Р-ның «Экологиялық кодексіндегі» (9-қаңтар, 2007ж.) шаруашылық мекемелеріне қойылатын талаптар

Р-ның «Экологиялық кодексіндегі» (9-қаңтар, 2007ж.) экологиялық нормаланулар.

4 тарау. 22-29 баптар. Экологиялық нормалаудың мақсаты

1. Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтаудың қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады.

2. Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді.

Қоршаған орта сапасының нормативтеріне: қоршаған ортаның химиялық көрсеткіштерінің, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің, шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері жатады. Сонымен қатар қоршаған орта жай-күйінің билогиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғарлануы нормативтері және қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де нормативтер жатады. Жекелеген аумақтар үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленеді. Олар қоршаған орта сапасын жақсарту, қоршаған ортаның нормаланатын параметрлерінің белгілі бір уақыт кезеңіне арналған шекті деңгейлерін реттейді. Эмиссиялар нормативтеріне келетін болсақ оларға: ластаушы заттардың жол беруге болатын шекті шығындылары мен төгінділерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, жол берілетін физикалық әсер нормативтері жатады. Барлық нормативтер шегі қоршаған орта сапасының нормативтеріне сәйкестендіріліп алынады. Табиғи ресурстар мен молықтыру мақсатында табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері белгіленеді. Оларды белгілеу тәртібі ҚР жер қойнауын пайдалану туралы жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында, ҚР жер, су, орман заңнамасында айқындалады.

 

Р-ның «Экологиялық кодексіндегі» (9-қаңтар, 2007ж.) шаруашылық мекемелеріне қойылатын талаптар.

194-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар және олардың түрлері

Экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтерге белгіленеді.

Экологиялық талаптар мынадай түрлерге бөлінеді:

3. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы экологиялық талаптар;

4. Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде қойылатын экологиялық талаптар;

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар;

6. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын талаптар;

7. Радиоактивті материалдарды, атом энергиясын пайдалану және радияциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар;

8. Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен ағзаларды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар;

9. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар;

10. Әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында экологиялық талаптардың өзге де түрлері белгіленуі мүмкін.

198-бап. Шаруашылық және өзге де объектілерді жобалауға қойылатын экологиялық талаптар.

Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерін, сумен жабдықтау жүйелерін, кәріздерді, гидротехникалық құрылыстарды, көлік және байланыс объектілерін, технологиялық процестерді, бұйымдар мен жабдықтарды, басқа да объектілерді жобалау кезінде:

1. Қоршаған орта сапа нормативтерінің сақталуы;

2. Қауіпті қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;

3. Қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;

4. Қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиімді шараларының қолданылуы;

5. Табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдалану көзделуі тиіс.

Мемлекеттік экологиялық және санитарлық эпидемиологиялық сараптаманың оң қортыныдысы жоқ жобаларды қаржыландыруға және іске асыруға тыйым салынады.

199 – баптың 3 тармағында Шаруашылық және өзге де объектілерді жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы:

1) Өзіне бөлінген аумақта жұмысты экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізу;

2) Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізу және бүкіл қызметі бойынша мемлекеттік органдарға белгіленген есептілікті беру;

3) Мемлекеттік бақылаушы органдар инспекцияларының жұмысына жәрдемдесу және заңды нұсқамаларды белгіленген мерзімде орындау үшін жауаптылықта болады.