауытқып, сәйкес келмей жатқанына қарамастан,солардың қарапайым пішіндерін салып үйренуден бастайды.

Ересектер тобы.Ересектер тобындағы балаларды сурет салуға үйретудің мақсаты—бейнелеудегі икемділік пен міндеттері дағдыларды жетілдіре түсуге және бейнелеудің әр алуан құралдарын пайдалана отырып, айқын бейнелер жасау қабілетін дамытуға бағытталады. Сабақ үстіндегі міндеттер төмендегідей:

- заттың пішінін, белгілерін және ондағы бөліктсрдің салыстырмалы түрдегі көлемі мен орналасуын дәл бере білуге үйрету;

- суретте карапайым козғалыстарды бере білуге үйрету;

- түсті сезіну қабілетін дамыта және жетілдіре түсу;

- қылқаламмен (штрихтар жүргізу тәсілі) және қылқаламмен (әр түрлі әрекеттер тәсілі) жұмыс істеу барысындағы техникалық дағдыларды жетілдіре түсу керек;

- түрлі түсті бормен, көмірмен, сангинамен, акварель бояуларымен жұмыс істей білу тәсілдеріне үйрену керек.

Жаттығу тапсырмаларының күрделене түсуі балалардың дамуына негізделеді.Олардың тәжірибесі айнала коршаған өмірді бақылаудың, көркем әдебиет туындыларын оқығанның, ересектердің әңгімелерінің нәтижесінде анағүрлым арта түседі. Олар үшін өздерінің қабылдау түйсігінен өтпеген әрі соған тікелей қатысы жоқ тақырыптарда (мысалы, ертегі-аңыз кейіпкерлерін) және өздері ешқашан көрмеген объектілер бойынша (мысалы, климаты ыстық елдердің жануарлары) сурет салу мүмкіндігі пайда болады.

Бұл жастағы балалар өздері салған суретте біртектес заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын табуға және соны бере білуге үйренеді. Мәселен, олар бірінші токсанда жемістерді, көкөністерді, гүлдерді табиғи қалпына (натураға) қарап салу үстінде олар­дың өздеріне той ерекшеліктерін (мысалы, пішіні мен түсі жөнінен бір-біріне ұқсамайтын алмалардың екі түрлі сортын, көкөністерге тән дөңгеленген пішіндегі қызылша мен шалқанның ) беруге дағдыланады.

Ересектер тобындағы балалар заттардың өзіне тән түсін жеткілікті түрде бере білуі үшін, ондағы гүлдердің құрамы ұдайы көбсйтіліп отырады. Бұл топтағы мектеп жасына дейінгі балалар бояу спектрлерінің негізгі түрімен танысады және олардың әдемі үйлесімен суретте пайдалануды үйренеді. Ерсеектер тобындағы балалар түрлі түсті қылқаламдардан басқа заттың негізгі бөліктерін алдын ала белгілеп алу үшін жай карындашты да пайдаланады. Ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балалар өздері салған суретте адамның кейбір дене мүшелерінің: жоғары көтерілген қол, тізеден бүгілген аяқ тәрізді қимылын («Петрушка би билеп жүр», «Балалар дене шынықтыру жасап жатыр» деген тақырыптарды) дұрыс түсініп бере алады. Бұл тақырыптардағы бейненің ай­қындылығы солардың өздеріне тән кейбір даралаушы детальдарын (Петрушкапың, Қызыл телпектің, Аяз атаның киімдерін) бейнелеуден немесе олардың бет-пішініне тон белгілерді (Буратнноның ұзын мұрнын, Аяз атапың аппақ сақалын және т.т.) бейнелеуден көрінеді.

Бұл жастағы балалардың айқын бейне жасаудағы икемділігі заттардың өзіне ғана тән даралаушы белгілерін тап баса білетін, сезінетін қабілетінін, дамуына байланысты (мысалы,бұтақтарды бүршіктерімен, жапырақтарымен, немесе бәйшешектерді табиғи қалпына (натураға) қарап салу, ал жаз кезінде қозықұйрықтардың, жеміс-жидектердің, гүлдердің, көбелектердің алуан түрін са­лу). Егер естиярлар тобының натурадан қарап салу үшін бөліктері симметриялы орналасқан заттар іріктелініп алынатын болса, ал ересектер тобында оларға қарағанда әлдеқайда күрделі заттар, кейде тіпті, бөліктерінің симметриясы жоқ заттар да алынады.

Мектепке даярлық тобы. Бұл топта мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеудегі икемділік пен дағдыларға үйрету аяқталады.Балалар мектепке заттарды табиғи қалпыпа (натураға) қарап немесе есте калған күйінде сала алатындай тырнақ алды икемді кабілетпен және айнала қоршаған өмірдегі кездесетін әр алуан түрлі пішіндерді, бояуларды, заттардың кеңістіктегі орналасуын көре алатын алғырлықпен келуге тиіс.

