Практикалық сабақтардың сұрақтары. 2. Асқазанның құрылыс және қызметі

1. Ас қорытуды маңызы. Сілекей бездерінің құрылымы және қызметі. Ауыз қуысындағы ас қорыту. Сілекей бөлінуінің реттелуі.

2. Асқазанның құрылыс және қызметі. Асқазан сөлінің құрамы және қасиеттері. Олардың компоненттерінің маңызы. Астық заттарға әсері. Асқазан секрециясын реттеу механизмдері. Асқазан секрециясының кезеңдері. Асқазан қызметтерін үйрену әдістері.

3. Ұйқы безінің құрылысы және қызметтері. Панкреатикалық сөлдің құрамы және әсері. Ұйқы безінің сөл жасайтын қызметінің рефлекторлық және гуморалдық реттеу механизмдері. Ұйқы безінің секреторлық қызметін үйрену әдістері.

4. Бауыр құрылысы. Бауырдың негізгі қызметтері, оның ас қорытудағы мәні. Бауыр қызметтерін зерттеу әдістері.

5. Ішектердің құрылысы және қызметтері. Аш ішек және тоқ ішектің ас қорытудағы маңызы. Ішек сөлінің құрамы мен қасиеттері. Ішек секрециясының реттелуі. Ішектер қызметтерін зерттеу әдістері.

6. Қуыстық және қабырға алды ас қорытуы. Сіңіру механизмдері.

7. Асқазан-ішек жолының гормондары.

Жаттықтырушы тапсырмалар

1. АІЖ негізгі бөлімдерін және олардың қызметерін атаңыз.

2. Сілекей бездерінің ферменттері қандай қызмет атқарады?

3. Пепсиннің белсенді емес түрде секреттелгені не ушін қажет?

4. Ас қорытуда өттің мәні қандай?

5. Егер ұлтабарда рН – 2,0 күйінде қалса ішектер ферменттерінің белсенділігімен не болатын еді?

6. Асқазан сөлінің тұзды қышқылының қызметі қандай?

7. Астың моносахарид, дипептид және аминоқышқылдарының сіңірілуінде белсенді тасымалдауыштың қатысуы не үшін маңызды?

8. Ас қорытудағы бауырдың негізгі қызметін айтыңыз.

9. Клетчатка қай жерде бөлшектенеді?

Шығару жүйесінің физиологиясы

Бөлімнің мақсаты. Гомеостазды қолдау үшін бүйректер, тері, өкпе, бауыр, асқазан-ішек жолының бөлу қызметтерін үйрену.

Бөлімнің міндеттері:

- бөлу мүшесі ретінде бүйректердің құрылымын және қызметтерін үйрену;

- студенттерді бүйректер қызметін үйренудің клиникалық-физиологиялық әдістерімен таныстыру;

- терінің май және тер бездерінің бөлу қызметін, ағзаның түрлі физиологиялық жағдайларында механизмдерін үйрену.

Негізгі ұғымдар

6.1. Гомеостазды қолдауда бөлу үрдістерінің мәні. Тері бөлу мүшесі ретінде.Ағзада заттар алмасынуы нәтижесінде ағзаға керек емес өнімдер жиналады. Ондай заттарға несепнәр, несеп қышқылы, аммиак, креатинин жатады. Бәрі бірге бұл заттар қалдықты азотты құрайды (нормада – 14,3-28,6 мМ/л). Егер бұл заттар ағзада көбейіп кетсе, ол кезде олар мүшелерге токсикалық әсер етеді және уремия басталады.

Бөлу қызметінің арқасында ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Бөлу мүшелеріне бүйректер, өкпе, тер бездері және АІЖ жатады. Өкпелер су буларын, СО2, ұшатын заттар, алкоголь, эфир, аммиак, хлороформ бөледі. Сілекеймен минералды тұздар, су, дәрілік заттар бөлінеді. АІЖ арқылы тамақтың қорытылмаған бөліктері, бактериялар, пигменттер, ауыр металдардың тұздары және с.с. бөлінеді. Тер бездері бүйрекпен бөлінетін заттарды бөледі, бірақ аз мөлшерде.

6.2. Тер бөлінуі механизмдері. Тер бездері дененің барлық үстіңгі қабатында, бірақ олардың ең көбі алақан және табанда орналасқан.

Тер бөлінуді екі түрге бөледі – термикалық және эмоционалдық. Термикалық тер бөліну – тұрақты үрдіс болып тәулігіне 500 мл жуық тер бөлінеді. Дене еңбегінде оның мөлшері 2-3 л. дейін көбееді. Эмоционалдық әсерлерде (қорқуда) эмоционалдық тер бөліну басталады.

