Практикалық сабақтардың сұрақтары

1. Тыныс алу мүшелерінің құрылымы. Тыныс алудың маңызы, оның негізгі кезеңдері. Сыртқы тыныс алудың механикасы. Сыртқы тыныс алудың көрсеткіштері. Өкпелердегі газдар алмасынуы. Альвеоло-капиллярлық мембрананың қасиеттері.

2. Қанмен газдардың тасымалдануы. Қан және ұлпалар арасындағы газалмасыну.

3. Тыныс алу орталығының шоғырлануы, құрылымы және қызметі. Тыныс алуды рефлекторлық және гуморалдық реттеу.

4. Төменгі және жоғары атмосфералық қысымның өкпелердегі және ұлпалардағы газалмасынуға әсері.


Асқорыту физиологиясы

Бөлімнің мақсаты. Ас қорыту жүйесін тұтас адам ағзасының бөлінбейтін бөлігі ретінде басқа жүйелер жиынтығында үйрену.

Бөлімнің міндеттері. Үйрену:

- гомеостазды қолдауда ас қорыту жүйесінің мәні;

- ас қорыту үрдістерінде ас қорыту сөлдерінің істеп шығарылуының нейро-гуморалдық реттеу механизмі;

- барлық ағзаның жалпы заттар алмасыну үрдісінде асқазан-ішектер жолының маңызы.

Негізгі ұғымдар

5.1. Асқорытудың маңызы. Ас қорыту деп қабылданған тамақтың физикалық және химиялық қайта өңделуіне айтылады. Нәтижесінде тамақ компоненттері өзінің энергетикалық және пластикалық құндылығын сақтай отырып түрлік ерекшелігін жоғалтады, бірақ ағзамен қорытуға мүмкін болып қалыпты заттар алмасынуына қосылады. Асқазан-ішектер жолындағы (АІЖ) қорыту және сіңіру қызметі тамақты шайнау және оны сөлмен араластыру (шайнау және сөл бөліну), тамақты жұту және оны кеңірдек бойымен ас қорыту үрдісі басталатын асқазанға баруы, қорыту және сорылу әрі қарай жалғасатын аш ішекке бару кезеңдерін қамтиды. Аш ішектен тамақ массасы тоқ ішекке өтеді, ол жерден қорытылмаған заттар сыртқа шығарылады. Бұл бөлімдердің құрылысы және қызметі тамақ итеріліп жүретіндей (моторика) болуы керек (сурет 15).

 

 

Сурет 15. Ас қорыту жолындағы үрдістердің реттілігі және оның құысына сөлдердің бөлінуі

 

Тамақ тек қана ферменттердің ықпалымен күрделі жоғары молекулярлық қосындылардың қан жүру капиллярларына сіңірілулеріне қабілетті жәй молекулаларға химиялық бөлшектенгеннен кейін ағзамен қорытылады.

5.2. Ауыз қуысындағы ас қорыту. Ас қорыту үрдісі ауыз қуысында басталады. Бұл жерде тамақтың дәмдік сапасы анықталады, астың бастапқы механикалық және химиялық өңделуі басталады. Астың механикалық өңделуі – оны майдалау, сілекеймен араластыру және ас түйірінің пайда болуы. Химиялық өңдеу сілекей ферменттерінің ықпалымен жүзеге асырылады.

Ауыз қуысына 3 жұп ірі сілекей бездері ашылады: тіл асты, құлақ алды және жақ астқы бездері. Одан басқа тілдің, ұрттың және таңдайдың шырышты қабатында майда бездер бар. Құлақ алды және тілдің бүйір жақтарындағы майда бездер ұйыма сұйықтық, ал жақ асты және тіл ұшының майда бездері – аралас, көп мөлшерде муцины бар сұйықтық бөледі. Сілекей бұл сілекей бездерінің сөлі болып, аз сілтілі реакцияға ие және оның құрамында 98,5-99 % су, бейорганикалық заттар – 1-1,5%, ферменттер (птиалин, мальтаза) и муцин бар. Муцин – ақуыздық шырышты зат, ол сілекейге тұтқырлық беріп ас түйірін жапсырады. Одан басқа, сілекей құрамында бактерицидтік зат – лизоцимге ие болып қорғаныс қызметін де атқарады. Ас ауыз қуысында 15-20 секунд кідіреді. Сілекей бөлінудің рефлекторлық реттеуі ауыз қуысы рецепторларын (дәмдік, температуралық, тактильді) астық және астық болмаған заттармен тітіркеткенде пайда болуы сөзсіз. Олардан импульстар тілдік, тіл-жұтқыншақ, және жоғары көмейлік жүйкелердің афференттік жүйке талшықтарынан сопақша мидың сілекей бөлетін орталығына жетеді. Одан қоздыратын импульстар эфференттік талшықтар арқылы сілекей бездерінің жасушаларына түседі.

