Taқыpыбы: МЕН ТАБИҒАТТЫҢ БӨЛШЕГІМІН

Мақсаты:Табиғат пен денсаулықтың үйлесімділігін түсіндіру.

Міндеттері:

- «табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;

- табиғатпен үндестікті сезіну кабілетін дамыту;

- салауатты өмір сүру салтын сактауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Саулық қайда болса, сұлулық сонда.

 

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шенбері Әнгімелеу Тәрбиеші баіаларға Н. Ақышевіпың «Табиғаттың бөлшегі» әңгімесін әңгімелеп береді, әңгіме желісі бойынша сұрақтар қояды. Табиғаттын бөлшегі Н. Ақышев Ертеде Данияр деген бір бала болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сыркаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы – дім кәстығы оны онша қынжылта қоймапты. «Бала болғаннан кейін өстіп науқастану керек шығар», - деп ойлапты. Сейтіп жүріп, әр түрлі уқолдарға, дәрі-дәрмектерге әбден еті үйреніп кетеді. Даниярдың дүниеге келгелі бері көргені - қабат-қабат биік үйлер, асфальт төселген кең көшелер, жарқылдаған 130 жарықтар, әрі-бері ағылған қалың машиналар екен. Солардың ара-арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады. Соған таңғалған Данияр бір күні: - Апа, ана биік үйлер мен асфальттың арасындағы әдемі нәрселер қайдан келген? - деп сұрайды шешесінен. - Олар - ағаштар мен гүлдер. Бір сөзбен айтқанда, өсімдіктер. Олар - Табиғаттың бөлшегі, - дейді шешесі. - Өздері сондай әдемі екен. Ал сонда әлгі Табиғат та әдемі ме? - Оған сөз бар ма, ұлым? Табиғат деген - дүниедегі ең сүлу нәрсе. Сондықтан оның бөлшегі де сүлу болмақ. - Ал ол Табиғаттың өзі қайда, апа? - Табиғат па? - дейді шешесі сәл ойланып қалып. - Табиғат ол қаланың сыртында. - Қаланың сыртында деймісіз? Неге ол қаланың ішінде емес? - Біздің осы тұрған жеріміз - Табиғаттың бұрынғы орны. Адамдар кұрылыс салып, үіі орнатып, оны ығыстырып шығарған. - Ә, түсіндім, - деді Данияр. - Қала болған жерде Табиғат болмайды екен Тәрбиеші балалармен бірге төмендегі өлең жолдарып қайталайды. Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн. Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн     - Дұрыс айтасың, ұлым, Табиғаттың толық өзі емес, бөлшегі ғана болады қалада. - Бөлшегінің өзі мынадай әдемі. Ал тұтас Табиғат қандай болады екен? Мен соны көргім келеді, апа. Баланың қарапайым тілегін орындау қаншалықты қиын дейсін. Шешесі екеуі лезде қала сыртына шығады. Жазық даланы, тау-төбені, шоқ тоғай мен сай жыраны аралап көреді, жалаң аяк өзенді кешіп өтеді. - Алақай! - дейді Данияр шаттана айқайлап. - Табиғат деген қандай тамаша! Айнала қандай кең!.. Мұндай таза ауаны өмірі жұтып көрген емеспін? Шөбі жұмсақ, суы мөлдір екен. - Апа, бұрын неге табиғатты менен жасырып жүргенсіндер?    
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy - Балам-ау, оған уақыт болды ма? Ылғи ауруханада жүрдің емес пе?.. Сонымен, Данияр Табиғат дүниесін, яғни өзен-су, тау шөпті жан-тәнімен жақсы көріп қалды. Қолы калт етсе болғаны, қала сыртына қарай жүгіріп, таза ауа жұтқанша асығады екен. Кең далада асыр сап ойнап, биік жоталардың төбесіне шығады. Кеудесін самалға тосып тұрып, тоғайға қарай жүгіреді. Өстіп, таза ауада әбден тыныққан соң барып қана қалаға оралады екен. Сұлулыққа ынтығып, таза ауаға құмартып жүрген баланың денсаулығы да бірте-бірте түзеле бастапты. Бұрынғыдай емхана төңіректеуді, дәрі-дәрмек ішуді азайтады. - Апа, білесің бе? - депті бір күні ол қуанып тұрып шешесіне. - Табиғаттың бөлшегі ағаш пен гүл ғана емес екен. - Иә, гүл де, су да, ауа да Табиғаттың бөлшегі демексің ғой. - Оларға, әрине, дауым жоқ. Сонымен бірге мына мен де Табиғаттың бөлшегі екенмін. Өйткені, қала сыртына шықсам болғаны, өзімді еркін сезінемін... • Данияр табиғатпен үндестікті қалай сезінді? • Адамды неліктен табиғат бөлшегі деп атайды? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші өзі қорытындылайды: - Дұрыс айтасыңдар, балалар! Адам - табиғаттың бір бөлшегі.