Орнында қарумен тәсілдерді орындау

41. Автомат «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты кеуде-ГЕ» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – қарубау бойынша оң қолды біршама жоғары көтеріп, автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, иықтан алу керек, оқжатарын сол жаққа қаратып, ұңғының ұшын иек деңгейінде, өзінің алдында тік ұстау керек (6-сурет);

екінші тәсіл – қарубауды оң қолмен оңға қарай жіберу керек және оны алақанмен саусақтарды жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; онымен бір уақытта оң қолдың шынтағын қарубаудың ішіне кіргізу керек (6-сурет);

үшінші тәсіл – қарубауды бастан асыра тастау керек; автоматты оң қолмен дүмінің сабынан ұстап, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (6-сурет).

Жиналмалы дүмі бар автомат «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне дәл сол команда бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – оң қолдың шынтағын қарубаудан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, оны өзінің алдында оқжатарын төмен, ұңғы жағын солға қаратып ұстау керек (6-сурет);

екінші тәсіл – қарубауды оң қолмен бастан асыра сол жақ иыққа тастап, онымен автоматты қарубау жанындағы ұңғы қорабынан ұстау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (6-сурет).

 

 

 
 

 


 

 

1) 2) 3) 4) 5)

 

6-сурет. Автоматпен «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне

тәсілдерін орындау

42. Автомат «кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне «Қарубау-ҒА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасының төменгі жағынан ұстау керек және онымен бір уақытта оны біршама алға жоғары қарай көтере отырып, оң қолды қарубаудың ішінен шығарып, оны дүмінің сабынан ұстау және автоматты 7-суретте көрсетілгендей етіп ұстау керек;

екінші тәсіл – автоматты жоғары көтере отырып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын солға қаратып, ұңғы ұшын иек деңгейінде өзінің алдында тік ұстау керек (7-сурет);

үшінші тәсіл – оң қолмен қарубаудың жоғарғы жағынан ұстау және автоматты «қарубауға» күйіне оң жақ иыққа асыра тастау, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (5-сурет).

Жиналмалы дүмі бар автомат «кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне сол команда бойынша үш тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – автоматты сол қолмен жоғарғы жағынан ұңғысы мен газ түтігінен ұстау және автоматты біршама жоғары көтере отырып, оң қолдың шынтағын қарубаудың ішінен шығару керек, оң қолмен алақанды төмен қаратып, қарубауды ұңғы қорабы жағынан алу керек (7-сурет);

екінші тәсіл – автоматтың ұңғы қорабын жоғары қарата бұрып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын оңға қаратып ұстау керек (7-сурет);

үшінші тәсіл – автоматты «қарубауға» күйіне оң жақ иыққа асыра тастау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (5-сурет).

43. Карабин (қол оқшашары) «аяққа» күйінен «қарубауға» күйіне «Қарубау-ҒА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – оң қолмен карабинді (қол оқшашарын) оны денеден алшақтатпай, шамалы көтеру, оқжатарын (қол оқшашары – пистолет тұтқасын) солға қарай бұру керек; сол қолмен карабинді оқжатарынан (қол оқшашары – сағағынан) алу және оның ұңғы ұшын көз деңгейінде ұстау керек; оң қолдың шынтағын қысу керек (8-сурет – 1), 2);

екінші тәсіл – оң қолмен қарубауды алу және оны солға қарай тарту керек (8-сурет);

үшінші тәсіл – карабинді (қол оқшашарын) иыққа жылдам асырып тастау керек; сол қолды төмен түсіру керек; оң қолды білек көлденең күйде болатындай етіп, қарубау бойымен төмен түсіру керек; карабинді (қол оқшашарын) шынтақпен ақырын қысу керек (8-сурет – 4), 5).

 

 

 
 

 


 

 

1) 2) 3) 4)

 

7-сурет. «Кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне тәсілдерін автоматпен орындау

44. Карабин (қол оқшашары) «қарубауға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – оң қолды қарубау бойымен біршама жоғары көтере отырып, карабинді (қол оқшашарын) иықтан алу керек және оны сол қолмен сағағынан ұстап, карабинді (қол оқшашарын) оң қолмен ұңғы бастырмасының жоғарғы бөлігінен оқжатарын (қол оқшашары – пистолет тұтқасын) солға қарай, ұңғы ұшын көз деңгейіне келтіріп алу керек (8-сурет – 1), 2);

екінші тәсіл – сол қолды жылдам төмен түсіру, ал оң қолмен карабинді (қол оқшашарын) жерге аяқ жанына жайлап қою керек (5-сурет – 3), 5).