Мектепке даярлык тобындағыларды сурет салуға үйретудегі міндеттер төмендегідей болып келеді:

- заттың құрылысын, мөлшерін, пропорциясын, өзіне тән белгілерін натура бойынша және елестету арқылы бейнелеуге үйрету;

- пішін мен бояулардың әр алуан байлығын бере білуге, мәнерлі бейне жасай білуге үйрету;

- композициялық икемділікті (заттың мөлшері мен пішініне тән нәрселерді ескере отырып қағаз бетіне түсіруді көздеуді) да­мыту;

- түсті сезіне білітіп қабілтті (бір ғана түстің әр түрлі құбылатын реңктерін бере білуді) дамыту;

техникалық дағдыларды (бояуларды араластыру нәтижесінде әр түрлі түсті және олардың реңктерін ала білуді меңгеруді; қаламдармен штрихтар немесе қылқаламның бояу сүйкеу арқылы заттың пішінін келтіруді) дамыту.

Алты жастағы балалардың аналитикалык ойлау жүйес тәп-тәуір дамыған болып келеді. Олар бір топқа жататын заттардың жал­пы белгісін де, сондайақ, солардың өзара біріне-бірі ұқсамайтын дapa ерекшеліктерін де айыра алады.Бұл міндеттер бірінші тоқсаннан бастап-ақ жүзсге аса бастайды. Мысалы, балалар бұл кезде әр түрлі ағаштарды бейнелейтін болады. Әрбір ағаштың тік тартылған діңі бар, жуанды-жіңішкелі бұтақтары, жапырақтары бар, мұның бәрі келіп ағаштың ұшар басын құрайды. Мұндай белгілерді ерссектер тобындағы балалар да өз суретінде көрсете алады. Мектепке даярлық тобындағыларды енді ағаштардың әp түрін көріп, ажыратып, сала білуге үйретеді.

Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай мүсіндеуге үйретудің әдістемесі.

Кішкентайлар тобы. Балаларды мүсіндеуге үйрету сабақтарында алғашқы кезде оларды 5-6-дан топтастырған абзал. Тәрбиеші балалардың қасына отырады да, саз балшықтан не істеу керектігін асықпай, баяу, қызықтыра не істеп жатқанын түсіндіреді. Мүсіндеу сабақтары балалар үшін қызғылықты өтуі тиіс. Бұл сабаққа балалар құлшынып тұрмаса, онда оларды еркінен тыс күштеп көндірмеу керск. Сонда да тәрбиеші балаға эмоциялы әсер жасап байқауы керек. Баланың көзінше саз балшықтан ойыншық жасай салса, болмаса саз балшықтан қалай үзіп алуды, сонан соң қалай жабыстыруды және қайтадан оларды біріктіруді көрсету керек.

Алғашкы сабактар әрбір топпен 5-8 минут аралығында өткізіледі.Балалар калайда мүмкіндігінше материалмен танысады, олардың пайдалануын үйренеді, содан кейін барлық топпен жалпы сабаққа өтуге болады. Мүсіндеуге үйрету тәсілдері көрнекі әрекетті сипатта болады. Балалар әуелде пішін тудыратын қозғалыстарын кайталап тәрбиешінің іс-әрекеттеріне еліктейді.

Балалар өздері мүсіндейтін заттың пішіні мен оны алу жолындағы ісәрекеттің нақты байланысты екендігін о бастан-ақ айқын аңғарулары керек. Сондыктан да тәрбиеші мүсіндеуді қолмен көрсетіп қана коймай, сонымен бірге ауызша да түсіндіреді. Мыса­лы: «Шарды бір алақаныма саламын да, екінші алақаныммен жабамын. Сонан соң кысып калғанымда жалпаяды. Тағы да қайталайды. Шар саз балшыкты алаканмен домалактап қысқанда тағы да жалпаяды».Осылайша түсіндірулер әрбір сабақ сайын кажет, балалар өздерінін үйренген кейбір іс-әрекеттерін тек үш жастан бастап қана өздігінше пайдалана алады. Әрбір сабақ тартымды өтілуі тиіс. Екі-екі жарым жастағы сәбилерге тәрбиешінің қолындағы жұмбақ саз балшықтың сылдырмақа, қозықүйрықа, балапанға, матрешкаға, қызға, кожекке айналып кеткенін бакылау қызық көрінеді. Сәбилер оларды бірден біле қояды да дереу атын атайды, бөліктерінің бейнесін анықтайды. Мұндай сабақтар 10-12 минутқа қана созылуға тиіс, өйткені, олар­дың тағы бір затты мүсіндеуге ынтасы қалу керек. Тәрбиеші әр сабақта 2-3 затты мүсіндеуі керек. Мұндай сабақтар топтағы балалардың бәрін де қамтиды. Тәрбиеші стол басында отырады да, балалар сол тәрбисшіні жартылай қоршай орналасып мүсіндсу жұмысын бақылайтын болады. Бұл жастағы балаларды мүсіндеуге үйретуді тікелей өздері бейнелемек болған заттың өзінен бастау керек. Мәселен, сәбилерге ша­рикті оинауға беріп, саз балшыкты алақандарына салын жұмырлату керек. Мұның өзі олардың шар тәрізді пішіннің сипатып жақсырақ, сонымен бірге мүсіндеуге қажет әрекетті түсінуі үшін жасалады.

Естиярлар тобы.Жыл басында балалар өткен материалдарды тақырып бойынша пысықтайды. Мәселен мүсіндеумен, пішін жасаумен шұғылданады. Тәрбиеші балалармен серуендеу кезінде табиғи материалдарды көрнекі құрал есебінде пайдаланады. Мысалы, балалар қыс мезгілінде тәрбиешінің басшылығымен аққаланы мүсіндейді және бір мезгілде соның пішіні мен бөлшектерін анықтауды қабат жүргізеді. Балалар қардан көжекті, тән киген және тағы басқаларды мүсіндей алады.