Парасимпатикалық жүйкелер қоздырылғанда үлкен мөлшерде ұйыма сұйықтық шығарылады. Ол минералды заттарға бай, органикалық заттары аз. Симпатикалық жүйкелердің қоздырылуы көптеген органикалық заттар және муцин бар аз мөлшердегі тұтқыр сілекейдің бөлінуіне алып келеді. Сілекей бөлінуін реттеуде гуморалдық ықпалдар да атысады. Сілекей бөлінуіне ацетилхолин, гистамин, брадикинин ынталандырады.

5.3. Асқазанның қызметтері. Жұтылған тамақ ауыз қуысынан жұтқыншақ және өңешке арқылы асқазанға өтеді. Асқазанның қызметтері: 3 л. ге дейін тамақ сақтау, моторлық (қозғалту), секреторлық (асқазан сөлінің бөлінуі), эвакуаторлық, реттеу (фунционалды белсенді заттар), экскреторлық (метаболиттердің пайда болуы), қан жасау, қорғау (асқазан сөлінің бактерицидтік және бактериостатикалық әсері).

5.4. Асқазан сөлінің құрамы және қасиеттері. Таза асқазан сөлі –қышқыл реакциясы бар рН–0,9-2,5 түссіз мөлдір сұйықтық. Бір тәулік ішінде адамда 1,5-2,5 л сөл бөлінеді. Ол 98,5% Н2О және 1,5% құрғақ қалдықтан тұрады. Құрғақ қалдықтың бейорганикалық заттары: Na+, К+, Са++, Mg++, Cl-, тұз, көмір, фосфор қышқылдары. Құрғақ қалдықтың органикалық заттары: глюкоза, креатин, несепнәр, мочевая кислота, слизь, ақуыздар, ферменттер, Кастлдың ішкі ықпалы.

Асқазан сөлінің ферменттері төмендегіше бөлінеді: Протеазалар – бөлшектендіретін ақуыздар. Бұлар пепсин, химозин, гастриксин. Пепсин асқазанның шырышты қабатында белсенді емес түрде пепсиноген жасалынады. Ол пепсин ингибиторы полипептидті ажырататын НCL-мен белсендіріледі. Пепсин ақуыздарды альбумозаға дейін бөлшектендіріп өзінің белсендігін рН–1,5-3,9-да көрсетеді. Химозин (іріткі ферменті) суда еритін казеиногенді ерімейтін казеинге айналдырып сүтті ірімшік түріне әкеледі. Химозин ферментатив белсенділігін қышқыл, нейтрал және сілтілі ортада көрсетеді. Липаза майларды глицерин және майлы қышқылдарға дейін бөлшектейді. Ол тек қана сүттің және сарымайдың эмульгацияланған майына әсер етеді. Лицозимнің бактерияларға қарсы әсері бар.

Асқазан сөлінің барлық ферменттері асқазан шырышты қабатының басты жасушаларымен істеп шығарылады. Сілекей қосымша жасушалармен жасалынып ас түйірін қоршап алады. Асқазанда сілекейдің маңызы: асқазан шырышты қабатын механикалық және химиялық тітіркеткіштердің қорыту әсерінен қорғайды; сонымен олардың әсерін күшейтетін асқазан сөлінің ферменттерін, минералды заттар және Кастлдың ішкі ықпалын адсорбциялайды, А, В, С дәрумендерін адсорбциялайды және т.б.

Тұз қышқылы жабынды жасушаларында жасалынады. Еркін және байланған түрде болады. Сөлде еркін НСl концентрациясы – 0,4-0,5% немесе 20-40, байланысқан НСl – 10-20, ал жалпы – 40-60 титр. бірлік. НСl маңызы: пепсинді белсендіреді; пепсиннің әсері үшін оптимальды рН орта жасайды. ақуыздардың денатурациясын және ісінуін шақырады; сүттің ірімшектеніуне ықпал етеді; бактерицидтік әсерге ие; химустың асқазаннан ішектерке өтуін реттеуде қатысады; ұлтабар да асқазан-ішектер гормондарының жасалынуына ықпал етеді; АІЖ қозғауыш қызметін ынталандырады.