 

 
 

 


 

1) 2) 3) 4) 5)

8-сурет. «Қарубауға» тәсілін карабинмен және қол оқшашарымен орындау

 

45. Карабин «аяққа» күйінен «иыққа» күйіне тек салынған сүңгімен «Иық-ҚА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – оң қолмен карабинді көтере және бекітпесін алға қарай бұра отырып, оны дененің жанына сол жақ бүйірге тік ауыстыру керек және онымен бір уақытта оң қолдың алақанымен сағақ пен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек, онымен бір уақытта сол қолдың алақанын біршама алға жіберу және карабинді дүмімен сол қолдың алақанында дүмтабаны жататындай, бас бармақ алдында тұратындай, ал қалған саусақтар дүмнің сол жағын қысып тұратындай етіп қою керек; карабинді сол жақ иыққа қарама-қарсы қолды созып тік, дүмін сол аяққа тигізе отырып ұстау керек; оң қолдың шынтағы – иық деңгейінде (9-сурет);

екінші тәсіл – оң қолды жылдам төмен түсіру керек, онымен бір уақытта сол қолмен карабинді, ол ағытқыш доғасымен иық оймасында жататындай етіп көтеру керек және оны жантайтпай ұстап тұру керек; сол қолдың білегін шынтақтан біршама төмен ұстау, дүмді белге, ал қарубауды бүйірге қысып ұстау керек (9-сурет – 2), 3).

46. Карабин «иыққа» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – сол қолды жылдам төмен түсіріп, онымен бір уақытта карабинді оң қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек және оны 9 – 1) суретте көрсетілген күйге қою керек;

екінші тәсіл – карабинді оң қолмен оның бекітпесін өзіне қаратып, оң аяққа қарай төмен ауыстыру керек; карабинді сол қолмен сүңгі түтігінен ұстап тұрып, оны оң аяқтың екі жаны бойымен дүмі табан жанына тиетіндей етіп ұстап тұру керек;

үшінші тәсіл – сол қолды жылдам төмен түсіріп, ал оң қолмен карабинді жайлап жерге қою керек.

 

 

 
 

 


 

1) 2) 3)

 

9-сурет. «Аяққа» күйінен «иыққа» күйіне тәсілдерін карабинмен орындау

 

47. Қарубауды ұзарту (қысқарту) қажет болған кезде«Қарубауды – ҰЗАРТ (ҚЫСҚАРТ)» командасы беріледі.

«Қарубауды» командасы бойынша автоматтар мен қол гранатаатқыштарды оң қолға алып, карабиндер мен оқшашарларды аяқ жанына қою керек; жиналатын дүмі бар автоматтың дүмін жазу керек, ол үшін оң қолды қарубау бойымен біршама жоғары көтеріп, автоматты иықтан алу және оны сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, өзінің алдында оқжатарын төмен қаратып, иек деңгейінде көлденең ұстау керек. Автоматты сол қолмен ұстай отырып, оң қолмен ілмегін босату және дүмін жазу керек. Автоматты оң қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстау керек. «ҰЗАРТ (ҚЫСҚАРТ)» командасы бойынша оңға қарай жартылай айналым жасап, онымен бір уақытта сол аяқпен солға қарай бір адым жасау керек және алға еңкейе отырып, қаруды дүмімен сол аяқ табанының ішкі жағына тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың ішкі буынына қою керек; тізені бүкпеу керек; оң қолмен қарубаудың тоғасын ұстап тұрып, сол қолмен қарубауды қысқарту (ұзарту) және өздігінен саптық қалыпты қабылдау керек.

48. Қару «қарубауға» күйінен «арқаға» күйіне «Қаруды арқа-ҒА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады (осы команда алдында «қарубауды ұзарт» командасын орындау керек):

бірінші тәсіл – қарубауды сол қолмен оң иықтан біршама төмен ұстау керек, ал онымен бір уақытта оң қолмен дүмінен (жиналмалы дүмі бар автомат пен қол гранатаатқышты – ұңғысынан төменгі бекітпеден) ұстау керек;

екінші тәсіл – қаруды оң қолмен біршама көтеру, ал сол қолмен қарубауды бастан асыра сол иыққа тастау керек; қаруды және қолды жылдам төмен түсіру керек (10-сурет).