Тер құрамында 98-99 % су, 1-2 % құрық қалдық бар. Құрық қалдықта Са++, Nа+, К+, Сl-, фосфаттар, несепнәр, несеп қышқылы, холестерин, ұшатын майлы қышқылдар бар. Тер бездері арқылы заттар алмасынуы өнімдері, су және тұздардың артығы шығарылып, тер булануы ағзаның терморегуляциясын қамтамасыз етеді.

Тер бөліну негізінен жүйкелік механизмдермен реттеледі. Сондай-ақ, тер бездері аралас жүйкелермен жүйкелендіріледі, бірақ симпатикалық жүйкелердің постганглионар талшықтары холинергиялық болып табылады (ацетилхолин бөледі).

6.3.Несеп жасалу үрдістері. Нефрон бүйректердің құрамдас бірлігі болып табылады. Нефрон Мальпиги денесінен және несеп жолдары жүйесінен құралған. Мальпиги денесі Шумлянский-Боумен капсуласымен жасалып, олардың қуысында қантамырлық шумақ бар. Қантамырлық шумақ жасайтын келтіретін артериола шығару артериоласына қарағанда 2 есе көп диаметрге ие. Капсуладан проксимальды иірімді несеп каналы шығады. Ол Генле иініне, ол жинағыш түтікке аяқталатын дистальді иірім каналға өтеді.

Несеп жасалу төменгі кезеңдерден турады: 1. Шумақтық ультрафильтрация шумақ капиллярларындағы (70-80 мм рт. ст.) қысымның айырмашылығының арқасында және капсула қуысында орындалады. Капиллярлардан Шумлянский-Боумен капсуласының қуысына онда барлық ерітілген төменгі молекулярлық заттармен (минералды тұздар, глюкоза, аминоқышқылдармен) қан плазмасы фильтрацияланады. Ірі коллоидті бөлшектер, ақуыздар, қан жасушалары фильтрацияланбайды. Ақуыздар капиллярлар саңылауында қалады, онкотикалық қысым жасайды (25-30 мм рт. ст.) және капиллярларда судың бір бөлігін сақтап тұрады. Капсулаға судың толық фильтрациялануына оның қуысына (10-20 мм рт. ст.). ультрафильтраттың гидростатикалық қысымы да қарсылық көрсетеді.

Шумақ капиллярларындағы қан қысымы, онкотикалық қысым және капсула қуысындағы гидпростатикалық қысым арасындағы айырмашылық – эффективті фильтрацион қысым.

Рэфф. = Ркапиллярах – (Ронк.капс.гидрост.) = 70 – (25 + 20) = 25 мм рт. ст.

Капсула қуысына түсетін фильтрат – бастапқы несеп. Бір тәулікте 150-180 л. несеп істеп шығарылады.

2. Генле иіні және иірім каналдарда каналдық реабсорбция болады - судың көп бөлігінің және ерітілген заттар сіңіріледі. 178 л су онда ерітілген заттармен реабсорбцияланады.

Каналдарда біраз мөлшерде су қалады. Бұл каналдық диурез деп аталады және ол 2 л. жақын мөлшерде болады.

Каналдар және Генле иіні айналып-кері ағатын жүйе жасайды, ол жерде өзара иондар және су алмасынады. Проксимальды каналда және Генле иінінде су, және тұздардың, онда еріген төмен молекулярлық ақуыздардың ең көп мөлшері реабсорбцияланады. Факультативті реабсорбция дистальды каналда жүреді.

1. Каналшалық секреция және экскреция прокималды каналда күзетіледі. Каналдардың эпителийі ағзадан капсула қуысына фильтрацияланбайтын қосындыларды – органикалық қышқылдарды, кейбір коллоидтер, дәрілік заттар және т.б. шығара алады. Ондай заттар эпителиймен қоршалып белсенді тасымалдауыш көмегімен каналдар саңылауына жеткізіледі. Бүйрек эпителий олардан бейтарап заттарды синтез жолымен алмасыну өнімдерін зиянсыз ете алады. Сонымен, аммиак, гиппур қышқылы, уробилин және басқалары шығарылады (сурет 18).

 

 

Сурет 18. Бүйрек каналларында реабсорбция және заттар секрециясы. Көрсеткіш оқтардың бағыты заттардың фильтрациясын, реабсорбциясын және секрециясын көрсетеді.