5.5. Асқазан сөлін реттеу механизмдері.Асқазандағы сөл3 кезеңге бөлінеді: күрделі рефлекторлық кезең (ми). Бұл кезеңде сөлдің секрециясы тамақтандырудан алдын болатын түрге, иіске және дыбысқа шартты рефлекстермен ерекшеленеді. Кейін шартсыз рефлекторлық сөл бөліну басталады. Ас ауыз қуысына түсіп оның рецепторларын, одан кейін жұтқыншақ және өңеш рецепторларын тітіркендіреді. Рецепторлардан импульстар V, IX, X жұп қаңқа-ми жүйкелерінің афференттік талшықтары бойынша сопақша мидың ас қорыту орталығына келіп түседі. Бұл орталықтан импульстар вагус талшықтары бойынша асқазан бездеріне түсіп сөл бөлінуге алып келеді.

Асқазан кезеңі нейро-гуморалдық болып табылады. Ол асқазан шырышты қабатының рецепторларын аспен тітіркендіру нәтижесінде басталады. Бұл рецепторлардан импульстар афференттік жүйкелер бойынша ас қорыту орталығына, ал одан вагус талшықтарынан асқазан бездеріне барады. Бұдан басқа асқазан секрециясын экстрабелсенді заттар ынталандырады. Бір уақыттың өзінде асқазан шырышты қабатының жасушаларында секрецияның гуморалдық реттеуін жүзеге асыратын функционалды белсенді заттар (гистамин, гастрин) істеп шығарылады.

Ішектер кезеңі химустың асқазаннан ішектерге өтуімен басталады. Химус механикалық және аш ішектер шырышты қабатының хеморецепторларын тітіркетеді, импульстар афференттік жүйкелер бойынша ас қорыту орталығына, ол жерден вагус бойынша асқазан бездеріне барады. Ішектерте асқазан секрециясын күшейтетін гастрин, энтерогастрин, бомбезин, мотилин шығарылады. Секретин, ЖИП, ВИП, нейротензин, соматостатин, энтерогастрон, глюкагон, серотонин – секрецияны тежейді.

5.6. Асқазан қызметін зерттеу әдістері.Тәжірибелік жағдайларда асқазанға жасалған ота асқазан секрециясының үйренудің негізгі әдісі болып табылады. 1842 жылы орыс ғалымы Басов асқазанға фистула қойды. Бірақ, оның көмегімен таза асқазан сөлін алуға мүмкін болмады.

1889 жылы И.П. Павлов өзінің қызметкері Шумилова-Симоновскаямен бұл отаны өңешті кесуді - эзофаготомиямен толықтыруды ұсынды. Сондай иттің көмегімен «тойдырылу сезімі» іске асырылды.

Гейденгайн таза асқазан сөлін алу үшін изоляцияланған асқазанша отасын жасауды ұсынды. Бірақ бұл ота изоляцияланған асқазаншаға баратын жүйкелердің кесілуіне алып келетін болды. Бұл әдіс асқазан секрециясының гуморалдық мехнизмдерін зерттеуге мүмкіндік береді (сурет 16).

 

 

Сурет 16. Оқшауланған асқазанша отасының схемасы (Р. Гейденгайн бойынша).

 

1894 жылы И.П. Павлов асқазаншаның жүйкелендірілуі сақталатын отаны жасауды ұсынды. Бұл әдіс асқазан секрециясының әрі жүйкелік әрі гуморалдық механизмдерін зерттеуге мүмкіндік береді (сурет 17).

 

 

Сурет 17. Оқшауланған асқазанша отасының схемасы (И.П. Павлов бойынша).

 

Клиникада асқазан сөлі жуан асқазан зонды Курцин-Слуцкий зонды арқылы алынады. Ацидотест қолдану арқылы зондсыз әдіс те қолданылады.

Асқазан моторикасын зерттеу үшін сульфат барийді қолдана отырып рентгеноскопия және рентгенография әдістерінен пайдаланады. Және электрогастрография (асқазанның биопотенциалдарын жазу), эндорадиозондтау (науқас жұтқан радиозондтың сигналдарын жазу) қолданылады.