Автомат «арқаға» күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин – жазылған сүңгісімен алынады.

49. Қару «арқаға» күйінен «қарубауға» күйіне «Қаруды – қарубау-ҒА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – сол қолмен қарубауды сол иықтан біршама төмен алу керек, ал онымен бір уақытта оң қолмен дүмінен (ұңғысынан, раструбынан) ұстау керек;

екінші тәсіл – оң қолмен қаруды біршама көтеру, ал сол қолмен қарубауды бастан асыра оң иыққа тастау керек, қарубауды 5 – 1), 2), 4) және 8 – 4), 5) суреттерінде көрсетілгендей оң қолмен алу, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек.

50. Автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне және «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне, сондай-ақ карабинді «арқаға» күйінен «аяққа» күйіне ауыстыру үшін қару алдын ала берілетін команда бойынша «қарубауға» күйіне алынады.

Жиналмалы дүмі бар автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғысының бас жағынан ұстап және оны «арқаға» күйіне ауыстыру керек.

Жиналмалы дүмі бар автоматты «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғы жағынан ұстау керек және оны ұңғы жағынан сол иыққа қарай тартып, «кеудеге» күйіне ауыстыру керек.

Қол оқшашары «арқаға» күйіне ыңғайына қарай алынады.

 

 
 

 

 


 

 

1) 2) 3) 4)

10-сурет. «Арқаға» күйіндегі қару: 1) дүмді автомат;

2) жиналмалы дүмі бар автомат; 3) қол оқшашары; 4) қол гранатаатқышы

 

51. «Арқаға», «Қарубауға» және «Кеудеге» командалары берілер алдында қару «Сақтандырғышқа – ҚОЙ» командасы бойынша сақтандырғышқа қойылады.

Егер сүңгі-пышақты ағыту (сүңгіні жазу) немесе оны бекіту қажет болса, онда «Сүңгі-пышақты – АҒЫТ» («Сүңгіні – ЖАЗ») және «Сүңгі-пышақты (сүңгіні) – БЕКІТ» командалары беріледі.

52. «Аяқ-ҚА» жалпы командасы бойынша карабиндер мен оқшашарлар «аяққа» күйіне алынады, ал автоматтар мен қол гранатаатқыштардың күйі өзгермейді.

53. Қарудың дұрыс емес күйін түзету үшін «Қаруды – ТҮЗЕ» командасы беріледі.

54. Қару команда бойынша жерге қойылады, мысалы: «Бөлімше, қаруды жерге – ҚОЙ».

«Қаруды жерге» командасы бойынша автоматтар мен қол гранатаатқыштары оң қолға; карабиндер мен оқшашарлар – «аяққа» күйіне алынады; одан басқа оқшашарлардың тіреуіші жинап тасталады.

«ҚАРУҒА» командасы бойынша бірінші қатар алға екі адым жасайды және аяғын жерге қояды, одан кейін екі қатар бір уақытта сол аяқпен алға бір адым жасайды және дүмтабанын оң аяқтың ұшына тигізе ұстап (оң тізе бүгілмейді, сол қол соңына дейін артқа жіберіледі, бастың күйі – тура, иек көтеріңкі болады), бекітпенің сабын (бекітпе рамасын) төмен қаратып қаруды жерге қояды, одан кейін сол аяқты оң аяқтың жанына қояды.

Қол гранатаатқыштары сабын солға қаратып жерге қойылады. Оқшашарлар тіреуішіне қойылады.

Жеке әскери қызметшілер мен бір қатарлы саптағы әскери қызметшілер орындалатын команда бойынша тек соңғы екі қимылды ғана орындайды.

55. Қаруды жерден алу үшін «Бөлімше – ҚАРУҒА» және одан кейін «ҚАРУЛАН» командалары беріледі.

Бірінші команда бойынша бөлімше қарудың жанына сапқа тұрғызылады. Екінші команда бойынша әскери қызметшілер сол аяқпен алға бір адым жасайды, қаруды оң қолмен алады және тік түзеліп, сол аяқты оң аяқтың жанына қояды. Екінші қатар алға екі адым жасайды, одан кейін екі қатар бір уақытта қаруды «қарубауға» күйіне алады. Оқшашарлардың алдын ала тіреуіштері жиналады.