Алаяқтықтың анықтамасы. Ықтимал алаяқтықты жалпылама анықтау тәсілдері

Елеулік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .

Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.

Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылық есептемелерде елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есепшоттардың сальдосымен жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).

№38. Аудиторлық дәлелдеме түсінігі.

Бухгалтерлік есептің дұрыстығы жөнінде өз мәнін негізгі көрсету үшін аудитор мынадай аудиторлық процедуралардың негізінде жеткілікті аудиторлық дәлелдемелер алуы қажет:

шоттар бойынша қалдық және айналымның бухгалтерлік есепте көрсетілуінің дұрыстығын тексеру;

аналитикалық есептің дұрыстығын тексеру;

ішкі бақылау құралдарын тексеру.

Аудиторлық дәлелдемелер ішкі және сыртқы, аралас болуы мүмкін. Ішкі аудиторлық дәлелдемелерге экономикалық субъектілерден жазбаша немесе ауызша түрде алынған ақпарат жатады. Сыртқы аудиторлық дәлелдемелерге 3-ші жақтан жазбаша түрде алынған ақпарат жатады, ал аралас аудиторлық дәлелдемелерге экономикалық субъектіден жазбаша және ауызша алынған және жазбаша түрде алынған түрде 3-ші жақтан бекітілген ақпарат жатады. Аудиторлық дәлелдемелер дұрыс және жеткілікті болу керек. Аудиторлық қорытынды жасау үшін аудитор сапалы дәлелдемелердің жеткілікті көлемін жинауға міндетті.

Аудиторлық дәлелдемелерді жинағанда аудитор шаруашылық операциялардың барлығын немесе біреуін ғана тексерілетін бір немесе бірнеше процедураларды қолдануы мүмкін. Осымен дәлелдемелерді жинау әдістеріне:

- тексерілетін ұйымның, бухгалтерлік есептің есептеулерін тексеру;

- жеке шаруашылық операцияларды есепке алу, тәртіптің сақталуын тексеру;

- ауызша сұрау;

- құжаттарды тексеру;

- бағдарлау;

- аналитикалық талдау процедуралары;

- балансты дайындау әдісі;

- қайта есептеу;

- арнайы тексеру;

- түгендеу.

Дәлелдеулерді алу шарттары: заңдылықтың қатаң сақталуы, дәлелдеулер жинау бойынша әрекеттерді өз уақытында жүзеге асыру принциптерін қолану, тексеруге берілген мәліметтердің дұрыстығына кепілдеме алу.

Дәлелдеулерді бағалау – шындықты айқындау үшін жиналған дәлелдеулердің рөлін логикалық санамен айқындау процесі.

№39. Аудитті жоспарлау. Аудиттің 300 халықаралық стандартында «Жоспарлау» көрсетілген, жоспарлаудың негізгі мақсаты - тиімді аудит жүргізуді қамтамасыз ету. Жоспарлауға байланысты жұмыстар аудиторға аудиттің қажетті аудандарына көңіл аударуына көмек береді, потенциалды проблемеларды табу мен бастаған жұмысты уақытында аяқтау. Сонымен қатар, тапсырысты аудитор, асистенттер арасында ұтымды бөлумен эксперттердің атқаратын жұмысын үлестіру. Аудиторға кәсіби жауапкершілікті өзіне алу үшін тексеріс жүргізуге қажетті жеткілікті дәлелдемелер жинау керек. Сонымен қатар, дәлелдемелер құны минималды болу керек. Бұл жоспарлану жұмыстарына байланысты болады. Сондықтан әрбір тексеріс үшін аудитор жоспар құру керек, оның мақсаты: аудиторлық шаралардың қажетті көлемін анықтау; тексеріс жүргізу шараларын бағалау; аудит жүргізудің сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Аудит жоспары аудит жүргізудің жалпы қағидалары негізінде жасалады, сонымен қағидалар арқылы: кешенді жоспарлау; үздіксіз жоспарлау; оңтайлы жоспарлау. Аудиттің кешенді жоспарлау қағидаты жоспарланудың барлық сатылары арасындағы өзара байланысы мен келісімділігін қамтамасыз етеді, яғни аудиттің алдын – ала жоспарланудан, жалпы жоспар мен бағдарлама жасалуына дейін қамтамасыз етеді. Аудиттің үздіксіз жоспарлау қағидаты аудиторлар тобына арналған есеп қисаптарын анықтайды және жоспарлану сатыларын бөліп тарату мерзімі бойынша және құрылымдық бөлімдер арасындағы байланысын қарастырады. Аудиттің оңтайлы жоспарлау қағидаты жоспарланудың нұсқаулығын қамтамасыз етеді, критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы үшін оңтайлы нұсқаны таңдап алуына мүмкіндік береді. Оның аудиторлық ұйым анықтайды. Жоспарлау шараларын сатылар бойынша көрсетуге болады: алдын-ала жоспарлау; клиент туралы жалпы мәліметтер жинау; аудиторлық тәуекелділіг мен маңыздылығын бағалау; ішкі бақылау жұмысын бағалау; аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын құру.

