Taқыpыбы: ОТАНҒА СҮЙІСПЕНШІЛІК

Мақсаты:«Отан» кұндылығының маңыздылығын түсіндіру

Міндеттері:

«Отан», «атамекен» туралы түсініктерін кеңейту;

- Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

- Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Отанды сүю отбасынан басталады.

Халық мақалы

 

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy   Шаттық шенбері Отанды әркім анасындай Қастерлейді, бағалап. Өйткені, Отан баласындай Бізді өсірер аялап. Отан деген - атамекен. Отан деген -туған жер. Отан - ана, Отан - үлкен Қазакстан - туған ел. - Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіндер? Балалардың жауаптары - Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныш-тымын! - Қане, бәріміз қол ұстасып шеңбер кұрып, - Е. Өтетілеу ұлының «Отан» өлеңін бірге қайталайық.  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әңгімелесу • Анамызды біз пеліктеп құрметтенміз, қадірлеііміз?Отапды неліктен «анамыздаІі» қастерлеііміз? • Отанды неліктеп «Атамекен» деп аялап атаймыз? Балалардың жауаптары • Атамекен деген сөзді біздің үйдегі үлкендеріміз қалай түсінеді екен? Педагог балаларға магіштофонға немесе қағазға алдыы ала жазып аіған ата-аналардың пікірін тыңдатып, ойларымен бөлінеді. Ата-аналардың пікірі: • Атамекен - ол біздің туып-өскен ауылымыз, қаламыз, ол біздің туған жеріміз. • Атамекен - ата-бабадан ұрпакка мұра болып калған ежелгі кұтты коныс, мекен. • Атамекен аталарымыз, әжелеріміз аянбай күресіп, жауларға бермей көрғап калған жері. Ол - кең байтақ қазақ жері. Атамекен - ата-бабамыз мекендеген, коныстанған туған жер. Сондықтан туған жерімізді «ата-мекеніміз» деп аялап атаймыз. Апамыз, атамыз, ата-анамыз, туыстарымыз, достарымыз туып-өскен туған жерін Отанымыз деп сүйеді. Отан бізді баласындай көрғайды, бізді асырайды, қастерлейді. Сондықтан да біз оны анамыздай қастерлейміз. Біз өскенде ақылды, батыл, адал азамат болып, өз Отанымызды көрғаймыз, аялаймыз, керкейтуге өз үлесімізді косамыз. Біздің Отанымыз - Қазакстан. Ғажайып сөз • Отан - ана, отбасы, туған жер, атамекен. • Отан - Қазакстан. • Мен Отанымды сүйемін! Шығармашылық жұмыс «Менін Отаным - Қазакстан». Педагог балаларға алдын ала отбасыларымен, достарымен ауылда, қалада түскен суреттерін, сонымен қатар, табиғаттың тамаша жерлері бейнеленген суреттерді әкелулерін тапсырады. Балалар педагогтің көмегімен үлкен ватманға «Менің Отаным - Қазакстан» атты газет дайындайды. Ғазеттің ортасына балалар отбасыларымен, достарымен түскен суреттерін жапсырады. Оның айналасына - туған жерлерінің, ауыл көріністерінің (көрнекті орындарды, түрлі ғимараттарды, өзен, көлдерді, тауды, т.с.с.) фотосын немесе салған суреттерін орналастырады. Балалар әрі қарай Қазакстанның ірі қалаларының, мәдени орындарының. көрнекті жерлерінің, т.с.с. жинаған суреттерін жапсырып. айналасын түрлі түсті карындашпен гүлдендіріп, өз Отаңдары туралы ойларын ортаға салады.   Бейнематериалдар көру Педагог балаларға мүмкіндігіне қарай «Қазакстан», «Атамекен», «Отан» тақырыптары бойынша және өздерінің тұратын туған жерлері туралы бейнефильмдерден үзінді көрсетеді. Жоғарыда аталған ресурстар болмаған жағдайда қазақ халқының тарихи ірі тұлғаларының суреттері, табиғатғың тамаша жерлері (тау, өзен, көл, орман, шөл дала т.с.с), ірі қалалар, мәдени орындар, жайлау, ауыл көріністері, т.с.с. суреттерді көрсетуге болады. Дәйексөз «Отанды сүю отбасынан басталады» деген халық мақашн бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. «Отан отбасынан басталады деп халық бекер айтпаған. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыскаңдарына деген сүйісиеншіліктен басталады. Отбасының әрбір мүшесі бір-бірін сыйлауға, көрғауға, адал болуға міндетті. Отбасында бір-бірін кұрметтеген адам, ол Отанды да кұрметтеп сүйеді. «Отанды сүю отбасынан басталады» деген сездің мәнісі де осында.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. -Бүгін біз әр адам өзінің Отанына, туған өлкесіне ыстық сезімін, сүйіспеншілігін түрлі жолдармен жеткізетінін білдік. Білім алып, болашакта Отан үшін үшін қызмет етеміз.   Жүректен жүрекке Педагог балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. Ата-бабам жанын киып көрғаған, Ак тілегін үрпағына арнаған. Қазақстан - алтын ұя Отаным, Жайнай берші, мәңгі гүлдеп әрқашан.    

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:«Отан» кұндылығының маңыздылығын.

Tүciнiгi:«Отан», «атамекен» туралы.

Kөpceтe бiлyi: Отанын сүю.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.