5.7. Ұйқы безінің қызметтері.Өңделген химус асқазанның перистальтикалық қозғалуларына байланысты пилорик бөліміне барады, кейін ұлтабарке өтеді.

Ұлтабарға химус асқазаннан, ұйқы безінің сөлі, өт және ұлтабардың шырыштысымен бөлінетін ферменттер түседі. Ішектертің құрамы 4 тен 8 ге дейін рН-қа ие.

Ұйқы безінің сөлі түссіз, 7,8-8,4 рН-қа ие, сөлде бикорбанаттары барлығымен түсіндірілетін мөлдір сұйықтық. Бір тәулікте адамда 2 л.ге жақын сөл бөлінеді. Онда 99% Н2О және 1% құрық қалдық бар. Құрық қалдықта органикалық заттар – ақуыздар, ферменттер, муцин және бейорганикалық заттар – бикорбанаттар және фосфаттар Na+, К+, Са++, Mg++, Cl бар.

Ұйқы безінің сөлі құрамында ақуыздарға әсер ететін ферменттер бар: трипсин, химотрипсин, карбоксипептидаза, аминопептидаза, коллагеназа, эластаза. Трипсин белсенді емес ішектер сөлінің энтерокиназасымен белсендірілетін трипсиноген түрінде бөлінеді. Химотрипсин белсенді емес түрде бөлінеді – химотрипсиноген түрінде, трипсинмен белсендіріледі. Бұл ферменттердің ықпалымен пептондар және альбумозалар аминокислоталарға дейін бөлшектенеді.

Липаза белсенді емес түрде бөлінеді, өт қышқылдарымен белсендіріледі. Ол майларды май қышқылдарына және глицеринге дейін бөлшектейді.

Амилаза, мальтаза, лактаза және сахараза көмірсуларды бөлшектейді.

Аш қарынға ұйқы безінің сөлі бөлінбейді. Оның секрециясы ас қабылдағаннан 3-5 минут кейін басталып 6-8 сағат ішінде жалғасады. Сөлдің мөлшері мен сапасы қабылданған астың мөлшері мен сапасына, оның физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты болады.

Ұйқы безінің сөл жасауды реттеу қызметінің рефлекторлық және гуморалдық механизмдері. Реттеу жүйкелік және гуморалдық механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Асқазан асты сөл бөлінуінің кезеңдері асқазандағы сөл бөлінумен бірдей, өйткені олар асқазаннан химустың түсуімен анықталады: күрделі рефлекторлық (ми), асқазан және ішектертік.

Парасимпатикалық жүйкелер (вагус) сөл секрециясын күшейтеді, ал симпатикалық жүйкелер тежейжі. Панкреатикалық секрецияның төмендеуі аурулық тітіркендірулерде, ұйықтау кезінде, дене және ақыл еңбегінде болады.

Гуморалды реттеу: секретин биокарбонаттардың құрамын және сөлдің мөлшерін ұлғайтады; холецистокининпанкреозимин ферменттер құрамын ұлғайтады. Секрецияны күшейтетіндер: гастрин, серотонин, инсулин, бомбезин, өт қышқылдарының тұздары, Р субстанция. Оны тежейтіндер: глюкагон, кальцитонин, ЖИП, ВИП, соматостатин.

5.8. Ұйқы безінің секреторлық қызметін зерттеу әдістері. Экспериментте асқынған және созылмалы тәжірибелер қолданылады. Созылмалы тәжірибелерде жалпы өт жолына, ұйқы безінің жолына фистула қойылып жануар сауыққаннан кейін зерттеу жүргізіледі.

Адамда зерттеу ұлтабарды зондпен тексеру жолымен, УДЗ, гастродуоденоскопияны қолдана отырып жүргізіледі.

5.9. Бауырдың негізгі қызметтері, оның ас қорытудағы мәні.Бауырдың ас қорытудағы мәні ағзаның гомеостазын заттар алмасынуын реттеу жолымен қамтамасыз ету; ақуыздар, майлар, көмірсулар, пигменттік алмасынуда қатысады. Ас қорытуда бауырдың мәні: ағзаның гомеостазын заттар алмасынуын реттеу арқылы қамтамасыз етеді; ақуыздар, майлар, пигменттік алмасынуда қатысады; зиянсыз ету қызметін орындайды; өт істеп шығарады; қан жасауда қатысады.