Балалар мүсіндеуге кіріспес бұрын, тәрбиеші оларға құстарды, шөжектерді бейнелейтін ойыншықтарды көрсетеді. Ол балалардын назарын ең алдымен тұтас затқа, сонан соң тұлғаның пішініне, басына, құйрығына аударады, заттарды қалай зерттеуді көрсетеді: әуелі пішіндердің бөліктерін анықтайды, сонан соң майда-шүйде бөлшектерін саусақпенен қалай жасауды және осы әрекетті бала­лардың жасауын қарастырады. Тәрбиеші сабақтарда әр түрлі бөліктерін таяқшамен жүргізе және балаларға өз бетінше олардың пропорциясы мен орналасуын, пішінін анықтауды ұсына отырып, тек көзбен бақылауына бола­ды.

Мүсіндеудің алдында қарау үшін бір түсті әдемі, көркем жасалған ойыншықтар мен мүсіндер іріктелініп алынады.Ал мұндай мүмкіндіктер жоқ кезде қолайлы заттарды таңдауға немесе балалар мүсіндейтін заттардың көлемінен әлдеқайда үлкен келетін үлгілерді пайдалауға болады. Мұндай үлгілер әдетте балалардың жақсы танысып алуы үшін алдын ала беріледі әрі бұл үлгі мүсіндеу жұмысы аяқталғанша олардың алдында тұрады.

Естиярлар тобындағы балалар шар, цилиндр, диск тәрізді піішіндерді бейнелеумен таныс.Тәрбиеші алгашқы сабақтарда осы пішіндерді бейнелеудің жолдарын ескере түсіреді, жұмыс істеу кезіндегі қолдың орнын анықтап және саусақтың ұшымен пішінді қалай дол жасауды көрсетеді.

Естиярлар тобында пропорцияларды дұрыс бере білуге көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта тәрбнеші оқтын-оқтын белгілі бір бөліктердің жеткілікті мөлшерде шығуы үшін жұмбақ саз балшыкты бөле білуді және олардың ұзындығын қалай тексеруді көрсетіп отырады.

Ересектер тобы.Тәрбиеші бұл топтағы балаларға тақырыпты таңдауға алдын ала ойластыруға және соны өз бетімен орындап шығуға мүмкіндікті көп береді. Балалардың өз жұмыстарын жоспарлауды бақылау кезінде, әдеби шығармаларды оқудың алдында үйретуге болады. Бұл үшін тек оларға өздері суреттерден көріп немесе сол туралы оларға оқып тұрған затты мүсіндейтінін алдын ала ескерту қажет. Мұның өзі балаларды алдағы сабаққа кұлшындыра түседі де, оларға заттың ерекшеліктерін айкын қабылдауына және оның бейнесін белгілі бір дәрежеде ойластыруына мүмкіндік береді. Егер бала өзінің нені мүсіндсйтінін анық білетін болса, онда бұл жағдай оның мүсіндеу жұмысын барынша мақсатты және нық жүргізу мүмкіндігін арттыра түседі. Мүсіндеу кезінде балалардың бейнелейтін затының характерен түсінуге және бере білуге үйренгені маңызды. Тәрбиеші бұл үшін сипаттары барынша айқын көрініп тұратын заттарды іріктеп алуға тиіс.

Бұл топтағы балалар алдыңғы топтағы балалар тәрізді мұнда да заттарды алдын ала карастырады. Кейде алдағы уакытта өздері мүсіндентін ойыншықтармен ойнатуға да болады. Бірақ ойын затты жоспарлы түрде қарастырып зерттеуге мүмкіндік бере алмайды.

Негізінен бейнелеу іс-әрекеттсрі үшін балалардың алған білімі мен тәжірибе негізінде айнала қоршаған ортаны көзбен қабылдауын дамыту шарт. Тәрбиеші көзбен талдауды мұнда да алдыңғы топтағыдай жүргізеді. Балалар мүсіндеу кезінде заттың барлық жақтарын біркелкі дұрыс шығару үшін, олар сол затты сабақтың басында жан-жақты қарастырады.

Балаларға үлгі ретінде көрсетілетін заттың қарсы бетін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан кейін зат бұрынғы қалпына кайта қойылады.­

Мектепке даярлау тобы.Бұл топтағы балаларды мүсіндеуге үйретуде тәрбиеші олардың өз жұмыстарын жоспарлауға, заттың пішіні мен динамикасын бейнелеуді алдын ала ойластыруға көп көңіл бөледі. Бұл балалардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін дамыту үшін қажет. Ересектер тобындағы тәрізді мұнда да мүсіндеудің мазмұнын, бейнелеудің кейбір тәсілдерін, тіпті материалдың өзін де сабаққа дейін алдын ала ойластыру қарастырылады. Мысалы, балаларға өз калауы бо­йынша зоопарктегі кез келген хайуанатты мүсіндеуді ұсынады. Тәрбиеші балаларға бейнелейтін затының мазмұнын, пропорцияларының пішінін, орналасуын, сондай-ақ қаңқалардың ұзындығын, қанша саз балшык, қажеттігін таңдау және ойлас-тыру жөнінде тапсырма береді. Балалар міне, осылардан соң барып мүсіндеуге кіріседі.

