Жаттығу. Тексті пішімдеу (форматтау) тегтерін қолданып 1-суреттегідей HTML –құжат жасау

1. Блокнот текстік редакторын ашып, бос құжатты Задание1.html деген атпен сақтаңыз.

2. Құжаттағы алғашқы тег <HTML> тегі болу керек. Бұл тег WEB-броузерге құжаттың HTML қолданылып жасағанын хабарлайды. Сондықтан құжаттыі бірінші жолына <HTML>деп теріңіз.

1-сурет. HTML құжат үлгісі

3.Терезенің тақырыбын енгізу үшін мына жолдарды теріңіз:

<HEAD>

Lt;TITLE> Пример работы

С тегами. Форматирование

</TITLE>
</HEAD>

4. Енді құжаттың денесін, яғни HTML құжатта не көрсетілетінін енгіземіз.Ол үшін мына жолдарды теріңіз:

<BODY BGCOLOR=yellow TEXT=blue >

мұндағы BGCOLOR=yellow құжаттың фоны – сары, ал TEXT=blue шығатын текстің түсі көк болатынын анықтайды.

5. Ары қарай тағы да теріңіз:

<H1>Это заголовок первого уровня</H1>

<H2>Это заголовок второго уровня</H2>

Бұл жолдар әр түрлі деңгейдегі тақырыптарды анықтайды.

6. Енді нөмірленген және нөмірленбеген тізім жасауды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

Lt;OL >Это пример пронумерованного списка

Lt;LI>Первый элемент

Lt;LI>Второй элемент

Lt;LI>Третий элемент

</OL>

<UL TYPE=DISC>Это пример непронумерованного списка

Lt;LI>Первый элемент

Lt;LI>Второй элемент

Lt;LI>Третий элемент

</UL>

7. Енді тексті пішімдеуді (форматтауды), яғни тексті енгізудің түрлі пішімдерін қолдануды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

<I>Это курсив</I>

<B>Это жирный шрифт</B>

<U>Это подчеркнутый текст</U>

<SUP>Это верхний индекс</SUP>

<SUB>Это нижний индекс индекс</SUB>

Lt;BR>Это начало нового абзаца.

<BIG>Это большой шрифт</BIG>

<SMALL> Это маленький шрифт</SMALL>

<STRIKE>Это перечеркнутый шрифт</STRIKE>

8. Келесі жолға <BR><BR> деп теріңіз. Бұл екі рет бос жол жасағанды білдіреді ( «Enter » клавишасын басқанды білдіреді).

9. Келесі жолға теріңіз: <MARQUEE >ЭТО БЕГУЩАЯ СТРОКА</MARQUEE>. Нәтижесінде жүгірмелі жол жасалынады.

HTML құжатта көрсетілетін ақпарат таусылғандықтан <BODY> тегін жабу керек , ол үшін </BODY> деп жазыңыз.

11. HTML құжаттағы жазу аяқталды, сондықтан <HTML> тегін де жабу керек,ол үшін </HTML>деп жазыңыз.

12. Блокнотты жауып, жасаған құжатыңызды тышқанның сол жағын екі рет шертіп ашыңыз.

2-жаттығу. Сайттың тексін өзгерту. Өзіңіз жайлы шағын ақпарат бар үй бетін (домашняя страница) жасаңыз, ол үшін барлық келтірілген тегтерді қолданып 1–ші жаттығудағы сайттың тексін өзгертіңіз.

Жаттығу. Құжатты редақциялау.

Фондық сурет қою арқылы беттің фонын өзгертейік. Ол үшін:

· Мои рисунки бумасынан (папка) jpg форматты суреттің көшірмесін өз бумаңызға түсіріп, оған image.jpg деп ат беріңіз.

· Қайтадан өзіңіздің HTML-құжатыңыздың бетіне оралып Вид-Просмотр HTML-кода командасын орындаңыз.

· Ашылған Блокнот редакторының терезесінде HTML-кодты. Редакциялайық. <BODY> тегінде фон түсінің тегінің орнына BACKGROUND="image.jpg" дегенді қосып жазыңыз. Құжатты сақтап,Блокнот терезесін жабыңыз.

· Өзіңіздің HTML- құжатыңыздың бетіне оралып Вид-Обновить командасын орындаңыз.