Өт бауырда үнемі істеп шығарылады, бірақ ішектерге химус түскенде ғана өт ұлтабарға түседі. Бауырда пайда болған өт өт жолдары бойынша өт қабына түсіп ол жерде концентрацияланады.

Бір тәулік ішінде адамда 1,5 л. дейін 7,8-8,2 рН-мен өт бөлінеді. Өт құрамында 97 % Н2О және 3 % құрғақ қалдық бар. Құрғақ қалдық құрамында органикалық заттар майлы қышқылдар және бейтарап майлар, билирубин және биливердин, холестирин, сабын, муцин, лецитин, несепнәр, несеп қышқылы, А, В, С дәрумендері, аминокислоталар, өт қышқылдары (холевую және дезоксихолевую). Бейорганикалық заттар: К+, Na+, Mg++, Р+++, Fe++, Cu++, Са++ тұздары бар. Өттің түсі оның құрамындағы билирубинмен анықталады.

Өт қасиеттері: панкреатикалық сөлдің липазасын белсендіреді; майларды эмульгациялайды, майлы қышқылдарды бөлшектейді; асқазаннан түсетін қышқыл химусті бейтараптандырады; пепсиннің әсерін тоқтатады; майлардың сіңірілуіне ықпал жасайды; ішектерде ірудің алдын алады; ішектердің перистальтикасын күшейтеді.

Өттің ішектерке түсуі тамақтанғаннан 8-10 минут кейін басталады. Өт жасалу және өт бөліну жүйкелік (АІЖ интерорецепторлары тітіркендірілгенде) және гуморалдық механизмдер арқылы реттеледі. Вагустың және диафрагмалық жүйкелердің парасимпатикалық талшықтары өт жасалуын және өт бөлінуін күшейтеді, ал симпатикалық талшықтар бәсеңдетеді.

Гастрин, секретин, ХЦК-ПЗ, ет және майды қорыту өнімдері, жәнеде өттің өзі өт жасалуын және бөлінуін ынталандырады.

Бауырдың маңызды қызметі зиянсыздандыру болып табылады. Бауырдың бұл қызметі Экк және И.П. Павлов тарапынан зерттелген.

5.10. Бауыр қызметтерін зерттеу әдістері.Экспериментте асқынған және созылмалы тәжірибелер (жалпы өт жолына және өт қабына фистула қою). қолданылады. Адамдарға рентгенологиялық әдіс қолданылады. Ағзаға рентгенге қарама-қарсы заттар (биллитраст, биллигност) енгізіледі. Кейін бауыр және өт қабының рентгенографиясын жүргізеді. Зондпен тексеру әдісі де қолданылады. Мұнда 3 бөлік өт алынып зерттеледі: А бөлігінің құрамында химус, ұйқы безінің сөлі, өт және ішектердің өз сөлі бар, В бөлігінің құрамында өт қабынан алынған өт, ал С бөлігінде бауырлық өт болады.

5.11. Ішектердің қызметтері.Бұл жерде негізгі қорыту және заттарды сіңіру үрдістері жүреді.

Аш ішектің сөлі либеркюн және бруннер бездерімен бөлініп, түссіз, бұлдырлау, тұтқыр, муциннің барлығы есебіне сілтілі әсері бар сұйықтық. Бір тәулікте адамда 2 л. жуық сөл бөлінеді.

Центрифугада ішек сөлі сұйық және қою бөліктерге бөлінеді. Сөлдің сұйық бөлігінің құрамында органикалық және бейорганикалық заттар бар. Ішектер сөлінің органикалық заттары: аминоқышқылдар, несепнәр, холестерин кристалдары. Бейорганикалық заттар: хлоридтар, бикарбонаттар, фосфаттар К+, Na+, Са++. Сөлдің қою бөлігі шырышты түйір түрінде – бұл жойылып жатқан эпителий, ішектің шырыштысы 3-5 тәулік ішінде түгелдей жаңаланады. Оның құрамында ферменттер нуклеаза, нуклеотидаза (нуклеотидтар және нуклеин қышқылдарын бөлшектейді); энтерокиназа (панкреотиттік трипсиногенді трипсинге айналдырады); липаза, фосфолипаза (майларға әсер етеді); гликолитикалық ферменттер – амилаза, лактаза, сахараза, инвертаза; альбумоза және пептондарға әсер ететін пептидазалар (аминопептидаза, дипептидаза және басқалары) бар.