Балалардың көзбен қабылдауын қалыптастыру үшін, тәрбиеші оларға адамдарды, жануарларды бейнелейтін ойыншықтарды, ертегілер мен әңгімелердегі жекелеген заттар мен эпизодтарды таныстыратын суретті кітапшаларды көрсетеді.

Балалардың заттардың ерекше белгісін көре білуге, оларды таңдап алуға үйренгені өте маңызды, ол үшін оларды мүмкіндігінше есте жеңіл сақталатып мәнерлі бейнелерімен піл, бегемот тәрізді және иттердің кейбір тұқымдарымен (боксер, овчарка, такса) тапыстыру кажет. Балалар сонымен қа­тар, мыстан кемпір, Емсля, Акшакар, Патша-қурбақа, Василиса ару тәрізді ертегі ксйіпкерлерін де қызыға қарастыратын болады. Даралаушы белгілері балалардың есінде тез сақталады, сопдықтан да оларды бейнелеу көбіне жеңіл келеді. Мысалы, бала жирафтың ұзын мойнын мүсіндей отырып, бейнені бірден мәнерлі орі ұқсас етіп шығарады. Бірақ, жұмыс мұнымен аяқтала қоймайды. Ең керегі, жирафтың сирақтарына тән өзгеше пропорцияны бейнелеу керек, сонан соң тәрбнеші бірнеше ерекше белгілерін бөліп алады.

Мектеп жасына дейінгі балалар осымен катар, затты белгілі бір қалыпта немесе қозғалыста бейнеліеуді бір мезгілде меңгергені маңызды.

Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай аппликацияға үйретудің әдістемесі

Аппликацяны үйрету, бейнелеу әрекетініі басқа да түрлеріне үйреткендегідей, балалардың түйсіктерін дамытуға негізделеді. Олардың пішін, көлем, түс, айналадағы заттардың әр түрлі өзара арақатынастары туралы түсініктерінің кеңейе түсуі сабақ кезінде ой мен киялдың жұмыс істеуіне көмектеседі. Балабақшада әр түрлі заттардағы балалар топтарына аппликация сабағын жүргізгенде үйретудің тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін карайық.

Кішкентайлар тобы.Кішкентай жастағы балалар үшін жұмыс материалдары мен үйрету үрдісін ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Аппликация жасайтын материалдың түсі өте ашық болса балалардың зейінін өздеріне аударып, тәрбиешінің айтқандарына құлақ аспай қоюлары мүмкін. Сондық-тан, кішкентайлар тобында әсіресе алғашқы кездері, жапсыруға арналған дайын пішіндерді әрбір балаға сабақты түсіндіріп болғаннан кейін арнаулы пакеттерде таратып береді. Жал­пы материалдарды бұл топтағы балалар қолдана алмайды, өйткені әлі жапсыратын пішіндерді, түс элементтерін айыра алмайды.Тәрбиеші, әдеттегідей, үйрету кезінде ең алдымен баланың түсі-нігіне тікелей сүйенуі керек. Заттарды әр қилы қырынан бағалау ап­пликация сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың пішін ерекшеліктері, заттардың түстері туралы т.с.с. түсініктерін ояту үшін қолданылады.

Кішкентайлар тобын үйретудің негізгі мақсаты балаларды әp түрлі пішіндермен және жапсыру тәсілдерімеп жапыстыру болғандықтан, үлгіні көбінесе дәлме-дәл қайталау үшін керсетеді. Соны­мен бірге кейбір тапсырмаларды кайталау сабағында балаларды өз беттерімен шешімге келуді үйрету керек.

Тәрбиешінің жұмыс тәсілдерін көрсетуі балалардың іскерлігінің дұрыс қалыптасуы үшін қажет.Тіпті кейбір күрделі тәсілдерді балалар әбден меңгеріп, өз беттерімен жұмыста қолдана алғанша көрсетуге тура келеді.

Естиярлар тобы.Бұл топта мектеп жасына дейінгі балалар апплкацияны дайынбейнелерді қолданып жасайды, тақырып талабының күрделене түсуі бейнелейтін заттарды жете білуді кажет етеді. Балалардың жалпылама пішін мен түсімен бірге заттардың көлемі мен бөліктерінің саны да өзіне көңілін аударады. Айталық, заттың натурасына анализ жасау процесінде (жатпайтын қуыршақ) балалар бұл пішіннің — үлкен, орта жә­не екі кішкентай шардан тұратындығын атайды. Miнe, осыған бай­ланысты балалар жалпы подностың ішінен аппликация түзеуге керекті әр түрлі көлемдегі дөңгелектерді таңдап алады.

Балалардың білімін тексеру үшін өздеріне керектілерін таңдап алута әр түрлі түстердегі пішіндерді қолданады. Аса күрделі тапсырмаларда естияр топтың балаларына материалды жеке-жеке таратып береді. Мысалы, үйді жапсыру кезінде көлемдері қабырғаларына, шатырына және терезелеріне тура келетін түсті қағаздарды беру керек.

