Батальонның машиналардағы саптары

 

161. Батальон өрістетілген сапта взводтық лектер немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылуы мүмкін.

Қажет болған кезде батальон машиналар сызығына сапқа тұрғызылуы мүмкін.

Батальонды өрістетілген сапқа тұрғызу батальон командирінің«Взводтық (роталық) лектер сызығына (машиналар сызығына) – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Батальон взводтық лектер сызығына 49-суретте көрсетілгендей; роталар – взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызылады.

 
 

 

 

 


49-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – взводтық лектер сызығына

 

Батальон роталық лектер сызығына 50-суретте көрсетілгендей; роталар – лектерге сапқа тұрғызылады.

 
 

 


50-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – роталық лектер сызығына

Батальон машиналар сызығына 51-суретте көрсетілгендей; роталар – машиналар сызығына сапқа тұрғызылады. Роталар арасындағы аралық – бес метр.

Батальонды сапқа тұрғызған кезде батальон командирінің машинасы мен басқару бөлімшесі батальонның оң жақ қапталына, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері – тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерінде батальонның сол жақ қапталына сапқа тұрады.

 
 

 

 


51-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – машиналар сызығы

 

162. Батальоннның жорықтық сабы – лек (52-сурет).

 
 

 

 


52-сурет. Батальонның жорықтық сабы – лек

Батальонды лекке сапқа тұрғызу кезінде лектердегі роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері батальон командирі көрсеткен тәртіппен сапқа тұрғызылады; орнында және тоқтағанда сапқа тұрғызу кезінде роталар арасындағы арақашықтық – 10 метрден жақын емес, қозғалыста арақашықтық қозғалыс жылдамдығы мен шарттарына байланысты және орташа алғанда 25-50 м болуы мүмкін.

Батальонды жорықтық сапқа тұрғызу «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

163. Батальонды өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі.

Осы команда бойынша батальон командирінің машинасы тура қозғала бастайды, одан кейін қажетті бағытқа қарай шығады; батальон командирі машинасының соңынан 52-суретте көрсетілгендей немесе батальон командирі көрсеткен тәртіппен батальон бөлімшелері белгіленген арақашықтықта қозғалады.

164. Батальонды лектен өрістетілген сапқа қайта тұрғызу «Взводтық (роталық) лектер сызығына – ЖҮР» командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойынша бөлімшелер 49, 50-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.

Бригада (полк) саптары

 

165.Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен және қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады.

Батальондардан солға қарай артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері және қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады. Батальондар арасындағы аралық – 10 м, бригаданың (полктің) басқа бөлімшелері арасында – бес метр немесе сапқа тұрғызу шарттарына байланысты бригада (полк) командирі айқындайды.

166. Бригаданың (полктің) жорықтық сабы – лек. Бригада (полк) жорықтық лекке осы Жарғының 139-тармағында көрсетілген тәртіппен сапқа тұрғызылады.

Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан лекке қайта сапқа тұрғызу бригада (полк) командирінің командасы бойынша жүргізіледі, бұл ретте қозғалыс бағыты мен тәртібі, қозғалысқа әзірлік уақыты мен батальондар арасындағы арақашықтық көрсетіледі.

Жорықтық сапта қозғалыс «Лекпен – ЖҮР» командасы бойынша басталады.

Батальондар командирлері батальондардың қозғалуы үшін осы Жарғының 162, 163-тармақтарында көрсетілгендей біртіндеп команда береді.