Соңғы ас қорыту тоқ ішекте болады. Оның безді жасушалары 8,0-9,0 рН-ті аз сілтілі сөл бөледі. Сөл сұйық және шырышты түйірден тұрады. Сұйық бөлігінің құрамында 99% су және 1% құрғақ қалдық бар. Сөлдің құрамында минералды заттар (натрий, калий, кальций катиондары, гидрокарбонат, фосфат, сульфат аниондары, хлор аниондары); қарапайым органикалық заттар – ақуыздық алмасынудың өнімдері; муцин; ферменттер (пептидазалар, липазалар, карбогидразалар, нуклеазалар, фосфатазалар). Ферменттер энтероциттердің өнімдері болып табылады, бірақ олар аш ішектің сөліндегіден 10 есе аз. Нормада бұл ферменттердің маңызы оншалықты үлкен емес.

Тоқ ішектің қызметтері: кал массаларын қалыптастыру, шығарту қызметі (қорытылмаған қалдықтар, несепнәр, нәсәп қышқылы, креатинин шығарылады), соңғы ас қорыту (аш ішектен түскен ферменттердің және тоқ ішек сөлі ферменттерінен және микрофлораның әсерінен).

Ішектердің микрофлорасы: қорғау қызметін жүзеге асырады (иммунитет ісеп шығаруға ынталандырады, патогенді микроорганизмдерді басады); аш ішектік ферменттерді инактивизациялайды, дәрумендерді, ФБЗ синтездейді, ішек тонусына және суды, аминоқышқылдарды сіңіру үрдістеріне әсерін тигізеді, заттар алмасынуында қатысады, клетчатканы бөлшектейді, шіру үрдістеріне қарсылық көрсетеді.

5.12. Ішек секрециясын реттеу. Механо-, хеморецепторлар химуспен, ас қорыту өнімдерімен тітіркендірілгенде қоздыру сезгіш талшықтар арқылы ОЖЖ беріледі, ол жақтан реттеуші стимулдар ішектердің бездеріне барады. Парасимпатикалық жүйкелер секрецияны күшейтеді, симпатикалық жүйкелер тежейді. Ішектік сөл бөліну жергілікті механизмдермен де реттестіріледі. Оларда ішек қабырғаларында орналасқан мейснер және ауэрбах өрімінің нейрондары қатысады.

Гуморалдық реттеу: ГИП, ВИП, мотилин, энтерокринин (аш ішекте жасалады), дуокринин (ұлтабарда пайда болады) – сөл жасалуын ынталандырады, соматостатин – тежейді.

5.13. Ішектер қызметтерін зерттеу әдістері.Асқынған және созылмалды тәжірибелер жануарларды жүргізіледі. Тири-Велл отасы – наркозбен иттің аш ішектің қантамырларымен 30 см. ұзындықтағы бөлігі кесілді; АІЖ өтімділігі қалпына келтірілді; кесілген жердің ұштары тері жараларының шеттеріне тігілді. Ит сауыққаннан кейін химус табиғи жолмен ішектерден өтіп тұрды, ал кесіндіден таза ішек сөлі бөлініп тұрды. Отаның кемшілігі сөлдің үнемі бөлінуі және онымен қарын қабырғасының терісін тітіркендіруінде болды. И.П. Павлов басқа ота жасауды ұсынды. Ол ішек кесіндісін жүзікпен тігіп тығынмен жабылатын фистула қойды. Тәжірибе кезінде тығын ашылып таза ішек сөлі алынды.

Клиникада рентгенологиялық және эндоскопиялық әдістер, УДЗ қолданылады.

5.14.Қуыстық және қабырғалық асқорытуы. Қуыстық және қабырға алды ас қорытуына бөлінеді. Қуыстық ас қорыту ас қорыту секреттерінің және ішектің саңылауына түсетін олардың энзимдерінің есебінен іске асырылады. Ірі молекулярлық заттар олигомерлерге дейін негізінен ұйқы безінің ферменттерімен бөлшектенеді. Ішектердің шырыштысы қатпарлы болып көптеген мөлшердегі кеуек катализатор – қылшақты жиек жасайтын микробүрлермен қапталыған. Бүрлер және микробүрлер есебіне аш ішектің көлемі 300-500 ретке үлкейеді. Бұл жерде ішек қуысынан және энтероциттерден түсетін ферменттер анықталған. Бұл альфа-глюкозидаза, бета-галактозидаза, глюкоаминаза, инвертаза, пептидазы, липаза, сілтілі фосфотаза.