Естиярлар тобында натураны карап бағалау әр уакытта үлгі көрсетумен қатар өткізілмейді. Айталық, жатпайтын қуыршақтың апплика циясын жасағанда сол ойыншықтың өзіне жете талдау жасаса болғаны. Бұл жастағы балаларға қағаздан жасаған дөңгелек пішін шардың пішіні іспетті әсер қалдырады. Естиярлар тобында үлгілерді балалар дәлме-дәл қайталамайтыдай да тапсырмалар болуы мүмкін. Естиярлар тобында тапсырманы орындау тәсілдерін жартылай көрсетіп беру жолы жиі қолданылады. Мысалы, үйді қырқып, жап­сыру кезінде үйдің шатырын бейнелейтін үшбұрыштар кырқа білу балалар үшін жаңалық болады.

Сабақ соңында тәрбиеші балалармен бірге апплпкацпяның дұрыс жасал-ғандығына (затқа ұқсай ма, ұқсамай ма), пішіндердің ұкыпты жапсырылғанына (түс таза ма, желім жағалдары көрінбей ме) талдау жасайды. Балалар жұмыстарға талдау жасауға әр уақытта қызу қатысады.

Ересектер тобы. Алты жасқа шыққан балаларға аппликацияны үйретудің негізгі міндеті—кесудің әр түрлі тәсілдерін игеру.Сабақ үстінде мектеп жа-сына дейінгі балалар сан алуан кескінді, симметриялы және симметриясыз пішіндерді, статикалық немесе оңайлатылған қозғалыс жағдайында салады.

Балалардың түсініктеріне сүйене отырып және натураны (неме­се оның суретін) қолданып, тәрбиеші, заттың құрылысы мен жеке бөліктерін мүшелей көрсетіп олардың пішіндерін суреттеп, сондай-ақ, бір-біріне қатынасын атай отырып, талдау жүргізеді.

Бұл жастағы балалар майда бөлшектерді жасай алмайтын болғандықтан, қарапайым пішіндегі, ашық, түстердегі, детальда­ры аз натураны таңдап алу ұсынылады. Бұл жұмысқа плюштсн жасалған аю, ағаштап жонылып жасал-ған ойыншықтар дұрыс келеді. Мектеп жасына дейінгі балалар затты бірінші per бейнелегенде ғана ересектер тобында үлгіні пайдаланылады. Бірақ осы жердің өзінде де балаларға өз еріктерімен түстерді, пішіндердің көлемі мен қағаз бетіне орналасу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беру керек.

Егер балаларға тапсырма ретінде бейнелеу үшін кейбір таныс детальдары бар заттар беріле, онда үлгіні натураға немесе суретке ауыстыруға болады (мысалы, жай ғана үйді бейнелеп қоймай, ертегідегі үйді бейнелеу).

Ересек топтарда, ал, содан кейін мектепке даярлық топтарда әр түрлі композициялардың мүмкіндіктерін көрсету үшін көбінесе бірнеше үлгілерді пайдалану ұсынылады. Бұл тапсырманы орындауда балалардың шығармашылық нициативасы қалыптасады. Мысалы, балалар екі қабат қағазды кырқу аркылы Петрушка костюмінің екі жартысын жасау тәсілімен танысады. Әдетте, мектеп жасына дейінгі ересек балалар жаңа тәсілдерді тәрбиешінің көрсетуімен игереді.

Мектепке даярлық тобы.Бұл топта силуэттік қырқу тақырыптық материалдағы жаңалық болып табылады. Осыған байланысты үйретудің әр түрлі тәсілдерін қолдану сипаты өзгереді.

Натураны анализ жасағанда тәрбиеші зат контурының ерекшелігіне, оны саусағымен айналдыра көрсетіп, балалардың зейінін аударады. Дәл осыны балалардың өздеріне ұсынуға болады. Қарапайым заттарды (көк-өніс, жеміс) балалар ересек топта-ақ қырқып үйренген. Мектепке даярлық, тобында контуры әлдебір детальдардан тұратып (балықтың канаттары, кірпінің инелері т.с.с.) заттар аппликациясын орындау қарастырылған. Мектеп жасына дейінгі балаларға жалпы контурды жасау мен майда детальдарды кырқуға катар көңіл тоқтату киып болғандықтан оларға екі кезеңненен тұратын әдісті көрсету керек: алдымен алдын ала дайындалып қойылған қағаздың бөлігінен тиісті аумақты жалпы пішінді қырқып алу, содан кейін осы пішіннің шетіне керекті детальдарды (кірпінің инелері мен аяқтарын, балықтың кұйрығы мен қапаттарын) кырқады.

Мектепке даярлық тобының балалары екі бүктелген кағазды қырқудың күрделірек тәсілдерімен танысады. Алдымен, ересек топ­та үйренген екі бүктелген кағаздан пішіндер қырқу шеберлігін бекіте түседі. Тапсырма ретінде аса күрделі симметриялық пішіндер — ёлка, мал, адам ұсынылады. Қырқудың аса күрделі тәсілі — қағазды бірнеше рет бүктеп, салфетка, қар бейнесін, гүлдер жасауда қолданылады. Тәрбиеші кағаз жапырағын бірнеше рет (3-4) квадрат пішінінде бүктеуді, ортаның айналасына орналасқан бір немесе бірнеше бөліктерді жасалып жатқан заттың контурына байланысты қалай қырқуды көрсетеді. Қиылған детальды ашқан кезде 6-8 рет қайталапады. Ары қарай мектеп жасына дейінгі балалар бұл тәсілді өз беттерімен жұмыстарға қолдана алады. Бұл топта үлгіні көшіріп алу үшін алға қойған тапсырма­ны түсіндіру үшін колданады. Сондықтан, ол толық, бейнені көрсетпей-ақ, сызба нұсқа түрінде болса болғаны.

