Халықаралық экономика» пәнінен семинар сабағын жүргізуге әдістемелік нұсқаулар

Халықаралық экономика пәнінен лекция оқумен қатар семинар сабағын белсенді жүргізу оқу процесінің маңызды формасы болып табылады. Семинар және лекция сабақтарының ортақ мақсаты – “ Халықаралық экономика ” пәнін студенттерге тереңдетіп оқыту, теорияны практикамен ұштастыру болып табылады.

Бұл курсты оқу барысында студенттерхалықаралық экономиканың шығу тегінен бастап, Қазақстандағы ерекшеліктері, қазіргі жағдайы және дамуы, экономикадағы рөлін, қызметтерін біледі.

Халықаралық экономика негіздерінің теориялық бағытта қарастырып қоймай, олардың практикалық жақтарын қарастыру қажет.

Семинар сабағының айырықша міндеті – лекцияны тыңдау нәтижесін және қажетті әдебиеттермен жұмыс істегеннен кейін әрбір тақырыптың сұрақтары бойынша студент білімін тереңдетіп, оны жете меңгеруге тиісті; жоғары оқу орнында осы пәннен алған білімін оны бітіргеннен кейін де толықтырып, жетілдіруге тиісті; семестр бойынша студенттердің өз бетінше ізденіп, семинарға дайындалғанына жүйелі бақылау жасау қажет.

Студент нақты берілген әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, семинар сабақтарында толық қолдана білулері және берілген үй тапсырмалары бойынша осы әдістемелік нұсқаулардан қарап өздерін білімдерін одан әрі жетілдірулері тиіс. Оқу процесінде студенттер көрсетілген әдебиеттермен шектеліп қана қоймай, ақпарат құралдарын, интернет жүйелерін пайдаланып семинар сабақтарына қосымша материалдар тауып, өз бетімен ізденіп, жұмыс істеулері керек.

 

СӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.

Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

2. Жаңа білімді белсене қабылдау.

3. Проблемалардың шешімін табуға.

4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.

5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

СӨЖ күнтізбелік тақырыптық жоспары

Тапсырма мазмұны Сағат саны өткізу мерзімі Бақылау нысаны
1. 1.ЭССЕ жазу. 2.Берілген сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер. 4 апта жазбаша
2. 1 ЭССЕ жазу. 7 апта жазбаша
2 Есеп шығару
3.Берілген сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.
3. Сұрақтарға жауап беру 11 апта жазбаша
Сұрақтарға жауап беру      
Есеп шығару 14 апта жазбаша
         

СӨЖ материалдары

Тапсырма – эссе

Эссе. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны мен ролі

2 тапсырма -Сұрақтарға жауап беру

1. Интернационалдану мен глобализациясы мәнін ашыңыздар?

2.Дүниежүзілік шаруашылықтағы алдынғы қатардағы мемлекеттер?

3.Әлемдік нарық ненің негізінде пайда болады? Оның негізгі белгілері?

4.Халықаралық кооперация мен маманданудың ролі?

5.«Жаһандану қандай да бір аймақ немесе мәдениет үшін ерекше болып табылатын дәстүрлі тауарлардың қысқаруына әкеледі. Сәйкесінше, ол осы планетадағы мәдени түрліліктің басты қаупі болып табылады». Осы берілген пікірді қалай түсінесіз?

6.Көрсетілген тауарлардың қандай жағдайларда қайсысы сатылатын, қайсысы сатылмайтының түсіндіріңдер: а) мұнай; б) құм; в)станоктар; г) сүт; д) жеке мүлікті сақтандыру; е)шарап.

7. Статистикалық жинақтан соңғы үш жылдағы Қазақстанның сыртқы сауданың дамуын сипаттайтын мәліметтерді келесі кестеге толтырыңдар:

  Алыс шетел елдері ТМД елдері Барлығы
Экспорт      
Импорт      

Елдерді әрбір топ бойынша анықтаңдар:

а) сауда балансы;

б) сауда айналымы;

в) Қазақстан экспорты мен импортындағы ТМД елдерінің салыстырмалы үлесі;

г) қорытынды жасаңдар.

 

СӨЖ материалдары

Тапсырма - эссе

Эссе -Мемлекет маманданбай дамый ала ма?