Азықтық заттар микробүрлердің арасындағы саңылауға ферменттердің әсеріне тап болады. Қылшақты жиек микропораларға бактериялардың еніп кетуінен қарсы тұрып, қорғауды қамтамасыз етеді. Қабырға алды және қуыстық ас қорытудың интенсивтігі ас қорыту сөлдерінің ферментативтік белсенділігімен, химус қозғалуының, сіңірудің жылдамдылығымен анықталады. Қуыстық және қабырға алды ас қорытулары бір біріне қарама қарсы болмаған үрдістер. Олар өзара байланыста және бір бірін обусловливают (3 кесте).

Кесте 3. Ас қорыту бездерінің және ішектердің секреттерінің негізгі гидролаздары

Ескерту: секреттерде жүйесіз және аз белсенділікке ие ферменттер курсивпен көрсетілген

 

5.15. Сіңіру механизмі. Сіңіру – түрлі заттардың асқазан қуысынан және ішектерден қанға, лимфаға және ұлпалық сұйықтыққа өтуі үрдісі. Күнде сіңірілетін сұйықтықтың жалпы мөлшері 8-9 л. тең.

Сіңіру АІЖ барлық бөлімдерінде болады. Ауыз қуысында сіңіру оншалықты емес. Асқазанда аз мөлшерде минералды тұздар, моносахаридтар, алкоголь және су сіңіріледі. Аш ішекте су, минерал тұздар, дәрумендер, заттар гидролизінің өнімдері сіңіріледі. Сіңіру кезінде шырыштылардағы қан жүру күрт күшейеді. Бүрлердің жиырылуы сіңіру өнімдерінің жылжуына ықпал етеді.

Сіңіру белсенді емес және белсенді тасымалдауышпен қамтамасыз етіледі. Белсенді емес тасымалдаушы заттар концентрациясының градиенті (диффузия), осмотикалық қысым (осмос) немесе гидростатикалық қысым (фильтрация) бойынша орындалады. Шырыштылардың қан жүруін осы үрдістерге қажет градиенттер қолдайды. Кері тасымалдаушы экскреция болуы мүмкін. Белсенді тасымалдаушы арнайы тасымалдаушы жүйелер қатысуымен концентрацияланған градиентке қарсы жүреді және энергия жұмсауды талап етеді. Ол концентрацияланған градиент – жеңілдетілген диффузия бойынша да өте алады.

Ақуыздар аминоқышқылдар түрінде сіңіріледі; көмірсулары – екінші дәрежелі белсенді тасымалдаушы есебіне моносахаридтар түрінде; майлар – майлы қышқылдар және диглицеридтер түрінде; Na+ – белсенді емес механизм және бастапқы-белсенді тасымалдаушы есебіне; су – тасымалдаушы және осмостың бірігуінің есебіне. Хлоридтар, дәрумендер (С, пиридоксин, рибофлавин) пассив сіңіріледі.

Белсенді тасымалдаушы түрі бойынша аминоқышқылдар, моносахарлар, Са++, моноглицеридтар және майлы қышқылдар сіңіріледі. Олар эпителиоциттердің базальды мембраналары арқылы байланыстырушы ұлпалық кеңістікке, ол жерден лимфаға өтеді. Макромолекулалардың тасымалдануы фгоцитаз және пиноцитоз, эндоцитоз есебінен мүмкін болады. Микромолекулалардың тасымалдануы диффузиямен, белсенді және белсенді емес тасымалдау жолымен орындалады.

Тоқ ішекте заттардың сіңірілуі нормада онша көп емес. Бұл жерде глюкоза, аминоқышқылдар және кейбір басқа заттар сіңірілуі мүмкін.

Сіңіру өнімдері лимфадан қанға түседі. Ішектер қанынан жаға жүйесі бойынша бауырға өтеді.

5.16. Асқазан-ішек жолының гормондары.Ас қорыту конвейерінің жұмысын түрлі гормондар және физиологиялық белсенді заттар реттейді (кесте 4).

 

Кесте 4. Асқазан-ішек жолының гормондары