Мектепке даярлык, тобында сюжеттік аппликация бойынша сабақтар жалғаса түседі. Балалар үшін жаңалық — бұл пішіндерді орналастыру мен жапсыру ретін сақтау. Заттың кеңістікте орналасу реті әр түрлі бола беретін суреттен аппликацияның айырмашылығы — пішіндерді орналастыру мен жапсыру реті аппликацияда әр уакытта дәлме-дәл анықталған болады: алдымен жалпы түс (аспан, жер), содан кейіи алые, жақын пландағы заттар.

Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға заттар бір-бірін калқалап туратындығы түсінікті, сондықтап аппликацияда олардың бір шеті ішінара көрініп турады. Үлгі бұл кезде тек түсіндіру тәсілі үшін ғана керек, ал тапсырманы орындау үлгісіз, балалардыц түйсіктерінін негізінде бітеді.

Балабакшада аппликация сабақдары барлық, әр түрлі жастағы топтарда балалардың өздерінің ойлағанындай болып өткізіледі [3].

Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай конструкцияға үйретудің әдістемесі

Кішкентайлар тобы.Балалар үш жасқа аяқ басканда үлкен ой күшін талап ететін ұзаққа созылған сабақтарға төзімді, қабілетті келеді, өйткені олардың психикалық әрекетінде елеулі өзгерістер болады.

Үш жасқа жақындаған шақта олар нені тұрғызатынын атайтын болады және өз бетімен әрекет етуге қабілетті келеді, таныс оқиғалардың барысын өзгерте отырып қайсыбір әрскеттерді ересектердің көмегінсіз-ақ орындайтын болады. Таныс оқигаларды өзерте отырып, осы арқылы ересектерге деген өздерінің қатынасын білдіреді.

Конструкциялық әрекеттің бағдарламасы бұл топта тек құрылыс материалынан құрастыруды көздейді. Олар құрылыстарды бұрынғы топта пайдаланылған құрылыс жиынтықтарының сол бір бөлшектерінен құрастырады: кубиктер, кірпіштер, пластилиндер, призмалар (үш қырлы). Оларды сыртқы түрлері мен көлемі бойынша ажыратуға, бұл пішіндерді стол үстіне қалай орналасуына қарамастан танып-білуге (тұрып, жатып балаға қысқа немсее ұзын жағымен орналасқан), орнықтылықтың тұратын орынға байланысты екенін түсінугс үйретеді. Балалар құрылыс материалдары заттарың (кубик, кірпіш) дұрыс атауға, сөздерді (үлкен-кіші; ұзын-қысқа, биік-төмен, кең-тар) түсінуге және дұрыс қолдануға; сөздік көрсеткіштерді дұрыс орындауға үйренеді. Тәрбиеші сабаққа балаларды 4-6, 6-8 адамнан тұратын топтарға ұйымдастырады. 1-2 айдан кейін бір уақытта шұғылдана-тын балалардың саны 10-12-ге жетеді, жылдың екінші жартысында бүкіл топпен сабақ өткізуге болады.

2-3 жаста бала кұрылыс материалымен жұмыс істеудің келесі техникалық әдістерін меңгереді: кірпіштерді, пластиндерді көлденеңінен орналастырады (жол, поезд), 4-6 кубиктерді немесе кірпіштсрді бірінің үстіне бірін қояды. Балдырғандарға бір құрылыстың өзін әр түрлі жолдармен орындатуға тырысқап жөн: кереуетті кубиктерден және екі немесе үш кірпіштен жасауға болады. Балалардың құрылыстары түстері бойынша айрықшалануы мүмкін. Бұлай ету балада өз бетімен жұмыс істеуде керекті бөлшектерді оңай таба алушылықты дамытады.

Естиярлар тобы. Төрт жастағы балалардың құрылыс ойындарына қызығушылығы әжептәуір тұрақты болып келеді. Олар құрылыс материалының кейбір бөлшектерімен жақсы таныс келеді, олардың неге пайдаланатынын біледі. Балалар бұрын алған конструкциялаудың тәжірибесі, оларға біраз техникалык дағдыларды бойларына сіңіруіне, күрделі емес құрылыстарды жасаудын жолдарын еске сактауларына мүмкіншілік береді. Бұл құрылыс-тарды олар өз ойындарында оңай жасай алатын болады.

Егер бұрынғы топтарда жүрген кезде бала негізінен тәрбиешінің әрекеттеріне еліктеген болса, тек кейбір бөлшектерді өзі қоса
отырып, тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша құрылыстарды жа
сап шығаратын болса, ал ересек топта ол енді жасайтып құрылысының тақырыбын атайтын болады, ойға алгандарын аяғына дейін
орындауға қабілетті келеді. Бірақ такырыптар сырткы жағдайлардың әсерімен жиі ауысады және кейде тәрбиешінің көмегімен ғана
іске асуы мүмкін.Тәрбиеші ойыншыққа қалайша үлкен мәнерлілік беру керектігін түсіндіреді және осы арқылы балалардың қиялдау белсенділігін арттырады.

