Мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасын талдау

Бұл сипаттаманы жалпы талдау Ne, Me, GОТ, ge көрсеткіштерінің айналым жиілігінде байланысты өзгеру себептерін түсіндіруге негізделген. Яғни, мотордың жылдамдық режимі өскенде Ne өсімі бірте-бірте , ал Me шамасы төмендейді, отын мөлшерін реттегіш тетіктің бір қалыпты жағдайында GOT мөлшерінің ұдайы ұлғаюын, gemin деңгейі қандай режимге сәйкес келетінін түсіндіре білу өте маңызды.

Курстық жоба бойынша салыстырмалы талдау жүргіздім. Нәтижесінде есептелген және мотордың техникалық сипаттамасында көрсетілген Nemax және Memax шамаларын салыстыра келе, айырмашылығын анықтадым. Nemax = 88,3кВт, Memax = 263,63Нм,. Nemax = 84 кВт, Memax = 250Нм.

Талданатын көрсеткіштерді кестеге (4-кесте) жинақтаған ыңғайлы.

Мотордың техникалық сипаттамасында nном режимі үшін Me шамасы көрсетілмегендіктен, оны сипаттамадағы Nе үшін анықтап, кестеге енгізу қажет, Нм

 

 

Онан кейін айналдырғыш моменттің астамдық коэффициентін 4-кестедегі мәліметтер бойынша 2 рет – техникалық сипаттама бойынша және курстық жобада анықталған СЖС бойынша төмендегі формуланың көмегімен есептейді.

 

4-кесте – Мотордың техникалық сипаттамасы және есеп бойынша анықталған негізгі көрсеткіштері

 

Негізгі өлшемдер Техникалық сипаттама бойынша Есеп бойынша
Тиімді қуат Nе (nном сәйкес), кВт
Айналдырғыш момент (nном режиміне сәйкес), Н·м
Айналдырғыш момент максимум шамасы Ме мах, Н·м 234.3 234.3
Мемах шамасына сәйкес айналым жиілігі, айн/мин
Айналдырғыш моменттің астамдық коэффициенті К 1,4 1,4

 

Мотордың Ne қуаты иінді біліктің айналу шапшандығына және Ме айналдырғыш моментіне тура пропорционал, бірақ кейбір мағыналарда бұл тәуелділіктер белгілі факторларға байланысты өз жұмысын атқармайды. nном тұсында Ne өсуінің бәсеңдеуі газалмастыру уақытынды иінді біліктің айналу санының азаюымен түсіндіріледі, сонымен қатар ауа ағынының жылдамдығы азаяды. Соның салдарынан толтыру коэффициентінің шамасы мотордың тұрақты жұмыс істеуіне жеткіліксіз болады. Сондай-ақ иінді-ырғалмалы механизмдердегі қажалу шығыны көбейе түседі. Сағаттық отын шығыны Gот жылдамдық режимі өскен сайын ұлғая түседі, бірақ толымдылық коэффициентінің төмендеуіне орай айналым шапшандығы жоғары режимде оның өсу қарқыны бәсеңдейді. Сондықтан иінді біліктің айналу саны көбейген сайын сағаттық отын шығыны да көбейеді. Тиімді үлестік отын шығыны да маңызды рөлін атқарады, ол өз кезегінде піспектің орташа жылдамдығынан кері пропорционалды әсерде. Моторды қолдану тиімділігі жағынан қарастыратын болсақ, онда мотордың 80% күшсалмақ режимінде қолдану керек.

СЖС есептеулері және техникалық сипаттамалары бойынша Nemax және Меmax максималды мәндерінің әр түрлі болу себебі, есептеу кезінде Рк үрмелеу қысымының қазіргі конструкцияларда қолданған шамалардың мәнінен біршама көбірек алуы. Үрмелеу қысымы орташа тиімді қуатына әсер етеді, ал аталмыш қысым өз алдына мотордың қуатының және айналу моментінің үлкеюіне әсер етеді. Қарастырып отырған жағдайда Рк=0,20 МПа қабылдағанда максималды тиімді қуат 2%-ға азаяды. Сондай үлкен қысымда ырғалма тобына түсетін күшсалмақ өте ауыр, сондықтан ол тетіктердің тез қажалуына себепші болады. Үрмелеуді қолдану мотор тетіктеріне жылулық салмақтың үлкеюіне әкеліп соғады. Сонымен қатар, мотордың осындай үлкен күшсалмақтарға төзімді болуға әкеліп соғатын шаралардың бірі мотордың салқындату жүйесін жақсарту. Бұл үлкен өлшемді радиаторды қоюмен жүзеге асады, ал ауалық салқындатумен болған моторларда-цилиндрлерді салқындататын ауа мөлшерінің көбеюімен.

Автокөлік моторының сыртқы жылдамдық сипаттамаларында орнықтылық режимде жұмыс істейтінін көрсететін маңызды көрсеткіші айналдырғыш моментінің астамдық коэффициенті немесе бейімделу коэффициенті болып табылады. Оны тиімді айналдырғыш моментінің максимум шамасының лайықталған режимдегі шамасына қатынасынан болады. Негізінен бұл параметр көрсеткіші автокөліктің көтермелі жолда жүргенде айқын байқалады. К шамасы көп болған сайын автокөлік жолда соңғы берілісті қоспай-ақ жолдағы қарсылыққа көбірек төзе алады. Бұндай жағдайда негізгі көрсеткіші иінді біліктің айналу санының өзгеру диапазоны болып табылады. Бұнда мотордың көрсеткіштері анағұрлым жақсы: бұл диапазон шамасы көп болған сайын , автокөліктің динамикалық көрсеткіштері жақсырақ болады, моторды басқару жеңілірек болады.

Жоғарыда көрсеткен автокөлік параметрлерін жақсарту үшін келесі негізгі шараларды бірге немесе бөлек қолдану керек:

- тиімді газтарату фазаларын таңдау;

- максималды айналу моментінде мотордың жақсы жұмысын атқару үшін цилинрді толтыру және аластау сапасын арттыру мақсатында толтыру және аластау такілерде толқындық және инерционды құбылыстарды қолдану керек;

- ауаның үрмелеу немесе үрмелеумен моторлардың қосу кезіндегі жанғыш-ауа қосындының қысымын реттеу;

- дизельдің сыртқы жылдамдық сипаттамасындағы иінді біліктің максималды айналу жиілігінде жанғыш қосындының циклдік берілуін арттыру

Автокөліктің отын үнемділігі , үлестік отын шығыны,отынның орташа шығыны – бұл автокөлікті пайдаланудың негізгі экономикалық көрсеткіштері. Үлестік отын шығыны – бұл автокөліктің ПӘК бірлігіне қолданған отын шығыны көлемі. Есептеген моторда ge=197 г/(кВт·сағ), бұл мотордық экономикалық үнемділік режиміне сәйкес келеді.