Зертханалық зерттеу жұмысы

Су құбырындағы судың химиялық құрамындағы хлор, сульфат иондарына сапалық және көлемдік анықтау әдісімен жүргізілді. Судың құрғақ қалдығы кондуктрометрмен, нитратты, аммиакты спектрофотометрмен ауыр металдар мыс, мырыш, кадмий, қорғасын полярография аппаратын пайдаланды. (Алынған көрсеткіштер

h1.C.V (1) мына формулаға салып есептеледі, Мұндағы h1.V

h1- зерттеліп жатқан судың жоғарғы нүктесі

C- Стандарт ерітіндінің концентрациясы(0,01 мг/мл)

V-анализге алынған судың көлемі), Судың құрамындағы кермектілікті анықтау, су құрамындағы родионуклейттерді анықтау, су құрамындағы уранның оптикалық тығыздығын анықтау зерттеу жұмыстары Қызылорда облыстық санитарлық- эпидемиологиялық станция мекемесінің зертханаысымен бірігіп орындалып анықталып, қорытындысы нәтежилері, төмендегі кестелерге түсірілді.

Су құбырындағы судың химиялық құрамын тексеру.

Судағы иондар мен ауыр металдардың тұздарын анықтау қорытындысы 1,2 кестеде берілген. Судың құрамындағы хлор-ионды 2 түрлі әдіспен анықтаймыз. 1.Сапалық анықтау 2.Көлемдік анықтау.

Реактив: су, 10% Ад NO3

Пробиркаға 5 мл су құйып 3 тамшы 10%-н АдNO3 (күміс нитратын) тамызамыз. Түзілген тұнбаға қарап хлор-ионының шамасын білеміз. күміс нитратының көлемі (Ад NO3) мл.

Титрлеуге 10 мл Ад NO3 күміс нитраты кетті.

Енді судың құрамындағы хлор-ионын анықтауға кірісеміз. Әуелі 10 мл (тексерілетін үлгі)+ 90мл дистилденген су құямыз+1мл К2СrО4 (калий хроматын) құямыз, шайқап отырып, күміс нитратының ерітіндісімен титрлейміз.

кесте-4

Тұнба түрлері

 

Тұнбаның түрі Сl¯ ионының мәні мг/1
1. Әлсіз тұнба 1-10
2. Қатты тұнба 10-50
3. Түйіршіктер түзіліп, тұнбаға бірден түспейді 50-100
4. Көлемді ақ қалдық 100-ден жоғары

 

2. Көлемдік тексеру

К= = =1; 2) сонда түзету коэффициенті 1-болды. V-титрлеуге кеткен күміс нитратының көлемі (Ад NO3) мл.

Титрлеуге 10 мл Ад NO3 күміс нитраты кетті.

Енді судың құрамындағы хлор-ионын анықтауға кірісеміз. Әуелі 10 мл (тексерілетін үлгі)+ 90мл дистилденген су құямыз+1мл К2СrО4 (калий хроматын) құямыз, шайқап отырып, күміс нитратының ерітіндісімен титрлейміз. Лимон сары түстен қызыл сары түске өзгергенге дейін.

Титрлеп болған соң хлор-ионының көлемін мына формулаға қойып есептеп шығарамыз.

Х= = =300,0 3)

V-титрлеуге кеткен Ад NO3 ерітіндісінің мөлшері.мг

К-түзету коэффициенті, g-хлор-ионының 1мл Ад NO3 ерітіндісіне сәйкес келетін мөлшері, яғни 0,5мг V-алынған үлгінің көлемі.

Су құрамындағы хлорид-ионын анықтаған кезде күміс нитратының титрлеуге кеткен мөлшері 6,0 мл. Судың құрамындағы хлор-ионының мөлшері 300,0 мг/л болды.

Судың құрамындағы кермектілікті анықтау.

Реактив: 0,05н “Трилон Б” (0,1н дайын фиксональ), буферлік ерітінді (хромогенқара индикатор).

Судың кермектілігін анықтау үшін әуелі түзету коэффициентін тексереміз. Ол үшін колбаға 10 мл магний сульфатының 0,05н ерітіндісін құямыз+90 мл дистилденген су құямыз+5мл буфер ерітіндісін құямыз+хромогенқара индикатордан 3-4 тамшы қосамыз. Бар реактивтерді құйып болғасын 0,05н “Трилон Б” ерітіндісімен титрлейміз. Ашық қызыл түстен көгілдір көк түске өзгергенге дейін титрлейміз. Шыққан санды мына формулаға салып түзету коэффициентін есептеп шығарамыз. Титрлеуге 10,5 мл 0,05н “Трилон Б” ерітіндісі кетті. К= =0,96 мл.

v-титрлеуге кеткен 0,05н “Трилон Б” ерітіндісінің мөлшері.

Түзету коэффициентін анықтағаннан кейін судың кермектілігін анықтауға кірісеміз. Ол үшін 10 мл (тексерілетін үлгі) + 90мл дистилденген су+5мл буфер ерітіндісі+3-4 тамшы хромогенқара индикаторын құямыз. Бар реактивті құйып болған соң 0,05н “Трилон Б” ерітіндісімен титрлейміз. Ашық қызыл түстен көгілдір көк түске дейін. Енді титрге кеткен 0,05н трилон Б ерітіндісінің мөлшерін формулаға қойып есептеп шығарамыз. 0,05н Трилон ерітіндісінің титрге кеткен мөлшері 2,4мл.

Х= = =11,52 мл.

3,4 т титрге кеткен 0,05н “Трилон Б” ерітіндісі.

0,05-0,05н “Трилон Б” 1-түзету коэффициенті, 10-үлгіге алынған судың мөлшері. Яғни, судың кермектігі 11,52 моль/л. болды.

Санитарлық мөлшерге сәйкес келетін мөлшері-7 моль/л яғни, судың кермектігі көп болып отыр.

Судың құрамындағы құрғақ қалдықты анықтау.

Судың құрамындағы құрғақ қалдықты анықтау үшін, әуелі жақсылап кептірілген, өлшенген фарфор табақша 250 мл тексерілетін суды құйып субанясына кептіріп, фарфор табақша термостатқа 110°С қойып кептіреміз. Кептірілген фарфор табақша эксикаторға қойып суытамыз. Суыған табақша салмағын өлшеп, мына формулаға қойып есептеп шығарамыз.

Х= ; Х= =1200,4 мг/л 4)

m-бос табақша салмағы мг

m1 –құрғақ қалдықпен өлшенген салмағы мг

V-алынған судың көлемі.

Бос табақша салмағы-30,45035

Құрғақ қалдықпен өлшенген табақша салмағы-30,75045

Судың құрамындағы құрғақ қалдық-1200,4 мг/л

Санитарлық нормаға сәйкес келетін мөлшері-1000,мг/л