Балаларға табиғи материалдан (карағай қабықтарынан, талшыннан, емен жаңғағынан) ертегілік бейнелер орындауды ұсынуға болады. Жазғы кезеңде бұны таза ауада жасаған жөн.

Бұларды ойын барысында, күнделікті өмірде (әсемдік, сыйлыққа арналған зат ретінде және т.б.) пайдалана білген жөн.

Ересектер тобы. 5-6 жастағы балалардың конструкциялауға құрылыс ойындарына деген құштарлығы артады. Балалар бар ынтасымен құрылыстар жасап, ойыншықтар істейді. Олар енді өз бетімен көп нәрсені істей алатын болады.

Ересектер тобындағы балалар ойыны қызықтылығымен, әp түрлілігімен айрықшаланады. Балалардың айналадағы дүниені тікелей байқауынан, радио, теледидар мәліметтерінен, кітаптар мен ересектердің әңгімелерінен алған ауқымды білімдері енді осы ойындар барысында білінеді. Болмыс балалар ойынында анағүрлым толық көрінеді. Ойлауды айқындауда және сюжетті дамытуда көбінесе өз бетімен әрекет етушілік пайда болады.

Олардың алдында ой іскерлігін талап ететін белгілі бір тап­сырманы ұсынған кезде олар үлкен құштарлықпен кұрастырады. Тапсырманың ойдағыдай орындалуы оларды ерекше канағаттандырады және қуанышқа бөлейді.Тәрбиеші балаларға ойларын дұрыс және тура айта алуға көмектеседі. Бұл топтың программасы конструкциялаудың құрылыс жиынтықтарынан, қагаздардан, әр

 

3.Ерте балалық шақ балаларының сенсорлық қабілетін дамытуда қолданылатын дидактикалық ойындар.

Мақсаты: Балалардың сенсорлық тәрбиесін дидактикалық ойын арқылы қалыптастыру Міндеттері 1.Балаларды түстермен ,геометриялық пішіндермен таныстырып,түсін,пішін,көлемін ажырата білуге үйрету. 2. Түрлі пішіндегі құрылымдарды жасауға, олардың қолданылуын түсінуге үйрету. 3. Ұсақ қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамыту. 4. Заттардың түсі, пішіні, өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту. ойын Салыстыруға, түсі , көлемі және пішіні бойынша тандап алуға, сәйкестіруге үйрету Әр түрлі дидактикалық ойыншықтары бар ойынға деген қызығушылық тарын дамыту Дидактикалық ойынға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу Дидактикалық ойынға үйрету кезеңдері 1 кезең ойын Ережесімен іс-әрекеті іс-әрекетті нұскау бойынша орындау Затты түсіне және көлеміне қарай тандап алу 4 және 6 бөліктерден құрастыру Дидактикалық ойынға үйрету кезеңдері 2 кезең д/о:«Үй құрылысының ретін көрсет» д/о«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» д/о:«Дәл осындай пішінді тап» Біз ойнап, білім аламыз Ойын кезінде алған білімдері, өмірде көмектеседі Біз қазір ойнаймыз,бірақ сосын өз аяқ киімізді баулай аламыз Бұл ойындар баланың ұсақ моторикасын дамытады және тілдеріне әсер етеді д/о «Моншақ жинаймыз» д/о «Әдемі гүлдер» д/о «көңілді көліктер» Ойнаймыз да ойлаймыз Қыстырғышпен ойнаймыз Түймемен ойнаймыз Баумен жаттығамыз Сурет құрастырамыз Біз құрастырамыз кубиктермен Конструктормен Таяқшамен Өсеміз және дамыймыз Көліктерді гаражға кіргізу Мысықтар ұйықтайды Тыныс алу жаттығу 1. Сенсорлық тәрбие білімдерін өздік іс-әрекетінде қолдануға қолдау жасау. 2.Осы тақырып бойынша ата-аналармен әр қарай жұмыс жүргізу. 3. Балаларға арналған сенсорлық дидактикалық ойындарды ата-аналарды қатыстырып толықтыру. 4.Балалардың сенсорлық тәрбие білімдерін оқу ұйымдастыру кезеңінде ғана емес және күнделікті өмірде (серуенде,ойында,әңгімеде) қолданып бекіту. 5.Балалармен жеке жұмыс жүргізуге жалғастыру. Келешекке қойылған мақсат

 

Билет №30

1. Сауат ашу сабағының мақсаты, міндеттері.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты– оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:

- оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;

- қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;

- әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

- оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

- тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;

- кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;

- қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

- сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

- сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;

- туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

- қатысымдық дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;

- алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;

- оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

 

2.Баланы жан-жақты дамытудағы бейнелеу өнерінің маңызы.

Бейнелей білу қабілетін дамыту ең алдымен байқампаздыққа, айналадағы заттар мен құбылыстардың ерекшелігін көре білуге, оларды салыстырып, сипатты белгілерді бөліп көрсете білуге тәрбилеумен байланысты. Мұның үстіне баланың жасын ескермеуге, демек, 3 – 4 жастағы сәбиден, тіпті сурет салуға үйрету тым ерте басталғаннның өзінде, күрделі сюжетке құрылған суретті талап етуге болмайды. Оның ойлау қабілеті тиісті дәрежеде үйретілген мектеп жасына дейінгі ересек бала оңай шешетін мұндай тапсырмаларды шешу үшін қажетті деңгейге әлі жете қойған жоқ.