 

Тәуліктік диурез ересек адамда 1,5-2 л. құрайды. Соңғы несеп рН–5,0-7,0, Салыстырмалы салмақ (удельный вес) 1,018, ақуыздар 0,033 г/л болуы мүмкін. Қант, кетон денелері, билирубин және уробилин онда жоқ. Микроскоппен көргенде эритроциттер, лейкоциттер және жайпақ (плоский) эпителий – көру шегінде бірлі жарым, бактериялар – 50 мыңнан /1 мл көп емес, цилиндрлық эпителий – препаратқа 1 жасуша.

6.4. Несеп жасалуды реттеудің жүйкелік және гуморалдық механизмдері.Бүйректердің өзін-өзі реттеуге қабілеті жоғары. Симпатикалық жүйкелер қоздырылғанда шығарушы артериолалар тарайады – фильтрация жылдамдайды. Симпатикалық жүйкелер глюкоза, + және судың реабсорбциясын күшейтеді.

Қанның осмотикалық қысымы көтерілгенде АДГ (вазопрессин) гипофиздің артқы бөлігінен бөлінеді. Ол эпителийдің су үшін сіңімділігін асырады. Су қантамырлық арнаға қайтады. Альдостерон Nа+ және судың, реабсорбциясын, К+ және протондардың шығарылуын арттырады. Паpатгоpмон Са++, Mg++, Nа+ реабсорбциясын күшейтеді және фосфаттар реабсорбциясын төмендетеді. Кальцитонин осы барлық иондардың бүйректермен шығарылуына ынталандырады. Ренин артериолаларды тарайтады, фильтрация төмендейді. Бүйректік қан ағымы (кровоток) төмендегенде дистальды каналшалардың эпителийінде калликреин істеп шығарылады. Ол диурезді көбейтеді. Простагландинлар Nа+ және судың шығарылуын ынталандырады.

6.5. Несеп жиналу механизмдері. Несеп шығару. Соңғы несеп жинағыш түтікшелер арқылы бүйрек астауларына (лоханкаларына), ал олардан несеп жүру жолдары арқылы қуық қалбыршасына түседі. Онда 200-300 мл несеп жиналғанда, несеп шығару сигналдары пайда болады. Бұл қапша қыбырғасының барорецепторларын қоздырумен байланысты. Олардан импульстар афференттік жүйкелер арқылы несеп шығару орталығы орналасқан жұлынның сегізкөз бөліміне түседі. Одан импульстар бас мидің қыртыс асты орталықтарына барады. Эфференттік жүйкелер арқылы импульстар несеп бөлу мүшелеріне барады. Неспе қабының тегіс бұлшықететрі жиырылады, қысқыштары (сфинктер) босаңсынады және несеп шығару орындалады. Ол аяқталғаннан кейін несеп шығару орталығынан импульстар симпатикалық жүйкелер арқылы барады, қуық қалбыршасының тегіс бұлшықеттері босаңсынады, ал қысқыштар жиырылады – қуық қалбыршасы толдырылады.

Несеп шығару шартсыз рефлекторлық үрдіс, бірақ ол ОЖЖ жоғарғы бөлімдерінің бақылауында болады. Белгіленген бір қысымға дейін қуық қалбыршасында несеп шығару ерікті, ал қалбырша толып кетсе еріксіз несеп шығару күзетіледі (ағзаның қорғау реакциясы).

6.6. Гомеостаз параметрлерін сақтап тұруда бүйректердің маңызы. Бүйректердің шығарушылық емес функциялары. Бүйректер иондық құрамдың тұрақтылығын және жасушалараралық сұйықтықтың мөлшерін олардағы Nа+ -ның бар болуын өзгерте отырып сақтап турады. Бүйректер жүйелік қан қысымын ренин-ангиотензинді, каллекреинді жүйелердің және айналымдағы қан көлемінің реттелуінің көмегімен сақтап тұрады. Бүйректер сонымен қатар қышқылдық-сілтілі теңгерімді және қан жасалуын реттейді (О2 қысымы төмендегенде қанда эритропоэзді ынталандыратын эритропоэтин істеп шығарады).

6.7. Бүйректердің қызметтерін зерттеу әдістері. Экспериментте асқыну және созылмалы тәжірибелер (фистул әдісін қолдана отырып) қолданылады. Бүйректер қызметін зерттеу үшін адамда клиникалық, биохимиялық және морфологиялық зерттеулер, УДЗ, рентгенологиялық әдістер қолданылады.