№40. Ішкі бақылау. Ішкі бақылау жүйесін бағалау.

Ішкі бақылау – ол ұжымның өз ішкі шаруашылық мүмкіндіктерін анықтау үшін ұжым басшыларының қалауы бойынша жүргізілетін аудит. Ішкі бақылауды кәсіпорынның бухгалтерлік есеп қызметкерлері жүргізеді. Ішкі бақылау – көбінесе шағын және ірі өндіріс, құрылыс, транспорт, байланыс сияқты басқару жүйесінің күрделі құрлымдарда кең орын алған. Жиірек жүргізілетін ішкі бақылау кәсіпорын бухгалтериясының дұрыс жұмыс істеуі мен бухгалтерлік есептің уақытылы өтуіне септігін тигізеді.

Ішкі бақылау жүйесі төмендегідей өзара байланыстағы бөліктерден құралады:

· бақылау ортасы;

· ішкі бақылау рәсімдері;

· ақпараттық қамтамасыз ету және ақпаратпен алмасу жүйесі;

· ішкі бақылау жүйесінің өзінің тиімділігін бағалау.
Ішкі бақылау жүйесі тәуекелділіктерге қарсы шұғыл әрекет ете алуы керек, ұйымның үрдістері мен күнделікті іс-әрекеттеріне кірігуі тиіс және ішкі бақылаудың байқалған кез-келген елеулі кемістіктері және осал тұстары жөнінде және оған қатысты қабылданған немесе қабылдануға тиіс түзету шараларының егжей-тегжейімен басқарушылықтың тиісті деңгейін жедел құлақтандыруға тиіс.

Ішкі бақылау жүйесінің нәтижелілігін бағалау үрдісін директорлар кеңесі анықтауға тиіс және оған Басқарманың есептері берілуінің мақсаты, шеңбері және мерзімділігі кіреді; оларды директорлар кеңесі жыл бойы алып және қарауға салып отырады. Сондай-ақ, дұрыс та тиісті рәсімге сәйкес құжатталған жыл сайынғы бағалау үрдісі Қоғамның жылдық есептерінде берілетін ішкі бақылау жүйесі туралы ақпараттың қайнар көзі болып табылады. Ішкі аудит қызметінің есептерінде директорлар кеңесіне елеулі тәуекелділіктердің және ішкі бақылау жүйесінің сол тәуекелділіктерді қызметтің тиісті салаларында басқара алуының жан-жақты бағасы беріліп отыруға тиіс. Кез-келген елеулі кемшіліктер және бақылау жүйесінің белгілі болған осал тұстары, соның ішінде олардың Қоғамға тигізген, болашақта тигізетін немесе тигізуі мүмкін ықпалы және оларды жоюға бағытталған әрекеттер атап көрсетілуге тиіс.