Бірақ жастары бірдей балалардың әр түрлі даму сатысында тұратыны белгілі. Мұндай өзі тәрбиеге, сондай – ақ баланың жалпы дамуына байланысты. Педогог мұны ұмытпауға тиіс, өйткені әрбір баламен жеке қарым – қатынас жасай білу – ойдағыдай тәрбие беру мен оқытудың басты жағдайларының бірі.

Кеңестік педагогика баланың дамуын жай сандық процесс ретінде емес, қоршаған дүниенің, ең алдымен тәрбиелеу мен үйретудің ықпалымен оның физикалық және психикалық ерекшеліктерінің сапалық өзгерісі ретінде алып қарайды.

Қабілеттіліктің дамуындағы бейнелеуге дейінгі кезең. Балалардың көркемдік қабілетінің дамуындағы бірінші кезең баланың қолына бейнелеу материалы – қағаз, қалам, саз, балшық кесегі, кубиктер, борлар және т.б. алғаш түскен сәттен басталады. Педогогикалық әдебиетте бұл кезең бейнелеуге дейінгі кезең деп аталады, өйткені бұл жерде әлі заттың бейнесі жоқ және тіпті әлденені бейнелеуге деген ой, құмарлық жоқ. Бұл кезең елеулі роль атқарады. Бала материалдардың қасиеттерімен танысып, бейнелеу формаларын жасау үшін қажетті алуан түрлі қол қимылдарын меңгереді.

Егер 5 – 6 жастағы және 2 – 3 жастағы балалардың қолына материал тұңғыш рет түскен болса, онда, әрине, ересек балаларда ой шапшаң туындайды, өйткені олардың қоршаған дүниені танып – білудегі тәжірибесі көбірек.

Бейнелеуге дейінгі кезең балалардың қабілетін онан әрі дамыту үшін өте маңызды.

Өздерінің шамасы келетін қимылдар мен қажетті формаларды көптеген балалар өз бетімен меңгере алмайды. Тәрбиеші балаларды еріксіз қимылдар жасаудан оларды шектеуге, көзбен бақылау жасауға, алуан түрлі қимыл формаларына, содан кейін жинақтаған тәжірибені сурет салғанда, мүсін жасағанда саналы түрде пайдалануға жетектеуге тиіс.

Біртіндеп баланың бойында заттарды, олардың әсерлі сипатын бере отырып бейнелеу пайда болады. Мұның өзі қабілеттіліктің онан әрі дамуын дәлелдейді. Балалар ассоциация жолымен қандай да бір затпен аса қарапайым формалары мен сызықтардағы ұқсастықты таба білуге үйренеді.

Әдетте балалардағы ассоциация тұрақты емес: бір суреттің өзінен ол түрлі заттарды көруі мүмкін. Оның санасында сурет салған кезде елестетудің, есте сақтаудың, қиялдаудың жалпы жұмысы арқылы пайда болатын берік із әлі жоқ. Қарапайым салына салған форма оған жақындайтын көптеген заттарды еске түсіруі мүмкін.

 

3.Таңертеңгілік гимнастика (комплекс жаттығуларды көрсет).

Таңғы жаттығулар

1-жаттығу:Аяқтары бірге, қолдары белдерінде, бастарын оңға,солға бұрып жаттығу жасау.

2-жаттығу:Бастапқы қалып, аяқтары бірге иыққа арналған жаттығу жасау.

3-жаттығу:Қайшы аяқтары алшақ қолдарын алдыға созып жаттығу жасау.

4-жаттығу: бастапқы қалып қолдарын жоғары төмен жасату.

Қол белде аяқ алшақ, мойнымызды алдыға артқа иеміз.

Екі қол белде, мойнымызды оңға 4 рет, солға 4 рет айналдырамыз.

Екі қол кеуде тұсында оңға қарай 1-2, солға қарай 3-4 жазамыз.

Екі қолды алдыға екі рет қайшылаймыз, артқа екі рет қайшылаймыз.

Екі қол белде, белімізді оңға 4 рет, солға 4 қарай рет айналдырамыз.

-Балалар жалпы дамытушылық жаттығуларды дұрыс орындауға тырысады

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы қоғамның болашақ құрлысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының жалпы идеологиялық және методологиялық негізі – дене тәрбиесі заңдылықтарын нағыз ғылыми түрде танып-білу, жан-жақты жарасымды жетілген жеке адамды қалыптастыру үшін кең мүмкіндіктер ашу. Дене тәрбиесі үшін жеке адамды қалыптастырудағы өмірдің әлеуметтік жағдайлары мен тәрбиенің шешуші рөлі туралы қағидаларының зор мәні бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі – бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми-зерттеулер мен озат тәжерибе негізінде дамиды. Ұлы Қазан социалистік революциясы біздің елімізде жаңа педагогиканың - жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие берудің іргетасын қалады. Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н.К.Крупская баға жетпес үлес қосты. Н.К.Крупскаяның мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі туралы айтқандарының жаңа қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры көп ғасырлық халықтық педагогикаға тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасының әсерімен қалыптасты. XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білімді адамдарының бірі - Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол «Бала әдеттерінің азаматтылығы» деп аталатын тамаша құжат жасап шыққан. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері. Дене тәрбиесі жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.