Taқыpыбы: ЖАҚСЫ СӨЗ ЖАНДЫ ЖАДЫРАТАР

Мақсаты: балаларға «жақсы сөздің» адамдарға әсері туралы түсіндіру.

Міндеттері:

- адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;

- өзіне деген сенімділігін дамыту;

- өзін-өзі тани білуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Жақсы сөз – жанға қуат. Халық даналығы

 

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шеңбері Ә.ДүйсенбиевНе деу керек? Апаң сенің базардан Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын Саған таңдап әперді. Не деп барып жеу керек? Балалар жүр көшеде Естіледі шу, айқай, Сен де шықтың, көршіңді, Қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек? Әжең сенің түскі асқа Қанттарды салды мол. Жұрттан бұрын ыдысқа Әй-шәйі жоқ салдың қол Жөн еді не айтқаның? Добын апар Назардың – Деді ағаң, бармадың. Тапжылмадың, сазардың. Аға тілін алмадың. Сен қай сөзді айтпадың? Тәрбиеші музықа жетекшісінің сүйемелдеуімен Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін балалармен бірге қосылып орындайды. Өлеңнің нотасы қосымшада берілген.  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әңгімелесу - Балалар, қазір орындаған «Не деу керек?» өлеңінен не түсіндіңдер? Педагог күнделікті өмірде жиі қолданылатын сәламатсыз ба, кешіріңіз, рахмет және т.б. сөздерді естеріне түсіру мақсатында шығарма желісі бойынша сұрактар қойып, қай кезде не істеу керек екендіктері туралы әңгіме өрбітеді. Балалардың жауаптары тыңдалады. -Біз бүгінгі сабағымызда біздің әрбір сөзіміз айналамызға қалай әсер ететіндігі туралы, адамдармен қалай сөйлесу керектігі жөнінде әңгімелесеміз. Әңгімелеу Педагог балаларға сөздің күшін ұғындыру мақсатында «Сыпайы қоян»ертегісін оқып береді. Ертегі желісі бойынша сұрақтар қояды. Сыпайы қоян Мексика ертегісі. Бір күні мейірімді және кішіпейіл қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда. Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, кішіпейіл, тәрбиелі еді. Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып амандасу қажет екендігін түсінеді. - Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші, - дейді. Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Бұл үңгірге кіргендер қайтіп шықпаушы еді... Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырады. Жыланның дауысынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян: - Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, -деп қаша жөнеледі. - Осы бір сиқырлы, сөздер-ай! Қоян кішіпейілділік, әдептілік танытпағанда, маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, -деді жылан. • Қоянды қатерден не құтқарды? • Жылан неліктен қоянға тимеді? Педагог балаларғақосымша Б. Әбіловтің «Жақсы менжаман» әңгімесін әңгімелеп беруіне болады.Гүлдің жабырқауына не себеп болды? • Арам шөптің қылығын қалай бағалар едіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды. Дәйексөз «Жақсы сөз - жанға қуат» деген нақыл сөзді тәрбиеші бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Айналамыздағы туған-туыстарымызды, отбасымызды, достарымызды, туған жерімізді жақсы көру сүйіспеншілік деп аталады. Ал сүйіспеншілік жүрегімізде туындайды. Ойын. «Не деу керек»? Тәрбиеші сабақта үйренгендерін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтыру мақсатында «Не деу керек?» ойынын ұйымдастыруына болады. Ойынның шарты: балалар шеңберге тұрады. Ойынға допкерек. Ойынды бастаған бала допты жолдасына лақтырып, қағып алған балаға күнделікті өмірден түрлі жағдайларды айтып сұрақ қояды. Ал қағып алған бала сол жағдайда айтылатын сыпайы, әдепті сөздерді айтып, допты көршісіне ұсынады. Мысалы: Үйге қонақ келді. Сәлеметсіз бе. Қош келдіңіз! Сізді көргеніме қуаныштымын! Жолдасыңның аяғын басып кеттің. Кешіріңіз, кешірім өтінемін және т.б. Ойыносылай сұрақ, жауап түрінде жалғаса береді. - Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл өлеңнен сыпайылық және әдептілікті білдіретін сөздерді есімізге түсірдік. - Сендердің өлеңдегі бала сияқты жолдастарың бар ма? Болса оларға қандай ақыл айтасыңдар? - Отбастарыңда ата-аналарың немесе туысқаңдарың сендерге қандай жақсы, жылы сөздер айтады? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды: Жақсы мен жаман Б. Әбілов Адам жерге Гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен-күнге тамыр жайып, гүлдеп өсе берді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп-мөлдір суды да, тап-таза ауаны да, күннің нұрын да. Айналаға еркелей, кұмарлана қарайтын. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеп отырғызған адамға да өте риза еді. Бір күні: - Әй, сен көп асқақтама! Әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласын, - деген дауысқа жалт қараса, төменде ұсқынсыз Шөп басын қылтитып тұр екен. - Гүлдің көңілі ортайып, бір түрлі жабырқап қалды. Ештеңе демеді. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен біршама үлкендігі бар Гүлге басын сүйеді. - Жабырқама, сабыр ет, - деп жұбатты ол. - Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Ол өзін ғана ойлайды. Одан әлі-ақ кұтыламыз. «Жақсы сөз жанды жадыратады» деген ғой. Оның көңілі көтеріліп қалды. Әлгі Гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне бір еңбеққор бала келіп, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайтадан кұлпырып өсе бастады. Тыныштық сәті - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді, көздеріңді ашсаңдар да болады Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Жолың болсын; - Кұтты болсын; - Аман бол; - Қайырлы күн; - Күнің сәтті болсын.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. - Біз бүгінгі сабақта бір-бірімізге жақсы сөз айтудың қажеттігін ұғынып, жақсы сөздің адамға қуаныш, шаттық әкеліп, көңілін көтеретінін білдік. Сондықтан ылғи да әдепті сөйлеп, бір-бірімізге жақсы сөздер айтып жүрейік. Бүгінгі күніміз сәтті болды деп ойлаймын! Сендермен тағы да бір күнімді бірге өткізгеніме қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдары, ақжарқын болып тұрсыңдар. «Жақсы сөз жанды жадыратады», - демекші біз бүгін бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтайық. Жүректен жүрекке Балалар шеңберге жиналады. Бір-біріне «Сүйіспеншілік жүрегін» сыйлай отырып, жүректерінен шыққан жақсы сөздерін айтады Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:Мәдениеттілікті,кішіпейілдікті,адамгершілікті білуі тиіс.