Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік. 1. Экономикалық өсудің теориялары

1. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары.

Негізгі сөздер: Мультипликатор, акселератор, экономикалық өсу, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс.

Иллюстрациялық материал: слаид, кесте, схема

1. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі.

Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі. Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары болып үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, өндірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады. Макроэкономика тауар көлемі мен бағасын агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Мұнда ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

Макроэкономикалық аспектіде ұлттық экономиканың құрылымы елдің өндірістік ресурстарының бір-бірімен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесімен олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасында өндіріс бөлумен, сонымен қатар ұлттық өнімнің өндірілу, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде қалыптасқан құрамдық бөлінуімен сипатталады.

Ұлттық экономикалық қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикада әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштердің бірнеше түрі ұлттық өндірістің көлемінің шамасын бағалау үшін қолданылады. Оған жататындар: жалпы қоғамдық өнім, түпкі қоғамдық өнім, таза қоғамдық өнім, таза ұлттық өнім, жалпы іштік өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, арадағы өнім.

Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем практикасында 1953 ж. бастап қолданылып келеді.

Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрады.

Өсу формуласынын негізінде кейнстің "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды.

Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор - бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы" (1936) кітабында дамытты.

Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс ендірген тәуекелділіктің мәні зор : тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс – “орташа тұтынуға бейімділік” – арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті (“АРС” – арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда “психологиялық фактор” ретінде түсіндіреді себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y).

және “шектеулі тұтынуға бейімділік" (МРС) дегеніміз кез келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі,

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары.

Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель.Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын. Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.

Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдағанда ЖҰӨ тепе-тендігін құруға талап етілген дейгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай арта алмайды, себебі ресурстар толық қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.

Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдік болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда да осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын нөлге тең болады.

Ұлттық экономикалық тепе-теңдікке жету үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Оның мәні: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық коньюктураның жағдайын үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болушыларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлеміне өсіреді, немесе төмендетеді.

Экономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субьектілердің болжауларының қателіктерінің немесе мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық коньюктураның ауытқуларын жатқызады. Бұл жағдайда, экономикалық субьектілердің күтімдеріне сәйкес келетін экономикалық болмыстың практика жүзінде қандай болмасын, ол тепе-теңдік болмысы деп ұйғарылады. Ал эконмикада рационалды субьектілер әрекет еткендіктен, олардың күтімдері орынды деп есептеледі, оларды тепе-теңдікке жету үшін мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.