Табиғаттың тазалығына, көркейіп-гүлденуіне, оны қамқорлыққа алып, аялауға, сақтауға адам жауапты. Адам мен табиғат үндестікте өмір сүреді. Дәйексөз Тәрбиеші балаларға «Саулық қайда болса, сүлульщ сонда» деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. - Табиғатты аялап, қорғасаң, оның сыйларын үнемді пайдалансаң, күн тәртібін, тазалықты дұрыс сақтасаң, салауатты өмір сүрсең денің сау болады екен. Өзіммен-өзім - Қане, балалар, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы, көгілдір көлге шағылысып жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағаңдарыңды бастыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды. Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік. Балалардың жауаптары тыңдалады. Дәптермен жұмыс - Берілген суреттердің бірінші әріптерін, ортадағы әріптермен қосып оқысаңдар, табиғат бөлшегін табасыңдар. Суреттерді бояңдар. Сергіту сәті Күн, ауа жәнесу Күн мен ауа және су (қолдарымызды жоғары көтереміз) Бәрімізге керек пе? (алға қарай иілеміз) Иә, иә, иә! ( қол соғамыз) Күн жылыну үшін бе? (бір орында жүреміз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Күн жарық үшін керек пе? (бір орында жүреміз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Ауа тыныс алу үшін бе? (отырамыз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Ауа таза болу керек пе? (отырамыз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Су ішуге керек пе? Иә, иә, иә! ( қол соғамыз) Су шынығу үшін бе? Иә, иә, иә! ( қол соғамыз) Дененде күш артты ма? (қолдарымызды жан-жаққа сермейміз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз)   Дәйексөз Тәрбиеші балаларға «Саулық қайда болса, сүлульщ сонда» деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. - Табиғатты аялап, қорғасаң, оның сыйларын үнемді пайдалансаң, күн тәртібін, тазалықты дұрыс сақтасаң, салауатты өмір сүрсең денің сау болады екен. Өзіммен-өзім - Қане, балалар, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік. Мейірімді күн шуағы, көгілдір көлге шағылысып жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағаңдарыңды бастыңдар. Қандай рақат, көңіліміз жайланып, көтеріліп қалды. Енді осы елестеткен, ойлаған ойларыңмен бөлісейік. Балалардың жауаптары тыңдалады. Дәптермен жұмыс - Берілген суреттердің бірінші әріптерін, ортадағы әріптермен қосып оқысаңдар, табиғат бөлшегін табасыңдар. Суреттерді бояңдар. Сергіту сәті Күн, ауа жәнесу Күн мен ауа және су (қолдарымызды жоғары көтереміз) Бәрімізге керек пе? (алға қарай иілеміз) Иә, иә, иә! ( қол соғамыз) Күн жылыну үшін бе? (бір орында жүреміз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Күн жарық үшін керек пе? (бір орында жүреміз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Ауа тыныс алу үшін бе? (отырамыз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Ауа таза болу керек пе? (отырамыз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Су ішуге керек пе? Иә, иә, иә! ( қол соғамыз) Су шынығу үшін бе? Иә, иә, иә! ( қол соғамыз) Дененде күш артты ма? (қолдарымызды жан-жаққа сермейміз) Иә, иә, иә! (қол соғамыз) Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Адам - табиғаттың бөлшегі. - Адам мен табиғат үндестікте өмір сүреді.   Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Адам - табиғаттың бөлшегі. - Адам мен табиғат үндестікте өмір сүреді    
Қорытынды. Түзету жұмыстары. - Табиғаттың тазалығын сақтасақ, қорғасақ өз денсаулығымызды сақтағанымыз екенін білдік. Табиғатпен үндестікте өмір сүру керек екенін үйрендік.     Жүректен жүрекке Тәрбиеші балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. Табиғатқа камкөр боп, Байлығын біз көрғайық. Әдепті де, тәртіпті боп, Жақсылығын қолдайық

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:Табиғат пен денсаулықтың үйлесімділігін .

Tүciнiгi:«табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы

Kөpceтe бiлyi: Денсаулықты күтуді.

 

 

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.